Главная | Регистрация | Вход | RSSПятница, 09.12.2016, 08:51

Учителя Алматы

Меню сайта
Категории раздела
Биология [28]
ИЗО [12]
Профессиональное обучение [6]
Внеклассное чтение [16]
География [22]
Духовные ценности [10]
Если хочешь быть здоров [48]
Информатика [58]
История [49]
Иностранный язык [99]
Книжная полка [49]
Компьютер-бум [10]
Казахский язык и литература [182]
Математика [85]
Мир науки [11]
Моя Родина - Казахстан [42]
Музыка [97]
Начальная школа [399]
Общество семи муз [12]
Психологический клуб [11]
Русский язык и литература [132]
Родительское собрание [11]
Творческая личность [20]
Технология [21]
Физика [20]
Химия [31]
Экологическое воспитание [13]
Самопознание [35]
Наш опрос
Считаете ли вы результаты ЕНТ справедливыми?
Всего ответов: 1522
Статистика

Онлайн всего: 7
Гостей: 7
Пользователей: 0

Каталог статей

Главная » Статьи » Мастерская учителя » Казахский язык и литература

Абайдың табиғат лирикасы (қорытынды сабақ)
Сабақтың көрнекілігі:
Сабақтың түрі:
Сабақтың әдісі:
9 «У»

Абайдың табиғат лирикасы
(қорытынды сабақ)
1) Абайдың табиғат лирикасы бойынша алған білімдерін практика тұрғысынан бекіту; оқушылардың мемлекеттік аралық бақылау тестілеуіне дайындау;
2) оқушылардың тез ойлау, есту, көру дағдыларын жетілдіру; логикалық жүйесін қалыптастыру; тапсырмалар, сұрақтар, тест арқылы өз білімдерін бағалауға жаттықтыру; білімге ынтасын дамыту;
3) оқушылардың ой-ақылын ұштастырып, жан-жақты білім алуын қамтамасыз ету, ұшқырлыққа, ізденімпаздылыққа баулу;

интерактивті тақта, тест жұмысы, нұсқаулық карта
қорытынды сабақ
тексеру, сұрақ-жауап, топпен, іздену, ойлау,тестілеу
Сабақтың кезеңі:
ұйымдастыру:

СЛАЙДТАР

Қорытынды:

Үй тапсырма:
Бағалау:

Сабақ барысы:
1. амандасу
2. түгендеу
Сабақтың мақсаты айтылып кетеді. Енді, бүгін балалар біз сендермен «Абайдың табиғат лирикасы» атты тақырыпта қайталау сабағын жүргіземіз. сондықтанда Абай атамыздың өміріне біршама шолу жасап, тоқталып кетейік. Алдарында тұрған кәртішкеге көз жүгіртіп, сол сұрақтарға жауап берейік. Әр оқушы сұрақтарды оқып, жауап береді.
1. Абай Құнанбаев кім?
2. Абай атамыз қай жылдары өмір сүрген?
3. Қай жерде туған?
4. Абай кімдердің мысалдарын қазақ тіліне аударған?
5. Абайдың шығармаларының негізгі тақырыптары қандай?
6. Табиғат лирикасына байланысты жазылған қандай өлеңдерді білеміз?
Дұрыс, міне біз сендермен Абай атамыздың өміріне қысқаша шолу жасап өттік. Енді осы табиғат лирикасына байланысты өлеңдерді оқып, танысайық. Бұл сендерге қосымша тапсырма ретінде үйге берілген еді.
Әр жыл мезгілінің суреті шығады. Соған байланысты оқушылар тақпақтарды мәнерлеп оқиды.
Әр тақпақ сайын қорытынды сұрақтар шығып тұрады.
1. Қай жыл мезгілінде күн салқындай бастайды?
2. Айналаның бәрі ақ түске айналатын кез?
3. Сай-сала суға толатын мезгіл?
4. Балалардың демалысқа шығатын мезгілі?
Бүгін «А» тобы және «Ә» тобы болып екі топқа бөлініп, жұмыс жасайсыңдар.Нұсқаулық картаны алып, толтырыңдар.
Енді қазір балалар бәріміз тақтаға көз салайық. Алдарында осы биылғы жылы өткен грамматикалық тақырып бойынша еске түсіру тесті жазылып тұр. Сендерге 2 минут уақыт беріледі.
ЕСКЕ ТҮСІРУ ТЕСТІ
--- тиянақты ойды білдіреді.
Сөйлем мағынасына қарай --- бөлінеді.
Екі немесе бірнеше жай сөйлемнен құралып, күрделі ойды білдіретін сөйлем --- деп аталады.
Құрмалас сөйлем ---,---,--- бөлінеді.
Құрамындағы жай сөйлемдерінің баяндауыштары тиянақты болып, өзара тең дәрежеде байланысқан құрмалас сөйлемнің түрі ---.
Жалғаулықты салалас құрмалас сөйлем ---,
---,---,---,--- бөлінеді.
Құрамындағы жай сөйлемдерінің алғашқысы тиянақсыз болып, соңғысына бағына байланысқан құрмалас сөйлемнің түрі --- деп аталады.
Бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем ---,---,---,---,---,--- болып бөлінеді.
Міне сендермен сөйлемді және оның түрлерін еске түсірдік.Енді біз сендермен деңгейлік тапсырмалар орындаймыз. Яғни теориялық жағын біледі екенбіз, соны практикалық жағынан тексеріп көрейік.
1 деңгей. Шашыраңды сөздерді жинақтап, жай сөйлем құрасытыру.
Екі топқа екі сөзден келеді.
- жолға,бүгін,алмаймыз,шыға,жауған,кеше,еді,қар.
- үйге,Абай,кірді,конверттегі,Әбіш,қағазды,оқып,бар,шықты.
-басылып, ән,қалды,сазы,тоқтаған,жоқ,домбыра.
-қыс,суық,биыл,болды,аз,жауды,қар.
Бүгін жолға шыға алмаймыз, кеше қар жауған еді.
Абай үйге кірді, Әбіш конверттегі бар қағазды оқып шықты.
Ән басылып қалды, домбыра сазы тоқтаған жоқ.
2 деңгей. Жай сөйлем құрастырдық, енді балалар сендер осы жай сөйлемдерден салалас және сабақтас құрмалас сөйлем құрастырыңдар.
Бүгін жолға шыға алмаймыз, өйткені кеше қар жауған еді.
(сал.себеп-салдар)
Абай үйге кірді де, конверттегі бар қағазды оқып шықты.
(сал. ыңғайлас)
Ән басылып қалды, дегенмен домбыра сазы тоқтаған жоқ.
(сал. талғаулы)
Биыл қыс суық болды, бірақ қар аз жауды. (сал.қарсылықты)
Сабақтас құрмалас сөйлем
Кеше қар жауғандықтан, бүгін жолға шыға алмаймыз. (себеп бағ)
Абай үйге кіргенде, Әбіш конверттегі бар қағазды оқып шыққан екен. (мезгіл бағ)
Ән басылып қалса да, домбыра сазы тоқтаған жоқ. (қарсылықты бағ)
Биыл қыс суық болғанмен, қар аз жауды. (қарсылықты бағ)

3 деңгей. Құрастырған салалас және сабақтас құрмалас сөйлемдерге толық синтаксистік талдау жасаңдар. (2 оқушы тақтада жұмыс жасайды, қалғандары орындарында орындайды)
4 деңгей. Берілген сөздерді сөз құрамына талдау жасаңдар.
Алмаймыз,кіргенде,қағазды,басылып,сазы, болды.
5 деңгей. Жалғаулардың түрлерін анықтау (көптік,септік, жіктік, тәуелдік)
«А» тобына: елдер, адамның үйім, жолға, оқушысың, еліміз
«Ә» тобына: көзі, бақтар, жеріміз, ақылдымын, қаламда, отырамыз.
6 деңгей. «Табиғатты қорғау» тақырыбына тест жұмысын жүргізіп кетейік. Қазір алдарындағы тест жұмыстарына көз салып, сол тест жұмысын орындаңдар.Сендерге үш минут уақыт беріледі және содан соң сол жұмыстарды өздерің бір-бірлеріңнің жұмыстарын тексеріп, бағалайсыңдар.
ТЕСТ
1.Су ненің көзі?
А) байлықтың Ә) тіршіліктің Б) табиғаттың В) адамның
2. Арал теңізінің мәселесімен айналысатын ұйым қай жылы құрылды?
А) 1993 Ә) 1994 Б) 1995 В) 1996
3. Қазақстанда неше қорық бар?
А) 4 Ә) 3 Б) 7 В) 5
4. Арал теңізінің солтүстік бөлігінде қай қорық орналасқан?
А) Ақсу-Жабағылы Ә)Наурзым Б) Барсакелмес В) Қорғалжын
5. Құстардың 200-дей түрі бар қай қорық?
А) Алматы Ә) Барсакелмес Б) Қорғалжын В) Наурзым
6. «Су мен жер туралы ой-бұл түптеп келгенде адамның өзі туралы ой» кімнің сөзі?
А) Р.Фейнмен Ә) Ы.Жақаев Б) Ш.Айтматов В) С.Сейфуллин
7. Арал теңізінің мәселесімен айналысатын ұйым қай қалада құрылды?
А) Қызылорда да Ә) Қостанайда Б) Қарағанды да В) Жезқазғанда
8. Қостанай облысында қандай қорық бар?
А) Барсакелмес Ә) Наурзым Б) Алматы В) Қорғалжын
9. Қорғалжын қорығы Астана қаласынан неше шақырым жерде?
А) 140 Ә) 150 Б) 145 В) 170
10. Барсакелмес қорығы нешінші жылы құрылды?
А) 1926 Ә) 1930 Б) 1939 В) 1968
ЖАУАПТАРЫ
1. Ә
2. А
3. В
4. А
5. А
6. Б
7. А
8. Ә
9. А
10. Б
БАҒАЛАУ КЕСТЕСІ
9-10 дұрыс жауап – «5»
7-8 дұрыс жауап – «4»
5-6 дұрыс жауап – «3»
1-4 дұрыс жауап – «2»
Міне балалар сонымен біз сендермен бүгін бірнеше тапсырмаларды орындадық және де Абай атамыздың өміріне кішкене шолу жасап кеттік. Абай атамыз тек қана өлең жазып қана қоймаған, ән де шығарған. Абай атамыздың бірнеше әндері бар. Олар қандай әндер?
Жақсы. Енді Абай атамыздың «Көзімнің қарасы» әнін келген қонақтарымызға тарту етейік.
А. Құнанбаевтың табиғат лирикасына шағын шығарма жазу.
Алдарындағы нұсқаулық картаны маған тапсырыңдар, сол бойынша жұмыстарыңды тексеріп, бағалаймын. Сабаққа қатысқан оқушыларды бағалдау.
Сабақ аяқталды, рахмет.
Категория: Казахский язык и литература | Добавил: методика (26.12.2012) | Автор: Абжанова Гүлжихан Куанышқызы E
Просмотров: 4175 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Вход на сайт
Поиск
Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Театр.kz


  • Copyright "Школа" Интернет-портал "Детство-kz"© 2016
    Сайт управляется системой uCoz