Главная | Регистрация | Вход | RSSСуббота, 10.12.2016, 15:43

Учителя Алматы

Меню сайта
Категории раздела
Биология [28]
ИЗО [12]
Профессиональное обучение [6]
Внеклассное чтение [16]
География [22]
Духовные ценности [10]
Если хочешь быть здоров [48]
Информатика [58]
История [49]
Иностранный язык [99]
Книжная полка [49]
Компьютер-бум [10]
Казахский язык и литература [182]
Математика [85]
Мир науки [11]
Моя Родина - Казахстан [42]
Музыка [97]
Начальная школа [399]
Общество семи муз [12]
Психологический клуб [11]
Русский язык и литература [132]
Родительское собрание [11]
Творческая личность [20]
Технология [21]
Физика [20]
Химия [31]
Экологическое воспитание [13]
Самопознание [35]
Наш опрос
Считаете ли вы результаты ЕНТ справедливыми?
Всего ответов: 1523
Статистика

Онлайн всего: 4
Гостей: 4
Пользователей: 0

Каталог статей

Главная » Статьи » Мастерская учителя » Казахский язык и литература

Тіл дамыту сабағы. Сәбит Мұқанов «Ботагөз» романы, 9 класс
Тіл дамыту сабағы.
Сәбит Мұқанов «Ботагөз» романы
9 класс
Мұғалім: Сейлова А.Е
Ақтөбе қаласы.
№26 орта мектеп

Сабақтың тақырыбы: Сәбит Мұқановтың «Ботагөз» романынан үзінді.

Сабақтың мақсаты:
1) Білімділік: Жазушының өмір жолы, шығармашылығы туралы түсінік бере отырып, «Ботагөз» романының мазмұнын ұғу, мәнін ашу.
2) Дамытушылық: Оқушыларды мәтінді талдауға, өз пікірлерін толық жеткізуге, шығармашылыққа баулу, сөздік қорын жетілдіру.
3) Тәрбиелік: Болашаққа үмітпен, сеніммен қарауға, өзіне сенімді болуға, әділетке, қамқорлыққа тәрбиелеу.

Сабақтың барысы:
1) Мұғалімнің кіріспе сөзі.
(Жазушының өмір баяны туралы айтып беру)

Сәбит Мұқанов
Сәбит Мұқанов XX ғасырдағы қазақ әдебиеті тарихында көрнекті орын алатын ірі жазушы. Ол қазіргі солтүстік Қазақстан облысының Жамбыл ауданында туған. Тұңғыш өлеңі 1919 жылы жарық көрген жас талап, 1926 жылы өлеңмен жазылған «Сұлушаш» романымен әйгілі болды. Поэмада екі жастың трагедиямен аяқталған адал махаббаты суреттеледі. 1938 жылы «Менің мектептерім», 1950 жылы «Сырдария» романы, «Шоқан Уәлиханов» пьесасы жарық көрді. Өмір мектебі кітабының жалғасы болып табылатын «Есею жылдары» деген өмірбаяндық романы 1965 жылы басылып шықты.
Сәбит Мұқанов шығармаларының ішінді «Ботагөз» романы ерекше орын алады. Тарихи әлеуметтік сипаттағы бұл романда қазақ халқының өміріндегі сұрапыл заман оқиғалары суреттеледі.

2) Оқушылардың баяндамасы: жазушы туралы слайд арқылы баяндау. (Видеослайдтар көру).

3) «Ботагөз» романын оқу. (романнан үзінді оқу).

4) Роман бойынша тапсырмалар:
- Сәбит Мұқанов шығармашылығы туралы пікірлеріңді ортаға сал.
- Үзінді толық оқып шық.
- Итбай мен Горбунов сөздерін рөлге бөліп оқы.
- Амантай кім? Роман оқиғасына сүйеніп, оған мінездеме жаса.
- Бүркіт неге Дудкиннің төбесіне түсті?
- Амантай неге қамалды?
- Сөздікпен жұмыс жаса.
- Кошкиннің қылығын үзінді арқылы баянда.
- «Ботагөз» телефильмін көрсең, өзара бір – біріңмен ой бөліс.
- Дудкиндер Амантайдың айтқанына неге көнбеді?
- Осы үзінді бойынша әділетсіздікті ашып суретте.
- «Бүркітті аңға салу» жөнінде әңгімеле.

5) Қорытынды.

6) Бағалау.

7) Үй тапсырмасы: Роман туралы айтып беру.
Категория: Казахский язык и литература | Добавил: ceilova (16.05.2013) | Автор: Сейлова Акайша Елубаевна E
Просмотров: 5598 | Рейтинг: 2.0/2
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Вход на сайт
Поиск
Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Театр.kz


  • Copyright "Школа" Интернет-портал "Детство-kz"© 2016
    Сайт управляется системой uCoz