Главная | Регистрация | Вход | RSSСреда, 07.12.2016, 23:22

Учителя Алматы

Меню сайта
Категории раздела
Биология [28]
ИЗО [12]
Профессиональное обучение [6]
Внеклассное чтение [16]
География [22]
Духовные ценности [10]
Если хочешь быть здоров [48]
Информатика [58]
История [48]
Иностранный язык [99]
Книжная полка [49]
Компьютер-бум [10]
Казахский язык и литература [181]
Математика [85]
Мир науки [11]
Моя Родина - Казахстан [42]
Музыка [97]
Начальная школа [399]
Общество семи муз [12]
Психологический клуб [11]
Русский язык и литература [129]
Родительское собрание [11]
Творческая личность [20]
Технология [21]
Физика [20]
Химия [31]
Экологическое воспитание [13]
Самопознание [35]
Наш опрос
Считаете ли вы результаты ЕНТ справедливыми?
Всего ответов: 1521
Статистика

Онлайн всего: 10
Гостей: 10
Пользователей: 0

Каталог статей

Главная » Статьи » Мастерская учителя » Казахский язык и литература

Қазақ тілі фонетикасы және сингармонизм
Абишева Айгуль
Ақтобе қаласындағы
№26 орта мектептің
қазақ тілі мен әдебиет пәнінің
мұғалімі.

Қазақ тілі фонетикасы және сингармонизм.

Қазақ тілінің фонологиялық ерекшелігі сингармонизм заңдылығымен тікелей байланысты.
Сөз құрамындағы, сөз бен сөз, қосымша аралығындағы дыбыстар өзара үндесіп, үйлесіп айтылады. Ал жазу ыңғайына қарай сөйлеуге болмайды, тіліміздің фонологиялық қызметті екпін атқаратын болса , қазақ тілінде бұл қызметті сингармонизм атқаратындығы дәледенді.
Мысала, орыс тілінде угол- уголь, мел- мель т.б сөздер мағынасы бір- бірінен сөз екпініне қарай ажыратылатын болса, қазақ тілінде мұндай ерекшелік жоқ. Сондықтан «алма» сөзі етістік не зат есім мағынасында жұмсалғанын жеке тұрғанда байқай алмаймыз. Оны басқа сөзбен тіркесуі кезінде ғана анықтауға болады. Мысалы, кітапты алма,қызыл алма; Демек, қазақ тілінде сөйлем ішіндегі сөздер сингармонизмге арқа сүйеп, бунақ арқылы ажыратылады. Мысалы, Ат/қора маңында/жүр.Ат қора/маңында /жүр. Қазақ тілінің фонологиясы бойынша жеке дыбысты сөзден бөлек алып қарауға болмайды, дыбыс буын құрамында ғана танылады. Сондықтан, қазақ әліпбиіндегі дауыссыз дыбысты жеке атамай алдынан не артынан Ы дыбысын қосып бір буын етіп айтамыз.Сондықтан, қазақ әліпбиіндегі дауыссыз дыбыстарды айтқанда орысша атамай (бе, ве, ге, эс,эн), қазақ тілінің фонологиялық ерекшелігіне сай (бы,вы,гі,сы,ны,ыл,ыр) атаған жөн.
Ассимиляция – дауыссыз дыбыстардың өзара үйлесуі. Қай тілде болмасын, оның орфоэпиялық нормалары болады.Яғни, айтылым және жазылым талаптарын әрқашан ескеріп отыруымыз қажет. Өкінішке орай, кейінгі жастар арасында күнделікті өмірде жазу да, айту да өз талаптарына сай қолданылмай, барлық сөзді жазылуы бойынша айту, сол сияқты кейбір сөздерді айтылуы бойынша жазу үрдіске айналып бара жатыр. Кейбір сөздер қате қолданып жүргені байқалады. Бұл жағдай шеттен келген сөздер арқылы одан әрі асқынып, қазақ тілінің дыбыстық заңдылығын орынсыз бұзып жүр. Сондықтан сөйлеу барысында сөз құрамындағы дыбыстардың өзара үндесіп, үйлесіп, бір- біріне бейімделе айтылуына ерекше назар аударған жөн.Әсіресе, дауыссыз дыбыстарың бір- біріне ілгерінді – кейінді ықпал етіп ассимиляция талаптарына сай айтылымын сақтап сқйлей білген дұрыс. Ал көпшілік жағдайда бұл талаптардың толық орындалмайтынын байқаймыз. Мысалы, аман келді деген сөзді амаңгелді деп айту орнына 1)аман келді деп өзгеріссіз айтып, 2) аман гелді деп тек ілгерінді ықпал арқылы ғана айту кездеседі. Ал бұл сөз тоғыспалы ықпал арқылы ғана айту кездеседі. Ал бұл сөз тоғыспалы ықпал арқылы , яғни НК қатаң дыбыстары ҢГ дыбыстарымен алмасып ұяндап айтылады. Ілгерінді ықпалмен аталатын сөздерді (аш-са – ашша, ұш-са – ұшша) , және кейінді ықпалмен айтылатын сөздерді (жаз-са – жасса, жанбады- жамбады), тоғыспалы ықпалмен айтылатын сөздерді (Жанқабыл – Жанғабыл, Жанпейіс- Жамбейіс) біліп , сингармонизм заңдылығына сай айту керек. Сингармонизм зандылығы қазақ тілінің орфоэпиялық нормасын танытады. Сол зандылыққа бағынбай , яғни дыбыс алмасуы болмай дыбыстар сол өзгеріссіз күйінде, жазылуынша айтылатын кейбір жағдайлар болады. Мұндай жағдайда көп емес, өте сирек кездеседі. Мысалы : а) еліктеуіш сөздер жарқыл, дүңкіл, жарқ етті.ә) сын есім тудыратын Ы жұрнағы жалғанғанда : қазақ-қазақы. б) фамилия – ОВ қосымшасымен айтылғанда: Тілепов, Жақыпов. Өкінішке орай қазіргі кезде жазу ыңғайына қарай айтуға бейім тұратын, қазақ тілін жетік игермеген, сондықтан айтылым талаптарын ескермей сөйлеушілер көп кездеседі. Мұның бір себебі тілді жетік білмеу болса, екінші себебі сауатты жазуға көп көңіл аударып, атылым мәдениетіне назар аудармаудан деп білеміз.
Ал тілдің жаны, тіл мәдениеті айтылым заңдылықтарын меңгерумен тікелей байланысты екендігін ескерген жөн.
Қазақ әліпбиіндегі Х дыбысының тіліміздегі фонологиялық қызметі жөнінде де айта кеткен жөн. Мысалы: қош- хош, қабар- хабар т.б сөздерде Х фонема қызметін атқара алмай тұр. Себебі сөз мағынасына әсері жоқ. Сондықтан бұл дыбыс орыс тілінен енген сөздерге ғана фонемалық мәнге ие болады. Мысалы: химия, цех. Орыс тілінде кейбір дауыссыз дыбыстардың жуан- жіңішкелігі екі фонема болып , фонологиялық қызмет атқарады. Мысалы : мел- мель, угол- уголь; осы сөздер құрамындағы Л жуан және жіңішке айтылатын екі фонема деп танимыз. Себебі сөз мағынасына әсер ете алады. Сонымен, фонеманың негізгі қызметі сөз мағынасына қатысты деп білеміз. Дәлірек айтқанда фонема сөз мағынасын ажырату, сөз мағынасын өзгерту қызметтерін атқарады екен. Қазақ тілінде барлық дауысты фонемаларды қарама – қарсы қойып, оларды мағына айқындау қызметін атқаратындығына көз жеткізуге болады. Мысалы: жол- жұл, жақ- жық. Ал дауыссыз фонемалар өздерінің әр түрлі айырым белгілері арқылы мағына айқындауға қатысады. Маысалы: тал-дал, шақ- жақ.
Дауыссыз дыбыстардың жуан- жіңішке, еріндік- езулік болып бөлінуінің фонемалық маңызы жоқ, олардың бұлай айтылуы негізгі фонеманың реңктері деп танылады. Демек, фонема туралы айтқанда негізгі фонема, яғни инвариант фонема мен оның реңктері арасындағы айырмашылықтарды білген жөн. Мысалы : Т фонемасы сқз құрамында жуан (ты), жіңішке (ті), жуан еріндік (тұ), жіңішке езулік (тү) түрінде төрт түрлі дыбысталады. Сондай тіліміздегі әр дауыссыз сөз құрамында көрші дыбыстардың, дәлірек айтқанда , дауысты дыбыстардың жуан- жіңішкелігіне, еріндік – езулік ерекшелігіне қарай әртүрлі тембрмен айтылады екен. Бірақ бұл ерекшелігі сөз мағынасын өзгертуге емес, сөздің құрамындағы барлық дыбыстардың бір әуемен айтылуына қызмет етеді. Осы төрт түрлі дыбысталуын бір дыбыстың, яғни фонеманың реңктері деп білеміз. Демек Т фонемасының тқрт түрлі (ты,ті, тұ,тү) реңі болады, яғни жуан езу, жіңішке ерін дыбыстарын бір фонеманың құрамына топтасатын реңктері деп есептейміз.
Дыбыстар тіркесімі бір тілдің дыбыстар тіркесімі екінші тілдің дыбыстар тіркесімімен сай келе бермейді. Бұл әр тілдің табиғи ерекшелігін танытатын заңдылықтардың бірі. Сондықтан бір тілден екінші тілге ауысқан сөздерді өзгерессіз айтуда қиындық болып жатады. Себебі екі тілдің дыбыстар тіркесімі сәйкес келмейтіндіктен, әркім өз тілінің ыңғайына бұрып айтуға бейім тұрады. Мысалы : ертеректе тілімізге енген кровать- керует, русь- орыс т.б түрінде айтылады. Мұның себебі қазақ тілінде сөз басында екі дауыссыз арасында дауысты дыбыс қосылып, немесе сөздің алдына дауысты дыбыс қосылып қолданылады. Ал қазіргі таңда оқыған сауатты , орыс тілін жетік білетін жастар жоғарыдағы сөздерді орыс тілі заңдылығына сай айтады. Бұл тілге қиянат, яғни әр тілдің өз заңдылығын сақтап сөйлеу керек. Осы кемшіліктердің болуының бір себебі, орыс тілінен енген сөздерді, терминдерді өзгерпей қабылдаудан болып отыр.
Қазақ тілінде дауысты дыбыстарға қатысты төмендегідей заңдылықтар бар :
а) бір буын ішіндегі екі дауысты қатар тұра алмайды.
ә) бір сөз деңгейінде тек жуан дауыстылар немесе тек жіңішке дауыстылар ғана келеді. Ал сөз құрамында жуан- жіңішке дауыстылардың екеуі де келуі қазақ тіліне тән қасиет емес. Мысалы: кітап, мұғалім деген сөздер құрамында жуан- жіңішке даустылардың аралас келуі олардың басқа тілден енген сөз екендігін көрсетеді;
б) сөз аралығында қатар келген дауыстылардың көбіне алдыңғысы айтылмайды. Мысалы: сары арқа (сарарқа). Қатар келген дауыстылардың соңғысы айтылмайтын кезі де болады. Мысалы : не ішесің (нешесің).
в) сөз құрамындағы даустылардың бірынғай жуан не жіңішке еріндік не езулік болып үндесін
келуі тіліміздің фонологиялық ерекшелігін танытады.
Дауыссыз дыбыстар тіркесімдегідей ерекшелік бар :
а) қатаң дауыссыздардан соң қатаң дыбыс келеді. Мысалы : бас-тық
ә) ұяң дауыссыздан соң ұяң дыбыс келеді. Мысалы: қыз-дар
б)үнді дауыссыздан соң үнді дыбыс және қатаң, ұяң дыбыстар да келе береді. Мысалы:өрмек.
Айту кезінде қатаң дыбыс пен ұяң дыбыстар қатар келмейді, ол қатар келмейді, ол жазуда қатар тұра беруі мүмкін. Мысалы: бес жігіт (бешшігіт). Дауысты дыбыстар арасында келген қатаң ұяңдап айтылуы тиіс. Мысалы : шекара – шегара.
Дыбыстық құбылыстар тілдің айтылым заңдылықтары талабына сай туындап отырады.
Басқа тілден енген сөз немесе дыбыстар тіркесімі тіліміз табиғатына сай келмейтін сөз болған жағдайда дыбыстық құбылыстар пайда болып, оны тіліміздің айтылымына сай ретке келтіреді. Мысалы : протеза (стол- үстөл), эпентеза (кровать- кереует), эпитеза (киоск- киоскі), апокопа ( минута- минут), элизия (Сары ағаш- Сарағаш),аферезис (не ішесін – нешесін), редукция (дәрігер- дәр(і)гер) т.б Осы мысалдарға қарағанда, дыбыстық құбылыстардың айтылым талаптарына байланысты екенін байқаймыз. Сондықтан, басқа тілден енген сөздерді, терминдерді қазақ тіліне аударып не балама сөз тауып алу қиын болған
жағдайда өзге тіл сөздердің өзгерессіз ала салмай , осы дыбыстық құбылыстарға бейімдеп, ана тіліміздің айтылымына қарай «өз қазанымызға қайнатып» қабылдау керек деп есептейміз.Қазақ тілін зерттеуде жяне күнделікті сөйлеу барысында өзге тіл заңдылықтары жетегінде кетпей өз тіліміздің заңдылықтарын үнемі ескеріп отыру қажеттігіне жөнінде ғылымдар мен тіл жанашылары жиі-жиі айтып келеді. Соңғы кезде тілімізге орыс тілі сөздерінің өзгерессіз күйінде көп енуі, олардың екпіні, тіл дыбыстары мен тіркесіміндегі өзгешіліктер қазақ тілінің табиғи әуеніне де әсер ете бастады. Бұрынғы зерттеушілер « қазақтар сөйленгенде ән салып тұрғандай» әуенді естілетінін айтқан еді, оның бір себебі қазақ тілінде сөз басында екі- үш дауыссыз қатар келмейтіндіктен бұрынғы аталарымыз тілінде кровать- кереует болып айтылса қазіргі сөйлеушілер осындай сөздерді өзгеріссіз қолданып болды. Тіпті қазақ тіліндегі бір ,бет , сияқты т.б сөздердің құрамындағы дауыстыны тілді «шала» білетіндер көмескі айтуға бейім тұратынын, ал Ысмаилов- Смаилов деп қате жазылуы бойынша сөйлеушілер көбейіп бара жатқаның айтсақ бұл үрдіс тіліміздің табиғи үндесім әуеніне де кері әсер етіп отырғанын ескерген жөн.
Қорыта айтқанда, тіл мәдениеті сөзді дұрыс дыбыстап айтудан басталады, ал орфоэпия – тілдің тірегі, сондықтан қазақ тілінің айтылымы туралы мәселелер тіліміздің табиғатына сай сингармонизм заңдылықтары аясында қарастырылуы керек.
Категория: Казахский язык и литература | Добавил: aigulrabota (18.05.2013) | Автор: Абишева Айгуль Сактагановна E
Просмотров: 5014 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 2.7/3
Всего комментариев: 1
1 Эльвирок   (21.01.2014 02:08)
Баяндамаңыз өте жақсы жасылған. Орыс тілі мен қазақ тіліндегі үндестікті мысалмен орынды дәлелдегенсіз! Рахмет!

Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Вход на сайт
Поиск
Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Театр.kz


  • Copyright "Школа" Интернет-портал "Детство-kz"© 2016
    Сайт управляется системой uCoz