Главная | Регистрация | Вход | RSSВоскресенье, 04.12.2016, 06:51

Учителя Алматы

Меню сайта
Категории раздела
Биология [28]
ИЗО [12]
Профессиональное обучение [6]
Внеклассное чтение [16]
География [22]
Духовные ценности [10]
Если хочешь быть здоров [47]
Информатика [58]
История [48]
Иностранный язык [99]
Книжная полка [49]
Компьютер-бум [10]
Казахский язык и литература [181]
Математика [85]
Мир науки [11]
Моя Родина - Казахстан [42]
Музыка [97]
Начальная школа [399]
Общество семи муз [12]
Психологический клуб [11]
Русский язык и литература [129]
Родительское собрание [11]
Творческая личность [20]
Технология [21]
Физика [20]
Химия [31]
Экологическое воспитание [13]
Самопознание [35]
Наш опрос
Считаете ли вы результаты ЕНТ справедливыми?
Всего ответов: 1521
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0

Каталог статей

Главная » Статьи » Мастерская учителя » Казахский язык и литература

Ашық сабақ "Шәкәрім – Абай шәкірті", Әдебиет сабағы, мұғалім Сейлова А.Е
Ашық сабақ "Шәкәрім – Абай шәкірті"
10 класс
Әдебиет сабағы
Мұғалім: Сейлова А.Е
Ақтөбе қаласы, ОМ № 26
Сабақтың тақырыбы: Шәкәрім – Абай шәкірті.
Сабақтың мақсаты: Ақынның өмір жолы, шығармашылығы туралы түсінік беру. Ойлау қабілетін дамытып, шығармашылықпен жұмыс істеуге дағдыландыру. Өнерді сүю, сыйластыққа, қамқорлыққа, әділдікке, талғампаздыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.
Әдісі: Сұрақ – жауап, баяндау, талдау, жазбаша, ойын, көрініс, эвристикалық, проблемалық сұрақтар.
Көрнекіліктер: Портрет, газет, кітап, көрмесі, тест, анаграмма, асықтар, қалташадар.
Пәнаралық байланыс: тарих, қазақ тілі, орыс әдебиеті.
Сабақтың барысы.
І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Үй тапсырмасын ойын арқылы.
Ойынның шарты: «Әдебиет теориямынан не білесің?» (Ақ қағазға 6 қалташа жапсырылған. Әр қалташаға әдебиет теориясынан сұрақтар салынған. Қалташалар 1-6 дейінгі сандармен белгіленген. Асықты иіре отырып асықтағы қай сан түссе, оқушы сол қалташадағы сұрақтарға жауап береді.)

ІІІ. Жаңа сабақ. «Шәкәрім – Абай шәкірті» деген тақырыптың мағынасын оқушылардан сұрау.
- Абай Құнанбаев кім? (қазақтың данышпан ақыны)
- Шәкәрім Құдайберді кім? (ақын, аудармашы)
- «Шәкәрім – Абай шәкірті» деп не үшін айтылған? (Абай өзінің ақындық шеберлігін Шәкәрімге үйреткен, Абай Шәкәрімге ұстаз, ал Шәкәрім – Абайға шәкірт. Шәкәрімнің әкесі Құдайберді Құнанбайдың бәйбішесі Күнкеден туылған. Шәкәрім Құдайбердінің баласы. Ал Абай Құнанбайдың екінші әйелі Ұлжаннан туылған. Сондықтан Шәкәрім Абайдың ағасының баласы. Шәкәрім Құнанбай тәрбиесінде болып Абайдың тағлымын алды.)
Шәкәрім Семей облысы, Абай ауданындағы Шыңғыс тауының бөктерінде 1858 жылы 11 шілдеде дүниеге келген. Ол 5 жасында молдадан хат танып, 7 жасында өлеңге бейімділігі байқалған. 20 жасқа толғанда Шәкәрім 3 жыл болыс болды. Елмен араласып, адамшылықты, аярлықты, айыруды үйренеді. Ақынның алғашқы жазған өлеңдері: жастық, махаббат туралы, 1905 – 1906 жылдары Шәкәрім ел тану сапарымен араб, түрік, еуропа елдерін аралайды. Меккеде болады, Ыстамбол кітапханасында жұмыс істейді.

Өлеңдері: «Мұтылғанның өлеңі», «Бостандық таңы атты», «Бай мен қонақ», «Жастарға», «Талап пен ақыл».

Мысалдары: «Бояушы сиыр», «Қаншыр мен бөдене», «Ақылшы торғай», «Қасқыр, түлкі, бөдене», «Епті тышқан».

Аудармалар: Шығыс ақындарынан Фзулийдің «Ләйлі – Мәжнүн» 1907 жылы аударды. Толстойдың «Асахордан патша», «Үш сауыл» әңгімелерін, Пушкиннің «Дубровский», «Боран» повестерін өлеңмен аударды.

Поэмалары: «Еңлік - Кебек», «Қалқаман - Мамыр».

Әндері: Жиырмаға жуық әндері бар.

Оқушыларға деңгейлеп тапсырмалар беру.
1 деңгей.
1) Шәкәрімнің әкесі Құдайбердінің әкесі мен шешесі кім?
2) Абай Құнанбаев Шәкәрімнің кімі болады?
3) Шәкәрім кімге еліктеп, өлең жазып, кімді ұстазым деп санады?
4) Шәкәрім кімнің тәрбиесінде өсті?

2 деңгей.
1) Шәкәрімнің шығармаларын атап бер?
2) Шәкәрім қандай тақырыпқа өлеңдер жазды? Тақырыптарын ата?
3) Венн диаграммасы бойынша Шәкәрім мен Абайдың өмір жолын, ақындығын салыстыр. Ортақ қасиеттерін тап.

3 деңгей.
1) «Өнер» туралы үш мақал – мәтел жазып дәлелде. Мысалы: «Өнер алды – қызыл тіл»,
«Өнер өнерді үйрен де, жирен», «Өнерлі өрге жүзер».
2) Жабық тест жүргізу.
3) Шәкәрімнің шығармаларын сатылай кешенді таулдау.

Қорытынды.
Үй тапсырмасы: Шәкәрімнің шығармасынан үзінді жатқа айту.
Категория: Казахский язык и литература | Добавил: ceilova (16.05.2013) | Автор: Сейлова Акайша Елубаевна E
Просмотров: 3029 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Вход на сайт
Поиск
Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Театр.kz


  • Copyright "Школа" Интернет-портал "Детство-kz"© 2016
    Сайт управляется системой uCoz