Главная | Регистрация | Вход | RSSВоскресенье, 04.12.2016, 17:14

Учителя Алматы

Меню сайта
Категории раздела
Перышко [24]
Произведения ваших учащихся
Наше творчество [24]
Стихи, эссе, рассказы и другие произведения учителей.
Клуб "Мы - тюзяне" [25]
Приглашаем в наш клуб всех, кто любит Театр для детей и юношества Казахстана и является его постоянным зрителем.
Наш опрос
Считаете ли вы результаты ЕНТ справедливыми?
Всего ответов: 1521
Статистика

Онлайн всего: 20
Гостей: 20
Пользователей: 0

Дневник

Главная » 2014 » Январь » 19 » стихи на казахском языке
11:17
стихи на казахском языке
Павлодарская область, г.Аксу ГУ СШ № 4
Байжанова Асия Санаткановнаучитель русского языка и литературы, казахского языка и литературы.

«Шабыт»

Бұл шабыт десемдағы жүр жанымда,
Ұстатпас кейде аспанның
пырағындай.
Тап болып дәріс беріп тұрғанымда,
Бойды алар,тылсым сезім
жыр-ағындай.

Ерке ғой елік сынды шабыт шіркін,
Көтерілген көңілді ойнақтатқан.
Ой түбіне үңіліп қалсан бір күн,
Тап боласын бұлаққа қайнап жатқан.

Еске алып,көз жіберсем өткеніме,
Қиялмен қол жеткізіп арманыма.
Мән беріп жетпеген мен жеткеніме,
Шабыт-бағыт,жол-сапар
тармағына.

Биікте ғой асыл жыр өлең деген,
Таң шолпаны секілді жарқыраған.
Кейбіреуге мәнісі еленбеген,
Ажыратар асылдың нарқын адам.

Әр нәрсенің болғандай өмір шарты,
Жұлдыздар да сенеді күн шығарда.
Асыл ойдың болмай ма қымбат
нарқы,
Асқақ арман сәулеге тұншығар

«Ана тілім-байлығым»

Қара мына азапты,
Түсінбес қазақ-қазақты.
Еститінбіз өзгеден,
Сөйлей қалсақ мазақты.

Қыз құлпырған қызыл гүл,
Бағаланбай болды тұл.
Ескермедік дегенді,
«Өнер алды-қызыл тіл».

Ұл да сондай батырым,
Дәстүрден қалды мақұрым.
Оқымай өз тілінде,
Бабалардың нақылын.

Бүгін еркін,жайлымын,
Нұр-шуағын жайды күн.
Қайта оралды өз тілім,
Тот баспайтын байлығым.

«Бауырым Қалимаға»

Тағы да келді нұр көктем,
Жүрегіме жыр еккен.
Көңілімде бірақ шаттық жоқ,
Оралмайды бір кеткен.

Бауырмал елдің қарасып,
Оятқан сіңлің санасын.
Ағып түстің жұлдыздай,
Жанымды қалған жарасын.

Аз ғұмыр кештің өтімді,
Не пайда бауырың өкінді.
Жатырсың топырақ жамылып,
Ұйықтап бір кеткен секілді.

Жүзінде жан ең бар айдын,
Қыршында кеттің арайлым.
Келіп бір күні қалар деп,
Алматы жаққа қараймын.

Құлпырған шағын көктемдей,
Сұлулық дәнін сепкендей.
Тыншыға қалдың,қайтейін,
Нөсер боп жауым өткендей.

«Оралмандар»

Тоз-тоз болып тарап кеткен,
Тірлік жолын қалап кеткен.
Көзден ағып қанды жасы,
Қалған елге қарап кеткен,
Жаңа ұғым боп-«Оралмандар»-
Бүгін жұртқа оралғандар.

Қызыл қуып,оққа ұшқан,
Шөлден өтіп,тауды құшқан.
Бүгін көші ағылды елден,
Моңғол жақтан,Қытай тұстан.
Қайран бауыр,оралмандар,
Ержүрек боп жаралғандар.

Кешіп өтіп жұт,қиынды,
Елді ұмытпай көп сиынды.
Көш келеді жыр-күйімен,
Отанына құт құйылды.
Керей,найман,оралмандар-
Бір бұтақтан жаралғандар.
Категория: Наше творчество | Просмотров: 3101 | Добавил: АБС | Рейтинг: 3.0/2
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Вход на сайт
Поиск
Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Театр.kz


  • Copyright "Школа" Интернет-портал "Детство-kz"© 2016
    Сайт управляется системой uCoz