Главная | Регистрация | Вход | RSSПятница, 09.12.2016, 08:49

Учителя Алматы

Меню сайта
Категории раздела
Биология [28]
ИЗО [12]
Профессиональное обучение [6]
Внеклассное чтение [16]
География [22]
Духовные ценности [10]
Если хочешь быть здоров [48]
Информатика [58]
История [49]
Иностранный язык [99]
Книжная полка [49]
Компьютер-бум [10]
Казахский язык и литература [182]
Математика [85]
Мир науки [11]
Моя Родина - Казахстан [42]
Музыка [97]
Начальная школа [399]
Общество семи муз [12]
Психологический клуб [11]
Русский язык и литература [132]
Родительское собрание [11]
Творческая личность [20]
Технология [21]
Физика [20]
Химия [31]
Экологическое воспитание [13]
Самопознание [35]
Наш опрос
Считаете ли вы результаты ЕНТ справедливыми?
Всего ответов: 1522
Статистика

Онлайн всего: 8
Гостей: 8
Пользователей: 0

Каталог статей

Главная » Статьи » Мастерская учителя » Казахский язык и литература

Экология
СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ
АЙЫРТАУ АУДАНЫ
«Рудный орта мектебі»
КММ

Қазақ тілі пәнінен
АШЫҚ САБАҚ
10 сынып
Дайындаған: Айжан Кәкімқызы
Қожахметова
Орыс тілді мектебінің
қазақ тілі пәні мұғалімі

1.Сабақтың тақырыбы: Экология – ел тағдыры

Сабақтың мақсаты: 1. Өзін қоршаған орта туралы айта білу;
осы тақырып бойынша өтетін сөздер мен сөз тіркестерін сөйлемдерде дұрыс пайдалана білу;

2.Өз білімдерін жинақтауға, іздене, пайдалана, салыстыра алуға, өз ойларын нақты дәлелді деректер арқылы жеткізуге, ой белсенділігін арттырып, шығармашылық дағды қалыптастыру.
3.іскерлікке, ұшқырлыққа, еңбектенуге тәрбиелеу.Табиғатты аялауға баулу
Сабақтың жабдығы: интербелсенді тақта, постер,суреттер,плакаттар.

Сабақтың әдісі: ұжымдық талдау, ой қорыту, жағдаят тудыру.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Сабақтың мақсатын айту.
ІІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
І топ: презентация қорғау: «Экология және қоршаған ортаны қорғау»(3 мин.)
ІІ топ: постерді қорғау Табиғат-біздің анамыз» (3 мин.)
ІІІ топ: Зерттеу жобаны қорғау «Қазақстанның экологиялық ахуалын зерттеу » (5 мин.)
ІV. Бекіту.
1.Оқулықпен жұмыс (114 бет).
«Таза бұлақ» мәтінін оқып, мазмұнын өз сөздеріңмен айтып көріңдер.
2.Мәтін бойынша сұрақтар қойыңдар.
3.Үш жолаушының әрқайсысының сөздерін бөлек көшіріп, мәнін түсіндіріңдер.Үш жолаушының қайсысының сөзі дұрыс деп ойлайсыңдар?
4.Мәтін бойынша сөйлесу құрастырыңдар.
Бірінші жолаушы:
Екінші жолаушы:
Үшінші жолаушы:
5.Сызбаны дәптерлеріңе көшіріп жазып, толтырыңдар.

6.Мәтіннен берілген сөздердің антоним сыңарын тауып жазып, сөз тіркестерін жасаңдар.
Лас көріксіз
Ақылсыз жақын
Кіші жамандық
Жүр тұнық

2. 2-таспырма. Даналардың мына сөздерін өз сөздеріңмен түсіндіріңдер.

1. Су мен жер туралы ой – бұл түптеп келгенде адамның өзі туралы ой.
(Ш.Айтматов)

2. Ел мен жер – оның көгілдір орманы мен мөлдір көлдері, байтақ даласы мен асқақ таулары – біздің басты байлығымыз.
(Ы.Алтынсарин)

1. Табиғат (орман) туралы суретті іліп қойып, сұрақ-жауап арқылы сөйлесу. Мысалы:
- Орманның пайдасы қандай?
- Оларды сақтау үшін не істеуіміз керек?
- Біздің қолымыздан не келеді?
- Біз қандай үлес қоса аламыз?
2. Мұғалімнің табиғатты сақтау, қорғау туралы шағын кіріспе сөзі.
3. Сөздік жұмысы. Оқулықта берілген сөздермен танысып, бекіту.

4. 1-тапсырма. Орманды сақтау мен қорғаудың негізгі міндеттерін түсініп, талқылап, есте сақтау.

5. 2-тапсырма. Сөйлемдерді дәптерлеріне жазғызу.

6. Диспут өткізу: «Адам – табиғат». Кейбір сұрақтарды мұғалімнің өзі ұсынады (плакатқа немесе тақтаға жазып қояды):
Орманды біз неге сенімді көмекшіміз дейміз?
Орман неге шуды жақтырмайды?
Орманға тазалық неге керек?
Орман келесі ұрпақтарға не себепті керек?

Диспутты оқушыларды екі топқа бөліп өткізуге де болады.

7. Топтық жұмыс. «Табиғатты қорғау» тақырыбы бойынша қабырға газетіне ұсыныстар беру.

Тапсырма: Берілген сөйлемдерге синтаксистік талдау жасаңдар:

Егін көп суарылатын жердің біразы су мол сіңгендіктен , сазға айналып кететіні мәлім. Осы сазды құрғатуға ағаштың пайдасы көп: жуандап алған ағаш тәулігіне үш мың метрдей жер астының ылғалын бойына тартып, керегін алады да, өзгесін бу қып ұшырады, тігілген жас шыбықтың өзі күніне бес жүз ылғал тарта алады.
( С.Мұқанов)
Қорытындылау: сұрақтарға жауап дайындау.
1.Орманды сақтау мен қорғаудың негізгі міндеттері қандай?
2.Жер туралы қандай мақалдарды білесіңдер?

3.Жерді қорғаудың мақсаттары қандай?
4.Суды ластаудан не үшін қорғауымыз керек?

Бағалау.
Үйге тапсырма: 114 бет №12 №13 жазбаша орындау

Оқушылардың шығармашылық жұмысы

Ғылыми жоба тақырыбы: «Қазақстанның экологиялық ахуалын зерттеу»
Зерттеу мақсаты: Қазақстанның экологиялық ахуалы өзекті мәселелердің бірі болып табылатындықтан, мектепте экологияға байланысты жан жақты білім жетілдіруге ұсыныстар енгізу.
Ғылыми болжам: Оқушылар экология мәселесін жете түсіне білсе-болашақта қоршаған ортаға өз үлестерін қосатын, сауатты азамат болып шығады.
Зерттеудің жаңашылдығы мен дербестігі:
1.Экологиялық терминдердің сөздік минимумын құрастыру.
2.Эксперименттік экологиялық ойын өткізу.
Абстракт
Қазақстанның экологиялық ахуалы еліміздегі білім беру сапасын түбегейлі өзгертудің қажеттігін аңғартады. Ол елбасының «экологиялық қауіпсіздік тұжырымдамасын» жүзеге асыру үшін үздіксіз экологиялық білім беруді ұйымдастыруды жақсартумен бірге, қазіргі өркендеген ғылыми-техникалық дамуды экологиялық тұрғыдан қайта қарауды талап етеді. Ол үшін көпшіліктің экологиялық сауатты болу қажет. Экологияны пән ретінде мектептерге енгізу бүгінгі күннің талабы.
Барлық облыста дерлік қоршаған ортаны қорғауға және экологиялық білім жетілдіруге қаржы ысырапсыз пайдаланылады. Табиғатты көркейтуге нендей үлес қосты деген сұрақ халықтың көкейінде.
Қоршаған ортаны қорғау туралы әр кезде әр түрлі ұсыныстар болып жатады. Науқанға айналған көгаландыру жұмысы жүйелі түрде жүрмейді. Әрбір елді мекенді, қаланы, көгаландыру мәселесінің өз алдына ғылыми тұжырымдамасы болу қажет. Ірі өнеркәсіпті қалаларда, көбірек игерілген егістік аймақтарда, бау-бақшаларда сол жерлердің топырағының құнарлығын арттыру, суының жеткіліктігін, түсетін өнімнің сапасын анықтау экологиялық тұрғыда негізделуге тиіс. Қаланың микроклиматының өзгеріп, шаң-тозаң, қапырыққа айналуы, асфальттардың еруі, қуаңшылық лебінің енуі молайды. Автокөліктердің көбеуі, улы газдардың таралауы қаланың ауасын ластаумен бірге, халықтың денсаулығына үлкен зиян тигізіп отырғаны жасырын емес.
Мұндай көріністер Қазақстанның барлық қалаларын, елді мекен, ауыл маңдарын қамтып, соңғы ондаған жылдар бойы Үкімет тарапынан бақылаусыз қалғаны шындық. Өтпелі экономиканың дағдарыс кезінде оңтүстіктің өңірлердің ірі қалалары мен елді мекендерінде орын жетіспей, өсіп тұрған ағаштарды кесу орын алды. Бұл жағдай көп ауылдарда әлі де бар. Соның орны бүгін немен толады? Осыларды айта келіп, мен ендігі жерде еліміздің экологиялық ахуалын жақсарту үшін мынадай шараларды жүзеге асыру керек деп білемін.
Қорытындылау
Елді мекендерді көгаландыру бағдарламасы бойынша: қала, елді мекендердің көгаландыру аймағының экологиялық картасын жасау, көгаландыру аймағының агро-экологиялық ландшафтық ерешеліктерін алдын-ала анықтау; елді мекен, қала іші-сыртындағы кішігірім орман-тоғайды қалпына келтіруді жоспарлау және оның мерзімін белгілеу, ірі қала елді мекендердегі ғимараттарды, құрылыстар салуды экологияландыру және жергілікті жердің табиғи-тарихи ерекшіліктерін есеру, елді мекендерді көгаландыруды «экологиялық соқпақ» моделі арқылы жүзеге асыру керек. Туризм индустриясын дамытуда экологиялық соқпақ басты міндет атқаратыны ескерілуге тиіс.
«Экологиялық соқпақ» дегеніміз-табиғат қорғау ісінде экологиялық білім мен тәрбие беруге, оны көпшілік арасында насихаттауға бағытталған, әрі экологиялық ақпаратқа толы, ұйымдасқан және белгіленген маршрут немесе демалыс орын.
Экологиялық соқпақта оқу экологиялық білім мен тәрбие беру процесін үйрету ғана емес, жасөспірімдердің еркін түрде ақпаратты қабылдау, табиғи ортада жүріс-тұрыс ережесін сақтау мақсатын көздейді. Табиғат соқпағында экологиялық білім беру және тәрбие беру мәселелері шешілуімен қатар, олардың дұрыс ұйымдастырылуы табиғатты қорғау шараларына жәрдемдесуі.
Жарамсыз жерлердің (опустывание) проблемаласы - Қазақстан үшін күн тәртібінен түспейтін өзекті мәселе. Соңғы 10 жыл ішінде еліміздің орман қоры 10% - ға кеміді. Әсіресе Қызылқүм, Мойынқүм, Сарыесік- Атырау, т.б табиғи жайылымдар қоры экологиялық апатты жағдайда тұр. Алтай ормандары 13 % - ға, ал Алатаудың алма бақтары 24 % - ға кеміген. Ал табиғи жайылымдардың жайы тіпті нашар, яғни 26,6 млн. га деградацияға ұшыраған. Бұл шөлге айналу процесінің жылдам жүріп жатқанын көрсетеді. Сол сияқты су балансының бұзылуы мен өзендердің ластауынан Сырдария, Іле аймақтары өте нашар халге түсті. Арал өңірі тіршіліксіз аймаққа айналуда.
Техногенді ластану өте қауіпті жағдайға жетті. Ол шөлге айналуды тездетіп отыр. Техногенді қалдықтар өсімдіктер мен фаунаны сиретіп барады. Қазірдің өзінде республиканың барлық жерінің 80% өсімдіктер мен жануарладың табиғи тіршілік ету ортасы бүлінген немесе жарамсыз.
Еліміздің экологиялық ахуалын шешу үшін ғылыми жетістіктерін қолданумен бірге өркениетті елдердегі экологиялық білім беру жүйесіндегі жаңалықтардың, жаңа технологиялық бағдарламалардың тиімді жақтарын пайдалану қажет.
Балтық жағалауындағы елдер, Азия мен Еуропаның көптеген мемлекеттері жер жағдайының аздығына қарамастан, көп халықты жутатапай, аз жерді жүйелі түрде қорғап, тиімді пайдаланып отыр. Соған қарай экологиялық ахуалының көрінісі жоғары деңгейде дамыған. Ал біз мол жерді ысырапсыз пайдаланып, табиғатты жұтаңдатып, экологиялық апатты жағдайға жеткіздік.
Табиғат-біздің анамыз. Оны таза ұстау, қорғау, экологиялық орта қалыптастыру біздің еліміз, адам баласының келешегі үшін қажет. Сондықтан экологиялық күрес - өмір үшін күрестің негізі болып табылады.
Категория: Казахский язык и литература | Добавил: Ryshaya (01.11.2013) | Автор: Айжан Кожахметова E
Просмотров: 838 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 1
1 Эльвирок   (08.12.2013 19:38)
Айжан,очень подробная разработка урока.Думаю, что урок способствовал воспитанию бережного отношения детей к окружающей среде.

Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Вход на сайт
Поиск
Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Театр.kz


  • Copyright "Школа" Интернет-портал "Детство-kz"© 2016
    Сайт управляется системой uCoz