Главная | Регистрация | Вход | RSSВоскресенье, 04.12.2016, 17:13

Учителя Алматы

Меню сайта
Категории раздела
Управление школой [15]
Статьи. Теория и практика.
Презентации [70]
Наша библиотечка [26]
Творческая педагогика [79]
Пьесы для детского театра [5]
Наш опрос
Считаете ли вы результаты ЕНТ справедливыми?
Всего ответов: 1521
Статистика

Онлайн всего: 16
Гостей: 16
Пользователей: 0

Каталог файлов

Главная » Файлы » Презентации

Резистор және реостат. Өткізгіштерді тізбектей және параллель қосу.
[ Скачать с сервера (687.0Kb) ] 18.01.2016, 18:57
Сабақтың тақырыбы: Резистор және реостат. Өткізгіштерді тізбектей және параллель қосу.
Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушылардың алдыңғы сабақтар бойынша алған білімдерін толықтырып, жаңа тақырыпты меңгерту, тақырып маңыздылығына тоқтала түсіндіру.
Дамытушылық: ойлау қабілеті, алдына мақсат қою қасиетін, түсінімпаздыққа дамыту.
Тәрбиелік: класта сыпайы болуға, досқа адал болуға, жауапкершілігін, сыпайылыққа тәрбиелеу.
Сабақ әдісі: түсіндіру, топтық жұмыс, жеке тапсырма беру.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру
2. Өткен сабақты қайталап еске түсіру сұрақтары : (топтық, жеке)
1.Металл өткізгіштер кедергісінің температуға тәуелділігі қандай? Бұл құбылыстың себебі неде?
2. Асқын өткізгіштік құбылысы туралы не білесің ?
3. Өмірден тақырыпқа сай қандай мысал келтіре аласың ?
4. Ток күші, кернеу дегеніміз не ?
5. Меншікті кедергі дегеніміз не ? Оның өлшем бірлігі қандай ?
3. Жаңа сабақтың негіздері : Техникада және тұрмыста әртүрлі тұтынушылар: қыздыру шамдары, үтіктер, электр пештері, электрқозғалтқыштары және т.б. қолданылады.
Егер бірінші өткізгіштің соңы екінші өткізгіштің басымен, екіншінің соңы үшіншінің басымен жалғанса, онда мұндай қосуды тізбектей жалғау д.а.

Тізбектің әрбір бөлігіне Ом заңын қолданамыз.
U=IR. U1=IR1; U2=IR2; U=U1 + U2 ескере отырып: U=IR1 + IR2 =I*(R1 +R2 )
Егер R арқылы өткізгіштердің жалпы кедергісін белгілесек, онда R=R1 +R2
Тізбектей жалғанған бірнеше өткізгіштен тұратын тізбектің кедергісі жеке өткізгіштер кедергілерінің қосындысына тең.
өткізгіштерді тізбектей жалғағанда ток күтері тең, ал тізбектегі жалпы кернеу оның бөліктеріндегі кернеулердің қосындысына тең болады, ал жалпы кедергі әрбір өткізгіштің кедергілерінің қосындысынан тұрады:
I=I1 =I2 =…=In
U=U1 +U2 +…+Un
R=R1 +R2 +…+Rn
Өткізгіштерді тізбектей жалғаудың өзіндік ерекшелігі бар. Тізбектегі өткізгіштердің ең болмағанда біреуі жұмыс істемесе, онда бүкіл тізбек бойында ток жүрмейді.
Егер өткізгіштің басын бір ғана А нүктесіне, ал ұштарын екінші бір В нүктесінде жалғасақ, онда мұндай жалғауды өткізгіштерді параллель жалғау д.а.

Электр тізбегінің екі өткізгіштен артық өткізгіштер түйсетін нүктесін түйін д.а.
I1 және I2 тармақталған ток күштерінің қосындысы тармақталмаған бөлігіндегі токтың шамасына тең, яғни. I=I1 + I2
Ом заңының негізінде бірінші өткізгіштің ұшындағы кернеу: U1=I1+R1, ал екінші өткізгіштің ұшындағы кернеу: U2=I2+R2 болады.
U1 және U2 бір-біріне тең, себебі, А және В бір ғана нүктелердің (түйіндердің) арасындағы кернеу болып табылады, осыдан U1= U2 =U екендігі шығады.
Жоғарыдағыны ескеріп және жалпы кедергіні R арқлы белгілей отырып, I1=U/R1, I2=U/R2 формулаларын аламыз.
Бұл формулалардың оң және сол жақ бөліктерін қосамыз, сонда I1+I2= U/R1 + U/R2 немесе I= U/R1 + U/R2.
Демек U/R= U/R1 + U/R2 немесе 1/R= 1/R1 + 1/R2
Тізбекті параллель жалғағанда, екі параллель арнаға тармақталған су ағыны тәрізді, ток өткізгіштер бойымен тармақталады.
Өткізгіштерді параллель жалғағанда, тізбектің барлық бөліктерінде кернеу бірдей, ал жалпы ток күші әрбір өткізгіштегі ток күштерінің қосындысына тең, жалпы кедергі әрбір өткізгіштің кедергісінен кем болады.
U=U1 =U2 =…=Un
I=I1 +I2 +…+In
1 1 1
R=R1 R2
Тізбекті параллель жалғағанда, өткізгіштердің саны артқан сайын тізбектегі жалпы кедергі кемиді, оның себебі параллель жалғанған өткізгіштредің көлденең қимасының жалпы ауданы артады, яғни өткізгіштердің көлденең қимасының ауданы артқан сайын оның кедергісі кеми түседі.
Жаңа сабақты бекіту: Оқушыларға өтілген тақырыптар бойынша сұрақтар беру.
Үйге тапсырма: Резистор және реостат. Өткізгіштерді тізбектей және параллель қосу.
20 – жаттығу. № 3,4 есептер
Бағалау.
Категория: Презентации | Добавил: baimbetowa20
Просмотров: 676 | Загрузок: 13 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Вход на сайт
Поиск
Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Театр.kz


  • Copyright "Школа" Интернет-портал "Детство-kz"© 2016
    Сайт управляется системой uCoz