Главная | Регистрация | Вход | RSSПятница, 09.12.2016, 03:03

Учителя Алматы

Меню сайта
Категории раздела
Биология [28]
ИЗО [12]
Профессиональное обучение [6]
Внеклассное чтение [16]
География [22]
Духовные ценности [10]
Если хочешь быть здоров [48]
Информатика [58]
История [49]
Иностранный язык [99]
Книжная полка [49]
Компьютер-бум [10]
Казахский язык и литература [181]
Математика [85]
Мир науки [11]
Моя Родина - Казахстан [42]
Музыка [97]
Начальная школа [399]
Общество семи муз [12]
Психологический клуб [11]
Русский язык и литература [129]
Родительское собрание [11]
Творческая личность [20]
Технология [21]
Физика [20]
Химия [31]
Экологическое воспитание [13]
Самопознание [35]
Наш опрос
Считаете ли вы результаты ЕНТ справедливыми?
Всего ответов: 1522
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0

Каталог статей

Главная » Статьи » Мастерская учителя » Казахский язык и литература

"Отан отбасынан басталады" қазақ тілі сабағы 8 сынып
Солтүстік Қазақстан облысы
Ғабит Мүсірепов атындағы аудан
Рузаев орта мектебі
Жанайдарова Гүлмира Бексұлтановна қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі
8 сынып қазақ тілі сабағы
Сабақтың тақырыбы: Отан отбасынан басталады. Салалас құрмалас сөйлемдер.
Сабақтың мақсаты:
1.Оқушылардың білім деңгейін тексеру мақсатында әртүрлі жұмыс түрлерін
жүргізу.
2. Ауызекі тілдерін сұрақ- жауап арқылы дамыту, сөз қорын молайту, отбасы туралы білімдерін, ойлау қабілеттерін дамыту.
3. Үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге, әдептілікке тәрбиелеу, пәнге қызығушылығын ояту.
Сабақтың көрнекілігі: отбасы туралы қағазға жазылған мақал, сөзжұмбақ, Венн диаграммасы, интерактивті тақта, ұялы телефондар, қазақша-орысша сөздік, оқулық
Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу тренингі
Кезекшілер диалогы.
II. Жаңа сабақ.
Бүгінгі жаңа сабақ топпен жұмыс түрінде өткізіледі. Оқушыларды топқа бөлу, топ аттарымен және топ басшыларын таныстыру.
- Міне, бүгін біз балалар топпен жұмыс жүргізу арқылы, топпенен таныстырып өтейін. І - ші топ «....» тобы. Топ басшысы:...., ІІ - ші топ «....» тобы. Топ басшысы: ...... Топ басшылары мына топты бағалау парағы арқылы өз топтарында ойынға белсене қатысып отырған оқушыларды бағалап отыру керек.
« Сандық» стратегиясы туралы тапсырмасын орындайық.
Сұрақтарға жауап беріңдер
- Отбасына кімдер жатады? (ата, әже, әке, шеше, немере, шөбере, қарындас, сіңлі, әпке, жеңге, жезде, келін, нағашы, жиен, бөле, ұл, қыз)
1. Не тәтті? ( Ананың сүті тәтті.)
2. Не жұмсақ? ( Ананың қолы)
3. Не қатты? ( Атаның жүрегі қатты)
4. Кім жақын? ( Тату болса, ағайын жақын,
Ақылшың болса, апайың жақын.
Алдыңа тартқан, адал асын,
Қимас жақын қарындасың.)
5. Не қымбат? ( Алтын ұяң Отан қымбат.
Құт - береке атаң қымбат.
Аймалайтын анаң қымбат.
Бәрінен де ар мен ұят қымбат.)
III. Глоссарий: шежіре - родословная
Үш жұрт - три родственных линии
Бата – благословение
Тілек - пожелание
Әдепті - воспитанный, учтивый
Сабырлы - спокойный, сдержанный
Тұрмыс – быт
Отбасының әдет - ғұрпы : Үлкенді сыйлау, айтқан ақылдарын тыңдау, үлкендер - кішіге ақылшы, кішіге - көмекші.
Жігіттің үш жұрты бар: өз жұрты,
нағашы жұрты,
қайын жұрты.
« Үлкенге көмек» дегенді қалай түсінеміз?- Үлкендердің заттарын көтеріп, айтқандарын істеу керек.
Конституцияда отбасына қамқорлық туралы не айтылған? ( 27 - бабында «Неке мен отбасы, әке мен ана және бала мемлекеттің қарауында болады деп көрсетілген»).
Отбасының ұйтқысы - Ана
Отбасының басшысы - Әке
Венн диаграммасын жаздыру.

Тақтада жазылған мәтінді оқу: Мал қонысын іздейді, ер туысын іздейді.
IV. Топпен жұмыс істеу. Бағалау критерийлері тақтада ілулі тұрады.
- Тақырыптан ауытқымау
- Жауапты толық беру
- Уақыттан үнемдеу
- Топпен жұмыс жасау
- Бір -бірін тыңдап, құрметтеу
Екі топ берілген тапсырмаларды орындайды, диалог, әңгіме, синквейн жазады. Жобаларды қорғау.
1. Ағайын тату болса,

ат көп,

абысын тату болса,

ас көп

Үйдің жылы – суығын

қыс түскенде білесің.

Кімнің алыс – жақынын

Іс түскенде білерсің.

2. Салалас құрмалас сөйлемдерді толықтырып жазыңдар:

Сен маған әлемнің жарығын сыйладың, сен маған даланың әр гүлін ....... .

Сен үшін іздедім әлемнің асылын, іздедім сен үшін әлемнің ..... .

Айды, күнді саған сыйлар ем, кеш мені .... ..... .

Керекті сөздер: қолыма түспейді, байлығын, жинадың

Сөйлемдерді толықтырып жазыңдар. Әрбір екі жай сөйлемді бір құрмалас сөйлем етіп құрандар.

Белгілі жазушы Қ.Әбдіқадыров «Қажымұқан» повесінде палуанның өмірін .... . Әсіресе оның ... ... үлгі етеді. Ол әке-шешесіне … … жалданып жұмыс істейді. Масликов оған айына … …… … айлық төлейді. Қажымұқан Масликов ұсынысымен ... . Ол кезде ... ... бір қой сатып алуға болатын.

Керекті сөздер: көмектесу үшін, адамгершілік қасиетін, жазады, келіседі, бір сом сексен тиын, бұл ақшаға
Топтарға берілген тапсырмалар:
Қиылған мақалдарды мазмұнына қарай жинандар:
V. Дарынды балалармен жұмыс. Абдимажит Айман «Менің отбасымдағы есімдер құпиясы» ғылыми жобамен қысқаша сөз сөйлейді.

VIІІ. Қорытынды.
Отбасы дегеніміз өте жақын адамдар. Отбасында бәрі бірін - бірі жақсы көреді және қамқор болады.
Ата - ананы тыңдайық,
Айтқанынан шықпайық,
Ал, достарды қолдайық,
Қиын шақта қорғайық.

- Ендеше балалар «ІNSERT» жүйесі арқылы «Не үйрендік?» «Не білдік?» стикерлерді толықтырыңдар, бағалау парақтарға бағаларды қойындар.Сабақты бекітейік.
- Осымен сабағымызды аяқтаймыз.
Отбасымыз аман, деніміз сау болсын!
IX. Бағалау. Әр топ басшылары бағалау парағы арқылы өз топтарындағы оқушыларды бағалайды.
X. Үйге тапсырма: «Отбасында берілетін бата» мәтінін мазмұнын айту, мәтін бойынша сұрақтар дайындау
Категория: Казахский язык и литература | Добавил: Речной1 (11.12.2013) | Автор: Жанайдарова Гульмира Бексултановна E
Просмотров: 3124 | Рейтинг: 1.0/1
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Вход на сайт
Поиск
Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Театр.kz


  • Copyright "Школа" Интернет-портал "Детство-kz"© 2016
    Сайт управляется системой uCoz