Главная | Регистрация | Вход | RSSВоскресенье, 04.12.2016, 17:12

Учителя Алматы

Меню сайта
Категории раздела
Перышко [24]
Произведения ваших учащихся
Наше творчество [24]
Стихи, эссе, рассказы и другие произведения учителей.
Клуб "Мы - тюзяне" [25]
Приглашаем в наш клуб всех, кто любит Театр для детей и юношества Казахстана и является его постоянным зрителем.
Наш опрос
Считаете ли вы результаты ЕНТ справедливыми?
Всего ответов: 1521
Статистика

Онлайн всего: 17
Гостей: 17
Пользователей: 0

Дневник

Главная » 2013 » Ноябрь » 24 » отрывки из сочинений на казахском языке учащихся русской школы
01:33
отрывки из сочинений на казахском языке учащихся русской школы
Алматы қаласындағы «Достар» халықаралық мектеп-лицейінің
8- сынып оқушыларының Тіл мерекесіне арналған
шағын шығармаларынан үзінділер.
Қазақ тілі пәнінің мұғалімі Ж.Қ.Хайдарова

22-қыркүйек – Тілдер күні. Қазақ тілі – мемлекеттік тіл. Әр Қазақстанның
азаматы мемлекеттік тілді білуі тиіс. Әр түрлі ұлт болғанына қарамастан, адамдар қазақ тілін және қазақ дәстүрін білуге тырысады. Қазақ тілі әдемі, күрделі және қызықты. Менің ана тілім – қазақ тілі, бірақ менде кішкене өзбек қаны да бар. Мен қаза тілін білуге тырысамын. Ол үшін қазақ тілінде кітаптар, газеттер оқимын және қазақ әншілерін тындаймын. Болашақта мен Қазақстанның дамуы үшін бар күшімді саламын.
Қазақ тілі
Мемлекеттік, туған тіл
Тырысамын, оқимын, сүйемін
Ана тілімді жақсы көремін
Ана тілі.
8 «Б»сынып. Ахметов Ислам

Біз Қазақстанда тұрамыз. Қазақстанның мемлекеттік тілі – қазақ тілі.
22- қыркүйекте қазақстандықтар Тілдер күнін тойлайды. Бұл – мемлекеттік
мереке. Әр адам қазақ тілін білуі керек, өйткені ол Қазақстанда тұрады. Қазақ тілі әдемі және күрделі тіл. Мен - кәріспін, қазақша орташа білемін. Қазақ тілін бірінші сыныптан оқимын, жақсы көремін.
Кәріс тілі
Әдемі, жақсы,
Оқимын, тыңдаймын, білемін.
Мен кәріс тілінде орташа сөйлеймін.
Ана тілім.
8 «Б»сынып. Ли Екатерина

Менің атым – Даниил. Мен үш тіл білемін: орыс, ағылшын және қазақ тілдерін. Мен үш тіл білгеніме қуанамын және Қазақстанда тұрғанымды мақтан тұтамын.. Қазақстан - ең әдемі тәуелсіз мемлекет. Мен қазақ тілін жақсы білгім келеді. Қазақстанда тұратын әр адам мемлекеттік тілді білуі керек. Көп адам мені қазақ деп ойлайды. Өйткені қазақша сөйлеуге тырысамын. Қазақ тілінде еркін сөйлегім келеді.
8 «А»сынып. Шиянов Даниил

1989 жылдың 22-қыркүйегінде «Тілдер туралы» Заң қабылданды. Сонда қазақ тілі мемлекеттік мәртебе алды.
Мен қазақша жақсы сөйлеймін, өйткені мен – қазақпын. Бірақ әлі де одан да жақсы білгім келеді. Біздің мектепте қазақ тілі мен әдебиет аптасына 4 рет болады. Сабақта біз әр түрлі жаттығулар жасаймыз, мақал – мәтелдер, өлеңдер жаттаймыз, әндер үйренеміз, мәтіндер аударамыз. Жыл сайын қазақ тілінде мектепте әр түрлі сайыстар өтіп тұрады. Былтыр мен Абай оқуларына қатысып, Абайдың қара сөздерін жатқа айттым. Үйде біз қазақша сөйлесеміз, өйткені тілді жақсы білеміз. Қазақ тілінен басқа мен ағылшын және орыс тілін де жақсы білемін.
Тіл
Өткір, пайдалы
Үйретеді, түсіндіреді, сөйлетеді
Мемлекеттәк тіл – қазақ тілі
Құрал
8 «Г»сынып. Барақбаев Нұралы

Менің атым – Рамазан. Мен төрт тіл білемін. Олар: орыс, қазақ, неміс, ағылшын. Мен- қазақпын, ана тілім де – қазақ тілі. Бірақ ана тілімді орташа білемін. Қыркүйекте мен жаңа мектепке келдім. Бұл мектеп – «Достар» халықаралық мектеп-лицейі. Маған бұл мектеп өте ұнады. Онда мұғалімдер қазақ тілін өте жақсы үйретеді. Ал қазақ тілін жақсы білсен, жақсы жұмыс іздеуге болады. Ана тілімді жақсы көремін, құрметтеймін.
Қазақ тілі
Мемлекеттік, күрделі
Оқиды, сөйлейді, үйретеді.
Қазақ тілі өте әдемі, бірақ күрделі
Ана тілім
8 «В»сынып. Сакенов Рамазан

1989 ж. «Тілдер туралы» Заң қабылданды. Қазақ тілі мемлекеттік мәртебе алды. Мен Қазақстанда тұрамын, сондықтан қазақ тілін білуім керек. Қазақстандықтар мемлекеттік тілді құрметтейді, бірақ кейбір тұрғындары қазақ тілін білмейді.Республикамызда 130-дан астам ұлт өкілдері тұрады, олар да қазақша үйренуге тырысады. Менің ана тілім – кәріс тілі, дегенмен ана тілімді жақсы білмеймін. Халықаралық тіл – ағылшын тілі. Қазақ тілі оған қарағанда күрделі. Қазақстанның әр азаматы мемлекеттік тілді де, ана тілін де білуге тиісті.
8 «Г»сынып. Хан Лера
Категория: Перышко | Просмотров: 1931 | Добавил: Хайдарова | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Вход на сайт
Поиск
Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Театр.kz


  • Copyright "Школа" Интернет-портал "Детство-kz"© 2016
    Сайт управляется системой uCoz