Главная | Регистрация | Вход | RSSПонедельник, 05.12.2016, 01:20

Учителя Алматы

Меню сайта
Категории раздела
Биология [28]
ИЗО [12]
Профессиональное обучение [6]
Внеклассное чтение [16]
География [22]
Духовные ценности [10]
Если хочешь быть здоров [47]
Информатика [58]
История [48]
Иностранный язык [99]
Книжная полка [49]
Компьютер-бум [10]
Казахский язык и литература [181]
Математика [85]
Мир науки [11]
Моя Родина - Казахстан [42]
Музыка [97]
Начальная школа [399]
Общество семи муз [12]
Психологический клуб [11]
Русский язык и литература [129]
Родительское собрание [11]
Творческая личность [20]
Технология [21]
Физика [20]
Химия [31]
Экологическое воспитание [13]
Самопознание [35]
Наш опрос
Считаете ли вы результаты ЕНТ справедливыми?
Всего ответов: 1521
Статистика

Онлайн всего: 4
Гостей: 4
Пользователей: 0

Каталог статей

Главная » Статьи » Мастерская учителя » Казахский язык и литература

Арал.
Итемгенова Гүлнәр Болатбекқызы,
№1 орта мектебінің
қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі.
Қостанай қаласы.


Сабақтың тақырыбы : Арал.

Сабақтың мақсаты:

1 білімділік: тақырып бойынша сөйлей білу; сөздік қорларын молайтып, оны күнделікті өмірде қолдана білуге үйрету;
2 дамытушылық: әр түрлі әдіс-тәсілдер арқылы оқушының ойын дамыту үшін өз ойын еркін жеткізуге дағдыландыру; берілген тапсырмаларды өз беттерінше орындауға дағдыландыру
3 тәрбиелік: табиғатқа байланысты айтылған мақал-мәтелдер, тыйым сөздердің мағынасын түсіндіре отырып, балаларды туған жердің табиғатын қорғауға, Отанын сүюге баулу.

Сабақтың типі: жаңа сабақ
Сабақтың түрі: проблемалық оқыту сабақ
Сабақтың әдістері: сұрақ-жауап, мәтінмен жұмыс, жаңа сөздермен жұмыс
Сабақтың көрнекілігі: презентация

Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру кезеңі.
Сәлемдесу, сыныпты түгендеу.

ІІ Тіл дамыту.
- Қазір жылдың қай мезгілі?
- Көктемде табиғатта қандай өзгерістер болады?
- Көктем айларын атаңдар.
- Бүгін наурыздың нешесі? Аптаның қай күні?

Сабақтың мақсаттарын айту.
Оқушы нені білуі тиіс:
• берілген сөйлемдерге сұрақ қою
• жаңа сөздерді түсіндіру
Оқушы нені үйренуі қажет:
• берілген тақырып бойынша сөйлесу
• мәтіндегі негізгі ойды анықтау
• тірек сөздерді пайдаланып, сөйлем құру

(Сыныпты 3 топқа бөлемін. Топ жетекшілер әр тапсырмалардың орындауына қарай 3 түрлі карточкалармен бағалайды: «5»-қызыл, «4»-көк, «3»-сары)

ІІІ Жаңа сабақ: Арал.
Адамдардың табиғатсыз күні жоқ,
Оны айтуға табиғаттың тілі жоқ.
(Теңіздің дыбыстарын қосу)
- Балалар тыңдаңдар бұл не? Бұл ненің дыбыстары? Бүгінгі сабақтың тақырыбымыз
қандай? Арал теңізі.

Презентацияны көрсету.

Проблемалық сұрақ: Арал теңізінің мәселесі неде?

Бұл мәселе бойынша жаңа сөздермен танысайық.
ІV Жаңа сөздермен жұмыс:

Текше шақырым –
Су айдыны –
Сүзек –
Шегініп кеткен –
Теңіз табаны –
Жұқпалы –
Түйткіл –
Қасірет -

V Мәтінмен жұмыс:
1. Мәтінді түсініп оқу;
2. Берілген сөйлемдерге сұрақ қою. Тапсырма 245-бет.
3. Айтылым 246-бет. Берілген сөз тіркестерін қазақ тілінде айтыңдар.
Экологическая проблема, экологическая катастрофа, экологический кризис, воздушный бассейн, мировой экологический кризис, соленый дождь.
4. Тірек сөздерді пайдаланып, сөйлем құраңдар.

VI Арал теңізінің мәселесі:
1. Теңіз суы жағадан кейін қарай ондаған шақырымға шегініп, теңіз табаның көптеген жері сусыз қалған.
2. Жергілікті халықтың арасында қатерлі ісік, сүзек сияқты түрлі жұқпалы аурулар таралуда.
3. Теңіз табанынан ұшқан аса қауіпті тұзды шаңдарды жел Атлант мұхитына, Солтүстік Мұзды мұхитқа дейін жеткізгені байқалған.

VІІ Бекіту кезеңі: Бұл мәселені қалай шешуге болады?

Мәтіңді пайдаланып, бұл сұраққа жауап беріңдер. 246-бет
1. Арал қасіреті республика аумағынан асып, бүкіләлемдік мәселеге айналып отыр.
2. Оны сауықтыру бағытында Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Түрікменстан Президенттері бірнеше рет кездесті.
3. Мемлекет басшылары шешімімен Арал бассейнін қалпына келтіру жобаларына қолдау білдіру туралы шаралар айқындалды.
Мұндай мәселелер болмау үшін табиғатты аялау, қорғау керек. Сондықтан мынадай тыйым сөздерді оқып, дәптерлеріне жазыңдар. Есте сақтаңдар.

VІІІ Тыйым сөздер:
1. Суды бекер төкпе! Судың да сұрауы бар!
2. Қарлығаштың ұясын бұзба!
3. Шөпті жұлмайды, аққуды атпайды.
4. Жерді теппе елді сөкпе!
5. Құс жұмыртқасын жарма!
ІХ Қорытындылау:
Сабақта не істедік? Не білдік?

Х Үйге тапсырма: Тыйым сөздерді жаттап алу.

ХІ Бағалау:
Категория: Казахский язык и литература | Добавил: Шипина (22.01.2014) | Автор: Алия E
Просмотров: 774 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Вход на сайт
Поиск
Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Театр.kz


  • Copyright "Школа" Интернет-портал "Детство-kz"© 2016
    Сайт управляется системой uCoz