Главная | Регистрация | Вход | RSSВоскресенье, 11.12.2016, 01:23

Учителя Алматы

Меню сайта
Категории раздела
Управление школой [15]
Статьи. Теория и практика.
Презентации [70]
Наша библиотечка [26]
Творческая педагогика [79]
Пьесы для детского театра [5]
Наш опрос
Считаете ли вы результаты ЕНТ справедливыми?
Всего ответов: 1523
Статистика

Онлайн всего: 3
Гостей: 3
Пользователей: 0

Каталог файлов

Главная » Файлы » Наша библиотечка

Саяхат сабақ
[ Скачать с сервера (18.5Kb) ] 06.02.2014, 14:44
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Джангазина Жадыра Өмірғалиқызының
4 «А» класында өткізген ашық сабағы
Сабақтың тақырыбы: Саяхат сабақ
Сабақтың міндеті:
Астана қаласына саяхатқа барып, әсем ғимараттарымен танысу.
Сабақтың мақсаттары:
Білімділік: Оқушыларды Елорданың көрнекті орындарымен таныстыру. Оқушылардың білім деңгейін көтеру, сөздерді өзара байланыстырып, ойды жүйелеп айту дағдысын қалыптастыру.
Дамытушылық: оқушылардың сөйлем құрау біліктерін арттыру,сөздік қорларын молайту,алған білімдерін толықтырып, сөйлеу тілін дамыту.
Тәрбиелік: Отанға деген сүйіспеншілік рухында тәрбиелеу,елордамызды сүюге, аялауға тәрбиелеу. Оқушыларға эстетикалық,патриоттық тәрбие беру.
Сабақтың түрі: Саяхат сабақ.
Сабақтың типі: қайталау сабағы
Көрнекілігі: а) Астана қаласының суреттері. ә)үлестірмелі парақшалар
Пәнаралық байланыс:орыс тілі,қазақ әдебиеті,дүниетану
Әдіс-тәсілдер: мәтін,сөздік,семантикалық карта,тест тапсырмалары
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
1. Сәлемдесу. 2. Сыныптағы оқушыларды түгендеу
3. Үй тапсырмасын сұрау, тексеру
«Саяхат сабақ»
1. Сөздікпен жұмыс. Тақырып бойынша жаңа сөздермен жұмыс.
саяхат – путешествие ғимарат – здание
ұлт өкілдері – представители наций үлкен қала – большой город
мақтан тұтамын – горжусь орталық – центр
ұлт өкілдері – представители наций
Балалар,біздің бүгінгі сабағымыз «саяхат сабақ».Біз елордамыз Астана қаласын танып-білуіміз үшін лексикалық тақырыппен, грамматикалық тақырыптарды байланыстырып өтеміз.Алдымен, Астана қаласының символы Бәйтерекке шығу үшін, сіздерге берілетін мына тапсырмаларды орындауымыз қажет.
А) «Мәтін көлі» Ә) «Семантикалық карта өзені» Б) «Септіктер» теңізі
В) «Сөйлем» тауы Г) « Тест» шыңы Д) «Бәйтерек» мұнарасы
2. « Қалаға саяхат» мәтінімен жұмыс
«Астана» қаласының суреттері көрсетіледі.
Біз анамыз екеуіміз Астана қаласына сапар шектік. Бұл менің үлкен қалаға бірінші рет саяхат жасауым. Поезбен Астана қаласына да жеттік.Астана-өте әдемі,үлкен қала.Астана әлемдегі ең сұлу қалалардың бірі екеніне көзім жетті. Астанада жаңа тұрғын үйлер мен үлкен ғимараттаркөп. Қаланың ортасынан Есіл өзені ағып жатыр. Маған Астана қаласы өте ұнады. Мен Астана қаласын мақтан тұтамын
Мәтінді оқып, аударып, танысып болған соң мәтін бойынша мұғалімнің сурақтарына жауап береді.
1.Анасы екеуі қайда сапар шекті? 2. Астана қандай қала? 3. Астанада нелер көп?
4.Олар Астана қаласына немен жетті? 5. Қаланың ортасынан қандай өзен ағып жатыр?
3. Грамматикалық тапсырмалар.
А) Семантикалық картамен жұмыс
Ә) Берілген сөздерді септеңіз.
«Ханшатыр», «Бәйтерек», «Астана» сөздерін септе
Б) Сөйлемдерді дұрыс құрастыр.
1.Болашағы, зор, Астананың. Астананың болашағы зор
2.Астанада, ғимараттар,ғажап, зәулім,жатыр, салынып. Астанада ғажайып, зәулім ғимараттар салынып жатыр.
3.Ескерткіштері, бар, билердің, Астанада. Астанада билердің ескерткіштері бар
4.Астана, төрінде, Арқаның, орналасқан. Астана Арқаның төрінде орналасқан
5.Қала, жас, сұлу, Астана, ең. Астана ең сұлу жас қала.
4.Бес жол өлең стратегиясы
1. «Города» сөзінің аудармасы 1. Қалалар
2. Қазақстанның қалалары қандай? 2. Әдемі, үлкен
3. Ол қалаларда нелер бар? 3. Бардық, көрдік, ұнады
4. «Қалалар» сөзіне сөйлем құрастыр. 4. Қазақстанда әдемі қалалар көп.
5. «Қала» сөзіне синоним сөздерді айт 5. Шаһар, кент
5. Бекіту.


Тест сұрақтары
Сонымен,балалар,бүгін біздер саяхат сабағын өткізе отырып «Бәйтерек» ғимаратына кірдік.
1.Астана …. қала:
а)көне ә)ескі б)таза в)әсем
2. Астананың бұрынғы аты:
а)Ақтөбе ә)Алматы б)Ақмола в)Орал
3.Астана қай өзеннің бойында орналасқан?
а)Еділ ә)Қарасу б)Есіл в)Жайық
4.»Астана-столица Казахстана» аудармасын тап:
а)Астана күшті қала ә)Астана-Қазақстанның астанасы б)Астана-Қазақстан қаласы в)Астана жас қала
5.Астанадағы бейбітшілік символы аталатын қандай ғимарат?
А) «Ханшатыр» Ә)Ақорда Б) Бәйтерек В)Мұражай
Сабақты қорытындылау
А)Бүгінгі сабақтан алған әсерлерің қандай? Ә)Қалада не бар,не ұнады?
Үйге тапсырма.
1. Астанадағы “Думан” мәдени-сауық орталығы туралы ақпарат тауып жазыңыз
Астанадағы “Бәйтерек” ескерткіші туралы мәлімет жазыңыз.
Бағалау
Семантикалық карта
Сөздер Атау Ілік Барыс Табыс Жатыс Шығыс Көмектес
Бала
Баланың
Теледидарды
Аюдан
Асқармен
Кітаптың
өлеңді
Жастыққа
баламмен
Айнаға
қаладан
Сөмкеге
Киімді
Көйлекті
ұстаздың
Оқушылар
Шашты
Күздің
Аязға
Телефонды
Тонның
бақытқа
кітаппен
картамен
өзеннің
теңізге
Категория: Наша библиотечка | Добавил: ирэн5574
Просмотров: 1957 | Загрузок: 249 | Комментарии: 3 | Рейтинг: 2.0/1
Всего комментариев: 3
3 Баймукаметовна   (25.11.2014 21:09)
Сабақ құрылымы өте жақсы. Рахмет!

2 Ardakmarat   (13.06.2014 16:33)
Сабақ өте қызықты әрі тартымды!

1 Айгулек   (07.02.2014 21:20)
Сабағыңыз ұнады!

Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Вход на сайт
Поиск
Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Театр.kz


  • Copyright "Школа" Интернет-портал "Детство-kz"© 2016
    Сайт управляется системой uCoz