Главная | Регистрация | Вход | RSSПятница, 09.12.2016, 18:39

Учителя Алматы

Меню сайта
Категории раздела
Биология [28]
ИЗО [12]
Профессиональное обучение [6]
Внеклассное чтение [16]
География [22]
Духовные ценности [10]
Если хочешь быть здоров [48]
Информатика [58]
История [49]
Иностранный язык [99]
Книжная полка [49]
Компьютер-бум [10]
Казахский язык и литература [182]
Математика [85]
Мир науки [11]
Моя Родина - Казахстан [42]
Музыка [97]
Начальная школа [399]
Общество семи муз [12]
Психологический клуб [11]
Русский язык и литература [132]
Родительское собрание [11]
Творческая личность [20]
Технология [21]
Физика [20]
Химия [31]
Экологическое воспитание [13]
Самопознание [35]
Наш опрос
Считаете ли вы результаты ЕНТ справедливыми?
Всего ответов: 1522
Статистика

Онлайн всего: 4
Гостей: 4
Пользователей: 0

Каталог статей

Главная » Статьи » Мастерская учителя » Казахский язык и литература

Шоқан Уәлиханов туралы сабақ жоспары
Қостанай қаласындағы №2 орыс орта мектебінің қазақ тілі мұғалімі Гүлбану Хайдарқызы Күшқұмбаева
Сабақтың тақырыбы: Шоқан Уәлиханов.
Сабақтың ұраны:«Шоқанның іші-алтын, сырты-күміс.»
Сабақтың мақсаты:1.Балалардың Шоқан Уәлиханов жайында алған білімдерін тексере отырып, сабақтың тақырыбы бойынша қорытып, бекіту.
2.Сөздер,диалог,әңгіме,аударма арқылы балалардың сөздік
қорын байыту,сөйлеу тілін жетілдіру , грамматикалық тақырып бойынша сауатты
лығын арттыру.
3.Балаларға Шоқан Уәлиханов қазақ халқының ұлы ғалымы
екенін тамашалату , ғылым саласында қосқан үлесін үлгі ету, өнер адамдарына де-
ген сүйіспеншілігін арттыру , басқа ұлт өкілдерімен осы ұлы ғалыммен , оның өнері
мен таныстырып , құрметтеу , сыйлау сезімдерін ояту.
Көрнекілігі: карта,портрет,суреттер,«қоржын», карточкалар, мәтін, сөзжұмбақ, тірек
схема.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:Сәлеметсіздер ме!Отырыңыздар!
Бүгін сабақта кім кезекші?Сыныпта кім кезекші?Бүгін кім жоқ?Бүгін нешесі ? Аптаның
қай күні ?Қазір жылдың қай мезгілі?Күз айларын ата.Бүгінгі ауа-райы қандай?
Сабақтың мақсаттарымен таныстыру: Бүгін біз,балалар,сөздерді «қоржын» ойыны
бойынша тексереміз, аударамыз, синоним,антонимдерді қайталаймыз.Карточкалар
бойынша сөз тіркестерін,сөйлемдер құрастырамыз,диалог,сұрақтарға жауап береміз,
әңгімелейміз,мәтінмен жұмыс жүргіземіз,тапсырмаларды орындаймыз ,»Ол қандай
мамандық?»деген сөзжұмбақты шешеміз,Шоқан Уәлиханов»Сегіз қырлы-бір сырлы»
дегенге әр әдістер бойынша келу.
Кіріспе әңгіме:Балалар,Шоқан Уәлиханов 1835 жылы Қостанай облысында Құсмұрын
деген жерде туған.Ол ғалым,суретші,қазақ тарихын және өнер зерттеушісі,этнограф,
географ,тарихшы,саяхатшы,жазушы,ақын.Осы көрмеде Шоқанның суреттері бар. Шоқан
қазақ халқының тарихын ғана емес, басқа –қытай , қырғыз , дұнған , ұйғыр халықтары-
ның тарихын зерттеген.

Сабақтың ұраны : Енді ,балалар, сабақтың ұранымен танысамыз . Қазір мен оқимын , сосын қайталап аударамыз.»Шоқанның іші алтын-сырты күміс.»Осыны аударғаннан кейін балалардан ұранның мағынасын қалай түсінетіндіктерін сұраймын.
Мақал- мәтелдер: Балалар , өнерлі адамдар туралы қандай мақал-мәтелдерді білесің
дер? «Өнерліге өлім жоқ», «Өнерлінің өрісі ұзақ», «Ер есімі – ел есінде «,»Ер ісімен ,
құс қанатымен «,»Әр заманда – бір көреген».
Шоқан – өте білімді , оқымысты адам. Ол ғылымның әр саласына үлес қосқан. Осы сөз
Шоқанның сөз асылын білгенін көрсетеді.Ол қазақ ауыз әдебиетіне қосқан 300 жуық мақал-мәтел;200 –ден астам сөз тіркесін жазған.
Суретшілік өнер, тарихшы , географ , саяхатшы- Шоқанның сегіз қырының бірі ғана .
Шоқан өте сымбатты , кескінді , кішіпейіл , мейірімді адам болған . Ең жақын достары
орыс ғалымдары Достоевский мен Семенов Тянь- Шанский.
Дәптермен жұмыс : Енді жұмыс дәптерлеріңді ашып , бүгінгі күнді , сабақтың тақыры
Бын, ұранын көшіріп жазыңдар .
Сөздермен жұмыс : Біз алдында қазақ халқының мақал – мәтелдерін еске түсірдік ,
енді қазір қазақтың қол – өнер затымен танысып , «Қоржын « ойынын ойнаймыз .
Асықтар орнына асықтарлық суреттеріне сөздер жазылған .
«Қоржын» ойыны : Сөздерді оқып аудару , синоним және антонимдерді табу , ажыра
ту . Ғалым – оқымысты-ученый
Қайталанбас – неповторимый
Белгілі – әйгілі – атақты – ұлы
Тұлға – бейне – образ
Тұңғыш – алғаш – бірінші
Зерек – алғыр –способный
Ілім – білім – знание
Шын – рас – правда
Айрықша – ерекше – особенно
Памятник – мүсін – ескерткіш

Современник – замандас
Пик – шоқы – төбе –шыңрау
Всесторонний – сегіз қырлы – жан жақты
Басы – аяғы –начало – конец
Дос – жау – друг – враг

Алғашқы – соңғы – начало – конец
Биік – аласа – высокий – низкий
Байқатады – көрсетеді – показывает
Ауылдарға бөлу : Балалар,мен сендерді 4 ауылға бөлемін.
1ауыл – Шоқан Уәлихановтың ауылы
2ауыл – Ұлы жүз – Төле би ауылы
3ауыл – Орта жүз –Қазыбек би ауылы
4ауыл – Кіші жүз –Әйтеке би ауылы
Карточкалармен жұмыс : топпен жұмыс,әр топқа тапсырма беріледі.
1.Осы тірек сөздерді пайдаланып , сөз тіркестерін құрастыру.
Суретші - саяхатшы - фольклорист
Географ - ШОҚАН - зерттеуші
Ғалым - этнограф - жазушы
2.Сөйлемдерді дұрыс құрастыру.
Құсмұрын деген бұлағы , көлі бар
Ол Құсмұрын атанған
Шоқан Уәлиханов мүлде өзгеше
Құсмұрынның қазақ халқының ұлы ғалымы
Бұл өлке Қостанай облысында
Құсмұрын табиғаты жердің аты
3.Мәтін бойынша диалог құрастыру.Пармен жұмыс , тақырып бойынша

Бір оқушы сұрақ қойып , екіншісі – жауап береді.
4.Берілген тақырыптарға әңгіме құрастыру.
1.Шоқан Уәлиханов – ғалым.
2.Шоқан – суретші.
3.Шоқан - қазақ өнерінің зерттеушісі.
Ескерту диктанты : Балалар,соңғы сабақта біз Шоқан Уәлихановтың сөзін жаттадық,
Қазір мен бір рет оқимын , сосын оқушы оқиды , сосын ескерту диктант жазамыз .
Сергіту сәті : «Ол қандай мамандық ?» ойыны.
Ал – ғым –
Шіре – тсу –
Шыжа - уз –
Его – граф –
Лорист – лькоф –
Мәтінмен жұмыс : Балалар , әр партада мәтін бар .Мәтін бойынша жұмыс түрлерін
орындау :
1.Мәтінді оқу , аудару,сұрақтар қою .
2.Тақтаға шығып , схема бойынша әңгімелеу.
Тірек схемамен жұмыс : Балалар , Шоқан Уәлиханов туралы өте көп мәліметтер бар.
Шоқан Уәлиханов – саяхатшы , зерттеуші , ғалым .Ол көп халықтың тарихын , фолькло
рын зерттеген,көптеген материалдар жинаған. Қытай, Қырғызстан,Қашғария елдеріне
1858 жылы 22 мауысымда сапарға шығады .
Осы сапарды 4 кезеңге бөлуге болады .
1 кезең – 1858 жылы 22 мауысымнан 14 қыркүйекке дейін Қытай елінде болған.
2 кезең – 14 қыркүйектен – 1 қазанға дейін Қырғызстанда болған.Шоқан қырғыз
Халқының асыл мұрасын «Манас» жырын алғаш рет жатқа түсірді.
3 кезең – 1858 жылы 1 қазаннан 1859 жылы 11 науырызға дейін Қашғария елінде
болған .

4 кезең – 1859 жылы 12 науырыздан 12 сәуірге дейін созылады . Шоқанның «Іле өлке
сінің географиялық очеркі ‘’, «Жонғария очерктері’’,»Қырғыздар туралы жазбалар»,
« Ыстықкөл сапарының күнделігі ‘’, т.б. зерттеулері бар .
Дәптермен жұмыс : Балалар , Шоқанның сапарының осы 4 кезеңдерін дәптерге көшіріп жазыңдар.
Тест – әдісі : тест – әдісін жүргізіп , тексеріп,бағалаймыз.Парақтарды ауыстырыңдар ,
Сендер өлшемдеріне қарап , бір – біріннің білімдерін бағалайсыңдар.
Қорыту : Сабақты қорыту, бекіту мақсатында өзім жасаған сөзжұмбақты шешкіземін .
Үйге тапсырма : Ұранды жаттау,сөзжұмбақ жасап келу.
Бағалау : Оқушылардың білімдерін бағалау.




Шоқан Уәлиханов
(1835 – 1865 ).
Шоқан Уәлиханов 1835 жылы Қостанай облысының Құсмұрын деген жерінде туған.Оның әкесі Шыңғыс 1847 жылы Омбы қаласындағы кадет корпусына оқуға
береді. 1853 жылы жас Шоқан кадет корпусын үздік бітіріп , офицер шенін алады .
1853 жылы Уәлиханов Құлжа , Ыстықкөл , Алатау өңірлеріне экспедицияға шығады. Сол жерлерде тұратын халықтардың тарихын , әдет – ғұрпын зерттейді .
22 жасар Шоқан 1857 жылы Ресей Географиялық қоғамының мүшесі болып
сайланады .Шоқанның «Жонғария очерктері “, « Қырғыздар туралы жазбалар”, «Ыс
тықкөл сапарының күнделігі “ т.б. ғылыми еңбектері бар , 1865 жылы Лондонда
ағылшын тілінде басылып шықты . Шоқанның көптеген картография жұмыстарына
кіргізген жаңалықтары , көптеген қазақ ауыз әдебиетіне қосқан мақал – мәтелдері,
сөз тіркестері бар .
Семенов – Тянь – Шанскиймен , Достоевскиймен дос болды . Дүниежүзілік ғылымға елеулі үлес қосқан Шоқан Уәлиханов 1865 жылы сәуірдің 10 –нда Талды
қорған облысы Матай тауының етегінде қайтыс болған .

үздік - отлично
елеулі үлес – весомый вклад


Тақырып: Шоқан Уәлиханов
1 – нұсқа
1.Шоқан нешінші жылы туған ?
А) 1830;Ә)1835;Б) 1845
2.Шоқан қай жерде туған ?
А)Құсмұрын; Ә)Қостанай; Б)Көкшетау
3.Шоқанның шын аты кім ?
А)Еркетай;Ә)Мұхамедханафия;Б)Мұхамеджан
4.»Шоқы , Шоқан “қандай мағынаны білдіреді ?
А)шоқыдай биік ; Ә)аса көрікті ; Б) судай таза
5.Шоқан бала жастан қандай болды ?
А)зерек; Ә)нашар;Б)аңқау
6.Шоқан бірінші рет қай елге саяхат жасады?
А)Қазақстан Ә)Қырғызстан ; Б)Қытай
7.Шоқанның қанша суреті сақталған ?
А)300;Ә)200;Б)250
8.Шоқанның суреттері қай кітапта басылып шықты ?
А)»Шоқан және өнер «, Ә)Шоқан – этнограф «,Б)»Шоқан – асқан жазушы «
9.Шоқан қандай суретші ?
А)көркем суретші Ә)ақын жанды; Б)әйгілі суретші
10.Шоқанның әкесі кім ?
А)Шыңғыс ;Ә)Уәлихан;Б)Өскенбай
11.Нешінші жылы кадет корпусына оқуға түсті ?
А)1874; Ә)1848 ; Б) 1847
12.Шоқан нешінші жылы Ресей Географиялық қоғамының мүшесі болып сайланды ?
А)1855;Ә)1857; Б) 1875
13.Шоқан не жазды ?
А)Ғылыми еңбек;Ә)сықақ Б)мақала
14.Оның еңбектері қай тілге аударылды ?
А) түрік ; Ә) француз; Б)ағылшын
15. Шоқан қай жылы қайтыс болған ?
А)1855 ;Ә)1856; Б)1865


Тақырып : Шоқан Уәлиханов
2 – нұсқа
1.Шоқан нешінші жылы туған ?
А)1835 ;Ә) 1885 ; Б) 1853
2.Шоқан кім ?
А) ғалым ; Ә ) оқытушы; Б) мұғалім
3.Шоқан 1847 жылы қайда оқуға түсті ?
А)медресеге ;Ә) кадет корпусына; Б) училищеге
4.Шоқан бала жастан қандай болды?
А)алғыр; Ә)нашар; Б)жаман
5.Шоқанның қандай очерктері бар?
А)Манас; Ә)Қытай очерктері; Б)Жоңгария очерктері
6.Ол қайда оқыды?
А) Орынборда; Ә)Қостанайда; Б)Омбыда
7.Шоқан бірінші рет қай елге саяхат жасады?
А)Қыргызстан; Ә)Қазақстан; Б) Ресей
8. Шоқан не жазды?
А)Ғалыми еңбек; Ә)мақала; Б)сықақ
9.Шоқан қай елдін географиялық мүшесі болып сайланды?
А)Қытай; Ә)Ресей; Б)Қазақстан
10.Шоқан кім болуды армандады?
А)әнші; Ә)саяхатшы; Б)мұғалім
11.Оның омірі қандай болды?
А)ұзақ; Ә)жақсы; Б)қысқа
12.Шоқан нешінші жылы экспедицияға аттанды?
А)1853; Ә)1835; Б)1858
13.Шоқанның әкесі кім?
А)Шыңғыс; Ә)Уәлихан; Б)Үскембай
14.Шоқанның анасы кім?
А)Ұлжан; Ә)Ұлпан; Б)Зейнеп
15.Шоқан қай жылы қайтыс болды?
А)1856; Ә)1865; Б)1857


Тақырып : Шоқан Уәлиханов
3-нұсқа
1.Шоқанның шын аты кім?
А)Мұхаметжан; Ә)Мұхаметқали; Б)Мұхамедханафия
2.Шоқан деп кім еркелетіп қойған ат?
А)әкесі; Ә)анасы Б)әжесі
3. Шоқан кім?
А) мұғалім; Ә)зерттеуші; Б)әнші
4.Ол қай жылы дүниеге келді
А)1835; Ә)1845; Б)1836
5.Шоқанның қанша суреті сақталған?
А) 200; Ә) 500; Б) 300
6.Шоқанның суреттері қай кітапта басылып шықты?
А)«Шоқан және өмір»; Ә)«Шоқан және өнер»; Б)«Шоқан және театр»
7.Шоқан қай жерде оқыды?
А)Омбыда; Ә)Астанада; Б)Қостанайда
8.Шоқан нешінші жылы кадет корпусын бітірді?
А)1853; Ә)1833; Б)1855
9.Шоқан кадет корпусын қалай бітірді?
А)үздік; Ә)жақсы; Б)орташа
10.Шоқанның еңбектері 1865 жылы Лондонда қай тілде басылып шыкты?
А) қазақ; Ә)ағылшын; Б)неміс
11.Шоқан не жазды?
А)ғылыми еңбек; Ә)сықақ; Б)мақала
12.Шоқанның достары кім?
А)Лермонтов; Ә)Толстой; Б)Достоевский
13.Шоқан қай жылы қайтыс болды?
А)1855; Ә)1856; Б)1865
14.Шоқан қай жерде қайтыс болды?
А)Қостанай; Ә)Талдықорган; Б)Кокшетау
15.Оның омірі қандай болды?
А)қысқа; Ә)ұзақ; Б)жақсы

Тақырып : Шоқан Уәлиханов
4-нұсқа 1.Шоқан Уәлиханов кім болған?
А)суретші; Ә)инженер; Б)дәрігер
2.Шоқан қай жылы дүниеге келді?
А) 1855; Ә) 1835; Б) 1885
3.Шоқанның әкесі кім?
А) Уәлихан; Ә)Шыңғыс; Б)Уәли
4.Шоқанның анасы кім?
А)Ұлжан; Ә)Айғаным; Б)Зейнеп
5.Ол қай жерде туған?
А)Құсмұрын; Ә)Қостанай; Б)Көкшетау
6.«Шоқы,Шоқан» қандай мағынаны білдіреді?
А)өте көңілді; Ә)шоқыдай биік; Б)аса көрікті
7.Шоқан деп кім еркелетіп қойған ат?
А)әжесі; Ә)атасы; Б)анасы
8.Шоқан нешінші жылы оқуға түсті?
А)1847; Ә) 1874; Б) 1849
9.Шоқан қай жерде оқыды?
А)Қостанайда; Ә)Омбыда; Б)Семейде
10.Шоқан қайда оқыды?
А) мектепте; Ә)кадет корпусында; Б)медреседе
11.Шоқан кім болуды армандады?
А)саяхатшы; Ә)әнші; Б)құрылысшы
12.Шоқан нешінші жылы Ресей географиялық қоғамының мүшесі болып сайланды?
А)1857; Ә)1858; Б)1885
13.Шоканның суреттері қай кітапта басылып шықты?
А) «Шоқан және өнер»; Ә) «Шоқан және табиғат»; Б) «Шоқан асқан жазушы»
14.Шоқан қандай суретші?
А)көркем суретші; Ә)ақын жанды; Б)әйгілі суретші
15.Шоқанға ескерткішті кім қойған?
А)генерал-лейтенант Колпаковский; Ә)генерал Госфорт; Б)генерал-адьюдант фон Кауфман


Дұрыс жауаптар

1-нұска 2-нұска 3-нұсқа 4-нұсқа
1-Ә 1-А 1-Б 1-А
2-А 2-А 2-Ә 2-Ә
3-Ә 3-Ә 3-Ә 3-Ә
4-А 4-А 4-А 4-Б
5-А 5-Б 5-А 5-А
6-Ә 6-Б 6-Ә 6-Ә
7-Ә 7-А 7-А 7-Б
8-А 8-А 8-А 8-А
9-А 9-Ә 9-А 9-Ә
10-А 10-Ә 10-Ә 10-Ә
11-Б 11-Б 11-А 11-А
12-Ә 12-А 12-Б 12-А
13-А 13-А 13-Б 13-А
14-Б 14-Б 14-Ә 14-Ә
15-Б 15-Ә 15-Ә 15-А

Бағалау:
1-2 қате - «5»
3-4 қате – «4»
5-6 қате – «3»
7-8 қате –«2»
Категория: Казахский язык и литература | Добавил: методика (16.05.2013) | Автор: Гүлбану Хайдарқызы Күшқұмбаева E
Просмотров: 15339 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 2.5/2
Всего комментариев: 1
1 Kanatbekovich   (12.10.2013 23:38)
сабағыңыз жақсы екен

Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Вход на сайт
Поиск
Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Театр.kz


  • Copyright "Школа" Интернет-портал "Детство-kz"© 2016
    Сайт управляется системой uCoz