Главная | Регистрация | Вход | RSSСуббота, 10.12.2016, 11:50

Учителя Алматы

Меню сайта
Категории раздела
Управление школой [15]
Статьи. Теория и практика.
Презентации [70]
Наша библиотечка [26]
Творческая педагогика [79]
Пьесы для детского театра [5]
Наш опрос
Считаете ли вы результаты ЕНТ справедливыми?
Всего ответов: 1522
Статистика

Онлайн всего: 7
Гостей: 7
Пользователей: 0

Каталог файлов

Главная » Файлы » Презентации

"Ғарыш әлемі"
[ Скачать с сервера (591.0Kb) ] 29.03.2015, 20:00
Г.Қ Омарова № 2 Ертіс жалпы орта білім беретін
мектептің мұғалімі

Ғарыш әлемі.
Мақсаты: Ғарыш әлемі жайлы және 12 сәуір – ғарышкерлер күні екенін түсіндіру, ғарышқа 50 жыл екенін атап өту.Тұңғыш ғарышкерлермен және Қазақстан ғарышкерлерімен таныстыру.Экологиялық сана қалыптастыру және дамыту.Адамзаттың ортақ үйі – Жер планетасына, ғарыш әлеміне сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Әдісі: сұрақ –жауап, әңгімелеу, баяндау,түсіндіру.
Көрнекілігі: слайд, суреттер.
І Ұйымдастыру кезеңі

Кіріспе сұрақтар:
- Балалар, біз қай планетада өмір сүріп жатырмыз?
- Ғарыш дегеніміз не?
- Алғашқы ғарышкерлерді есімізге түсірейік!
- Айға ұшу үшін ғарышкерлердің бойында қандай қасиеттер болу керек деп ойлайсыңдар?
Жылулық шеңбері
Балалар шеңбер бойына тұрып, бір-біріне әдемі айдың пішінін ұсына отырып,ғарышкерлерге тән қасиеттерді атайды.
«Ғарышқа адамның алғаш ұшқан күні-12 сәуір 1962 жыл дүние жүзінде ғарышкерлеркүні болып белгіленді». Ғарышкерлер күніне 51 жыл толды.
1. Алғашқы ғарышкер Ю.Гагарин туралы түсінік беру.
2. Қазақстан ғарышкерлері Тоқтар Әубәкіров, Талғат Мұсабаев туралы әңгімелеу.

Жұмбақ жасыру
Күміс қанат сұңқары,
Көкке еркін сүңгиді.
Бұлттан да тым әрі,
Кеткен жанды кім дейді? (Ғарышкер)

Ерте заманда-ақ адам баласы аспанға назар аударып келеді. Келе –келе аспан туралы тиянақты білім алып, әлем кеңістігін игере бастады.Жасанды жер серігін, зымыранды ұшырды. Ғарышкерлер әлем кеңістігін шарлай ұшып, айды, жұлдыздарды зерттейді.Ғарышкерлер Байқоңыр ғарыш айлағынан аспанға ұшты.
«Ғарыш айлығының» грек тіліндегі баламасы «космодром» еді.
-Бұл сөздің қазақша мағынасы қандай?
(Жылдам қозғалып барып ұшатын орын).
Аймен Күнді ардақтаған алашым,
Биіктерге баулитуғын баласын
Көк дөненнен жүйрік қазақ көңілі
Шарлайтұғын жұлдыздардың арасын.
-Балалар ең алғашқы ғарышкер туралы не білеміз?

Ол орыс халқының ұлы , совет азаматы Ю.А.Гагарин. Дүниені дүр сілкіндірген осы хабар 1961 ж 12 сәуір күні жер шарының түпкір-түпкіріне лезде тарады.Ю.Гагарин біздің ғаламшарды 108 минутта толық бір рет айналып, Жер анаға оралды.Гагариннен соң космосқа асқаларда ұшты.
-Ал тұңғыш қазақ ғарышкерлері туралы не білеміз?
Тоқтар Әубәкіров: Тоқтар Оңғарбайұлы Әубәкіров 1946 жылы 27 шілдеде Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы, 1-ші Май ауылында дүниеге келді.
Ол кез соғыс жаңа бітіп, батырлықты, ерлікті уағыздаған уақыт болатын. Әкесі Оңғарбай мен шешесі Қамия көзге көрініп, көз жұмған 9 ұлдан кейінгі перзентіне «енді осы жаманымыз аман болсыншы» деген ниетпен азан шақырып, Тоқтар есімін беріпті. Ата-анасы ерте дүние салды. Кішкентайынан ата-анасынан айырылғаннан ба, Тоқтар бұйығы, оқшау өсті. Ол апасы Бикен мен жездесі Нығметтің тәрбиесінде болды.
1962-65жж. Теміртау құйма механикалық зауытында токарь болды.1976ж. Мәскеу авиация институтын бітірген 1979ж.. Мәскеудегі А.И.Микоян атындағы Тәжірибелік-конструкторлық бюроның ұшқыш-сынақшы.Қазақтың тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіров қазір зейнеткер, сәйгүлік баптап, саят құрып жүрген жайы бар. Бірақ парламент депутаттығына сайлауға түсуі мүмкін екенін де жасырған жоқ. Осы және басқа да жайттар турасында зейнеттегі ғарышкер Азаттыққа берген сұхбатында әңгімелеген еді.
1991 ж 2 қазанда Байқоңыр ғарыш алаңынан “Союз ТМ - 12” ғарыш кемесімен ұшып, “ Мир” орбиталдық комплексінеде өзге ғарышкерлермен бірге сегіз тәулік бойы ғылыми ө зерттеу жұмыстарын жүргізіді. 1992 ж. сәуірінен — Қазақстан Республикасы қорғаныс мемлекеттік комитетінің төрағасының бірінші орынбасары, Қазақстан Республикасы Президентінің ғарыш игеру жөнінде көмекшісі.
Парламентке сайланудын алдында Қазақстан Республикасы Ұлттық аэроғарыш агенттігінің бас директоры, Алматы қаласы.
Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің 12 шақырылым депутаты, ҚР Жоғарғы Кеңесінің 13 шақырым депутаты, Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің 3-ші шақырылым депутаты болып сайланған.
1991 Ю.А. Гагарин атындағы Ғарышкер дайындау орталығында әзірлгін бастады, сынаушы ғарышкер-ұшқышы, сынаушы. «Союз ТМ» ғарыш кемесінде және «Мир» орбиталды кешенінде сынаушы ғарышкер-ұшқышы жылдамдатылған машықтануын ұшу бағдарламасы бойынша өтті.
1991 ж. қазанның 2-інде Тоқтар Әубәкіров зерттеуші ғарышкер есебінде, Александр Волков және аустрия ғарышкері Франц Фибөк, «Союз ТМ-13» ғарыш кемесімен ғарышқа ұшуға кірісті. Апта бойы «Мир» орбиталды кешенінде жұмыс істеді. 1991 ж. қазанның 10-ында Тоқтар Әубәкіров, Анатолий Арцебарский, аустрия ғарышкері Франц Фибөк «Союз ТМ-13» ғарыш кемесімен Жерге қайтып қонды. Ғарышта өтеген мерзімі — 7 күн 22 сағат 13 минут.
-Ал екінші ғарышкер батырымыз ол кім?
Мұсабаев Талғат Амангелдіұлы (7.1.1951ж.туған, Алматы облысы Жамбыл ауданы Қарғалы ауылы.) Қазақстан Республикасының және Ресей Федерациясының ұшқыш-ғарышкері. Рига азаматтық авиация инженерлері институтын 1974 ж. және Ақтөбе жоғары ұшқыштар училищесін 1993 ж. бітірді. Алматы облысындағы азаматтық авиация әуе қатынастарының Боралдай авиа отрядында инженер. 1986 ж. азаматтық авиацияның 30-оқу жаттығу дайындығын бітіріп, азаматтық авиацияның пилоты мамандығын алды.

1951 ж. қаңтардың 7-сінде Алматы облысы Жамбыл ауданының Қарғалы ауылында туған.
1974 ж. — Рига азаматтық авиация инженерлері институтын бітірген, инженер.
1974 ж. сәуірдің 1-інен — Бұрындай әуе кәсіпорнында кезекті инженер.
1987—1990 жж. азаматтық авиациясында ұшқыш, ұшақ командирі жқызметтерін атқарған.
1991 ж. бастап ғарышқа ұшуға даярлануында. Әскери әуе күштерінде. Қосалқы ғарышкер есебінде екінші экипаждардың мүшелігінде болған.
2005 ж. «Бәйтерек» акционерлік қоғамының (Қазақстан-Ресей бірлескен кәсіпорны) Бас директоры.
2007 ж. ақпан — Қазақстанның әуе-ғарыш агенттігінің директоры.
2007 ж. сәуірдің 11-інден — Қазақстанның ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы.
Ғарышқа ұшуы
1994 ж. ғарышқа 1-ші рет ұшқанда (Союз ТМ-19) 126 күн ғарышта өткізген.
1998 ж. ғарышқа 2-ші рет ұшқанда (Союз ТМ-27) 208 күн ғарышта өткізген. Гиннестің үздік табыстар кітәбінде бір айдың ішінде 5 рет не бары 30 сағат 8 минөт ұзақтығымен ашық ғарышқа шыққанны жазылып алынған. Ұшқанда американ ғарышкері Л. Эйартс пен ресей ғарышкері (шуваш ұлтынының өкілі) Николай Бударинмен бірге. Қонғанда ресей ғарышкерлері Николай Бадурин мен Юрий Батуринмен бірге.
2001 ж. ғарышқа 3-ші рет ұшқанда (Союз ТМ-32) 8 күн ғарышта өткізген.
Әскери атағы - запастағы РФ ӘӘК генерал-майоры, ҚР авиация генерал-лейтенанты (2007 жылдан).
Хоббиі - фортепианода, гитарада ойнау, ән айту.
Ғарышқа ұшу ойыны:
- Балалар, Қарлығаштан бір хат келіпті, оқып көрейікші!
Кішкентай менің достарым!
Алыс-алыс Ғарыш көкжиегінде бір таңғажайып планета болған екен. Онда көңілді, мейірімді адамдар өмір сүріпті.
Белгісіз планета біздің жер сияқты өте әдемі болған екен,бірақ еүні күлгін түстес шуақ шашыпты.Таулары, гүлдері мен ағаштарының пішіндері де ерекше болыпты. Тұрғындары бір-бірімен өте тату -тәтті өмір сүреді.
Күндердің күнінде планета апатқа ұшырапты. Өсімдіктері қурап,сулары құрғап қалыпты.Бүгінгі күнде сол планета тұрғындарына үлкен көмек қажет болып отыр».
«Сәруар бізден планетаны қайта тірілту үшін көмек сұрауда. Ал, енді,балалар, біз Байқоңыр айлағына барып, ғарышқа ұшайық!»
-Балалар көзерін жұмып ғарышқа ұшады.Ғажайып планетаға келеді, көздерін ашады.(планета суреті)Планета табиғи апатқа ұшыраған. Оған не себеп болды екен?
Біз қандай көмек көрсете аламыз? Қане планетаны қайта гүлдендіруге көмектесейік! Ғажайып планетада көңілді, мейірімді адамдар тұрғандықтан түсі қызыл, жасыл,сары, көгілдір болуы керек.
Жандандыру.Ғарыш әлемі тақырыбына ұжымдық жұмыс.
1-топ:Қағазға, ашық бояулармен бояп планетаның пішінін келтіреді.
2-топ: «Өсімдіктер» ағаштарды бейнелеп қиып алады.
3- топ: «Көлдегі балықтар» су. Балық жасап қиып алады.
Содан кейін ермексаздан адам бейнесін жасап планетаға орналастырады.
Барлығы планетаны қайта жандандырады.
-Балалар ғарыш тұрғындарының көңіл күйі қандай болды деп ойлайсыңдар?
-Аман болыңдар! Планетада құрғақшылық болмасын!
-Жаксы балалар.Балалар бүгін бізге Марстан қонақ келіпті, қарсы алайық.
-Марстан келген қонақ: Сәлеметсіздерме, балалар? Сабақтарың қалай, жақсы оқып жүрсіңдерме? Сендерді біраз сырттан бақылап отырдым, қызықты кеш қткізіп жатырсыңдар-ау осы.
-Балалар: Хош келіпсіз! Төрлетіңіз! Біздің сізден білгіміз келетіні көп.
-М: Ендеше, сұрақтарыңызды қойыңдар, мен жауап беруге дайынмын.
-1-оқушы: Марс планетасы туралы қысқаша айтып берсеңізші.
М: -Марс Күнге ең жақын планета, ол Айдан сәл үлкен. Біздің планетамыздың жұлдыздарға қатысты айналу периоды сіздің 58 тәуліктеріңізге тең. Марс планетасы диаметрі бойынша Жерден екі есе кіші. Оның бір жылы Жердікінен екі еседей үлкен. Марста жағдай қатал. Экваторда жазды күннің өзінде температура 00-тан сирек көтеріледі, ал түнге қарай шытынаған аязға (-70, -1000Сқа) дейін төмендейді. Кей кезде Марста бірнеше айға созылатын тозаңды дауыл болып тұрады. Марстың магнит өрісі жердікінен өте әлсіз.
-Балалар Марстан келген қоңаққа өнерлерімізді көрсетеміз бе? Ал балалар біз ғарыш туралы,ғарышкерлер туралы тақпақ білеміз бе?
(Оқушылар тақпақтарын ортаға шығып айтады)
-Марстан келген қоңақ: балалар сендер батырлық, ерлік , отан туралы мақал-мәтелдер білесіңдер ме?
-Салған суреттері бойынша оқушылар қысқаша әңгімелеп береді.
Сайра бұлбұл, көкейден ән төгілсін.
Жырға бөле даланың әр төбесін.
Байқоңырдан тік ұшқан ғарышкерлер
Көтерді қазағымның мәртебесін.-деп ғарышкерлер күніне арналған тәрбие сағатымызды аяқтаймыз!

Павлодар облысы,
Ертіс ауданы,
Ертіс ауылы.
Категория: Презентации | Добавил: Гуля7408
Просмотров: 1163 | Загрузок: 80 | Рейтинг: 1.0/1
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Вход на сайт
Поиск
Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Театр.kz


  • Copyright "Школа" Интернет-портал "Детство-kz"© 2016
    Сайт управляется системой uCoz