Главная | Регистрация | Вход | RSSПятница, 09.12.2016, 14:34

Учителя Алматы

Меню сайта
Категории раздела
Биология [28]
ИЗО [12]
Профессиональное обучение [6]
Внеклассное чтение [16]
География [22]
Духовные ценности [10]
Если хочешь быть здоров [48]
Информатика [58]
История [49]
Иностранный язык [99]
Книжная полка [49]
Компьютер-бум [10]
Казахский язык и литература [182]
Математика [85]
Мир науки [11]
Моя Родина - Казахстан [42]
Музыка [97]
Начальная школа [399]
Общество семи муз [12]
Психологический клуб [11]
Русский язык и литература [132]
Родительское собрание [11]
Творческая личность [20]
Технология [21]
Физика [20]
Химия [31]
Экологическое воспитание [13]
Самопознание [35]
Наш опрос
Считаете ли вы результаты ЕНТ справедливыми?
Всего ответов: 1522
Статистика

Онлайн всего: 7
Гостей: 7
Пользователей: 0

Каталог статей

Главная » Статьи » Мастерская учителя » Казахский язык и литература

“Мәңгілік өмірді аңсаған Қорқыт” . 6-шы сынып
Қостанай қаласының
№2 орыс орта мектебінің 1-ші
санаттағы қазақ тілі мен әдебиеті
пәнінің мұғалімі Бекболатова Рауза
Фазылханқызы
Сабақтың тақырыбы: “Мәңгілік өмірді аңсаған Қорқыт” .
Сабақтың мақсаты:
1. Нені білуі керек?
Оқушыларға VIII ғасырда өмір сүрген түркі халқының атақты ақыны туралы мәлімет беру, жаңа сөздермен таныстыру, ой өрістерін кеңейту.
2. Нені үйренуі керек?
Сөздерді қолдана отырып, мәтінмен жұмыс түрлерін орындап үйрену, Қорқыт туралы аңыздар мен деректерді өз беттерінше оқып, танысу арқылы зерттеушілік, шығармашылық, ауызекі сөйлеу дағдыларын арттыру.
3. Түркі халықтарының әдеби мұрасымен таныса отырып, ежелгі дәуір әдебиетінің бізге жеткен шығармаларын оқуға қызығушылық туғызу, өнер білімге жетелеу.
Сабақтың түрі: Таным сабақ
Сабақтың әдісі: Сұрақ жауап, баяндау, ойшақыру.
Сабақтың көрнекілігі: Қорқыт ата туралы презентация, күй, интерактивті тақта.
Пәнаралық байланыс: тарих, география, ән сабағы.
Сабақтың барысы:
I Ұйымдастыру кезеңі:
А) Оқушылармен амандасу
Б )Оқушыларды белгілеу
В)Тіл дамыту сұрақтарына жауап беру
Оқушыларға өзін- өзі бағалау парақтарын таратып беру. Сабақтың әр кезеңінде оқушылар өздеріне баға қоюларын естеріне салу.
II Өткен тақырыпты пысықтау.(Интерактивті тақтадан ежелгі дәуір әдебиетінің басты басты әдеби мұраларын естеріне салып өту).
• Орхон – Енисей ескерткіштері (VII ғасыр)
• “Қорқыт ата” кітабы (VIII ғасыр)
• Оғызнама (IX ғасыр)
• Әл – Фараби, М.Қашқари, Қ.А. Йасауи, Ж. Баласағұн сияқты ұлы ойшылдар, ғұлама ғалымдар, ақындардың еңбектері.
Жаңа сабақты меңгерту.
Құрметті оқушылар, өткен сабақта сіздер қазақ хақының ежелгі дәуір әдебиетімен таныстыңыздар . Осы сабақта біз ежелгі дәуір әдебиеті туралы білімімізді толықтырамыз.
Тақтадан қобыздың суретін көрсету.Сұрақтар қою.
• Тақтада не көріп тұрсыздар?
• Бұл қандай аспап?
• Қобыз туралы не білесіңдер?
• Бұл аспапты көргенде біз кімді есімізге аламыз?
• Қобыз үнін естідіңіздер ме?
Балалар қобыз туралы білетін аңыздарын айтып береді, күй тыңдалады.
Иә, дұрыс, жарайсыңдар.
Ендеше бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: “Мәңгілік өмірді аңсаған Қорқыт” .
Сабақтың ұраны: “Іздеген Қорқыт ата жерде мекен , өлмейтін өмір кілті өнерде екен".
(Оқу, қайталату, аудару)
Балалар, бүгін сабақта VIII ғасырда өмір сүрген түркі халықтарының ақыны, күйші Қорқыт ата туралы әңгіме қозғаймыз, жаңа сөздермен танысамыз, тапсырмалар орындаймыз.
Жаңа сөздер:
Мәңгілік өмір
Ажал
Желмая
Әуен
Қазулы көр
Аңсау
Деректер
Күй толғау
Өмір кешкен
Өлімнен қашу
Жылан
У
Пікір
• Сөздерді оқу, аудару
• Сөздіктеріне жазып алу
• Қайталау
Мәтінмен жұмыс:
Оқушылардың алдарына мәтін беріледі. Оқушылар жаңа сөздерді қолдана отырып, мәтінмен жұмыс түрлерін орындайды. Мұғалім мәтін бойынша қосымша мәліметтер береді. Қорқыт атаның туған жері, туған жеріндегі ескерткіштер, өзінің өмірі туралы аңыз әңгімелерді баяндайды.
(Мұғалім Қорқыт атаның есімі неліктен Қорқыт деп қойылғаны, түйесі Желмая туралы мәліметтер береді).

Қарақожаұлы Қорқыт ата VIII- IX ғ. қазіргі Қызылорда облысының Қармақшы ауданына қарасты Сырдария өзенінің төменгі жағасында жаңа Кент қаласында өмір сүрген.
Қорқыт - ата ақын, жырау, композитор, әнші, күйші, қобызшы, өз дәуірінің ойшылы болған. Тарихи жазба мәліметтер бойынша Қорқыттың әкесі - Қарақожа оғыз тайпасына жататын, Баят дейтін рудан шыққан, aл шешесі - қыпшақ қызы. Оның туған жері - бүгінгі Қостанай облысының Аят өзені. Қорқыт мініп, жер дүниенің төрт бұрышын кезіп, аңызға айналған атақты Желмаяны оған шешесінің жақын туыстары сыйлаған.
Әртүрлі аңыз әңгімелерде Қорқыттың туған жылы мен жасы жөнінде әртүрлі пікір айтылады. Кейбір деректер Қорқытты 95 жыл жасаған десе, кейбірінде 195, тіпті 400 жыл жасаған деген болжамдар бар. Қорқыт адам үшін мәңгілік өмір іздеген, бірақ ол өлімнен қашып қайда барса да, алдына қазулы көр күтіп тұрады. Адамның ажал құрығынан құтыла алмайтынына қапаланып, кайғы кешкен Қорқыт қарағайдан қобыз жасап, күй толғайды. Күндердің бір күнінде сиқырлы қобыздың, сырлы үнімен қайғыны алыстата отырып қажыған соң қалғып кетеді. Сонда қобыздың күйі тоқтайды. Осы сәтті аңдып тұрған жылан білінбей жорғалап барып, Қорқытты шағып алады.
Шығарған күйлері: “Арыстан баб” , “Ұстаз”, “Аққу”, “Башпай”, “Желмая”, “Қоштасу”, “Елім ай” т.б. Ел ауызында Қорқыт туралы аңыз әңгімелер көп сақталған. Ертегі, дастан, өлең түрінде де кездеседі. Солардың ішінде: “Қорқыттың өмірге қарсы тұруы”, “Қорқыттың өлімнен қашуы”, “Қорқыттың өлімі”, “Қорқыт әулие” және т.б.

Мәтінді мұғалім бір рет оқып шығады, оқушылар оқиды, сұрақтарға жауап береді.
Қажетті үзінділерді мәтіннен тауып, өз сөздерімен әңгімелеп айтып береді.
Сұрақтар:
1. Қорқыт ата кім?
2. Ол қай жерде туған?
3. Әкесінің аты кім?
4. Шешесінің аты кім?
5. Қорқыт қанша өмір сүреді?
6. Ол қандай өмір іздейді?
7. Қорқыт қандай аспап жасайды?
8. Қобызды неден жасайды?
9. Қорқытты не шағып алады?
10. Оның қандай күйлері бар?
11. Қандай аңыз өлеңдері бар?
Интерактивті тақтамен жұмыс:
А) Өмірді білдіретін сөздерді қызыл сызықпен ,
Б) Өлімді білдіретін сөздерді қара сызықпен сызу.
Оқушылар дәптерлеріне көшіріп жазып астын сызады.( Қорқыт, күй, әуен, жылан, ажал, арман тілек, құстар, жыланның уы, бақыт, аңдар, қазулы көр).
Интерактивті тақтаның көмегімен крассворд шешу:
1.Қазақтың ұлттық аспабы.
2. Қорқыттың түйесі.
3. Миф, легенда – сөздерінің аудармасы.
4. Қорқыт қай өзеннің бойында туып – өскен?
5. Музыка, мелодия – сөздерінің аудармасы.
6. Қорқыт ата ненің уынан қайтыс болды?


Крассвордты шешу арқылы “Қорқыт ата кітабы” қазіргі кезде Германияның қай қаласында сақталғанның анықтаймыз (Дрезден қаласы).
Сабақтың қорытындысы: Балалар, бүгінгі сабақта Қорқыт ата туралы білімімізді толықтырып , қысқаша мәліметтер алдық, жаңа сөздермен таныстық, тапсырмалар орындадық. Енді осы сабақта алған мәліметтерімізді қолдана отырып, мына сызбаны толтырайық.(Интерактивті тақтаны қолдану арқылы орындау).
Қорқыт ата дегенде біз нені көз алдымызға елестетеміз?(Сызбаны толтыру)


Енді сабақта алған мәліметтері туралы білімдерін тексеру мақсатында 10сұрақтан тұратын тест тапсырмасын беру. Оқушыларға тест нәтижесі бойынша бір-біріне баға кояды.
Тест.10 сұрақ.
1. Қорқыт ата қай ғасырда өмір сүрген?
2. Қорқыт ата қай жерде туған?
3. Қорқыт кім?
4. Қорқыт қандай аспап жасайды?
5. Қобызды неден жасайды?
6. Қобыз қандай аспап?
7. Қорқыт ажалдан қашып қай жерде сая табады?
8. Қорқыттың ажалы неден болады?
9. Ел аузында Қорқыт туралы нелер бар?
10. “Қорқыт ата кітабы” неше жырдан тұрады?

Бағалау:
9,10 - “5”
7,8 - “4”
5,6 –“3”
1-4 –“ 2”
Тест тапсырмаларының нәтижесін оқушылар бір- бірінің орындаған жұмысы бойынша бағалады, мұғалім сабақтың басында берілген өз- өздерін бағалау жөніндегі парақтары бойынша оқушылардың өз пікірлерін ортаға салды. Сөйтіп, бұл сабақта оқушыларға екі баға қойылды.

Үй тапсырмасын беру:
64, 65 бет (оқулық). Қорқыт туралы аңыздарды оқып келу.
Сабақ аяқталды. Сабақта қатысып, жұмыс істегендеріне рахмет, сау болыңыздар!
Категория: Казахский язык и литература | Добавил: методика (27.12.2012) | Автор: Бекболатова Рауза Фазылханқызы E
Просмотров: 5170 | Рейтинг: 5.0/2
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Вход на сайт
Поиск
Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Театр.kz


  • Copyright "Школа" Интернет-портал "Детство-kz"© 2016
    Сайт управляется системой uCoz