Главная | Регистрация | Вход | RSSСуббота, 03.12.2016, 09:36

Учителя Алматы

Меню сайта
Категории раздела
Биология [28]
ИЗО [12]
Профессиональное обучение [6]
Внеклассное чтение [16]
География [22]
Духовные ценности [10]
Если хочешь быть здоров [47]
Информатика [58]
История [48]
Иностранный язык [99]
Книжная полка [49]
Компьютер-бум [10]
Казахский язык и литература [181]
Математика [85]
Мир науки [11]
Моя Родина - Казахстан [42]
Музыка [97]
Начальная школа [399]
Общество семи муз [12]
Психологический клуб [11]
Русский язык и литература [129]
Родительское собрание [11]
Творческая личность [20]
Технология [21]
Физика [20]
Химия [31]
Экологическое воспитание [13]
Самопознание [35]
Наш опрос
Считаете ли вы результаты ЕНТ справедливыми?
Всего ответов: 1519
Статистика

Онлайн всего: 5
Гостей: 5
Пользователей: 0

Каталог статей

Главная » Статьи » Мастерская учителя » Казахский язык и литература

Литературный вечер
«Достар» халықаралық мектеп – лицейі
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Хайдарова Жания Қалиқанқызы
Алматы қаласы
Абай тілі – ұлттың тілі
(7-сыныптарға арналған әдеби кеш)
Мақсаты: оқушыларға Абайдың өлеңдері, аудармалары, әндері , қара сөздері туралы кең мағлұмат беру, адамгершілік, шыншылдық, білімге құштарлық сияқты адами қасиеттерге баулу және әр оқушының ой-қиялына ерік бере отырып, өзінше ой түюге, шығармашылық жұмыс жасауға жұмылдыру.
Көрнекіліктері: интерактивті тақтада Абайдың суреттері, тағылымдық сөздері, аудармалары.
Жүру барысы:
1. «Өлең – сөздің патшасы...»
2. Абай – аударма жасаудың хас шебері.
3. Абай қара сөздері – терең тамырлы еңбегі.
4. «Көңілім әнді ұғады».
1-жүргізуші:
Қадірлі ұстаздар, оқушылар! Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні республикамыздың түкпір-түкпірінде ресми түрде атап өтілуде. Біздің мектебімізде « Менің Отаным – Тәуелсіз Қазақстан» тақырыбымен мерекеміз өз жалғасын табуда. Апталықтағы көлемді шаралардың бірі – қазақ халқының ұлы ойшыл данышпаны Абай Құнанбаевтың шығармашылығына арналған «Абай тілі – ұлттың тілі» атты әдеби кешіне қош келдіңіздер!
2-жүргізуші:
Тарих қана, халық қана туатын
Алыптардың арқа тұтпас кім атын?
Ұлы арманын жырлау үшін қазаққа
Керек болды Абай сынды ұлы ақын!-
деп Ж.Әбдірашев ағамыз жырлағандай, Абай жалпақ жұртты жақсылыққа үйретіп, жамандықтан жирентіп, данышпандық ойларын өткір сөзбен майын тамызып, кең толғаған дана көсем.
1-жүргізуші:
Ендеше, кешіміздің бірінші бөліміне кезек берсек, «Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы» өлеңін тындайық.
1-оқушы:
Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы
Қиыннан қиыстырар ер данасы,
Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп,
Теп-тегіс жұмыр келсін айналасы.

Бөтен сөзбен былғанса сөз арасы,
Ол - ақынның білімсіз бишарасы.
Айтушы мен тыңдаушы көбі – надан,
Бұл жұрттың сөз танымас бір парасы.

2-жүргізуші:
Философиялық тұрғыдан келетін «Әуелде бір суық мұз – ақыл зерек» өлеңінде, ой мен сезімді бір-біріне қарама –қарсы мағынада екі ұғым деп қараған Абай «суық ақыл» мен «ыстық жүрек» бір-бірін толықтырып отырады деп санайды. Осы екеуіне қайрат, жігер қосылса адамның қасиеті кемеліне келеді деп есептейді.
2-оқушы:
«Әуелде бір суық мұз – ақыл зерек»

Әуелде бір суық мұз – ақыл зерек,
Жылытқан тұла бойды ыстық жүрек.
Тоқтаулылық, талапты шыдамдылық, -
Бұл қайраттан шығады, білсең керек.

Асыл, қайрат, жүректі бірдей ұста,
Сонда толық боласын елден бөлек.
Жеке-жеке біреуі жарытпайды,
Жол да жоқ жарыместі «жақсы» демек.

Ақыл да, ашу да жоқ, күлкі де жоқ,
Тулап қайнап бір жүрек қылады әлек.
Біреуінің күні жоқ біреуінсіз,
Ғылым сол үшеуінің жөнін білмек.

Холодный ум – нерастопимый лед,
Его лишь сердце страстное поймет.
Но только терпеливой воли власть
Соединит и ум и страсть.
Три эти дара собственной души
Ты порознь транжирить не спеши,-
Однажды, став ущербен хоть в одном,
Ты пропадешь на поприще земном.
Ни счастья, ни покоя, ни мечты...
О сердце, лишь о том горюешь ты,
Что нам на свете вряд ли суждено
Собрать несовместимое в одно.

1-жүргізуші:
Құлақтан кіріп бойды алар,
Әсем ән мен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар,
Әнді сүйсең менше сүй.

Дүние ойдан шығады,
Өзімді өзім ұмытып,
Көңілім әнді ұғады,
Жүрегім бойды жылытып.

2-жүргізуші:
Ақынның ең бір нәзік шеберлікпен тудырған өлеңі табиғат, махаббат сырына арналған – «Желсіз түнде жарық ай». Мұнда ақын қазақ даласының бір кешін елестетіп, көшпелі ауыл жарық ай , желсіз түн, тау іші, өзен жағасына орналасқан елді әсем суреттейді.

1-жүргізуші:
7б сынып оқушыларының орындауында «Желсіз түнде жарық ай».
2-жүргізуші:
Шын хакім, сөзің асыл – баға жетпес,
Бір сөзің мың жыл жүрсе, дәмі кетпес.
Қарадан хакім болған сендей жанның,
Әлемнің құлағынан әні кетпес!-
деп, М.Жұмабаев ағамыз жырлағандай, Абайдың асыл сөздері, інжу-маржан ойлары, «қара сөз» деп аталады. Жалпы саны қырық бес бөлек шығарма.

1-жүргізуші:
Қара сөз дегеніміз – ғылым туралы, дін туралы қара сөзбен жазылған еңбек.
Қара сөздер тақырыбы жағынан әр алуан. Білім-ғылымға, адамның мінез-құлқына, адамгершілік, сол заманның әл-ахуалы да сол қара сөздерден табады.

1-оқушы:
7-сөз
Жас бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады: біреуі – ішсем, жесем, ұйықтасам деп тұрады. Бұлар – тәннің құмары, бұлар болмаса, тән жанға қонақ үй бола алмайды, һәм өзі өспейді, қуат таппайды. Біреуі білсем екен демелік. Не көрсе, соған талпынып, жалтыр-жұлтыр еткен болса, оған қызығып, аузына салып, дәмін татып қарап, тамағына, бетіне басып қарап..., ит үрсе де, мал шуласа да, біреу күлсе де, біреу жыласа да тұра жүгіріп, «ол немене?», «бұл немене?», «ол неге үйтеді?», деп, көзі көрген, құлағы естігеннің бәрін сұрап, тыныштық көрмейді.Мұның бәрі – жан құмары, білсем екен, көрсем екен, үйренсем екен деген.

2-оқушы:
19-сөз
Адам ата-анадан туғанда есті болмайды: естіп, көріп, ұстап, татып ескерсе дүниедегі жақсы-жаманды таниды-дағы, сондайдан білгені, көргені көп болған адам білімді болады. Естілердің айтқан сөздерін ескеріп жүрген кісі өзі де есті болады. Сол естілерден естіп, білген жақсы нәрселерді ескерсе, жаман дегеннен сақтанса, сонда іске жарайды, сонда адам десе болады.

3-оқушы:
38-сөз
Күллі адам баласын қор қылатын үш нәрсе бар. Сонан қашпақ керек. Әуелі – надандық, екінші – еріншектік, үшінші – залымдық.
Надандық – білім-ғылымның жоқтығы, дүниеден ешнәрсені оларсыз біліп болмайды...
Еріншектік – күллі дүниедегі өнердің дұшпаны.
Талапсыздық, жігерсіздік, ұятсыздық, кедейлік – бәрі осыдан шығады.
Залымдық- адам баласының дұшпаны. Адам адам баласына дұшпан болса, адамнан бөлінеді, бір жыртқыш хайуан есебіне қосылады.

1-жүргізуші:
7в сынып оқушыларының орындауында Абайдың махаббат лирикасындағы айтулы әндердің бірі – «Көзімнің қарасы».
2-жүргізуші: Абай - аударма жасаудың хас шебері. Ақын орысша айтылған ойды қазақша аударып жеткізуде шеберлігімен таң қалдырды. Сіздердің назарларыңызға Гете - Лермонтовтан аудармасы
1- оқушы:
Қараңғы түнде тау қалғып,
Ұйқыға кетер балбырап.
Даланы жым-жырт, дел-сал қып,
Түн басады салбырап.

Шаң шығармас жол-дағы,
Сілкіне алмас жапырақ.
Тыншығарсын сен-дағы,
Сабыр қылсаң азырақ.
2-оқушы:
Крыловтан «Шегіртке мен құмырсқа»

Шырылдауық шегіртке
Ыршып жүріп ән салған,
Көгалды қуып гөлайттап,
Қызықпен жүріп жазды алған.

Жаздыгүні жапырақтың
Бірінде тамақ, бірінде үй.
Жапырақ кетті, жаз кетті,
Күз болған соң, кетті күй.

Жылы жаз жоқ, тамақ жоқ,
Өкінгеннен не пайда?
Суыққа тоңған, қарны ашқан
Ойын қайда, ән қайда?

Оныменен тұрмады,
Қар көрінді, қыс болды.
Сауықшыл сорлы бүкшиді,
Тым-ақ қиын іс болды.

Секіру қайда, сүрініп?
Қабағын қайғы жабады.
Саламда жатып, дән жиған
Құмырсқаны іздеп табады.
Селкілдеп келіп жығылды,
Аяғына бас ұра:
- Қарағым, жылыт, тамақ бер,
- Жаз шыққанша асыра!

- Мұның жаным, сөз емес,
Жаз өтерін білмеп пе ең?
Жаның үшін еш шаруа
Ала жаздай қылмап па ең?

- Мен өзіндей шаруашыл,
Жұмсақ илеу үйлі ме?
Көгалды қуып, ән салып,
Өлеңнен қолым тиді ме?

- Қайтсін, қолың тимепті,
Өлеңші, әнші есіл ер!
Ала жаздай ән салсаң,
Селкілде де билей бер!

2-жүргізуші:
«Самалға, ақын жігіт – жағанды аш кең,
Бұл жердің әр шөбімен амандас сен», -
Дегенше келіп қалдық Қарауылға,
Қарсы алды қайран ауыл «Қаламқаспен»,
дегендей 7г сынып оқушыларының орындауында «Айттым сәлем, Қаламқас» әнімен кешімізді аяқтаймыз.

1-жүргізуші: Осымен «Абай тілі – ұлттың тілі» атты кешімізді аяқтаймыз. Назар қойып тындағандарыңызға рахмет!
Категория: Казахский язык и литература | Добавил: Хайдарова (21.11.2013) | Автор: Жания E
Просмотров: 1043 | Комментарии: 2 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 2
2 Gulya   (25.11.2013 20:02)
Спасибо за интересный сценарий. Сегодня как никогда очень важно воспитывать нравственную сторону учащихся, прививать духовные ценности, развивать любовь и уважение к окружающим. И благодаря таким урокам можно достичь этих целей. И литература является в этом хорошим подспорьем. Будем ждать еще интересных уроков!

1 Gulya   (24.11.2013 00:04)
Здравствуйте! Мне очень понравился ваш сценарий! Назидания великого Абая всегда были актуальными.  Проведение такого мероприятия  на двух языках в канун праздника играет немаловажную роль в воспитании подрастающего поколения. А именно: прививать любовь к родному языку, уважать культуру другого народа. Спасибо! Желаю дальнейших творческих успехов!

Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Вход на сайт
Поиск
Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Театр.kz


  • Copyright "Школа" Интернет-портал "Детство-kz"© 2016
    Сайт управляется системой uCoz