Главная | Регистрация | Вход | RSSПятница, 09.12.2016, 08:49

Учителя Алматы

Меню сайта
Категории раздела
Биология [28]
ИЗО [12]
Профессиональное обучение [6]
Внеклассное чтение [16]
География [22]
Духовные ценности [10]
Если хочешь быть здоров [48]
Информатика [58]
История [49]
Иностранный язык [99]
Книжная полка [49]
Компьютер-бум [10]
Казахский язык и литература [182]
Математика [85]
Мир науки [11]
Моя Родина - Казахстан [42]
Музыка [97]
Начальная школа [399]
Общество семи муз [12]
Психологический клуб [11]
Русский язык и литература [132]
Родительское собрание [11]
Творческая личность [20]
Технология [21]
Физика [20]
Химия [31]
Экологическое воспитание [13]
Самопознание [35]
Наш опрос
Считаете ли вы результаты ЕНТ справедливыми?
Всего ответов: 1522
Статистика

Онлайн всего: 8
Гостей: 8
Пользователей: 0

Каталог статей

Главная » Статьи » Мастерская учителя » Казахский язык и литература

Жеміс-жидек пен көкөніс
Ақмола облысы
Бурабай ауданы
Щучинск қаласы
№ 8 мектеп-гимназиясы
Рамазанова А.Қ.
Сабақтың тақырыбы: Жеміс – жидек пен көкөніс
Сабақтың мақсаты: 1.Білімділік: модуль бойынша білімдеріне қорытынды
жасау;үйренген сөздерді,сөз тіркестерін қайталау,
ауызша сөйлеуге жаттықтыру.
2. Дамытушылық: тапсырмалар орындау арқылы қисынды ойлау,
есте сақтау қабілеттерін,сөйлеу,ұқсастық пен айырмашылықты бөліп көрсете алу қабілетін дамыту.Ауызекі сөйлеу дағдыларын қалыптастыру.
3. Тәрбиелік: адам ағзасына пайдалы дәрумендерді білуге,денсаулықтарын
сақтауға,табиғатты аялауға,адамгершілікке,
еңбексүйгіштікке тәрбиелеу. Пәнге деген қызығушылығын, сүйіспеншілігін арттыру.
Сабақтың түрі: қайталау сабақ.
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, ойын элементтері, тест тексеру,проблемалық сұрақтар,ойлауды дамыту технологиясы,іздену.
Пәнаралық байланыс: дүниетану, орыс тілі
Сабақтың көрнекілігі: суреттер, тест, ребус,интербелсенді тақта,үлестірмелі қағаз.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
1. Амандасу, оқушылардың назарын сабаққа аудару.
2. Психологиялық дайындық. (слайд № 1)
Айдай арайлап,
Күндей күлімдеп,
Жұлдыздай жарқырап.
Қазақ тілін бастаймыз.
3. Кезекшімен жұмыс.
- Бүгін сыныпта кім кезекші?
- Сыныпта кім жоқ?
- Қазір жыл мезгілі қандай?
- Аптаның қай күні?
- Дұрыс,балалар,бүгін күн сәрсенбі – сәттілік күн.Бүгін сабақта мен сендерге сәттілік тілеймін,өйткені бүгінгі сабақ ерекше сабақ.Бүгін біздің сабағымызға қонақтар келіп отыр,сондықтан біз өз білімізді жақсылап көрсетуіміз керек.
ІІ. Қайталау.
1.Тақырыпты жариялау, мақсатымен таныстыру.
- Сонымен біздің сабағымыздың тақырыбы – ең біріншіден ребустың шешуін табамыз. (слайд № 2)


-Қандай сөз шықты?
-Дұрыс,сабағымыздың тақырыбы- Жеміс-жидек пен көкөніс.
-Біздің ұранымыз «Қайталау – оқу анасы». (слайд № 3)
Мақсатымыз:модуль бойынша білімдеріне қорытынды жасау;үйренген сөздерді,сөз тіркестерін қайталау, ауызша сөйлеуге жаттықтыру.Тапсырмалар орындау арқылы қисынды ойлау,есте сақтау қабілеттерін,сөйлеу тілін дамыту.Адам ағзасына пайдалы дәрумендерді білуге,денсаулықтарын сақтауға,табиғатты аялауға, адамгершілікке, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Ендеше,балалар,біз жеміс-жидек пен көкөніс әлеміне сапар шегейік.
-Ал жемістер қайда өседі? (слайд № 4)
-Көкөністер? (слайд № 5)
-Дұрыс!Олар бау-бақшада өседі.Біз қалада тұрғандықтан бау-бақшаны көрмейміз.Сондықтан бақшаны көру үшін қаланың сыртына шығуымыз керек және үш-төрт аялдама жүру керек.
І аялдама: Сөздер (слайд № 6)
Сөздер болса,сөздерді қайталаймыз.
Сөздерді оқу,аудару,сөз тіркестерін құру.
І І аялдама: Сөз тіркесі(слайд № 7)
Әр топқа жеке тапсырма беремін
І топ – Жидектер
І І топ - Жемістер
І І І топ – Көкөністер
Осы сөздерге сын есім сөзін қосып,сөз тіркестерін құрастырыңдар.
Мысалы: қышқыл лимон.
Жұмыс дәптерлеріңді ашыңдар,күнді жазыңдар. Бүгін (слайд № 8)
-Өте жақсы! (слайд № 10)
-Біздің қаламыздың жолдары ойлы-қырлы болғандықтан, келесі аялдамаға тез жету үшін ойын ойнаймыз. Ойынның аты: «Жұлдызды сәт»
(слайд № 11)
Ойынның шарты: әр қатар өз тақырыбына байланысты бірнеше сөз тауып,дәптерге жазады.
І топ – Жидектер :жидек,же,тер,ки,ит,жер,ер
І І топ – Жемістер: жеміс,же,жеме,іс,ет,жеті,ер,тіс,теріс,жем,ел,тер,тіс
І І І топ – Көкөністер: көкөніс,іс,сөн,көн,көк,екі,кет,өріс,тіс,тер,теріс,ет,
ер,тік
І І І аялдама: Сөйлем(слайд № 12)
Сурет арқылы сөйлемдерді құраймыз.
Бірінші нұсқа: «Бақ» тақырыбына 3-4 сөйлемнен тұратын мәтін құру
Екінші нұсқа: «Бақша» тақырыбына 3-4 сөйлемнен тұратын мәтін құру
-Өте жақсы,енді ары қарай жылжыйық! Келесі аялдамаға көшу үшін кішкене дем алып алайық.
IV Сергіту сәті
V Бекіту
IV аялдама – Сөйлесу. (слайд № 13)
-Тіл-ең негізгі құрал болғандықтан,мен қазір сендердің тіл байлықтарынды тексеремін. Келесі аялдама-сөйлесу.Кім тақтаға шығады ?
V аялдама – Тақпақ,жұмбақ. (слайд № 14)
-Кім жеміс-жидек пен көкөніске байланысты тақпақ,жұмбақтар біледі?
VI аялдама – Білім тексеру(слайд № 15)
-Білім тексеру кезеңінде,біз тест тапсырмасын орындаймыз.Орындап болған соң,жұпта тексереміз,кім дайын қол көтеріп белгі бересіңдер.
-Өте жақсы!Енді тақтаға қараңдаршы,бұл не? (слайд № 16)
-Жемістер мен көкөністердің ортақ белгілері мен айырмашылықтарын Венн диаграмма арқылы көрсетесіңдер.
Жеміс: ағашта,бақта,тәтті
Көкөніс: жерде,бақшада,дәмді
Ұқсастығы: пайдалы,дәрумен,дәмді,бау-бақшада өседі,түрлі-түсті,тағам,бақша көркі
-Өте жақсы!
VI Рефлексия
-Біз бау-бақшаға таяулап қалдық.Ал,балалар көкөністер және жемістерді қолдану алдында не істеу керек? (слайд № 17)
-Дұрыс,оларды жуу керек,өйткені оларда микробтар көп. (слайд № 18)
Ал,балалар,соңғы аялдамаға да жеттік.Біздің бақшамыз қандай көрікті,барлығы жайқалып өсіп тұр.Сол байлығымызды сақтауымыз,қорғаумыз керек.Бақшадағы жеміс ағаштардың бұтақтарын сыңдыруға болмайды.Неге?
-Дұрыс,өйткені келесі жылы жеміс бермейді.
Біз бүгін не туралы айттық?Сабақ сендерге ұнады ма? Ұнаса тақтада ілулі тұрған алма ағашына өзің таңдаған алманы ілесіңдер.Қызыл-сабақ ұнады.Шірік алма-сабақ ұнаған жоқ.
VI I Үй тапсырмасы(слайд № 19)
(слайд № 20)
VI I I Сабақты бағалау
Категория: Казахский язык и литература | Добавил: akmaral1976 (10.06.2014) | Автор: Жеміс-жидек пен көкөніс E
Просмотров: 3392 | Комментарии: 2 | Рейтинг: 3.0/1
Всего комментариев: 2
2 Ardakmarat   (13.06.2014 16:43)
Сабақ өте қызық екен! Келесі жылы қолданып көремін!

1 Тимок   (11.06.2014 13:49)
Жақсы сабақ жоспары.Мұғалімдеріме ұсынамын.

Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Вход на сайт
Поиск
Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Театр.kz


  • Copyright "Школа" Интернет-портал "Детство-kz"© 2016
    Сайт управляется системой uCoz