Главная | Регистрация | Вход | RSSВоскресенье, 11.12.2016, 01:20

Учителя Алматы

Меню сайта
Категории раздела
Биология [28]
ИЗО [12]
Профессиональное обучение [6]
Внеклассное чтение [16]
География [22]
Духовные ценности [10]
Если хочешь быть здоров [48]
Информатика [58]
История [49]
Иностранный язык [99]
Книжная полка [49]
Компьютер-бум [10]
Казахский язык и литература [182]
Математика [85]
Мир науки [11]
Моя Родина - Казахстан [42]
Музыка [97]
Начальная школа [399]
Общество семи муз [12]
Психологический клуб [11]
Русский язык и литература [132]
Родительское собрание [11]
Творческая личность [20]
Технология [21]
Физика [20]
Химия [31]
Экологическое воспитание [13]
Самопознание [35]
Наш опрос
Считаете ли вы результаты ЕНТ справедливыми?
Всего ответов: 1523
Статистика

Онлайн всего: 3
Гостей: 3
Пользователей: 0

Каталог статей

Главная » Статьи » Мастерская учителя » Казахский язык и литература

ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҒЫНДА ИНТЕРАКТИВТІ ТАҚТА ҚОЛДАНУ.
Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы,
Ембі қаласы, №2 орта мектеп.

Баяндама.

ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҒЫНДА
ИНТЕРАКТИВТІ ТАҚТА ҚОЛДАНУ.

Орындаған: қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімі
Курантаева Эльвира Магауевна.

2013-2014 оқу жылы.

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан - 2030» Қазақстан халқына арналған жолдауында «Біздің жас мемлекетіміз өсіп, жетіліп, кемелденеді, біздің балаларымыз бен немерелеріміз онымен бірге ер жетеді. Олар өз ұрпағының жауапты да жігерлі, білім өрісі биік, денсаулықтары мықты өкілдері болады.Олар бабаларының игі дәстүрлерін сақтай отырып, қазіргі заманғы нарықтық экономика жағдайында жұмыс істеуге даяр. Олар қазақ, орыс, ағылшын тілдерін еркін меңгереді, олар бейбіт, абат, жылдам өркендету үстіндегі, күллі әлемге әйгілі, әрі сыйлы өз елінің патриоттары болады», деп көрсеткен.Осы айтылған сөздердің жүзеге асуына ықпал етіп, себепші болатын – ұстаздар.Жас мемлекетіміздің болашағы – бүгінгі мектеп оқушылары.Оларды оқыту барысында мұғалімдер дарынды оқушыларды анықтап, жұмыс жоспарын құрып,баланың ғылымға деген қызығушылығын артты-рады.Үлгермеуші оқушыларды анықтап, олармен жеке жұмыстар жүргізеді. Оқушыларға бірдей талап қою, олардың табиғи қабілеттілігін анықтау, соған негіздеп оқыту – бүгінгі күннің басты мәселесі.
Бүгінгі мақсат – әрбір оқушыға жан-жақты білім беру, тұлға ретінде дамуына жағдай жасау.Ол үшін бүгінгі таңдағы білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын терең меңгеру керек.
Оқыту технологияларын шебер меңгеру үшін, оқыту әдістерінің барлық саласын жетік білу керек.
«Жетік» деген сөзді саралап көрсек, «жетік» - компетентный – сcompetence – сөзі қабілетті, білімді, барлық саладығы білім мен ғылым туралы түсінігі мол, кез-келген сұрақтың шешімін таба алатындай дәрежедегі білімдар ұстаздар.
«Технология» сөзінің мағынасына тоқталатын болсақ, «технология» дегеніміз, өнім алу үшін оған керекті материалдарды өңдеу әдістері және өнім шығаруға керекті жүйелі процесс.
Кез - келген технологияның (өндірістік, әлеуметтік) негізгі бөлігі- түпкі нәтижені мұқият анықтау және оған қалай да жету.Процестің жобасы жақсы болса, шығарылатын өнімнің қандай болатындығы анықталса, оны жасау құралдары белгіленсе, жағдай жасалса, онда өндірістік және әлеуметтік саладағы процестер «технология» деген атауға ие болады. «Сабақ беру - жай ғана шеберлік емес, ол-жаңадан жаңаны табатын өнер»,-деп Ж.Аймауытов айтқандай, бүгінгі оқыту жүйесінде әр түрлі жаңа технологияларды пайдалану тәжірибеге еніп, нәтижелер беруде.
Қазіргі заман талабы бойынша, білім берудің, ақпараттандырудың негізгі талаптарының бірі – оқу үдерісіне мультимедиалық технологиялар мен коммуникативтік интерактивті әдістемелердің үйлесімді байланысы негізінде жасалған, оқыту және тексеру электрондық бағдарламаларды, оқулықтарды енгізу.
Мұғалімдер өз сабақтарын қызықты әрі тартымды өткізуге тырысуда. Интерактивті тақтамен әр сабақты қызықты өткізуді ойластырып, жоспарлайды, себебі қолда бар мүмкіндіктерді пайдалану арқылы оқушыларды жаңа заман технологиясымен жұмыс жасауға үйретеді. Бұл тақтамен орындалатын жаттығулар оқушылардың білімді меңгеруін жеңілдетеді, деректерді есте сақтауға ықпал жасайды. Сабаққа қажетті кез келген суреттер, сызбалар, кесте, диаграммаларды қолдануға мүмкіндік береді.Әрине, оқулықтағы барлық материалдарды сызба немесе көрнекілікке айналдыруға болмайды.Дей тұрғанмен, бұл құралдың тиімді жақтары мол. Олар:
 оқушының танымдық қасиетін қалыптастырады;
 шығармашылық жұмысқа баулиды;
 оқытушының уақытын үнемдейді;
 оқулықтан тыс, қосымша мәліметтер береді.
Оқушылар, көбінесе, жаңа тақырыпты өткен тақырыппен салыстыру барысында жетік меңгереді. Бұл сәтте Венн диаграммасының пайдасы зор. Венн диаграммалары бірнеше әр түрлі топтар мен тұжырымдамалар арасындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтарды суреттеуге өте ыңғайлы.Диаграмманы құру барысында ортақ қасиеттерін беріп, салыстыруды жасырып қойып оқушылардың ойын ортаға салуға болады.

Венн диаграммасы.

Интернет жүйесінен түрлі сергіту сәттерін жүктеп алып, сабақта қолдану өте тиімді.
Оқушылардың білімін тексеру мақсатында екі нұсқалы тест жасап,орындалған тестті бір-біріне тексерту үшін тақтада дұрыс жауаптар шығарылады.
Жарыс сабақтар ұйымдастырғанда, оқушыларды бірнеше топқа бөліп, интерактивті тақта арқылы білімдерін тексеруге болады.Бұл сабақта триггерлер қолданылады.Бір слайдта бірнеше жұлдыздар болады,әр жұлдыздың бетінде сандар болады.Сол сандар сұрақтың күрделілігін көрсетеді. Келесі слайдтарда сол жұлдызшалардың сұрақтары беріледі. Жұлдызшаның үстіне курсорды апарып тышқанның он жағын басу арқылы сұраққа көшуге болады.Бұл функция триггер деп аталады.

Триггерлер қолдану.
Слайд №1

Слайд №2
10 ұпай.
Сұрақ:Фонетика деген не?

Слайд №3
20 ұпай.
Сұрақ:Көп мағыналы сөздер мен омонимдердің айырмашылығы.

Слайд №4
30 ұпай.
Тапсырма: Фонетикалық талдау жаса.

Орыс класындағы қазақ тілін оқытуда аударма сөздік жұмысы жүргізіледі.Бұл жұмыстың барысында да интерактивті тақта қолдану өте тиімді.Оқушылар бірінші бағанадағы берілген сөздердің аудармасын екінші бағанадан табады.

Аударма сөздік жұмысы.

алаң парк
кең площадь
қабат широкий
саябақ этаж

Әрине, интерактивті тақтаны қолдану аясы бұл жұмыс түрлерімен шектелмейді.Сабақты түрлендіре, оқушыны өз пәніне қызықтырып, интерактивті тақта арқылы мемлекеттік тілді үйрету ұстаздың шеберлігіне байланысты.
Елбасы Жолдауында: «Ұлттық бәсекелестік қабілеті бірінші кезекте оның білім деңгейімен анықталады» делінген.Осыдан туындайтын талаптарды іске асыру арқылы білім беруде қажырлықпен жұмыс жасап, тәжірибеміз бен талантымызды көрсете білуіміз керек.

Қолданылған әдебиеттер тізімі:
1.«Жаңа технологияларды оқытудың тиімді жолдары», «Қазақ тілі мен әдебиеті орыс мектебінде». №11/ 2011.
2. Сариева К. Жаңа технологияны қолдану жолдары. «Қазақ тілі мен әдебиеті»
3. «Қазақ тілі мен әдебиеті орыс мектебінде». №4/ 2008.
Категория: Казахский язык и литература | Добавил: Эльвирок (07.12.2013) | Автор: Курантаева Эльвира Магауевна E
Просмотров: 1815 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 5.0/1
Всего комментариев: 1
1 Речной1   (17.12.2013 21:47)
жұмысқа пайдалы материал. Қолдануға болады

Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Вход на сайт
Поиск
Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Театр.kz


  • Copyright "Школа" Интернет-портал "Детство-kz"© 2016
    Сайт управляется системой uCoz