Главная | Регистрация | Вход | RSSСуббота, 03.12.2016, 16:34

Учителя Алматы

Меню сайта
Категории раздела
Биология [28]
ИЗО [12]
Профессиональное обучение [6]
Внеклассное чтение [16]
География [22]
Духовные ценности [10]
Если хочешь быть здоров [47]
Информатика [58]
История [48]
Иностранный язык [99]
Книжная полка [49]
Компьютер-бум [10]
Казахский язык и литература [181]
Математика [85]
Мир науки [11]
Моя Родина - Казахстан [42]
Музыка [97]
Начальная школа [399]
Общество семи муз [12]
Психологический клуб [11]
Русский язык и литература [129]
Родительское собрание [11]
Творческая личность [20]
Технология [21]
Физика [20]
Химия [31]
Экологическое воспитание [13]
Самопознание [35]
Наш опрос
Считаете ли вы результаты ЕНТ справедливыми?
Всего ответов: 1520
Статистика

Онлайн всего: 3
Гостей: 3
Пользователей: 0

Каталог статей

Главная » Статьи » Мастерская учителя » Казахский язык и литература

Интеллектуалды жарыс "Тіл білгірі "
Солтүстік-Қазақстан облысы
Ақжар ауданы
Горьковский орта мектебінің
Қазақ тілі мен қазақ әдебиеті мұғалімі
Габдуллина Сауле Каиргельдиновна

Интеллектуалды жарыс « Тіл білгірі »
Мақсаты: Жоғарғы сынып оқушыларының ҰБТ-ға дайындығын
тексеру. Алған білімдерін қолдана білуге үйрету.
Жылдамдыққа, алғырлыққа тәрбиелеу
Керекті құрал жабдықтар:
1. Қорапша, шарлар
2. Команда эмблемалары.
3. Тіл туралы жазылған қанатты сөздер.
Жарыс шарттары:
1.Сайысқа 2 команда қатысады. Жеребе бойынша кім бірінші жауап беретіні анықталады.
2.Команда капитандары кезекпен қорапшадан нөмірленген шарларды
алады.
3. Әрбір сайыста жұп сұрақтар немесе тапсырмалар бар. Командалар кезекпен жауап береді .
4. Әділқазылар алқасы әр сайысты бағалайды. Жоғарғы баға - 5 ұпай.
5. Сұраққа дұрыс жауап беруге 30 секунд беріледі. Егер сұраққа дайындықсыз жауап берілсе, үнемделген уақыт команда қорында қалады.
Сайыс. « Кім білгір?»
Сұрақтар:
1. «Қазақфильм» киностудиясынан шыққан тұңғыш фильм (Аманrелді)
2. Қазақстандағы ең терең көл? ( Балқаш)
3. Алматыға дейінгі Қазақстанның астанасы болған қала? ( Қызылорда)
4. Алғашқы кәсіпқой суретші ( Әбілхан Қастеев)
5. « Отырар сазы» оркестрін ұйымдастырған композитор
(Н.Тілендиев)
6.Әлемнің екі дүркін чемпионы болған балуан ( Ж. Үшкемпіров)
Сайыс « Грамматика әлемі»
Берілген жауаптардан дұрысын таңдау.
1. Атау мен Іліктен басқа септіктердің сұрақтарына жауап беретін сөйлем мүшесі А) Бастауыш
В) Толықтауыш
С) Пысықтауыш
2. Фонетика нені зерттейді? А) Сөз құрамын
В) Тіл байлығын
С) Тіл дыбыстарын
3. Дыбысталуы бірдей, мағынасы әр түрлі сөздер А) Синоним
В) Омоним
С) Антоним
4. Сөздердің орны әбден қалыптасқан және құрамындағы сөздерден мүлдем басқа мағына беретін тіркес А) Тұрақты тіркес
В) Сөз тіркесі
С) Қанатты сөздер
5. Дауысты дыбыстар тілдің қатысына қарай жіктеледі
А) Жуан, жіңіщке
В) Ашық, қысаң
С) Езулік, еріндік
6. Айтылу мақсатына қарай сөйлем түрлері А) Толымды, толымсыз
В) Лепті, сұраулы
С) Жалаң, жайылма
7. Тұрлаусыз мүшелер А) Бастауыш, баяндауыш, пысықтауыш
В) Анықтауыш, баяндауыш, толықтауыш
С) Анықтауыш, толықтауыш, пысықтауыш
8. Қаратпа сөздер, қыстырма сөздер, одағай сөздер – А) Оқшау сөздер
В) Түбір сөздер
С) Түбірлес сөздер
Сайыс « Мақал – сөздің мәйегі»
Әр командаға конверт беріледі. Оның ішінде қағазға білім, оқу, Отан, еңбек туралы жазылған мақалдың жартысы бар. Тапсырма: Мақалдардың жартыларын табу.
1. Өнер алды (қызыл тіл)
2. Туған жердей жер болмас (туған елдей ел болмас)
3. Отансыз адам ( ормансыз бұлбұл)
4. Атаңа не қылсаң (алдыңа сол келер)
5.Бақытсыз өмір (сөнген көмір)
6. Отан (оттан да ыстық)
7. Тау мен тасты су бұзады ( адамзатты сөз бұзады)
8. Тоқсан ауыз сөздің ( тобықтай түйіні бар)
9. Көз қорқақ (қол батыр)
10. Көп сөз – көмір ( аз сөз – алтын )
Сайыс «Тұрақты сөз тіркестері»
Берілген тұрақты тіркесті түсіндіріңдер:
1. Қас пен көздің арасындай (тез)
2. Алақанның аясындай (тар жер)
3. Екі аяғын қолына алу (асығу)
4. Инемен құдық қазғандай (қиын, ауыр)
5. Көзді ашып жұмғанша (тез)
6. Мұзға отырғызу ( алдау)
7. Соқырға таяқ ұстатқандай ( анық)
8. Түйенің тұяғы түсетін жер ( өте алыс жер)
Сайыс « Бір үйдің балаларындай»
Тапсырма : Берілген сөздерді мағынасына қарай жинақтау
1. Ажар, бет, жүз, дидар, санжар.
2. Сабырлы, байсалды, салмақты, ойнапты, байыпты.
3. Әдемі, сүйкімді, көрікті, жүріпті, келбетті.
4. тамаша, жақсы, мақұл, жарайды, жұмыс
Сайыс «Кім туралы айтылған?»
Сөйлемдерде кімдер туралы айтылады?
1. Хат пен жазуды білмеген жүз жасаған жыр алыбы. ( Жамбыл Жабаев)
2. Ол туралы М. Әуезов үлкен роман жазған. Оның қара сөздері бар.Жыл сайын оқулар өткізеді ( Абай )
3. Өз әнімен Франция мен Германияны таңқалдырды.
(Әміре Қашаубаев)
4. Жасынан ұшқыш болуды армандаған екі мәрте Кеңес Одағының батыры ( Т. Бигельдинов)
5. «Музыканың ұлы кітабы» деп аталатын еңбекті жазған ғалым
(Әбу Насыр Әл Фараби) 6.«Невада – Семей» антиядролық қоғамдық қозғалысының
президенті (Олжас Сүлейменов)
7.»Жеті жарғы» заңдар жинағын жазуға қатысқандар
(Төле би, Қазыбек би)
8. Сахнада Еңлік, Қыз Жібек бейнелерін ойнаған бұлбұл әнші
(Күляш Байсейітова)
Қорытынды
Әділқазылар алқасы әр сайыстан кейін жиналған ұпайларын санап, сөз сөйлейді.
Категория: Казахский язык и литература | Добавил: Саулеха (24.01.2014) | Автор: Габдуллина Сауле Каиргельдиновна E
Просмотров: 1962 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 1
1 устаз   (02.07.2014 11:14)
Сабақтың барысында оқушылар өздерін жан-жақты білімді екендіктерін көрсетеді, өйткені сұрақтар әдебиет, мәдениет, өнер саласына қатысты. Сондықтан тақырыбын өзгеше қойған дұрыс қой деп ойлаймын. Жалпы сабақ жоспары ұнады. Мазмұнды, тиімді. Сәттілік тілеймін!

Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Вход на сайт
Поиск
Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Театр.kz


  • Copyright "Школа" Интернет-портал "Детство-kz"© 2016
    Сайт управляется системой uCoz