Главная | Регистрация | Вход | RSSПятница, 09.12.2016, 18:40

Учителя Алматы

Меню сайта
Категории раздела
Биология [28]
ИЗО [12]
Профессиональное обучение [6]
Внеклассное чтение [16]
География [22]
Духовные ценности [10]
Если хочешь быть здоров [48]
Информатика [58]
История [49]
Иностранный язык [99]
Книжная полка [49]
Компьютер-бум [10]
Казахский язык и литература [182]
Математика [85]
Мир науки [11]
Моя Родина - Казахстан [42]
Музыка [97]
Начальная школа [399]
Общество семи муз [12]
Психологический клуб [11]
Русский язык и литература [132]
Родительское собрание [11]
Творческая личность [20]
Технология [21]
Физика [20]
Химия [31]
Экологическое воспитание [13]
Самопознание [35]
Наш опрос
Считаете ли вы результаты ЕНТ справедливыми?
Всего ответов: 1522
Статистика

Онлайн всего: 4
Гостей: 4
Пользователей: 0

Каталог статей

Главная » Статьи » Мастерская учителя » Казахский язык и литература

Открытый урок по теме "Үй жануарлары"
Ашық сабақ
Тақырып: Үй жануарларының пайдасы.
Мақсаты:а) өткен сабақпен байланыстыра отырып, «Есімдік» және «Иелік форманы» қайталау, сөздік қорын тексеру, тақырып бойынша алған білімдерін тиянақтау.
б) қазақша сауатты сөйлеуге, қысқаша мазмұндауға үйрету, оқушылардың ой-өрісін дамыту.
в) ұлттық салт-дәстүрлерге оқушылардың қызығушылықтарын арттыру, табиғат байлығын қорғауға, сүюге баулу.
Көрнекілік:суреттер, таблицалар, тест,слайдтар.
Сабақ түрі: біліктілікті қалыптастыру, қайталау-тренинг сабағы.
Сабақ барысы.
І.Ұйымдастыру кезеңі. Сәлеметсіздер ме, құрметті қонақтар! Сәлеметсіңдер ме, балалар!
Балалар! Бүгін нешесі?-... .
Қазір нешінші жыл?-2014 жыл.
Ол ненің жылы?- Жылқы жылы. (1 слайд)
Жылқы-жеті қазынаның бірі, ол-адамның досы.
Ол-не?-Жануар.
Жануарлар қандай болады? - Жабайы және үй жануарлары.
Ал, енді үй жануарларына нелер жататынын сендер мына тапсырмаларды орындап білесіңдер.
Ітапсырма.Мына әріптерден сөз құрап, үй жануарының атын табыңдар. Й,Т,Е,Ү.-Түйе. (2 слайд)
ІІ. Мәтінді оқу. Бұл өте жүйрік, суыққа төзімді мал. Батырлардың жан серігі, құтқарушысы, өте қасиетті жануар. Қазақстан Республикасының елтаңбасында суреттелген. Ол-не? - Жылқы. (3 слайд)
ІІІ.Мына әріптерден сөз құрап, үй жануарының атын табыңдар.С,Р,И,Ы. (4 слайд)
ІV.Жұмбақтың шешуін табыңдар.
Менің атам бақты оны,
Үстінде бар ақ тоны.Ол-не? Қой, ешкі. (5 слайд)
Тапсырмалар дұрыс орындалды.
ҮЙ ЖАНУАРЛАРЫ:ТҮЙЕ,ЖЫЛҚЫ,СИЫР,ҚОЙ, ЕШКІ.
Оларды қазақ халқы қалай атайды?-Төрт түлік-мал.
Біз бүгін сабақта осы төрт түлік туралы әңгімелесеміз.
Сабақ мақсаты айтылады.
Білу. Үйрену. Қадірлеу.
Мұғалім: Үй жануарларының адам үшін орыны ерекше, көшпелі тұрмыс кешкен қазақ халқының бар өмірі, салты, санасы малмен байланысты. (6 слайд) - «Өлкенің көркі мал болар»,- дейді қазақ халқы. Мінсе-көлік, кисе-киім, жесе-тамақ болған. Оларды бағып, пайдасын көрген.
Балалар, біз сабақта төрт түліктің пайдасын тағы да еске түсірейік. Олар туралы не білесіңдер?
ІІ кезең. Үй жұмысын тексеру.
Тапсырмалар әр топқа беріледі.
1 топ.-Мағынасына қарай жұптастыру.
Жануар Қалай дабыстайды? Не істейді?
Түйе кісінейді құлындайды
Жылқы боздайды боталайды
Сиыр маңырайды лақтайды
Қой, мөңірейді бұзаулайды
Ешкі мөңірейді қоздайды
ІІтоп. Малдың төлін атау.
А) Баладай баққан аталар, Түйе баласы ... бар. (бота-7 слайд)
Б) Ұмытпағай ұлым, Жылқы баласы-... (құлын-8 слайд)
В) Су ішкен мынау, Сиыр төлі-... (бұзау-9 слайд)
Г) Момақан-ақ өзі, Қой баласы-... (қозы-10 слайд)
Д) Құлақтары шұнақ, Ешкі баласы-... (лақ-11 слайд)
Сонымен, балалар, төрт түліктің төлін еске түсірдік. (Бағалар-)
Мұғалім: Бір күні үй жануарлары адам үшін мен пайдалы деп таласыпты. Соны тыңдап көрейік. Қуыршақ көрінісі. Суреттермен баяндайды.
Жылқы: Адам мені салт мінеді, жазда арбаға, қыста шанаға жегеді. Сүтімнен қымыз жасайды. Қымыз пайдалы сусын. Адам үшін мен өте пайдалымын.
Түйе: Жоқ, келіспеймін. Адам маған жүк артады. Сүтімнен шұбат жасайды. Жүнімнен киіз тоқиды. Адам үшін мен өте пайдалымын.
Сиыр: Адам менің етімнен тамақ, сүтімнен айран, май, ірімшік, қаймақ жасайды. Менімен ырыс кіреді. Адам үшін мен өте пайдалымын.
Қой: Босқа таласпаңдар! Адам менің жүнімнен мата тоқиды, қымбат көйлек, киім тігеді. Сүтімнен сүзбе, ірімшік жасайды. Адам үшін мен өте пайдалымын.
Балалар! Қалай ойлайсыңдар? Қандай жануар өте пайдалы?-Эрине, Әр жануар адам үшін өте пайдалы. Енді соны көрейік.
ІІІ кезең. Қайталау. Әр слайд бойынша сөйлем құрастыру.
12 слайд. Түйе-жүн, сүт, тері, ет береді. Ол-көлік. Оның төлі-бота. Сүтінен шұбат жасайды. Жүнінен киіз тоқиды.
13 слайд. Жылқы-сүт, ет, тері береді. Ол-көлік. Төлі-құлын. Сүтінен қымыз жасайды.
14 слайд. Сиыр-сүт, ет, тері береді. Төлі-бұзау. Сүтінен қаймақ жасайды.
15 слайд. Қой, ешкі-ет, сүт, тері береді. Төлі-қозы, лақ. Сүтінен ірімшік жасайды.
Әр жануар туралы айтқандарға баға қойылады.
ІV кезең. Тіл дамыту жұмыстарын өткізу.
1) Есідіктерді қайталау.
Кім? Не? Ненің? Несі? Несінен? Қандай?
Не жасайды? Не істейді?
Тасырмалар:1) Үлгі бойынша сөз тіркестерін жасау.
Сиырдың сүті, түйенің терісі, ... ..., ...,
Қойдың еті, еті-қандай? Еті-семіз.
Түйенің жүні, Түйе жүнінен, ....,
2) Сөйлем құрастыру.
1. Әжем тоқиды.
2. Әжем киім тоқиды.
3. Әжем жүннен киім тоқиды.
4. Әжем қой жүнінен киім тоқиды.
5. Әжем қой жүнінен әдемі киім тоқиды.
Не істейді? 1. жасайды 2. тоқиды
3. тігеді 4. береді
5. пісіреді 6. әзірлейді
Әр оқушы осы берілген сөздермен 2-3 сөйлем құрастырады.
Vкезең. Суретке қарап, мәтінмен жұмыс жасау. (Видеофильмнің үзіндісін көрсету) (16 слайд) Балалар орысша тыңдап көреді.
Енді, балалар, мен осы фильм туралы қазақша оқимын, сендер мұқият тыңдаңдар.
Мұғалім оқиды: Қазақстан жері, табиғаты мал өсіруге өте қолайлы. Үй жануарлары сүтімен, етімен, терісімен, жүнімен пайдалы. Қазақ халқы оларды өте қадірлейді. Мал өсіру қиын жұмыс. Әрбір тағам үлкен еңбекпен келеді екен. Көп сүт, ет алу үшін малды дұрыс бағып, күту керек екен. Халық ең асылын малға бағалаған. Баласын жақсы көргенде «құлыным», «ботам», «қозым» деп аймалаған.
Осы мәтін бойынша сендер тест сұрақтарына жауап беріңдер.
Мұғалім тағы екі рет мәтінді оқып шығады.
Тест.
1. Үй жануарлары не береді?
а) сүт, ет, тері
б) қымыз, шұбат, жұшық
в) нан, қаймақ, көрпе
2. Қазақстан жері мал өсіруге қолайлы ма?
а) өте қолайлы
б) қолайлы емес
в) өте қолайлы емес
3. Баласын жақсы көргенде адам қалай айтқан?
а) добым, айым, үстелім
б) дәптерім, көйлегім, күнім
в) ботам, құлыным, қозым
4. Көп сүт, ет алу үшін не істеу керек екен?
а) ауылда жұмыс істеу
б) малды дұрыс бағып, күту
в) егінші болу
5. Кім? Не? Ненің? Несі? Несінен? Қандай? деген есімдіктер қалай аталады?
а) жіктеу
б) сілтеу
в) сұрау
VІ кезең. Қорытынды.
1.Бүгін біз не туралы әңгімелестік?
2.Олардың пайдасы бар ма?
3.Оларды қорғау, бағу керек пе?
VІІ кезең. Үй жұмысы: Үй жануарлары туралы 5 сөйлем құрастырып, жазу.
Категория: Казахский язык и литература | Добавил: TaskuzhinaZA (23.01.2014) | Автор: Таскужина Жулдузай Амержановна E
Просмотров: 2760 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 1
1 akmaral1976   (10.06.2014 01:10)
Көп рахмет!Сабағыңызды қарап шықтым,шығармашылық табыс тілеймін!

Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Вход на сайт
Поиск
Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Театр.kz


  • Copyright "Школа" Интернет-портал "Детство-kz"© 2016
    Сайт управляется системой uCoz