Главная | Регистрация | Вход | RSSПятница, 09.12.2016, 08:51

Учителя Алматы

Меню сайта
Категории раздела
Биология [28]
ИЗО [12]
Профессиональное обучение [6]
Внеклассное чтение [16]
География [22]
Духовные ценности [10]
Если хочешь быть здоров [48]
Информатика [58]
История [49]
Иностранный язык [99]
Книжная полка [49]
Компьютер-бум [10]
Казахский язык и литература [182]
Математика [85]
Мир науки [11]
Моя Родина - Казахстан [42]
Музыка [97]
Начальная школа [399]
Общество семи муз [12]
Психологический клуб [11]
Русский язык и литература [132]
Родительское собрание [11]
Творческая личность [20]
Технология [21]
Физика [20]
Химия [31]
Экологическое воспитание [13]
Самопознание [35]
Наш опрос
Считаете ли вы результаты ЕНТ справедливыми?
Всего ответов: 1522
Статистика

Онлайн всего: 7
Гостей: 7
Пользователей: 0

Каталог статей

Главная » Статьи » Мастерская учителя » Казахский язык и литература

Іле өлкесі 10 сыныптар үшін
Алматы қаласы М.Бегалин атындағы №120
гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Шыныбекова Шолпан Оразқызы
Орыс мектептерінің 10 сыныбы үшін дайындалған сабақ жоспары.

Сабақтың тақырыбы: Іле өлкесі.
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік: Оқушыларға «Қазақстанның белгілі ғалымдары» атты тарауды өту кезінде ұлы ғалым Ш.Уәлиханов зерттеген Іле өлкесі туралы түсінік беру, салалас құрмалас сөйлемді ереженің көмегімен еске түсіру.
2. Дамытушылық: Оқушыларды түрлі көрнекі құралдармен, жаңа технология әдістерімен жұмыс істете отырып,ойлау, сөйлеу дағдыларын, ізденімпаздық, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
3. Тәрбиелік: Оқушыларды Отансүйгіштікке, елін, тілін, туған табиғатын қадірлеуге, қорғауға тәрбиелеу.
Сабақтың типі: жаңа білім дағдыларын қалыптастыру сабағы.
Көрнекіліктері: компьютер, интерактивті тақта, суреттер.
Сабақтың әдісі: түрлі стратегиялар, ҰБТ-ға дайындық кезеңі, мәнерлеп оқу, ережені еске түсіру, сұрақ- жауап.
Сабақтың формасы: жұптық, жеке, фронтальды.
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі:
1.Оқушыларды түгендеп, психологиялық дайындық жасау.
ІІ. «Ой шақыру» стратегиясы:
1.Сен еліміздің қандай аймақтарында болдың?
2.Барған жерлеріңде өзен- көлдер болды ма?
3.Қазақстанда қандай өзендердің барын білесің ?
ІІІ. Мәтінмен жұмыс кезеңі:
1.«Мағынаны тану» стратегиясы:
Кептер- голубь
Сусар- куница
Кәмшат- бобер
Шіл- рябчик
Көкқұтан- цапля
Бозторғай- жаворонок
Қаршыға- ястреб
Құр- куропатка
Қырғауыл- фазан
Сона- слепень
Шіркей- мошкара
Бүйі- тарантул

Сөз Аудармасы Сөз тіркесі Сөйлем құру



2.Оқушылар мәтінді мәнерлеп оқып шығады.
3.Сұрақ- жауаптар. «Ойтолғау» стратегиясы:
1. Іледе өлкесінде аңның қандай түрлері кездеседі?
2. Іле бойын қандай құстар мекендейді?
3. Өзендерді мекендейтін аң түрлері қалай деп аталады?
4. Құстардың түрлерін ата.
5. Тау мен орманның құстарына нелер жатады?
6. Қамыс арасын қандай жәндіктер мекендейді?
7.Өлкенің климаты қандай?
4. Ережені еске түсірейік! (ҰБТ- ға арналған)
Салалас құрмалас сөйлемдерді еске түсіру.
Салалас қ.с.
Жалғаулықты Жалғаулықсыз
1,Ыңғайлас с.қ.с.: және, әрі, мен, бен, пен, да, де, та, те;
2.Себеп-салдар с.қ.с.: себебі, өйткені, неге десең, сондықтан;
3.Қарсылықты с.қ.с.: бірақ, алайда, дегенмен;
4.Кезектес с.қ.с.: бірде, кейде, біресе;
5.Талғаулы с.қ.с.: я, яки, я болмаса, не, немесе, не болмаса, яғни;
6.Түсіндірмелі с.қ.с.: жалғаулығы жоқ.
Бір немесе бірнеше сөйлемдер бір- бірімен жалғаулықсыз байланысады.
Күз келді, құстар жылы жаққа қайтты, күн суытты.

5. Қане, сауатты жазайық!
Салалас құрмалас сөйлемдерді құрастыру. Қажетті сөздер мен сөз тіркестері: Іле өлкесі, терең шатқал, жабайы құстар, қамыс арасы. Мысалы, Іле өлкесінің климаты далалық, сондықтан ол жерлерде ауа райы тұрақсыз болып есептелінеді.
2-тапсырма. Құстар, аңдар мен жәндіктерді кестеге жазу:
Құстар Аңдар Жәндіктер

6.Мәтін бойынша екеуара сөйлесу:
-Шоқан Уәлиханов қай өлкені зерттеген?
-Іле өлкесін.
-Іле өзеніне қандай өзендер құйылады?
-Шелек, Шабдар, Шарын.
-Тауда қандай аңдар кездеседі?
-Марал, таутеке,арқар, тауешкі, қасқыр, борсық т.б.
-Өзендерін нелер мекендейді?
-Кәмшат, сусар, аққу, тырна, кірпі т.б.
-Іленің климаты қандай?
-Климаты – далалық, тұрақсыз.

7.Рефлексия: Кім көп біледі?
Туған ел, Отан, достық туралы мақал- мәтелдер айту.
Мысалы:
1. Туған елдей ел болмас,
Туған жердей жер болмас.
2. Грамматикалық тақырыпқа сай 10 сұрақтан тұратын шағын тест тапсырмаларын орындау.
8. Үйге тапсырма:
“Менің туған мекенім” тақырыбында шағын шығарма жазу.
Категория: Казахский язык и литература | Добавил: Philolog (15.11.2013) | Автор: Шинибекова Шолпан Оразовна E
Просмотров: 1576 | Теги: казахский язык, казахский язык и литература | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Вход на сайт
Поиск
Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Театр.kz


  • Copyright "Школа" Интернет-портал "Детство-kz"© 2016
    Сайт управляется системой uCoz