Главная | Регистрация | Вход | RSSСуббота, 10.12.2016, 15:43

Учителя Алматы

Меню сайта
Категории раздела
Биология [28]
ИЗО [12]
Профессиональное обучение [6]
Внеклассное чтение [16]
География [22]
Духовные ценности [10]
Если хочешь быть здоров [48]
Информатика [58]
История [49]
Иностранный язык [99]
Книжная полка [49]
Компьютер-бум [10]
Казахский язык и литература [182]
Математика [85]
Мир науки [11]
Моя Родина - Казахстан [42]
Музыка [97]
Начальная школа [399]
Общество семи муз [12]
Психологический клуб [11]
Русский язык и литература [132]
Родительское собрание [11]
Творческая личность [20]
Технология [21]
Физика [20]
Химия [31]
Экологическое воспитание [13]
Самопознание [35]
Наш опрос
Считаете ли вы результаты ЕНТ справедливыми?
Всего ответов: 1523
Статистика

Онлайн всего: 4
Гостей: 4
Пользователей: 0

Каталог статей

Главная » Статьи » Мастерская учителя » Казахский язык и литература

Разработка открытого урока "Абайдың мұражай-үйі"
Сабақтың тақырыбы: Абайдың мұражай – үйі. Сабақтас құрмалас сөйлемнің түрлері.

Мақсаты: Оқушыларды Абайдың мұражайымен таныстыру, әр түрлі әдістер арқылы сөз байлығын тексеру, өз ойларын, пікірін еркін айта беруге, сабақтас құрмалас сөйлем түрлерін ажыратуға үйрету.
Ауызша, жазбаша ойлау мен сөйлесу дағдысын арттыру, өзіндік талдау, жинақтау жасауға дағдыландыру, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Белгілі адамдар өмірін өнеге етіп тәрбиелеу, оқушылардың қазақ тіліне белсенділігін, қызығушылығын арттыру.

Сабақтың түрі: топтап, даралап, ұжымдық.

Сабақтың әдісі: сөздік, көрнелік, жартылау-ізденушілік, зерттеушілік.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі. – Балалар, бүгінгі сабақта біз Абайдың мұражайымен танысып, мәтіннің көмегімен жазылым, оқылым, танылым дағдысын дамытып, мәтінмен жұмыс барысында грамматика бойынша сабақтас құрмалас сөйлемдердің түрлерін қайталап, алған білімдерімізді бекітеміз.

Сендердің алдарыңызда әр қайсыңда алгоритмикалық карта жатыр. Осы карта бойынша тапсырмаларды орындап, өздеріңді бағалап отырасыңдар.

-Назарларыңызды тақтаға аударыңдар.

1. Қайталау.
а. Сызбалар қандай сөйлемдерді білдіреді?
(__________ ... са, се), (____________ _______).

(_________ … са да, -ған, -мен),(__________ _________).

(_____________...-ған да,- ған ша, -ған,-нан),(________ __________).

(_________...- ған –дықтан, -ған соң),(___________ ____________).

(_________... – үшін, -мақ),(_________ __________).

(__________...- ып, -іп, -п,-а,-е,-й),(________ _____________).

-Сабақтас құрмалас сөйлем деген не?
-Сабақтас құрмалас сөйлемнің неше түрі бар?
-Бүгін сабақты топпен өткіземіз. Бірінші қатар – бірінші топ, екінші
қатар –екінші топ, үшінші қатар үшінші топ.
Дәптеріңізді ашып бүгінгі күнді жазыңдар. Әр қатар тірек сызба бойынша сөйлемдер құрап, дәлелдейді.

ә. Екі сабақтас құрмалас сөйлем құраңдар:
бірінші топ шартты бағыныңқылы, ( тақтада)
қарсылықты бағыныңқылы.
екінші топ мезгіл бағыныңқылы, (тақтада)
себеп бағыныңқылы.
үшінші топ мақсат бағыныңқылы, (тақтада)
қимыл сын бағыныңқылы.
б. Сөйлемдерді дәлелде.

- Балалар, мәтінмен танысуды мен мына сөздермен бастағым келді.
«Өлді деуге сыя ма, ойлаңдаршы, өлмейтұғын артына сөз қалдырған?»
Бұл бүгінгі жаңа тақырыптың ұраны. Осы сөздерге әрі ораламыз.

- Ал, енді мәтінмен танысайық. «Абайдың мұражай-үйі». Қазір әр топ өз абзацымен тапсырмаларды дайындайды.

2. Мәтінмен жұмыс.
1 қатар а. 1-2 абзацты оқып, ат қой.
ә. Негізгі ойын айтып бер.
б. Негізгі ойын білдіретін тірек сөз тіркестерді теріп жаз.

2 қатар а. 3-ші абзацты оқып, ат қой.
ә. Негізгі ойын айтып бер.
б. Негізгі ойын білдіретін тірек сөз тіркестерді теріп жаз.

3 қатар а. 4-5 абзацты оқып, ат қой.
ә. Негізгі ойын айтып бер.
б. Негізгі ойын білдіретін тірек сөз тіркестерді теріп жаз.
- Мәтіннен мұражай туралы алған білімдерімізді бекіту үшін келесі тапсырмаларды орындаймыз.
1 қатар в. Хронологиялық жұмыс.
2 қатар в. Ассоциялық жұмыс.
3 қатар в. Мәтінге сұрақтар қой.

3. Деңгейлік тапсырмаларды орындау. Әр топ өз абзацынан:
а. Бір сөйлемге синтаксистік талдау жаса.
ә. Сөйлемдегі сөздердің септік жалғауларын анықта.
б. Мәтіндегі сөйлемдер негізінде сабақтас құрмалас сөйлем құра.
Берілген екі жай сөлемдерден бір сабақтас құрмалас сөйлем құраңдар.
1. Ақынның туғанына жүз жыл толды.
Жидебайдағы Абай қыстауы оның мұражай – үйіне айналды.
2. Мұражайдың бөлмелері толық болды.
Ақынның жақын туыстары, достары, замандастары заттарын берді.
3. Бірінші есіктен ас уйге кіресің.
Ұзын дәлізден өту керек.
4. Мұражай 1970 жылы күрделі жөндеуден өтті.
Құрылымы, сыртқы пішіні Абай заманындағы көрініс-келбетін сақтаған.

4. Абайдың мұражайына саяхат. (үй жұмысы)
Үйде дайындаған презинтация бойынша саяхат жасау.

5. Қорытынды.

«Өлді деуге сыя ма, ойлаңдаршы,
Өлмейтұғын артына сөз қалдырған»

а. Бұл кімнің сөздері?
ә. Кім туралы айтылған?
а. Осы ұлы ақынның сөздерінің мағынасы неде деп ойлайсыңдар,
қалай түсінесіңдер?

6. Үйге тапсырма. Эссе жазу.
«Өлмейтұғын артына сөз қалдырған»
- қара сөздері;
- басқа авторларының шығармалары;
- ақынның шығармалары;



1 слайд- Жидебай- Шыңғы елімен жерінің кіндігі.Үлы ақын осында туған.
Жидебай – Абайдың мәңгілікке дамыл тапқан жері. Жидебай бұл кунде қазақ елінің Қазбасы тәрізді. Абай жиі келіп тұрған осы үй қазір оның мұражайына айналды.

2 слайд – бірінші бөлмесі- ас үй. Бұл кең бөлме, кіре берісте – қазанаспа. Оған екі қазан орналастырған.жанында самауырын тұр және асадал мен күміс, мыс жалатылып сүйектен жасалған кебеже. Бұл бөлмеде тұрмыстық заттар жиналған. заттар ұлы ақынның жақын туыстарынан, достары мен замандастарынан алынған.

3 слайд – үшінші слайд – келесі бөлме- Абайдың бөлмесі - жарық көрген тұңғыш өлеңдер жинағы, кітаптары, қолжазбалары. Ақынның қауырсын қаламы,шақшасы, қалта сағаты, өзі сүйіп ойнайтын тоғызқұмалақ тақтасы. Ақын қолымен ұстаған заттар, оның ішінде жан сырының куәсы, ой-қиялының демеушісі, серігі домбырасы да ілулі тұр. Ол әлі де баз күйінде. Қолыңа алсаң, қоңыр үнмен иесінің өмір жырын толғайтын сияқты.
Бұл аса құнды экспонаттар.

4 слайд – төртінші бөлмеде – Әжесі Зере мен Ұлжанның күзгі ұзақ кеште талмай айтатын әңгімелері, ел аңыздары, ертегілері жас баланың қиялына қанат бітіретін. Бұл бөлмеде осы кісілердің және жақын туыстарының қолданған заттары, әшекей бұйымдары.
Ізгі жүректі, үлкенге қамқор, кішіге пана бола білген Зере әже Абай өміріне, ақылдығына игі жерін тигізеді.
Ұлжан - өте сабырлы, кең, сөзге ұста, тапқыр шешен кісі болған. Абай анасының осындай қасиеттерін жастайымен бойына сіңіріп өскен.

5 слайд – бесінші бөлмеде – Семейге жер ауып келген озық ойлы адамдармен Абай көп араласып, достасып кеткен.революциялық істері үшін жапа шекпен ойла орыс азаматтары Михаэлис, Долгополов, поляк Гросс осы қалада тұрып көп еңбектер жазыпты. Бұл адамдар Абаймен ұзақ жылдар дос, сырлас болып, ұлы ақынның, орыс әдебиетіне деп қойып терең зерттеуіне,батыс ғұламаттарының философиялық еңбектерімен танысуымен біраз ықпал жасайды. Бұл залда ақынның жақын достарының, өз туыстарының суреттері.

Ұлы ақынның басына зиярат етіп қайтушылар тасқыны ешқашан толастаған емес.
Категория: Казахский язык и литература | Добавил: Гульсум (05.05.2014) | Автор: Гульсум Мечтбаевна E
Просмотров: 683 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Вход на сайт
Поиск
Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Театр.kz


  • Copyright "Школа" Интернет-портал "Детство-kz"© 2016
    Сайт управляется системой uCoz