Главная | Регистрация | Вход | RSSПятница, 09.12.2016, 03:04

Учителя Алматы

Меню сайта
Категории раздела
Биология [28]
ИЗО [12]
Профессиональное обучение [6]
Внеклассное чтение [16]
География [22]
Духовные ценности [10]
Если хочешь быть здоров [48]
Информатика [58]
История [49]
Иностранный язык [99]
Книжная полка [49]
Компьютер-бум [10]
Казахский язык и литература [181]
Математика [85]
Мир науки [11]
Моя Родина - Казахстан [42]
Музыка [97]
Начальная школа [399]
Общество семи муз [12]
Психологический клуб [11]
Русский язык и литература [129]
Родительское собрание [11]
Творческая личность [20]
Технология [21]
Физика [20]
Химия [31]
Экологическое воспитание [13]
Самопознание [35]
Наш опрос
Считаете ли вы результаты ЕНТ справедливыми?
Всего ответов: 1522
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0

Каталог статей

Главная » Статьи » Мастерская учителя » Казахский язык и литература

Мазмұндама "Абайдың өнерпаз шәкірттері" 8 сынып
Ақмола облысы, Бурабай ауданы
Щучинск қаласы, №8 мектеп-гимназиясы
мұғалім: Ахмеджанова Ардақ Маратовна
Тақырып: Мазмұндама . «Абайдың өнерпаз шәкірттері" 8 сынып
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік: оқушылардың тақырып бойынша білімін бақылау,білім деңгейін тексеру,теориялық білімдерін практикалық жұмыстарда қолдану.
2.Дамытушылық: жазбаша көркем тілін дамыту, ойлау еңбегіне,өз беттерімен ойларын жүйелі түрде жеткізуге,қорытынды жасай білуге дағдыландыру.
3.Тәрбиелік: оқушыны естуге,есту арқылы өз ойларын жеткізуге баулу.
4.Сабақтың көрнекілік құралдары: «Абайдың өнерпаз шәкірттері» атты мәтіні, жазушының суреті.
Сабақ барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі: амандасу,кезекшілермен әңгімелесу,оқушыладың сабаққа дайындығын
бақылау, сабақтың тақырыбы мен мақсатын айту.
2. Мұғалімнің кіріспе сөзі.
Бүгін біз «Абайдың өнерпаз шәкірттері» атты мәтін бойынша мазмұндама жазамыз. Бірақ үйренішті мазмұндама түрінен бұл мазмұндаманың айырмашылығы бар. Сондықтан бұл мазмұндама таңдамалы мазмұнда деп аталады.
Таңдамалы мазмұндаманың мақсаты – мәтіннің бір бағытын, тақырыбын ашу. Мәтіннен бір материалды алу,бұл мазмұндама мәтіннің қысқартылуын,өңдеун қажет етеді. Сондықтан да бұл шығармаға жақын мазмұндай түрінне жатады.
Біз мазмұндамада ұлы Абайдың өнерпаз шәкірттері, олар кімдер және қандай адамдар болғаны туралы жазамыз. Ендеше мәтінмен танысуға кірісейік.

I. Мұғалім (алдын ала ) мәтіннен таңдап алған үзіндіні асықпай, жағымды дауспен,
салмақпен оқиды.
а) оқушыларға түсініксіз сөздерді сөздік дәптерлеріне жазғызады
б) қиын,жаңа сөздерді тақтаға жазады
в) оқушылар мәтіннен ең басты сөздерін теріп 1 бағанаға жазады, екінші бағанаға
етістіктерді жазады
г) содан кейін оқушылар екінші бағанадағы сөздермен және сөз тіркестермен сөйлем
құрастырады.
д) мұғалім мәтінде кездесетін синоним,антоним,омоним сөздері болса оны орынды қолдануға
болатынын оқушыларға ескертеді.

II. Мұғалім оқушының мәтін мазмұнын түсінгендігін анықтауы қажет.
Оқушылар мәтіннің мазмұнын түсінбесе,оны түсіндіру керек.Мұғалім өзі түсіндірмейді,тек сұрақ арқылы оқушыларды мәтінді түсінуге жетелейді.
Мысалы: - мәтінде не туралы айтылған?
- басты кейіпкерлері кімдер?
- олардың іс-әрекеттері қалай бейнеленген? т.б.
III. Жоспар құру. Жоғары сыныпта оқушылар өздеру жоспарды құрастырады.
а) Жоспар: 1. Кіріспе бөлімі
2.Негізгі бөлімі
3. Қорытынды бөлімі
4.Толықтыру деген бөлімдерден тұрады.
б) Мұғалім мәтінді екінші рет оқиды. Содан кейін 1-2 оқушы түсінгенін, ауызша айтып
береді.
в) оқушылардың айтқанын тілдік тапсырмалармен байланыстырады
г) дұрыс жазуға бағыттайды
е) үндестік заңын ескертеді
д) қажет болса қосымша материалдармен қолдануға болатындығы туралы айтады.
* Тақырыпқа байланысты мақал-мәтелдерді,нақыл сөздерді,өлең шумақтарын қолдануға болады. Бұлар мазмұндаманы бастауға,немесе өз ойларын қорытуға,дәлелдеуге,жалпы тақырыпты ашуға көмегін береді.
IV. Мазмұндама жазу.
Категория: Казахский язык и литература | Добавил: Ardakmarat (10.06.2014) | Автор: Ардак
Просмотров: 7042 | Комментарии: 2 | Рейтинг: 1.0/1
Всего комментариев: 2
2 устаз   (02.07.2014 10:43)
Орыс сыныптарынның оқушылары мазмұндама жазуда қатты қиналады. Мазмұндама мәтінін бірден түсінеді, бірақ мазмұндау кезінде сөзбен жеткізе алмайды. Сіздің әдісіңіз ұнады, қолданып көрейік. Басты нәтиже болса, онда еңбегің зая кетпегені. Іс тәжірибеңізбен бөліскеніңізге рахмет!

1 translator9381   (20.06.2014 15:27)
Мазмұндаманы ұтымды өткізу қарастырылған, сабақты өткізу желісі көңілімнен шықты. Өзімнің қолдануыма болатын сәттерді көкейіме түйдім.

Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Вход на сайт
Поиск
Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Театр.kz


  • Copyright "Школа" Интернет-портал "Детство-kz"© 2016
    Сайт управляется системой uCoz