Главная | Регистрация | Вход | RSSСреда, 07.12.2016, 13:35

Учителя Алматы

Меню сайта
Категории раздела
Биология [28]
ИЗО [12]
Профессиональное обучение [6]
Внеклассное чтение [16]
География [22]
Духовные ценности [10]
Если хочешь быть здоров [48]
Информатика [58]
История [48]
Иностранный язык [99]
Книжная полка [49]
Компьютер-бум [10]
Казахский язык и литература [181]
Математика [85]
Мир науки [11]
Моя Родина - Казахстан [42]
Музыка [97]
Начальная школа [399]
Общество семи муз [12]
Психологический клуб [11]
Русский язык и литература [129]
Родительское собрание [11]
Творческая личность [20]
Технология [21]
Физика [20]
Химия [31]
Экологическое воспитание [13]
Самопознание [35]
Наш опрос
Считаете ли вы результаты ЕНТ справедливыми?
Всего ответов: 1521
Статистика

Онлайн всего: 10
Гостей: 10
Пользователей: 0

Каталог статей

Главная » Статьи » Мастерская учителя » Казахский язык и литература

Қазақстан қалалары Сын есімді қайталау
Сейтқасымова Құралай
Қостанай қаласындағы
№ 2 орта мектебінің мұғалімі
Сабақтың тақырыбы:Қазақстан қалалары
Сын есімді қайталау
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:оқушыларды Қазақстан Республикасының қалаларына сырттай саяхат жасай отырып,сын есім және оның жасалу жолдарын қайталай отырып сөйлеу тілін дамытуға,сөздік қорын молайтуға ықпал ету.
Дамытушылық:оқушылардың ой өрісін,ойлау қабілетін дамыту,сөйлеу мәдениетін қалыптастыру.
Тәрбиелік:оқушыларды мемлекетіміздің үлкен қалаларымен таныстыра отырып,Отанға,жерге,елге деген сүйіспеншіліктерін арттырып жан жақты тұрғыда тәрбиелеуге болады.
Сабқтың көрнекіліктері:Қазақстан Республикасының картасы,үлкен қалалардың суреттері,үлестірме қағаздары,Қазақстан Республикасының рәміздері,буклеттер,интерактивті тақта,рейтингтік бақылаудың сызба кестесі.
Сабақтың түрі:рейтингтік,саяхат сабақ.
Оқыту технологиясы- деңгейлеп,саралап тапсырмалар беру,модульдік-рейтингтік,дамыта оқыту
Техникалық құрал- компьютер.
Сабақтың барысы.
1 кезең. Кіріспе.
А) Біздің сүйікті Отанымыз,қасиетті мекніміз қалай аталады?
Б) Қазақстан қандай мемлекет?
В )Тәелсіздік күні қай күн?
Г) Тәуелсіз еліміздің астанасы қай қала?
Д) Қандай әсем қалаларды білесің?
-Балалар,біз Қазақстан Республикасының жүрегі,астанасы-Астана қаласына саяхат жасаймыз.
2 кезең.Тірек тапсырмалар.Қызылорда- Жамбыл.
1.Сын есім деп қандай сөз табын айтамыз?
2. Сын есімің сұрақтары қандай?
3.Сын есім заттың несін білдіреді? (мысалдар келтіру )
а) түсін - ақ ,қара.
ә) сапасын? қасиетін
б) дәмін.
в) көлемін
4.Сын есім септік жалғауларын қабылдайды ма?
5.Көптік жалғауларын ше?(осы сұрақтар кезінде екі оқушы үлестірме қағаздарымен жұмыс жасайды ).
6. Қызылорда қандай қала?
7.Қаланың көшелері қандай?
8.Қалада қандай әдемі жерлер бар?
9.Қызылорда туралы не білесіңдер?
Қызылорда қаласының тарихы бай, Қызылорда 19 ғасырдың ортасында Ақмешіт бекінісі деп аталған.1908 жылға дейін Ақмешіт кейін Перовск деп аталған. 1925жылдан бастап қайтадан Ақмешіт деп аталды. 1925-1929 жылдары Қазақстанның астанасы болды.
10.Қызылорда қандай облыстармен шекаралас?
11.Халқы қанша?
Сұрақтарға жауап беру арқылы, біз Жамбыл – Тараз қаласына келдік.
3 кезең. Деңгейлік тапсырмалар.
1-деңгейлік тапсырма.( Жұмбақтардың шешуін тауып, сын есімдерді белгілеу керек).
Жамбыл – Тараз деген атпен 6 ғасырдан белгілі қала.Бұл ұлы Жібек жолындағы ірі сауда орталығы болған.18 – 19 ғасырларда қоқандықтардың тұрғызған бекінісі арқасында Әулие ата өркендейді. Осы жерден Ақмола мен Омбыға, Ташкентке баратын жол салынған. Қазіргі Жамбыл – Тараз өнеркәсіп орталығы.
Жұмбақтар
1.Аласы бар,қарасы бар,ағы бар.
Пышақ тисе,қып- қызыл боп жарылар (қарбыз).
2.Ішін жарсаң,қап қатты,
Ал піскенде тәп - тәтті ( асқабақ)
3.Қара киім киіп ап,
Балшықтан үй соғады ( Қарлығаш).
4.Өзі тісті
Емес күшті
Тышқан боп туып,
Құс боп ұшты (жарқанат ).
5.Маң- маң басқан жүрісі,
Барлық құстың ірісі.
Қашқанда құстай ұшпайды,
Қуғанын бірақ ұстайды.(Түйеқұс ).
Ту туралы
Аспан түстес көгілдір
Тік бұрышты матаның
Ортасында төгіп нұр
Күн жаяды шапағын
Астында оның қалқыған
Қыран құстың бейнесін
Азат елдің шалқыған
Көңілі деп білерсің.
4 кезең. 2 – деңгейлік тапсырма.
Жұмбақтарды шешіп,біз Қазақстанның бұрынғы астанасы – Алматы қаласына келдік.
1.Алматы қандай таудың бөктерінде орналасқан?
Алатау.
2.Алматы қаласы 1854 жылы қаланыпты.Оның байырғы аты Верный. Алматы Қазақстанның ғылым мен мәдениет орталығы.
3.Алматыда жыл сайын қандай ән жарысы өтіп тұрады?
« Азия дауысы» «Жас қанат»,т.б.
Медеу мұз айдыны - Медеу шыңында 871 баспалдақ бар. «Алматы» мәтінімен жұмыс.
а) оқу
ә) аудару
б) сын есімдерді тауып, байланысып тұрған сөздермен көшіріп жазу.Қанатты.ат,алтын, жұлдыз,күн сәулесі.
5 кезең. 3 деңгейлік тапсырма.
Қарағанды орталық Қазақстан облысы. Ірі өнеркәсіп орталығы. Қарағандыда көмір өндіріледі.Н. Назарбаев Қарағанды облысының Теміртау қаласындағы металлургия зауытында еңбек еткен. негізгі
Сын есімнің түрлері
туынды
Мына төиендегі мақал - мәтелдерден негізгі және туынды сын есімдерді тауып ажыратыңдар.
1.Жылы киім тәнді жылытар.
Жылы сөз жанды жылытар.
2.Білекті бірді жығар,
Білімді мыңды жығар.
3.Адал достық алтыннан да қымбат.
4.Өнерлі өрге озар.
5.Ақылды адам елге қарайды,
Ақылсыз адам өрге қарайды.
6.Балалы үй базар.
7.Айлалы батыр алдырмас.
8.Еңбектің наны тәтті,
Жалқаудың жаны тәтті,
Енді мына сөздерден туынды сын есімдер жасайық:
айт........ тау..............
еңбек сүйгіш......... су................
көңіл.......... сымбат........
ақыл........... қымбат........
6 кезең. 4 – деңгейлік тапсырма.
Сонымен, біз Астана қаласына келіп жеттік. Бұрынғы аты Ақмола. Есіл өзенінің бойында әскери бекініс ретінде пайда болған. 1868 жылы қала мәртебесін алған.
Қазақстанның солтүстігінен оңтүстігіне,оңтүстігінен шығысына қарай өтетін керуен жолдарына географиялық қолайлы болғандықтан - «Дала өлкесі» деп аталған.1998 жылдан бастап Қазақстан Республикасының астанасы.
«Қазақстан»тақырыбына әңгіме.
«Тәуелсіздік» Иран Ғайып өлеңін оқу.
7 кезең. Рейтинг қорытындысын шығару. Ұпайды есептеп , бағаларын қою.
Сабақты қорыту
Үйге тапсырма.Мәтінді оқып,мазмұндау.
Категория: Казахский язык и литература | Добавил: методика (22.12.2012) | Автор: Сейткасымова Куралай E
Просмотров: 2558 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Вход на сайт
Поиск
Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Театр.kz


  • Copyright "Школа" Интернет-портал "Детство-kz"© 2016
    Сайт управляется системой uCoz