Главная | Регистрация | Вход | RSSПятница, 09.12.2016, 04:59

Учителя Алматы

Меню сайта
Категории раздела
Управление школой [15]
Статьи. Теория и практика.
Презентации [70]
Наша библиотечка [26]
Творческая педагогика [79]
Пьесы для детского театра [5]
Наш опрос
Считаете ли вы результаты ЕНТ справедливыми?
Всего ответов: 1522
Статистика

Онлайн всего: 2
Гостей: 2
Пользователей: 0

Каталог файлов

Главная » Файлы » Творческая педагогика

"Қазақстанның табиғаты" 5 сыныпта өткізілген қазақ тілі сабағы
17.12.2013, 21:36
5 «Б» сынып
Қазақ тілі сабағы
Сабақтың тақырыбы: «Қазақстанның табиғаты»
Сабақтың мақсаты: Білімділік: тақырыпқа байланысты жаңа сөздер, мәтін, көрнекіліктерді қолдана отырып, білімдерін кеңейту.
Дамытушылық: ауызекі сөйлеу дағдыларын дамыту.
Тәрбиелік: табиғатты аялауға, әрқашан қорғаушы болуға, адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: табиғат туралы бейнефильм
Сабақтың әдіс-тәсілдері: әңгімелеу, сөйлемдер құрау, сұрақ-жауап, деңгейлік тапсырмалар

Сабақтың барысы: I. Амандасу кезеңі:
Қуан, шаттан, алақай!
Қуанатын күн келді.
Күліп шықты күн бүгін –
- Қайырлы таң! Қайырлы күн!
Сәлеметсіздер ме, келген қонақтар!

Сабақтың жоспарын айту

II. Кезекшілер диалогы
III. Интерактивтік тақта арқылы бейнефильм көрсетіледі.
- Балалар, бүгінгі біздің сабағымыздың тақырыбы қандай деп ойлайсыңдар? (табиғат туралы)
- Иә, дұрыс айтасыңдар. Бейнефильм еліміздің табиғаты туралы.

Сабақтың тақырыбы: «Қазақстанның табиғаты»
Интерактивтік тақтадан сабақтың мақсатын айту

Дәптерлерге күнін, тақырыбын жаздыру

- Бейнефильм көргеннен кейін қандай сөз тіркестерін құрауға болады? (таза ауа, мөлдір су, аппақ қар, гүлденген ағаштар, биік таулар, ұшқан құс)
- Бейнефильмде Қазақстанның қай жеріндегі табиғат көрсетілген? (дұрыс айтасыңдар, оңтүстік Қазақстан табиғаты, өйткені біздің өлкемізде биік таулар, тау өзеңдер жоқ)

- Бүгінгі тақырып бойынша жаңа сөздермен танысайық. Сөздік жұмыс.

шың – вершина
жазық – равнина
үлес – доля
қазына – богатство

IV. Кітаптың 80 бетін ашып, 3 тапсырманы орындайық. Диалогты оқып, аударамыз. Сұрақтарға жауап береміз. Сендердің алдарында бағалау парақтары жатыр. Өзін-өзі бағалау парақты сабақтың аяғында толтырасыңдар. Сыныптастардың жауаптарын тыңдап, екінші бағала упарағын толтырасыңдар.
- Сонымен, біздің елімізде қандай жазықтар бар? (Ертіс, Тобыл, Тұран, Есіл жазықтары)
- Жер бетіндегі ірі жазықтарды атаңдар. (Амазона, Шығыс Еуропа, Батыс Сібір және Ұлы Қытай).

V. Топтық жұмыс
Барлық оқушыларға бағалау парақтары беріледі
1 топқа арналған деңгейлік тапсырмалар

I деңгей. Берілген сөздермен қыс туралы сөйлемдер құраңыздар.
Жер, ауа райы, қар, салқындайды, күн, төмендейді, ауаның температурасы

II деңгей. Кітаптың 79 беттегі 1 тапсырма. Мәтінді оқып, аудару

III деңгей. Мәтін бойынша сұрақтарды құру

2 топқа арналған деңгейлік тапсырмалар

I деңгей. Берілген мәтін бойынша қарамен жазылған сөздердің септіктерін анықта
Табиғатты қорғандар.
Табиғат – халық қазынасы. Біз оның байлығын пайдалана отырып, қорғай білуіміз керек. 1966 жылы біздің елімізде «Халықаралық табиғат қорғау қоғамы» құрылды. Оның басты мақсаты – саны сиреп, құрып бара жатқан аң, құстарды, өсімдіктерді қамқорлыққа алып, арнайы кітапқа тіркеу. Бұл кітапты «Қызыл кітап» дейді. Оның қызыл, сары түсті парақтары бар. Қызыл парағына құрып бара жатқан, сары парағына саны аз аң, құстар, өсімдіктер жазылады.

II деңгей. Солтүстік Қазақстан табиғаты туралы 5-6 сөйлем айтыңдар.

III деңгей. Өлеңді жаттап алыңдар:
Табиғат – анамыз

Табиғат ол – анамыз, Жазда аралап тауын да,
Табиғатқа баламыз. Барамыз біз бауына.
Құшағында ойнаймыз, Өзеніне шомылып,
Шаттық әнге саламыз. Жүгіреміз жауында.
VI. Финце Настяға жеке тапсырма берілген. Сіздердің назарларына оқушы жасаған презентация

V. Сонымен, балалар, табиғат сөзіне қандай синквейн құрауға болады? Синквейнді жаздыру

Сабақтың қорытындысын шығару:
- Балалар, бүгін сабақта біз не істедік?
- Қандай жаңа сөздермен таныстық?
- Сендер не туралы білдіңдер?
- ---------------------------------------------------------------------------
Табиғат-Ананы қорғау, оның байлығын ұқыпты пайдаланып - әр адамның парызы.
- Бір ағаш кессең, он ағаш ек!
- Судың да сұрауы бар. Суды ысырапсыз пайдалануға жол бермейміз, ластамаймыз.
- Орман –тоғайды, бақтарды күл-қоқыстан тазалаймыз. Өрттен қорғаймыз.
- Аң-құсты рұқсатсыз атуға тыйым саламыз, қамқорлық жасаймыз.
- Экологиялық үгіт-насихат жүргіземіз.

Үй жұмысы: сөздер, 80 бет 4 тапсырма
Бағалау: оқушылардың білімін бағалау
Бағалау парақтарды жинау
Рефлексия. Бүгінгі сабақтан алған әсерлерінді сурет арқылы көрсетіңдер.

Рузаев орта мектебі

Ашық сабақ

«Қазақстанның табиғаты»

5 «Б» сынып

Өткізген: қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімі
Жанайдарова Г.Б.

2013-2014 оқу жылы
Категория: Творческая педагогика | Добавил: Речной1
Просмотров: 4880 | Загрузок: 0 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 1
1 Алтын   (21.02.2015 18:21)
Сабақ өз мақсатында өткен. өзіме керекті материал алдым.

Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Вход на сайт
Поиск
Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Театр.kz


  • Copyright "Школа" Интернет-портал "Детство-kz"© 2016
    Сайт управляется системой uCoz