Главная | Регистрация | Вход | RSSВоскресенье, 04.12.2016, 06:54

Учителя Алматы

Меню сайта
Категории раздела
Управление школой [15]
Статьи. Теория и практика.
Презентации [70]
Наша библиотечка [26]
Творческая педагогика [79]
Пьесы для детского театра [5]
Наш опрос
Считаете ли вы результаты ЕНТ справедливыми?
Всего ответов: 1521
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0

Каталог файлов

Главная » Файлы » Творческая педагогика

«Халқын сүйген- салтын сүйер»
09.02.2013, 20:37
Тақырыбы: «Халқын сүйген- салтын сүйер»
Мақсаты: Халқымыздың салт дәстүрі, билердің шешендік өнерімен таныстыра отырып,оқушыларды шешен сөйлеуге баулу, ұлтжанды етіп тәрбиелеу.
Көрінекілігі:Интерактивтік тақтада «Халқын сүйген-салтын сүйер» деп жазылады.
Үш бидің суреті көрсетіліп тұрады.
Сынып іші безендіріліп, күй әуені ойнап тұрады.Ұлттық киім киген оқушылар үш ауылға бөлініп отырады.(топтық жұмыс)
Жүргізу барысы
Сабақ сайыс түрінде өтеді.
Сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстыру
Ұйымдастыру бөлімі
Әр ауылдың басшылары өз ауылының атымен, ұранымен таныстыру
Біздің атымыз: Жүзіміз: Ұранымыз:
1.Төле би ауылы Ұлы жүз Қауға беріп ,қойға қой;
2.Қазыбек би ауылы Орта жүз Қылыш беріп, жауға қой;
3.Әйтеке би ауылы Кіші жүз Қалам беріп, дауға қой;
I Үш ауылға ортақ сұрақ
Қазақтың ұлттық тағамдарын ата?
1.Ет тағамдары 2. Сүт тағамдары 3. Ұннан жасалған тағамдар
II Әр ауылға жеке сұрақтар беру
«Төле би» ауылына:
«5» саны туралы не білесің?
1. Исламның бес парызы
2. Бес арыс
3. Бес асыл іс,бес дұшпан
4. Бес саусақ
«Қазыбек би» ауылына: «3»саны туралы не білесің?
1.Үш би
2.Үш жүз
3.Үш арсыз
4.Үш жұрт
«Әйтеке би» ауылына:
«7» саны туралы не білесің?
1. Жеті қазына
2. Жеті ата
3. Аптаның жеті күні
4. Жеті жарығы
III Қандай тиым сөздерді білесіңдер? (әр ауыл үш тиым сөзден айтады)
Ақты төкпе,нанды баспа,малды ұрма, кендірмен байлама, жыңғылмен айдамат.б

IYБасынан оқыса да, соңынан оқыса да бір сөз шығады? –Қазақ
Қазақ қандай халық?
A. Батыр, қаһарман халық
Б Шешен, данышпан халық
B. Қонақжай, сауықшыл халық

Y Ал, олай болса үш ауылдан үш биді ортаға шақырамыз. Көрініс.
( Музыка ойнап тұрады)
Ұлттық тағамдар қойылған үстел басына үш би келіп, жайғасады.
Төле би: Жай отырмай, әңгіме айта отрайық.
Арғымақтың құйрығы
Сатса жібек, кессе қыл!
Жақсы жігіт белгісі
Түзде мырза,үйде құл,-деген.

Қазыбек би: Дұрыс айтасыз. ( Әйтеке биге қарап)
Жаман адамның талайын көріп жүрміз,
Жақсы адам туралы бірер сөз қосшы.
Әйтеке би: Елдің қамын жоқтай білген дұрыс
Сөзге тоқтай білген, ердің намысын жоқтата білген
Өз сөзіне тоқтата білген, жақсыға не жетсін.

Осы кезде есіктен үш ұл бала кіріп,
- Ассалаумағалейкум. Сәлем беріп отырады.
Соңында үш қыз келіп, - Сәлеметсіздер ме?-деп, сәлем беріп отырады.
(Бұл жерде ұл бала ,қыз балалардың отыруына мән беріледі)

Әже: Қымыз құйып, балаларға үлестіріп отырып,
- Бәрекелді! Тәрбиелі отбасынан шыққан екенсіңдер. «Әдептілік белгісі,иіліп сәлем берген» - дейді. Мына отырыстарыңа қарап, текті жерден шыққан бала екендеріңді көріп отырмын. «Ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі»- демекші, қазақ халқы ер баланың, қыз баланың қалай отыруына дейін көңіл бөлген ғой.
- Ал балалар бұйымтайларыңды айта отырыңдар.

1-оқушы: Ел ағаларының ақыл-кеңесін тыңдап, бата алмақшы едік.

Төле би: «Өсер елдің баласы бірін-бірі батыр дер»- демекші, болайын деп тұрған бала екенсіңдер. Кәне өздеріңді таныстырып жіберіңдерші.
-Өздерін таныстырады.

Қазыбек би: Балалар менің мына сұрағыма жауап беріңдерші

Дүниеде тәттіден, не тәтті?
Жұмсақтан, не жұмсақ?
Қаттыдан, не қатты?

2-оқушы: Тәттіден бал тәтті
Жұмсақтан мамық жұмсақ
Қаттыдан тас қатты.

3-оқушы :Ата бұл сұрағыңызға мен жауап берейінші
Тәттіден ананың сүті тәтті,
Жұмсақтан ананың алақаны жұмсақ,
Қаттыдан ананың мейрімі қатты.

Қазыбек би: Дұрыс айтасың, жауабыңа ризамын

4-оқушы: Ата кедейлік неден, соны айтыңызшы?

Төле би: Кедейлік үш ағайынды. Оның тұңғышы-кежірлік, ортаншысы- еріншектік,
кенжесі-ұйқы. Осы үшеуін бойына үйір қылмаған адам кедей болмайды.

-Кежірлік деген, не сөз?
-Кежірлік дегеніміз- қыңырлық, кері тартпалық.
5-оқушы: Ата, өмірде не қымбат?

Қазыбек би: Алтын ұяң Отан қымбат,
Құт берекең атаң қымбат,
Аймалайтын анаң қымбат,
Мейрімді апаң қымбат,
Кіндік кескен жерің қымбат,
Ұятпенен ар қымбат.

6-оқушы: Ата сіз бізге қандай ақыл айтасыз?

Әйтеке би: Ашу бар жерде ақыл тұрмайды,
Ашу деген ағын су,
Алдын ашсаң арқырар,
Ақыл деген дария
Алдың тоссаң тоқырар,
Кісіге бірге туыспау керек
Туысқаннан кейін сөз қуыспау керек.
Сөз қуған пәлеге жуығады
Жол қуған олжаға жолығады
Бай болсаң халыққа пайдаң тисің,
Батыр болсаң жауға найзаң тисің.

Әже: Ал, балалар өнерлерің бар шығар, мына аталарыңа өнер көрсетіңдер.
( Үш оқушы билейді, бір оқушы өлең айтады)

Балаларға бата беріңіздер.

Берейін бата асыңа
Амандық берсін басыңа
Қыдыр келсін қасыңа
Бар екен деп тасыма
Жоқ екен деп жасыма
Еңбек етсең ерінбей
Дәулет келер қасыңа
Әлемнің бетін жарық ет
Келесі оқу жылына
Аман-есен түгел жет!
Әумин!
Категория: Творческая педагогика | Добавил: Жадыра
Просмотров: 4086 | Загрузок: 0 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 1
1 Речной1   (11.12.2013 22:40)
сынып сағаттарда немесе мемлекеттік мейрамдары қарсанында өткізуге болады, Рахмет

Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Вход на сайт
Поиск
Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Театр.kz


  • Copyright "Школа" Интернет-портал "Детство-kz"© 2016
    Сайт управляется системой uCoz