Главная | Регистрация | Вход | RSSЧетверг, 08.12.2016, 23:24

Учителя Алматы

Меню сайта
Категории раздела
Биология [28]
ИЗО [12]
Профессиональное обучение [6]
Внеклассное чтение [16]
География [22]
Духовные ценности [10]
Если хочешь быть здоров [48]
Информатика [58]
История [49]
Иностранный язык [99]
Книжная полка [49]
Компьютер-бум [10]
Казахский язык и литература [181]
Математика [85]
Мир науки [11]
Моя Родина - Казахстан [42]
Музыка [97]
Начальная школа [399]
Общество семи муз [12]
Психологический клуб [11]
Русский язык и литература [129]
Родительское собрание [11]
Творческая личность [20]
Технология [21]
Физика [20]
Химия [31]
Экологическое воспитание [13]
Самопознание [35]
Наш опрос
Считаете ли вы результаты ЕНТ справедливыми?
Всего ответов: 1522
Статистика

Онлайн всего: 2
Гостей: 2
Пользователей: 0

Каталог статей

Главная » Статьи » Мастерская учителя » Казахский язык и литература

"Білекті бірді,білімді мыңды жығар" (сайыс)
Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы,
Ембі қаласы,№2 орта мектеп.

Гуманитарлы пәндердің аптылығы аясында
5«а»,5«б» кластар арасында өткен сайыс сабақ.
Тақырыбы:"Білекті бірді,білімді мыңды жығар"


Пән мұғалімі:Э.М.Курантаева.

2013-2014 оқу жылы.

Мақсаты: оқушылардың қазақ тілінен және әдебиетінен алған білімдерін тексеру.
Міндеттері:
 тілді жақсы меңгерген класты анықтау;
 оқушылардың сауаттылығын арттыру;
 білімге ұмтылуға,ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: кеспелер,тапсырма жазылған парақ-тар,эмблемалар.
Әдіс-тәсілдер: топтық жұмыс,сұрақ-жауап, ой толғау.
Пәнаралық байланыс: ауыз әдебиеті,ағылшын тілі,орыс тілі.
Сабақтың ұраны:
Көп тіл білсең көкжиегің кең болар,
Құрметтейді кісі екен деп төрге озар.
Қай елде жүрсең де бұл дұрысы-
Мемлекеттік тілді білген жөн болар.
Сайысымыздың кезеңдері:
І кезеңі «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте»
ІІ кезең «Өлең — сөздің патшасы,сөз сарасы»
ІІІ кезең.«Тізбектен шықпа»ойыны.
ІV кезең. «Cөз тапқанға қолқа жоқ.»
V кезең. «Қысқа әрі нұсқа.»
Барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі.
1) Алдын ала тағайындалған топтарды шақыру.
2) Әділқазылар алқасын сайлау.
3) Сайыстың мақсатымен таныстыру.
4) Топтардың аттарымен , ұранымен танысу.

Құрметті оқушылар, ұстаздар, қонақтар! Гуманитарлы пәндердің аптылығы аясында 5«а»,5«б» кластар арасында «Білекті бірді, білімді мыңды жығар» сайысында оқушылар өз білімін, сөз байлығының молдығын,тапқырлығын көрсетеді.

Әділқазы алқасы бағалайды білімді,
Тапқырлықты ескеріп анықтайды білгірді, -дей келе әділқазы мүшелерімен таныстырып өтейін.
1.Жарыкова Бақыт Төлеуқызы – мектеп директорының тәрбие ісі меңгерушісі.
2.Буркитова Гүләйым Бақытжанқызы – қазақ тілі және әдебиетінің мұғалімі.
3.Альблекова Маржангүл Серікқызы – мектеп директорының оқу-әдістеме орынбасары.
Сайысқа «Жас ұлан» және «Бәйтерек»топтары қатысады.
Оларды қошеметтеп қарсы алайық!
Өнер қуып сайыскерлер өтер деймін,
Бір басына өнері жетер деймін.
Бәсеке түскен сайыскерлер кезектесіп,
Таныстырып өздерін өтсе деймін.
Сайысымыздың І кезеңі «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» Бұл кезеңде оқушылар жұмбақты шешіп жауабын 3 тілде айту керек. Дұрыс жауабы 5 ұпай, орыс тілінде айтса 5 ұпай қосылады, ағылшын тілінде айтса тағы 5 ұпайға ие болады.
«Жас ұлан» тобына
1.Білімнің жол басшысы 2. Сағат сайын қағылады,
Шәкірттің қол басшысы Тек мектептен табылады
(мұғалім-учитель- teacher) (қоңырау-звонок- The bell)
3. Үйреткен білімді
Қырық екі ілімді. (әліпби-алфавит- Alphabet)
4. Ұшымен қазық тор көздi жазық.
Үстiнен өттiм,асыл сөз жазып. (Дәптер-тетрадь-Notebook.)
5. Оқушыға күнде ерiп,
Жүретiн не? (Күнделiк-дневник- a pupil's)

«Бәйтерек» тобына
1.Ілулі тұр кең алаң, 2. Кең алаң – тақырдан,
Керегімді мен одан. Шиырлап қайтады
Жазып алам көшіріп, Ақ қант қатырған.
Сүртем сосын өшіріп. (бор-мел- chalk)
(Тақта-доска-blackboard) 4. Бөлiнгендi табыстырып,
3.Ойды аяқтап қорытады, Бiрiктiрсе қабыстырып.
Соңында доп тұрады. Жымдастырған жiгiт де,
(Сөйлем-предложение-sentence) Байқамайсың түгiн де.
(Желім-клей-glu)
5. Жұқа тақтай бөлшегi,
Ұзындықтың өлшемi. (Сызғыш-линейка-ruler)
ІІ кезең «Өлең — сөздің патшасы,сөз сарасы»
Әр топтан бір оқушы шығып еркін тақырыпта мәнерлеп өлең оқиды.
ІІІ кезең.«Тізбектен шықпа»ойыны.
Бір оқушы сөздер айтады. Сол сөздің соңғы әрпінен басталатын бір сөзді келесі оқушы айту керек.
Мысалы:қарбыз-зымыран-нан-нысана-ас-сүт...
3 секунд ішінде айта алмаған оқушы ойыннан шығады.Қай топтың мүшесі жеңсе сол топқа 10 ұпай беріледі.
ІV кезең. Cөз тапқанға қолқа жоқ.
Сайыстың бұл кезеңінде екі топ кезектесіп адамның есімі бар өлеңнің жолын айтады.Мысалы:
«Әлия-ару қызы сен халқымның...», «Жазира жасыл кілем өрнектеген...», «Айдана, Айдана, Айдана, әжесін сүймейтін қай бала?»
Жеңген топ 10 ұпайға ие болады.
V кезең. Қысқа әрі нұсқа.
Көп тыңдай біл, сөздеріңді таңдай біл,
Ізгі ойларды әр жүрекке жалғай біл!- демекші, көркем ойды тобықтай түйінді сөзбен жеткізетін уақыт келсе керек.
Әр топқа тұрақты тіркестер беріледі .Олар тіркестің мағынасын ашады.
«Жас ұлан» тобына
1.Айы оңынан туды-жолы болды.2.Аузының салымы бар-несібелі кісі. 3.Жер аяғы қиянда-алыс. 4. Көз жазып қалу -адасу
5.Үріп ауызға салғандай-әдемі. 6.Ешкімнің ала жібін аттамау-қиянат жасамау.7.Бармағын тістеді-өкінді. 8. Аузын буған өгіздей-үндемеу.9.Мұзға отырғызып кетті - алдап кетті.
10. Мойны жар бермеді-ерінді.
«Бәйтерек» тобына:
1.Аяғын шалыс басу-қателесу.2.Төбе шашы тік тұру-қорқу.3.Көкірегіне нан пісті- тәкаппарлану.4.Қол ұшын беру-көмектесу.5.Қыздың жиған жүгіндей-тиянақты.6.Қой аузы-нан шөп алмас-жуас.7.Арасынан қыл өтпейтін-тату.8.Аузымен орақ ору-бос уәде беру.9. Саусағының ұшын қимылдатпады (қозғалмады, еш нәрсе істемеді).10. Беті бүлк етпеді (ұялмады).
Қорытындылау
Бес болсын алар бағамыз,
Білімнен бақыт табамыз.
Өнер-білім көп тоқып,
Өсе берсін санамыз,- деп бүгінгі сайысымыздың әділ бағасын берер әділқазы алқасына сөз кезегін береміз.
Категория: Казахский язык и литература | Добавил: Эльвирок (12.12.2013) | Автор: Курантаева Эльвира Магауевна E
Просмотров: 3120 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Вход на сайт
Поиск
Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Театр.kz


  • Copyright "Школа" Интернет-портал "Детство-kz"© 2016
    Сайт управляется системой uCoz