Главная | Регистрация | Вход | RSSВторник, 06.12.2016, 13:12

Учителя Алматы

Меню сайта
Категории раздела
Управление школой [15]
Статьи. Теория и практика.
Презентации [70]
Наша библиотечка [26]
Творческая педагогика [79]
Пьесы для детского театра [5]
Наш опрос
Считаете ли вы результаты ЕНТ справедливыми?
Всего ответов: 1521
Статистика

Онлайн всего: 4
Гостей: 4
Пользователей: 0

Каталог файлов

Главная » Файлы » Творческая педагогика

Дүниетану пәнінен зертханалық-сарамандық жұмыс жүргізудің тиімді әдіс-тәсілдері.
[ Скачать с сервера (23.1Kb) ] 15.11.2014, 16:36
Дүниетану пәнінен зертханалық-сарамандық жұмыс жүргізудің тиімді әдіс-тәсілдері.
Қазіргі уақытта білім беру қызметкерлерінің алдында тұрған басты мақсат-еліміздегі білім беруді халықаралық деңгейге көтеру және білім сапасын көтеру, жеке тұлғаны қалыптастыру,қоғам қажеттілігін өтеу,оны әлемдік білім кеңістігіне кіріктіру болмақ. Орта білім берудегі мақсат:өз бетінше білім алу мен оны практикада қолдану қажеттілігі мен дағдыларын қалыптастыруға, танымның ғылыми тәсілдеріне мақсатты және жүйелі түрде баулуға бағытталған.
Елбасы: «Келер ұрпақ алдында зор жауапкершілік тұр, оны арқалап жүрген -ұстаздар. Себебі елемездің болашағы көркейіп, өркениетті елдер қатарына қосылу бүгінгі ұрпақ бейнесімен өлшенеді», деген еді. Олай болса,өркениет өзегі -білім,ғылым,тәрбие десек, бұл мәселеге өз үлесімді қосуым қажет деп ойлаймын.Шәкірт тәрбиесіне қажымай талмай еңбектеніп, Қазақстан атты мемлекеттің ертегі ұланын, азаматын тәрбиелеу басты мақсат. «Мұғалім дегеніміз-бұл қолына кақыт аралығындағы байланысты ұстаған алып,кіршіксіз балалық әлеміндегі күш-қуат пен ақылды, талантты ашқан Колумб,барлық күрделі нәрсені қарапайым тілмен жеткізе білетін Данагөй,жалынды сөздері жастарды ерлікке жетелейтін Шешен,дүниенің жанды сұлулығын көрсететін Суретші, жан-дүниенің бүкіл болмысын көре білетін адам.» деп суреттегендей,білікті де,білімді ұстаз болу-үлкен жауапкершілік пен тынымсыз еңбекті қажет етеді.
Мектеп табалдырығын аттаған әр бүлдіршін-ол ертеңгі қоғам мүшесі,болашақ иесі.Жас ұрпаққа саналы тәрбие, сапалы білім беру-бүгінгі күннің өзекті мәселесі екенін қоғамның қазіргі даму кезеңінде болып жатқан әлеуметтік-саяси және жаңа технологиялық өзгерістер, тәрбие мен білім беру жүйелерінің ісін жаңа сатыға көтеру үшін білім саласында жаңа, тиімді әдіс-тәсілдерді қолдану қажеттілігі туындап отыр.
Дүниетану-өте қызықты,ерекше, жан-жақты пән. Бұл пәннің ерекшелігі сол мұнда тарих,биология,экология,физика,астрономия,сурет бәрі де қамтылады. Бұл пәнді оқытудың өзіндік ерекшеліктері бар.Бастауыш сыныпта оқылатын дүниетану пәні жаратылыстануды оқытудың бастапқы курсы болып есептеледі. Оқушы негізгі білімді осы бастапқы курсында игереді. Мұнда картамен жұмыс істеу,план түсіру,масштаб есептеу, елдерді жаттау, оны картадан табу сияқты жұмыстарды алғашқы жұмыс түрлері жасалынады. Осы оқушының ой-өрісінің дамуына және тиянақты білім алу үшін мұғалім әрбір дүниетану сабағын оқушымен біте қайнасып жатқан сарамандық жүйеде жүргізіп отырса мұндай оқыту жоғары деңгейде өз дәрежесін көрсетер еді. Жаңа білімді қалыптастыруда зертханалық-сарамандық жұмыстарды тиімді пайдалану, ондағы берілген тапсырмаларды практика жүзінде орындату жақсы нәтиже кепілі.Дүниетану жаратылыстану ғылымының негізі болғандықтан зертханалық, сарамандық жұмыстар жүргізіледі. Дүниетану пәнін оқытуда бұл жұмыстардың мәні зор. Дүниенің сырын түсіну үшін тек қана оқулықтағы оқу жеткіліксіз. Оған қоса жеке тақырыптар бойынша көрсетілген зертханалық сарамандық жұмыстар да жасалынады. Ол жұмыстар баланың зерделеу қабілетін кеңейтеді, әлем туралы жаңа мәліметтерді білуге деген қызығушылығын арттырып,қоршаған ортаны түсінуіне,бақылау жасауға, өздігінен ізденіп әрекет етуіне жағдай жасайды. Күнделікті сабақ беру үрдісінде жаңа материалды оқушыға меңгерту үшін әртүрлі деңгейдегі зертханалық,сарамандық жұмыстарды жүйелі жүргізудің маңызы өте зор және оның ерекшеліктері:
-Кейбір амалдар мен әрекеттерді оқушылар өз бетімен орындайды;
-Оқушылардың пәнге деген қызығушылығы артады;
-Оқушылардың шығармашылық белсенділігі дамиды;
-Не істеу керектігін мұғалім айтып тұрады ал оқушы дереу орындайды (барлық тапсырманы мезгілінде орындаған оқушы үлгермеушілерге көмектеседі);
-Топ оқушыларынан толықтай жауап алу;
-Мұғалім сұрақ қоя отырып, оқушылардың білім деңгейін анықтай алады;
-Үлгерімі төмен оқушымен жеке жұмыс істеу мүмкіндігі болады;
-Дарынды оқушыға өз бетімен жұмыс істеуіне мүмкіншілік болады;
-Мұғалім тапсырма дұрыстығын сол мезетте тексере алады.
Бұл пәнді тек әңгімелеу,баяндау, түсіндіру арқылы оқыту айтарлықтай нәтиже бермейді. Баланы таң қалдыруды ұмытпа. «Даналыққа ұмтылу таң қалудан басталады» дегендей, оқушылардың оқу материалын оқып-үйрену кезінде таным белсенділігі жоғары болатын сабақтар білім мен біліктілікті сапалы түрде меңгеруді қамтамасыз ете алады. Тиянақты білім беру, оқу үрдісін жандандыру түрлі әдіс-тәсілдерді таңдай білуге , қолда бар көрнекілікке, құрал-жабдыққа т.б көптеген себептерге байланысты. Көрнекілік сабақтың танымдық құндылығын арттырады. Сондықтан бүгінгі таңда оқушыны қолдағы сурет пен қолдағы үлестірме қағаздар қызықтыра қоймайды. Зертханалық, сарамандық жұмыстарды тиімді пайдалану сабақты көрнекті, жан-жақты етіп, жаңа сабақты оңай игеруге көмектеседі. Бірақ бұл жұмыстарды жүзеге асыруға кабинеттердің толық құралдармен жабдықталмауы кедергі келтіруде. Кей сабақтарды қысқаша ғана іс жүзінде көрсетіп өтсең де келесі сабақты оқушының үлкен қызығушылықпен дайындалып келгенін байқауға болады. Сабақты зертханалық,сарамандық жұмыстарды орындата отырып өткізу арқылы оқушы бойынан төмендегі қабілеттерді дамытуға мүмкіншілік артады.
-Білім,білік дағдыларын арттыру;
-Жауапкершілік пен міндеттерін қалыптастыру;
-Логикалық және ақпараттық ойлау қабілеттерін дамыту;
-Өз бетінше ізденуге үйрету,сауаттылыққа тәрбиелеу;
-Алған білімдерін өмірде қолдана білуге тәрбиееу.
Дүниетану сабақтарында білімнің маңызды көзі-географиялық картаны оқып,үйрену,географиялық сипаттағы мағлұматтарды ала білу дағдыларын дамыту, қалыптастыру болып табылады. « Көзбен көріп, қолмен ұста» дегендей, әр сабақта картамен жұмыс карта бетіндегі географиялық нысандардың есте сақталуына ықпал етеді. 3-сыныпта «Географиялық карта» тақырыбы өтілгенде карта түрлері көрсетіліп, елемезбен шекаралас елдерді атау сияқты тапсырмалар орындалады. Білімді игеру процесінде зертханалық,сарамандық жұмыстар орындауға қажетті құралдар басты рөл атқарады. Дүниетанудың білімдер жүйесін қажетті құралдарсыз беру, оқушылардың мәтінді жаттап қана шектелуімен сипатталып, олардың санасындабұл түсініктерге сәйкес бейнелер қалыптаспайды.Бұл білім тек формальды сипатта болып, сондықтан алған білім жылдам естен шығып кетеді. «Тек айтсаң-ұмытуым мүмкін,көрсетсең-есте сақтаймын, ал іске тартсаң-үйренемін!» дегендей әр сабақта глобус,компас,барометр-анеройд,желбағар басқа да жұмыс жасауға арналған құрал-жабдықтар болса, алған білімдері мен біліктерін тәжірибеде қолдану қабілеттерін аша түспек.
Дүниетану пәнінен қазақша оқу әдістемелік құралдар аздығынан практикалық жұмыс тапсырмаларын мұғалімнің өзі құрастыруына тура келеді. Тапсырмалар құру үшін оқу-әдістемелік құралдарын, түрлі басылымдарды, электрондық оқулықтарды,ғаламтордағы ақпараттарды т.б ақпарат көздерін пайдаланудамыз. Көмекші құралдар көп болған жағдайда, ұстаздың кәсіби шеберігі мен шығармашылық қабілетін дамытуға мүмкіндік жасайды. Мысалы 2-сыныпта су тақырыбын өткенде жұмыс жүргізбес бұрын дербес ойлану тәсілін қолданып су туралы не білетіндері сұралады.Су айналымының сызбасы көрсетіліп,су қайдан пайда болатыны түсіндіріледі. Судың үш күйі тәжірибе жүзінде көрсетіліп, дәлелденеді. Балалар ыстық судың буға айналатынын біліп, оның пішіні болмайтынын әртүрлі ыдыстарға өздері су құю арқылы зерттеді. Нәтижесінде су құйылған ыдыстың пішініне келетіні, оның өз пішіні болмайды деп қорытынды жасады. Судың түссіз,дәмсіз екенін білді. Балалар су туралы мақал-мәтелдер айтып сабақты қорытындылады. Ал 1-сыныпта»адамның сезім мүшелері.Көз.Тері.»Сабақ мақсаты: «Адамның айналадағы дүниемен дұрыс қарым-қатынасындағы, яғни қоршаған ортаны бағдарлауындағысезім мүшелерінің қызметі мен маңызын түсініп, оларды зиянды әсерлерден қорғауға, күтіп таза ұстауға үйретіп тәрбиелеу. Оқушының өз қабілетіне сенімін арттыру.» Сарамандық жұмыс мақсаты:
1. «Қараймын-көремін» ұғымын іс жүзінде сынау; денені танып білудегі көздің мүмкіндіктерін анықтау.
2. «Ұстаймын-сеземін» ұғымын іс жүзінде сынау; тері сезінудің мүмкіндіктерін анықтау.
3. «Бақылу», «сынау-тәжірибе» ұғымдарын кеңейту, нақтылау.
«Көздің көмекшілері» деген атпен микроскоп, телескоп,үлкейткіш әйнек, дүрбі туралы- атын, нені қарап зерттейтінін түсіндіріліп өтіледі. Сарамандық жұмыс оқулықтағы «қараймын-көремін» суретін зерделеп талдаумен басталады. Оқушы тек көзбен қарап заттар мен құбылыстар туралы көп ақпарат алуға болатынын түсінеді,қарап заттың қандай белгілерін білуге болатынын санамалап шығарады. (түрі, түсі,пішіні т.б) Үлкейткіш әйнек арқылы қол терсін көрсету. Тері тесіктерінің демалудағы пайдасы жайында айту, қолды жуып жүру туралы ұғым беріледі.Көзге көмекші құралдардың пайдасы мен атқаратын қызметі туралы балаларға айттыру. «Ұстайды-сезеді» бөліміндегі суретпен танысып, заттардың барлық белгілерін тек көзбен ғана танып білуге болмайтынын біледі. Ол үшін ұстап байқау керектігін өздері ұғынады. Осыдан соң заттарды сарамандық жолмен айыратын жұмыстар орындалады. Үстел үстіне қойылған заттарды оқушылар ұстап көріп, байқап ажыратады.(жылы, салқын,темір, ағаш, пластмасса,ауыр,жеңіл,резеңке т.б) Ұстап сезінуге болатын зат белгілерін санамалап айтады. Заттың температурасы (жылы,ыстық,салқын),салмағы (ауыр,жеңіл), күйі(сұйық,қатты,жұмсақ) бұл жұмыстар жасалып болған соң алған білімдерін бекіту мақсатында кесте толтырылады.
Білуге болатын зат белгілері
Көру арқылы Тері-сипау,ұстау арқылы
1.Түрі
2.Пішіні
3.Мөлшері
4.Түсі
5.Кеңістіктегі орны
6.Қозғалыс түрі 1.Заты
2.Пішіні
3.Мөлшері
4.Салмағы
5.Күйі
6.Температурасы
«Ауа райы және оны болжау» тақырыбы түсіндірілгеннен соң термометр түрлері көрсетіледі. Әр термометр нені өлшейтіні жөнінде оқушы білгенін айтады. Мұғалім кеңірек түсіндіреді. Зертханалық сарамандық жұмысты 1, оқушынға жасатуға болады. Басқа оқушылар мұқият бақылап отырып өз ойларын айтады.
-Термометрге қараңдар. Оның негізгі бөліктері –сұйық толтырылған шыны түтік шкалаларға бөлінген тақта. Әр бөлік 10 С ге тең, шкалаортасы -0 0 С. Бұл жылы мен суықты ажырататын шекарасы.
1-тәжірибе. Стакандағы жылы суға термометрді сал. Не байқадың?
2.тәжірибе.Стакандағы суық суға термометрді сал. Қандай өзгеріс болды?
3-тәжірибе. Сынып бөлмесінің ауасын өлшеп оны дәптерлеріңе жазыңдар.
Жылы температураға «+», ал суық температураға «-« белгісі қойылады.. Градус көрсеткіштері былай жазылады +100 С;-100 С.
Қосымша сұрақтар арқылы жұмысты қорытындылау керек.
-Егер термометр +200 С;-100 С; +50 С көрсетсеқалай киінер едің?
-Ауа райын не үшін білу керектігін түсіндір.
-Бүгінгі ауа райы қандай? Ол туралы не айтасың?
Міне осындай қызықты зертханалық,сарамандық жұмыстар оқушыны талдау жасай білуге,сұрақтарды дұрыс қойып,өз ойын дәлелдей білуге үйретеді. Қоршаған орта туралы білімдерін кеңейтеді.
Дүниетану пәнін оқытуды зертханалық,сарамандық жұмыстар-білім сапасын арттыруға, оқушының қызығушылық,ізденушілік, зерттеушілік, ойлау қабілеттерін жетілдіре түсуіне жақсы әсерін тигізеді.Қай жұмыстың да өз қиыншылығы кездесіп жатады. Бүгінде солқиыншылықтардың шешімін тауып, шәкірттің толық білім алуына барынша мүмкіндіктер жасалып жатыр.Барлық ұстаз мақсаты бір-ол әр мақсатына жеткен сабағы. Сол мақсатқа жету үшін де ұстаз көп дайындалып,көп біліп, көп ізденуіне тура келеді. «Алдыңа ұлы мақсат қойсаң ұлылыққа жетесің» деп данышпан ақындарымыз айтпақшы, барлығымыз бірге күш жұмсап, елертеңіне сеніммен қарасақ ғана алдымызда тұрған көптеген қиыншылықтардан қиналмай өтеміз деген ойдамын.
Категория: Творческая педагогика | Добавил: Асыл
Просмотров: 2690 | Загрузок: 125 | Рейтинг: 2.0/1
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Вход на сайт
Поиск
Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Театр.kz


  • Copyright "Школа" Интернет-портал "Детство-kz"© 2016
    Сайт управляется системой uCoz