Главная | Регистрация | Вход | RSSПонедельник, 05.12.2016, 09:27

Учителя Алматы

Меню сайта
Категории раздела
Биология [28]
ИЗО [12]
Профессиональное обучение [6]
Внеклассное чтение [16]
География [22]
Духовные ценности [10]
Если хочешь быть здоров [47]
Информатика [58]
История [48]
Иностранный язык [99]
Книжная полка [49]
Компьютер-бум [10]
Казахский язык и литература [181]
Математика [85]
Мир науки [11]
Моя Родина - Казахстан [42]
Музыка [97]
Начальная школа [399]
Общество семи муз [12]
Психологический клуб [11]
Русский язык и литература [129]
Родительское собрание [11]
Творческая личность [20]
Технология [21]
Физика [20]
Химия [31]
Экологическое воспитание [13]
Самопознание [35]
Наш опрос
Считаете ли вы результаты ЕНТ справедливыми?
Всего ответов: 1521
Статистика

Онлайн всего: 11
Гостей: 11
Пользователей: 0

Каталог статей

Главная » Статьи » Мастерская учителя » Казахский язык и литература

"Туған тілім-тірлігімнің айғағы"(сайыс)
Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы,
Ембі қаласы, №2 орта мектеп.

«Тіл – достық пен келісім кепілі» тілдер айлығының
аясында 5 «а» класында ұйымдастырылған сайыс.

Өткізген: қазақ тілі және әдебиетінің мұғалімі Эльвира Магауевна Курантаева.

2013-2014 оқу жылы.

Тақырыбы: «Туған тілім-тірлігімнің айғағы»
Мақсаты: Алған білімдерін саралай отырып, оқушылардың қазақ тілін оқуға деген қызығушылықтарын арттыру.
Жүргізуші:Құрметті ұстаздар, әділқазылар және оқушылар! Сіздермен бірлесе отырып, «Туған тілім-тірлігімнің айғағы» атты білгірлер мен тапқырлар білім сайысын бастауға рұқсат етіңіздер. Шын жүйрік шабысымен танылады,
Нақты білім, терең ой саналады.
Баға берер әділқазы ортамызда,
Сіздерге құрметпен қол соғылады
Әділғазылар алқасымен таныс болыңыздар.
Қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімі:Муханбеталина Жанар Даирқызы.
Тарих пәнінің мұғалімі: Алиев Серік Кенжеғараұлы.
Орыс тілі мен әдебиетінің мұғалімі:Темиргалиева Рада Абдуловна.

Жақсылық адамдардың тілегі екен,
Тілейтін жақсылықты жүрегі екен.
Дәстүрі қазағымның сарқылмаған,
Шарттарын сайыскерлер біле ме екен? – сайысымыздың жобасымен таныстырып өтейін.Бүгінгі сайысымыз мына кезеңдерден тұрады:
1. Таныстыру.
2. «Өлең – сөздің патшасы»
3.Кім тапқыр?
4. Кім жылдам?
5. Ойлан, тап.
6.Әңгіме құрастыру.
7.Кім жүйрік?

Ойын-толқын , айналған қатты ағысқа,
Табылғандай таным да, жат дауыс та.
Біреу озып келеді қатарынан,
Біреу мініп жатқанда аптығыста.

Ойын-толқын, жатқандай асып, тасып,
Біреу мығым, біреулер шалыс басып.
Бұл ойыннан өтеді ғұлама ойлар,
Жеңсең де, жеңілсең де қалма жасып.

І тур. Таныстыру.
Ендігі сөз кезегі өзінің білімін сынауға, алғырлығымен, тапқырлығымен шыңдауға келген оқушыларда (Оқушылар өзін - өзі таныстырады).
1-топ: «Жасұлан»тобы
Ана тілің арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте,
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте.
2-топ: «Бәйтерек»тобы
Тіліміздің бұлағы,
Тірліктің ел жүрегі,
Ана тілін сүйемін,
Отан үшін күйемін.
3-топ:"Жас қыран". Қалықтап көкте жас қыран,
Халықпыз сөзге тоқтаған.
Тіліміз топты жаратын,
Тобымыз біздің- " Жас қыран".

ІІ тур. «Өлең – сөздің патшасы»
«Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы»,- деген екен Абай атамыз.
Енді әр топтан екі оқушы шығып мәнерлеп өлең оқиды.

ІІІ тур.Кім тапқыр?

Әртүрлі мағыналы сөздермен сөз тіркесін құру. Әр топтың сөздері параққа жазылып беріледі.

І топ ІІ топ І ІІ топ:
«Жасұлан»: «Бәйтерек»: "Жас қыран"
АРА – БЕТ - АЙ-
АРА – БЕТ- АЙ-
ҮЙ – ҚАС - БАС-
ҮЙ – ҚАС- БАС-
ЖЕҢІЛ – ТҮС - КҮН-
ЖЕҢІЛ – ТҮС- КҮН-

Сөз кезегін әділқазы алқасына берейік.

ІVтур.Кім жылдам?
Бір минут ішінде көп сұраққа жауап берген топ осы турда жеңіске жетеді.Сұрақтар параққа жазылып, әр топқа беріледі.
1.Қазақтың тұңғыш ғарышкері. (Тоқтар Әубакіров)
2. Қазақ халқының батыр қыздары кімдер?
3. Лексика деген не?(Белгілі бір тілдегі сөздер жиынтығы)
4.Ер-Төстіктің әкесінің аты кім?(Ерназар)
5.Түйе, жылқы,сиыр, қой,ешкі-бір сөзбен(төрт түлік мал)
6. Қазақтың үш биі.(Төле би,Әйтеке би,Қазыбек би)
7. Қазақ тілі қай тілдер тобына жатады?( Түркі тілдер тобына)
8. Әдебиет сөзі қай тілден енген сөз?( араб тілінен)
9. Абай Құнанбайұлының шын аты (Ибраһим)
10.Фольклор дегеніміз не?
11.Қанатты сөздер, нақыл сөздер – бір сөзбен (афоризмдер)
12. Әдебиет сөзін аударғанда қандай мағынаны білдіреді?(асыл сөз)

Vтур. Ойлан, тап.

Қай топ жұмбақты жылдам шешсе сол ұпай алады.
Cөзжұмбақты дұрыс шешсеңдер құстың атауын табасыңдар.

VІтур. Әңгіме құрастыру.

VІІтур. Кім жүйрік?

Құрметті сайыскерлер, өздерін білетіндей, сөз-дыбыстардың тіркесі,бірақ ол тіркесте мағына болу қажет. Көлденен берілген әріптерді тіркестірсеңдер, мақал құралады.Әр топқа мына сурет беріледі.Қай топ мақалды бұрын тапса,сол ұпай алады.

Осымен бүгінгі сайысымыз мәресіне жетті. Әділқазы алқасы ұпайларды санап,жеңіске жеткен топты анықтайды.
Категория: Казахский язык и литература | Добавил: Эльвирок (07.12.2013) | Автор: Курантаева Эльвира Магауевна E
Просмотров: 1210 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 1
1 Саулеша   (27.12.2013 15:57)
Материалыңызға рахмет, қызықты, әрі танымды. Тақырып та өзекті. Біраз мұғалімдердің жұмысына көмек болады деп ойлаймын.

Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Вход на сайт
Поиск
Друзья сайта

Академия сказочных наук

• Театр.kz

• Copyright "Школа" Интернет-портал "Детство-kz"© 2016
Сайт управляется системой uCoz