Главная | Регистрация | Вход | RSSСуббота, 03.12.2016, 20:37

Учителя Алматы

Меню сайта
Категории раздела
Управление школой [15]
Статьи. Теория и практика.
Презентации [70]
Наша библиотечка [26]
Творческая педагогика [79]
Пьесы для детского театра [5]
Наш опрос
Считаете ли вы результаты ЕНТ справедливыми?
Всего ответов: 1520
Статистика

Онлайн всего: 12
Гостей: 12
Пользователей: 0

Каталог файлов

Главная » Файлы » Творческая педагогика

"Экология - ел тағдыры"
[ Скачать с сервера (22.5Kb) ] 25.11.2014, 20:54
Сабақтың тақырыбы: Экология – ел тағдыры
Сабақтың мақсаты:
Білімділік мақсаты: оқушыларға қоршаған ортаның ластануы тіршілік иелеріне өте зиян келтіретінін айтып, келешекке табиғат тағдыры өз қолдарында екені туралы толық түсінік беру;
Дамытушылық: экология мәселелеріне, табиғат келешегіне көз жүгіртіп, қоршаған ортаның тағдырына немқұрайлы қарамауға баулып, табиғатқа деген сүйіспеншіліктерін одан әрі дамыту;
Тәрбиелік: табиғатты қорғай алатын, аялай білетін адамгершілігі мол, ізгілікті, мәдениетті ұрпақ тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: слайд, суреттр, мәқал-мәтелдер, нақыл сөздер.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру.
ІІ. Кіріспе сөз.
Табиғи ортаны қорғау, Қазақстандағы экологиялық жағдай.
ІІІ. Табиғат туралы оқушылардың тақпақтары.
ІV. Экологияға байланысты театрландырылған көрініс.
Ү. Нақыл сөздер.
V. Мақал-мәтелдерді оқып түсіндіру.
VІ. Гүл күлтесінен сұрақтар.
VІІ. Ән. «Желсіз түнде жарық ай»
VІІІ. Қорытындылау
- Құрметті оқушылар, ұстаздар! Бүгінгі өткізгелі отырған тәрбие сағатымыз табиғат жайлы болмақ.
Табиғат адам үшін жаралыпты,
Бар қызық табиғаттан таралыпты.
Адам мен табиғат егіз.
Табиғат — асыраушың, қамқоршың.
Кіріспе сөз . Мұғалім: Табиғат сөзі - кең ұғым. Табиғат өзіміз тіршілік етіп өмір сүретін орта . Табиғат – адам үшін қажетті: ауа, су, топырақ, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі .
Табиғат – адам баласын дүниеге келтіріп, бойындағы бар махаббат мейірімін , күн шуағын жүрегімізге ұялататын аяулы Ана ! Табиғат бұл адам бойына қуат, көңіліне шабыт, сезіміне ләззат шапағатын беретін сұлулық пен әсемдік әлемі.
Ал енді балалар тәрбие сағатымызды жоспар бойынша жүргізіп ой – пікірімізді ортаға салайық :
Ата-бабамыз “Жер — қазына, су — алтын, мал — байлық” деп тегін айтпаған. Қазақ халқының табиғатқа деген сүйіспеншілігі ерте кездерден-ақ басталады. Көп салалы ұлттық дәстүріміз соның дәлелі. Өсімдіктер мен жануарлардың табиғаттағы, адам өміріндегі қадір-қасиетін, пайда-маңызын жақсы білген. Жас ұрпақтың көкейіне құйып, оларды сақтап, қорғауға баулып, тәрбиелеген.
Бүкіл жер бетіндегі адамзатты қатты ойландыратын және кезек күттірмейтін мәселелердің бірі — табиғи ортаны қорғау, табиғатты тиімді пайдалану керек. Соңғы кезде қоршаған ортаның ластануы барынша көкейкесті мәселелерге айналып отыр, өйіткені техникалық прогрестің және адамның ойланбай жасаған әрекетінің салдарынан өмір сүруге қажетті нәрселердің бәрі ластануда.Экология – ол қоршаған орта, ал қоршаған орта дегеніміз – табиғат. Адам өзіне керектің бәрін табиғаттан алады. Алайда қазіргі кезде дүние жүзінде экологиялық апаттар көбейіп кетті. Соның бірі ауаның көп ластануы.
Республикамызда экологиялық қатерлі апат аймағы деп айтылып жүрген Арал теңізі мен Балқаш көлін қорғау мәселесін де, Семей тұрғындарының ауыр халі, жер бетіндегі небір тірі атаулының құрып кетуі, ауаның ластануы, талай жылдар бойы жүргізіліп келген атом, ракета сынақтары ата жұртымызды астан-кестен қылғаны – осының бәрі адам баласының табиғатқа салғырт қарауының нәтижесі.
Қазақстан Республикасының Президенті “Жасыл ел” бағдарламасы біздің мектебімізде іске асырылуда. Мектеп түлектері мектеп ауласында ағаш отырғызып кетеді, біз де осы бағдарлама бойынша үгіт-насихат жүргізіп келеміз. Көктем келгенде әркім өз ауласына ағаш отырғызып, гүл егіп көгалдандыру керек.
(Оқушылардың экологияға байланысты дайындаған театрландырылған көрінісі).
(Жұмбақты үрейлі музыка ойналады. Сахнаға екі жақтан екі ағаш: қайың және емен шығады. Олар үрейленіп жан-жақтарына алақ-жұлақ қарайды. //Тал-шыбықтың биі. Ортада кездесе кетеді, шошиды, содан кейін бір-біріне қарап алады да әңгімені бастайды.
Емен: Сен кімсің? Неге сонша түршігесің, жел соққандағы қайыңның желбіреген жапырағына ұқсап?
Қайың: Мен сол қайыңмын. Мен қорқыныштан түршігемін. Ал сен кімсің?
Емен: Мен - еменмін. Көрдің бе, мен қандай күштімін және маған барлығы түкте емес. Ештеңеден қорықпаймын.
(Айғай-шу, гүрсіл естіледі. Емен шошығаннан отырып қалады, ал қайың тағы дірілдей бастайды).
Емен: Бұл не?
Қайың: Білмеймін. Мына орман алай-түлей болды ғой. Бірнәрсе болды..
Емен: Мен естіп тұрмын, біреу келе жатыр. Қозғалмай тұра қалайық.
(Сахнаға музыкамен түлкі шығады, серуендейді, гүлдерді жұлады. Мылтықтың үні естіледі. Түлкі бір орнында қатып қалады. Музыка ойнайды. Сахнаға шапқылап қоян шығады. Түлкінің артына тығылады, көзін жұмып денесін қорқыныш сезім билейді. Түлкі қоянға қарайды.
Түлкі: Ей, сені не, қорқыныш билеп кеткен бе?
Қоян:(абайлап жан-жағына қарайды). А, мұнда кім бар?
Түлкі:(Саусақтармен мұрынының ұшын түртеді) : Қ-О-О-ЯН !!! Саған не болған?
Қоян: А-н-да, Қа-а-рақ-шы-лар!
Түлкі: сен, не, қалқаң құлақ? (Саусақпен самайды айналдырады), қандай қарақшылар біздің орманымызда?
Қоян: Қо-ор-қы-ныш-ты!!
(Мылтық үні: гүрсіл, айғай-шу естіледі. Қоян, қорқыныш қайыңның артына қашады).
Түлкі: Иә-ә!!! Қызық! Мен де тығылайын, не болады екен!
(Түлкі еменнің артына тығылады. Сахнаға екі бұзақы кіреді. Олар қонақ бөлменің орталығына екі жақтан жүгіріп шығады. Мылтықтарымен билейді. Екеуі ортада ағаштардың алдында кездеседі).
1- бұзақы: Сен көрдің бе, ана қалқаң құлақ қалай қашты?
2-бұзақы: Өкшелері ғана жарқырады! Э-эх, құтылып кетті!
1- бұзақы: Ештеме етпес, қуып жетеміз, қолға түсіреміз!
2- бұзақы: Қара,қандай жақсы алаңқай! Демалайықшы, менің қарным ашты!
1- бұзақы: Ал ендеше, демалыс орнатайық. Тал-шыбықтар мында көп екен, бұтақтарды сындырайық. Үлкен алау жағайық.
(Бұзақылар ән салады)
Орманда ағаштар көп,
Сындырамын, таптаймын.
Кесемін мен оларды,
Отын етіп жағамын.
Ағаштарды сындырып,
Мен барамын қыдырып.
Чипсыйды жеп, су ішіп,
Ластаймын мен лақтырып.
(Қайыңның тармақтарын сындырады және алауды тұтатады. Чипсы жейді және фанта ішеді, пакет және шөлмектерді маңайға лақтырады).
2- бұзақы: Жақсы демалдық,иә!
1-бұзақы: Табиғатта демалған қандай жақсы. Құстар ән салып жатыр, тал-шыбықтар сылдырлайды, қояндар шапқылайды. (Есінейді).
Қақпан салайықшы, кім біледі бірнәрсе ілінер! (Қақпанды ағаштың қояды да, түлкі тығылған ағаштың артына тығылады.)
2- бұзақы: Жақсы демалдық, кішкене ұйықтап алайық.
(Бұзақылар бір-біріне арқасын беріп отырады. Мылтықтарын тізелеріне қойып ұйықтайды. Сахнаға түлкі мен қоян шығады)
Қоян: Ой, қандай қорқынышты, олар бізді жояды және жейді. Енді не істейміз?
Түлкі:(Қақпанды абайлап айналады) Қорықпа, менімен бірге болсаң өлмейсің.Мен, орман қауіпсіздігін қорғаушы агентімін.
Түлкі рацияны алады да: Мен түлкі, мен түлкі, көмек керек, мені естисіңдер ме? (Рация дыбысы үлестіріледі)
Қоян: Ал, не?
Түлкі: Қазір тәртіп орнайды! (Музыканың дыбысы естіледі. Сахнада екі мыстан кемпір пайда болады, спецназ формасында. Баста - бандан. Бұзақылар оянады)
Мыстан кемпірлер(бір мезгілде) : Қолдарыңды көтеріңдер! Сендер – тұтқындалдыңдар!
1-ші бұзақы: Не???
2-ші бұзақы: Не үшін??? (Музыка ойналады және бұзақылар мен мыстан кеипірлер арасында жанжал басталады. Мыстан кемпірлер бұзақылардың қолдарын байлайды. Мылтықтарды түлкі мен қоянға ұстатады.)
1-мыстан кемпір: Ал, барлық, операция ойдағыдай болды, бұзақыларды әкетейік.
2-мыстан кемпір: Сендер оларды ұстаңдар, қашып кетпесін.
Түлкі және қоян:(қатты) Шик-шик-каяпр! (бұзақылар бірінші түлкіге және қоянға, ал одан кейін екі мыстан кемпірге қарайды және сұрайды)
Бұзақылар мыстан кемпірлерге қарап: сендер кімсіңдер?
1-мыстан кемпір: біз – мыстан кемпірлерміз
2-мыстан кемпір: орманның құтқарушыларымыз.
(Еркем-ай әнімен өлең айтады)
2-ші: Гармошканы соз, ойна,
Ойна, биле, эй, ойна
Әнді айт мыстан кемпір ,
Сөйлеспей-ақ, тоқтамай.
2-ші: Демалуға турист келді,
Кесті ағаш түптерін.
Орман отта, түтінде
Оған кім көмектеседі?
Екеуі: Орманды біз құтқарамыз,
Мыстан кемпір айбынды.
Білеміз өрт сөндіруді,
Қорғаймыз біз орманды.
1-ші: Қыс мезгілі келеді,
Өзімен аштық әкеліп.
Қоян, тиін, кірпіге
Кім көмекті береді?
Екеуі: Орманды біз құтқарамыз,
Мыстан кемпір айбынды
Барлығыңа тамақ берем
Бізге қарай келіңдер.
1-бұзақы: Ал не үшін сендер бізді?
2- бұзақы: Біз не жамандық жасадық?
1-мыстан кемпір : Э- э, айналайын! Қорғалған орманға келдіңдер.
2-мыстан кемпір: Айғайлайсыңдар, орманның аңдарын қорқытасыңдар.
1-мыстан кемпір: Отты белгіленбеген жерде тұтатасыңдар,
2-мыстан кемпір: Тал-шыбықтарды сындырасыңдар
Бірге: Табиғатты күтіп және сүю қажет.Орман – ол біздің өміріміз!!!
Бұзақылар: Біз енді олай істемейміз. Бізді кешіріңдер! Біз де табиғатты қорғауды үйренеміз және жануарларды, құстарды, балықтарды күтуді үйренеміз!
Мыстан кемпірлер бұзақылардың қолдарын ағытады.
Мыстан кемпірлер: Міне, бұл сендердің қаруларың. Келешекте орман таза және жасыл болсын!
Оқушылар тақпақтарын оқиды.
1.Табиғат, сен тіршілік, тұнып тұрған,
Сен Күнсің көтерілген күліп қырдан.
Сен көлсің, сен армансың, сен бұлақсың,
Адамға сұлулықты шын ұқтырған.
2. Табиғат егіз адаммен,
Ұқсастық табам содан мен,
Мәңгілік болсын егіздер,
Жер — Ана, көл, теңіздер.
3.Табиғатты қорғау үшін бәріміз күресейік,
Бір – бір ағаш және де гүл егейік.
Текке отырмай жасымыз бен кәріміз,
Таза ауа үшін еңбек етіп, тер төгейік!
4.Қадір тұтып табиғат қасиетін,
Әділдіктің алдында бас иетін.
«Мал қалғанша атаңнан тал қалсын» деп,
Орындайық аталардың өсиетін.
5.Туған жерді сүю парыз,
Туған жерді күту –парыз.
Сүю үшін білу – парыз,
Қасиетін ұғу парыз,
Күзетінде тұру парыз.
Табиғат туралы мақал-мәтелдер:
1. «Табиғатсыз адамдардың күні жоқ, оны айтуға табиғаттың тілі жоқ»
2. «Бір адам қазған құдықтан, мың адам су ішеді»
3. «Таза болса табиғат, аман болар адамзат»
4. «Табиғат - тал бесік»
- Балалар , мына қызылды - жасылды гүлдерде табиғатқа байланысты сұрақтар бар. Қалаған гүлдеріңізді таңдап, ішіндегі сұраққа жауап беріңіздер.
1-сұрақ. Егер сен ақын болсаң...
Жауабы. Егер мен ақын болсам, елімнің орманын, кең даласын жырға қосып өлең жазар едім.
2-сұрақ. Егер сен суретші болсаң...
Жауабы: Егер мен суретші болсам, туған жерімнің сұлулығын суретте көрсетер едім.
3-сұрақ. Орман-тоғайға байланысты тыйым сөздерді білесің бе?
Жауабы. Ағашты кеспе, орманды өртеме, шөпті таптама.
4-сұрақ. Ауаға, суға байланысты тыйым сөздерді білесің бе?
Жауабы. Суды лайлама, суға түкірме, ауаны ластама, су ішкен құдыққа түкірме.
5-сұрақ. Жануарларға, құстарға байланысты тыйым сөздерді білесің бе?
Жауабы: Аққуды атпа, малды теппе, құмырсқаның илеуін бұзба, құстың ұясын бұзба.
Ал біз болашақ ұрпақ табиғтты қалай қорғап , сақтап қаламыз !
1 оқушы: «Бір ағаш кессең, он ағаш ек» - жасыл желек
бағдарламасына ат салысамыз.
2 оқушы: «Судың да сұрауы бар» - суды ысырапсыз
пайдалануға жол бермейміз, ластамаймыз.
3 оқушы: Орман - тоғайды, бақтарды күл - қоқыстан тазалап,
өрттен қорғаймыз.
4 оқушы: Аң, құстарды рұқсатсыз атуға тиым саламыз, қамқорлық жасаймыз.
5 оқушы: Экологиялық үгіт - насихат жүргіземіз.
Оқушылардың орындауында Абай Құнанбаевтың
«Желсіз түнде жарық ай» әні.
Қорытындылау:
Сабағымыздың соңында бір-біріміздің қолдарымыздан ұстап, қөңілді күйде, табиғатқа байланысты сөздерді, сөйлемдерді пайдалана отыра тілек айтайық.
1) Бұлақтай мөлдір таза бол!
2) Жұлдызың жарық болсын!
3) Айың оңыңнан тусын!
4) Қөңілің көлдей шалқысын!
5) Гүлдей жайнай бер!
6) Таудай талап бер!
7) Қызғалдақтай құлпыра бер!
- Халқымыз ата заманнан бері жерін, суын қадірлеп , қасиет тұтқан . Кейінгі ұрпаққа үлгілі, өнегелі тәрбиелік мұрағат боларлық мына жолдарды есте сақтайық :
Сұраусыз суын бұзғызбай – суын қорғаған,
Жөнсіз жерін жыртқызбай - жерін қорғаған.
Көк майса шөбін таптатпай - шөбін қорғаған.
Ұшқан құс , жүгірген аң , жыбырлаған жәндігінің берекесін
кетірмей – жануарларын қорғаған!
«Табиғат — тал бесігің, аяла, қорғай біл, тазалығын сақта!
- Келешек сендердің қолдарыңда! Адамзат – болашақта бейбіт, таза ғаламшарда өмір сүруі тиіс. Демек, ғаламшардың қауіпсіздігі - біздердің қолымызда !
Категория: Творческая педагогика | Добавил: Баймукаметовна
Просмотров: 959 | Загрузок: 94 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Вход на сайт
Поиск
Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Театр.kz


  • Copyright "Школа" Интернет-портал "Детство-kz"© 2016
    Сайт управляется системой uCoz