Главная | Регистрация | Вход | RSSПятница, 09.12.2016, 04:58

Учителя Алматы

Меню сайта
Категории раздела
Биология [28]
ИЗО [12]
Профессиональное обучение [6]
Внеклассное чтение [16]
География [22]
Духовные ценности [10]
Если хочешь быть здоров [48]
Информатика [58]
История [49]
Иностранный язык [99]
Книжная полка [49]
Компьютер-бум [10]
Казахский язык и литература [181]
Математика [85]
Мир науки [11]
Моя Родина - Казахстан [42]
Музыка [97]
Начальная школа [399]
Общество семи муз [12]
Психологический клуб [11]
Русский язык и литература [129]
Родительское собрание [11]
Творческая личность [20]
Технология [21]
Физика [20]
Химия [31]
Экологическое воспитание [13]
Самопознание [35]
Наш опрос
Считаете ли вы результаты ЕНТ справедливыми?
Всего ответов: 1522
Статистика

Онлайн всего: 2
Гостей: 2
Пользователей: 0

Каталог статей

Главная » Статьи » Мастерская учителя » Казахский язык и литература

"Қасиетті Құран Кәрім жайында"
Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы,
Ембі қаласы, №2 орта мектеп.

Қазақ әдебиетінен ашық сабақ.


Пән мұғалімі:Э.М.Курантаева.

2013-2014 оқу жылы.

Тақырыбы: «Қасиетті Құран Кәрім жайында»
Мақсаты: Құран туралы жалпы мәлімет беру.
Міндеті:1.Оқушыларға Қасиетті кітаптың мазмұнымен құрылысына шолу жасау.
2.Оқушылардың ойлау қабілетін, тілін дамыту.
3.Әдептілікке, әділдікке, білімге талпынуға тәрбиелеу.
Сабақ түрі: кіріктірілген сабақ.
Әдіс-тәсілдер:түсіндіру,ой толғау,сұрақ-жауап,топтық жұмыс.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, кітаптар, Қағбаның макеті, плакаттар,түрлі түсті қарындаштар,жетондар,бағалау парағы.
Пәнаралық байланыс: тарих, математика, орыс тілі, дінтану,дене шынықтыру,қазақ тілі.

Сабақ құрылымы:
 Ұйымдастыру кезеңі (амандасу, түгендеу, ынталандыру)
 Өткен тақырыпты қорыту « Шешендік сөздер»
 Үй тапсырмасын тексеру.109-б.7-тапсырма. Өзіңе ұнаған ше-шендік сөз үлгілерін жаттап ал.
 Үй тапсырмасын пысықтау.
 Жаңа тақырыпты меңгеруге дайындау.
 Жаңа тақырыпты түсіндіру.
 Сергіту сәті.
 Жаңа тақырыпты қорытындылау. Сөздік жұмысы.Жоба қорғау.
 Үйге тапсырма.
 Бағалау.
[Класс 3 топқа бөлінеді. Топ басшысы топ мүшелерінің жауабын жетонмен марапаттайды. Жетон саны арқылы бағалайды]

Өткен сабақта біз шешендік сөздермен таныстық. Енді сол бойынша сұрақтарға жауа берейік.
Зымыран сұрақтар:
«Жас ұлан» тобына.
• Шешендік сөздер дегеніміз не?(Қазақ ауыз әдебиетінің бір саласы)
• Шешендік сөздерді кімдер айтқан? (елге белгілі адамдар,билер,шешендер)
• Шешендер кімді даярлаған?(Атақты билер, шешендер шәкірт даяр-лаған)

«Бәйтерек » тобына.
• Төле бидің шәкірті кім?(Тайкелтір)
• Қазыбек би қалмақ ханының алдына неше жасында барған?(13 жасында)
• Шешендік сөздердің тәрбиелік мәні(бірлікке,татулыққа шақырады)

«Жас қыран» тобына.
• Тайкелтірдің алдына келген екі кісі не үшін дауласты?(ер тоқым үшін)
• Қазыбек би Бұқар жыраудың көңілін сұрамақ болып келгенде,Бұқар жырау не деді?(Онға дейін санның мағынасын ашып бер дейді)
• Малайсары Сырымның шешесі туралы не деді? (Шешең Қаражан қайратты адам еді.Күндіз келген жиырма кісіні,түнде келген жиырма кісіні ренжітпей аттандырып жіберуші еді)

Үй тапсырмасын тексеру.
1)«Үйіңнің алдында төбе болса, ерттеулі тұрған атпен тең,
Ауылыңда ақылгөй қарт болса,жазып қойған хатпен тең»
2) «Кісі болар баланың кісіменен ісі бар,
Кісі болмас баланың кісіменен несі бар?»
3) «Асыл тастан, ақыл жастан»
4) «Ердің құнын жастың жайсаны не қарттың шайтаны даулайды»
5) «Су жаманы суат басынан соқпақ кетпейді.
Мүлік жаманы қазық басынан тоқпақ кетпейді»
6) «Басқа пәле тілден»

Сабақ барысы:
Балалар, сендер бүгін сабақта Қасиетті Құран Кәрім туралы көптеген мәліметтер аласыңдар.Тақырыпты 6 мұғалім түсіндіреді.Мұқият тыңдап отырыңдар.Сабақ соңында түсінгендеріңді плакатқа түсіріп жоба қорғайсыңдар.
Бүгінгі сабақтың эпиграфы Елбасымыз Н.Назарбаевтың сөзі: «Саясат күнде өзгереді, ал дін тұрақты.Біздің тегіміз-түрік,дініміз-ислам екенін ұмытпауымыз керек.Ол үшін қасиетті кітап Құран Кәрімді насихаттауды естен шығармауға тиіспіз»(4-слайд)
Қасиетті Құран Кәрім Аллаһтың сөзі. Құранға дейін үш кітап түскен,бірақ адамдар олардың мазмұнын өзгерткені үшін ол кітаптардың үкімі жойылған.Құран кітабының қасиеті сондай - осы күнге дейін бірде-бір әрпі өзгеріске түспеген.
Қазіргі таңда төрт баспадан шыққан Құран кітабы кеңінен тарауда.Олар:Пәкістан баспасы(5-слайд),Түрік баспасы(6-слайд), Қазан баспасы (7-слайд), Араб баспасы(8-слайд).
Бұл кітаптардың мазмұны мен құрылысы жағынан ешқандай айырмашылығы жоқ,тек әріптердің жазылуында ерекшелік бар.
Кейбір Құран кітаптарда Аллаһ деген сөз қызыл түспен жазылады. (9-слайд).
Құран туралы аудио тыңдалады(10-слайд).
Келесі сөз кезегі математика пәнінің мұғалімі Зәмзәгүл Есбосынқызына беріледі.

Құрандағы сүрелер меккелік және мединалық болып бөлінеді.Меккелік-92 сүре,ал мединалық - 22 сүре. Барлығы 114 cүре.
Ең ұзақ сүре – 2-ші сүре. “Бақара” деп аталады.Ол 286 аяттан тұрады. Ең қысқа сүрелер – 103-ші,108-ші және 110-шы сүрелер. Олар 3 аяттан тұрады. (11-слайд).
Есепке назар аударайық (12-слайд).
Бақара” сүресінде 286 аят бар. Асан күніне 2 аят жаттаса,бұл сүрені
ол неше күнде жаттап алады? 286 : 2 = 143 күн = 5 ай.
Аудио тыңдалады(13-слайд). Келесі сөз кезегі орыс тілінің мұғалімі Мәншүк Әбдісаматқызына беріледі. (13-слайд).
Русский писатель А.С.Пушкин неоднократно в своих стихотворениях использовал исламские термины.
Творцу молитесь; он могучий,
Он правит ветром; в знойный день
На небо насылает тучи,
Даёт земле древесну сень.
Он милосерд: Он Магомету
Открыл сияющий Коран,
Да притечем и мы ко свету
И да падёт с очей туман.
"Подражание Корану"
Творец –Всевышний Аллах; Магомет- пророк Мухаммад(да благословит его Аллах и да приветствует;Коран – священная книга мусульман)
Келесі сөз кезегі тарих пәнінің мұғалімі Серік Кенжеғараұлына беріледі. Құран кітапта тарихи оқиғалар да баяндалады.Фил оқиғасы. Хабашстанның патшасы Нəжашидiң Йемен əкiмi болған Абраха деген адамы бар едi. Абраха адамдардың Меккеге барып, Қағбаны зиярат етуден қайтару үшiн Сана қаласында үлкен əрi əдемi бiр шiркеу салдырады. Бiрақ ол өзiнiң мақсатына жете алмайды. Қағбаға баратындар ол шіркеуге бармайды. Тіпті, Фуқайм тайпасынан болған Нуфейл атты жас жігіт Абраханың салдырған шiркеуiн ластап кетедi. Абраха, осы оқиғаны сылтау етiп, көп əскер жинап,Меккеге қарай жүреді. Əскерiнiң алдында Нəжашиден алған үлкен бiр пiл болған. Ол пiлі жəне əскерi арқылы жеңiске жететiндiгiне сенiмдi едi.
Мекке қаласына кірер кезде əлгi пiл жерге жатып алып, орнынан қозғалмайды. Қанша тырысса да оны Меккеге қарай беттете алмайды. Ал басқа жаққа қарай бұрса, орнынан тұрып, жүгірiп кетуге дайын едi. Дəл осы кезде Аллаһу та’ала Абраханың əскерiне Əбабил атты құстарды жiбередi. Құстар тұмсықтарында жəне аяқтарындағы тастарды Абраханың əскерлерінің үстіне тастайды. Аятта айтылғандай (“Сонда оларды желінген топан тəрізді қылды”)жағдайға душар болады.
Осы оқиға болған жылға араптар «Фил жылы» деп ат қойған.
(14-слайд).Мультфильмнен үзінді көрсетіледі.
Құран оқу қағидаларын дінтану пәнінің мұғалімі Шынар Берекетқызы түсіндіреді.
 Құранды қатесіз, мәнерлеп оқу қажет.
 Құранды дәретпен оқу керек.
 Құран оқуды «Ағузу билләһи мин аш-шайтони-р-раджим.Бисмилләһи-р-рахманир рахим» деп бастайды.
 Құран оқыған кезде тыныштық сақта.
 Құранның әрбір әрпін үйренгені үшін 10 сауап беріледі.
 Құранды Құбылаға қарап отырып оқы. (15,16-слайдтар).
Сабақты пән мұғалімі жалғастырады.
Алла тағаланың рақымымен тәуелсіздікке,еркіндікке қол жеткізіп,бүгінгі ұрпақ өзінің Алланың құлы екенін сезініп,иманға бет бұрды.Республикада облыс,аудан,ауыл, көлемінде мешіттер салынуда.
(17-слайд).Астанадағы «Хазрет Сұлтан» мешіті, Ақтөбедегі «Нұр Ғасыр» мешіті,Қандағаштағы «Нұртай» мешіті, Ембідегі «Нұр» мешіті,Меккедегі «аль-Харам» мешіті.

(18-слайд).Сергіту сәті.Сөз кезегі Нұғманов Ізбасқан ағайда.
(19-слайд).Сөздікпен жұмыс.
Құран - Ислам дініндегі қасиетті кітапараб тілінде “оқу”деген мағынаны береді
Сүре - (араб сөзі) -“қатар”,“дәреже”
Бақара – сиыр
Фил – піл
Аят – Құран сүрелерінің қысқа, дербес бөлігі
Ағузу билләһи мин аш-шайтони-р-раджим - қуылған шайтаннан Аллаһтан пана іздеймін
Бисмилләхир Рахманир Рахийм - Аса Қамқор ерекше Мейірімді Аллаһтың атымен бастаймын.
(20-слайд).Жоба қорғау.
(21-слайд).Үйге тапсырма.109-110 бб.мазмұнын айту.
Бағалау.
Категория: Казахский язык и литература | Добавил: Эльвирок (07.12.2013) | Автор: Курантаева Эльвира Магауевна E
Просмотров: 922 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Вход на сайт
Поиск
Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Театр.kz


  • Copyright "Школа" Интернет-портал "Детство-kz"© 2016
    Сайт управляется системой uCoz