Главная | Регистрация | Вход | RSSВоскресенье, 04.12.2016, 19:10

Учителя Алматы

Меню сайта
Категории раздела
Биология [28]
ИЗО [12]
Профессиональное обучение [6]
Внеклассное чтение [16]
География [22]
Духовные ценности [10]
Если хочешь быть здоров [47]
Информатика [58]
История [48]
Иностранный язык [99]
Книжная полка [49]
Компьютер-бум [10]
Казахский язык и литература [181]
Математика [85]
Мир науки [11]
Моя Родина - Казахстан [42]
Музыка [97]
Начальная школа [399]
Общество семи муз [12]
Психологический клуб [11]
Русский язык и литература [129]
Родительское собрание [11]
Творческая личность [20]
Технология [21]
Физика [20]
Химия [31]
Экологическое воспитание [13]
Самопознание [35]
Наш опрос
Считаете ли вы результаты ЕНТ справедливыми?
Всего ответов: 1521
Статистика

Онлайн всего: 18
Гостей: 18
Пользователей: 0

Каталог статей

Главная » Статьи » Мастерская учителя » Казахский язык и литература

Балаларға арналған сыйлықтар
Департамент образования Северо-Казахстанской обл. РК
Городской отдел образования при акиме г. Петропавловска
Гуманитарный центр образования и воспитания
Первая гимназия
Казиева С.А.
Казахский язык, поурочный план в 6 классе
Сабақтың тақырыбы: Балаларға арналған сыйлықтар
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға тақырып бойынша түсінік беру және өткен сабақтағы білімдерін ұштастырып, тапсырмаларды оындау.
Сабақтың міндеттері:
- Оқушылардың ауызекі тілдерін ауызша, жазбаша дамыту;
- Оқушылардың логикалықой-өрісін кеңейту;
- Шығармашылықпен жұмыс істеуге дағдыландыру;
- Ойларын жеткізіп айтуға үйрету.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың типі: жаңа сабақты меңгерту
Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, әңгімелесу, тексеру
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, оқулық, суреттер
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі
- Сәлеметсіңдер ме, балалар!
- Бүгін біздің сабағымызға қонақтар келіп отыр.
- Қонақтармен амандасайық.
- Ал, енді балалар ортаға шығып, шеңбер жасап тұрайық.
- Сабағымызда көңіл-күйлеріміз жақсы болу үшін, мен сендерге гүлдерді сыйлаймын. Тақтадағы гүлдерді бір-бірден таңдап алыңдар. Енді осы гүлдердің түстеріне қарап 2 топқа бөлініп отырыңдар. Балалар, кім сабаққа жақсы қатысады соларға мен фишкаларды беріп отырамын, ал сабақтың соңында кімде 5 немесе одан да көп фишкалар болса соларға сабақтың соңында тәтті сыйлықтар сыйлаймын. Сондықтан барлығымыз тырысамыз т әтті сыйлық алуға.
Ал енді балалар барлығымыз тақтаға назар аударайық. Мынау не?
Бұл сыйлық.
ІІ кезең: «Кім жылдам» атты тапсырма
Сөйлемдерді толықтыру
- Сын есім...
- Сын есім тұлғасына қарай ...
- Сын есім құрамына қарай ...
- Сын есім құрамына қарай ...
- Негізгі сапалық сын есім ... білдіреді.
- Туынды қатыстық сын есім ... жұрнақтар арқылы жасалады.
Ал енді, балалар, «тәтті» сөзіне морфологиялық талдау жасайық. Кім тақтаға шығып түсіндіреді. Ал қалғандарымыз тыңдайық.
ІІ кезең: «Жұмбақтарды шешу».
Мен сендерге сыйлық сыйлағым келіп тұр, бірақ сендер осы сыйлықты табыңдар.
- Ол өте әдемі, оның жақсы иісі бар, оны біз мерекелерде аналарға, әжелерге, қыздарға сыйлаймыз, бақшада өседі. Ол не? (гүл)
- Бәрімізде бар, қалың, жұқа болады, барлық тілдерде жазылады, білім аламыз, оқимыз. Ол не? (кітап)
- Дөңгелек, төртбұрышты, аналар пісіреді, дүкеннен сатып алуға болады, оны жейді, туған күндерге сатып аламыз, тәп-тәтті. Ол не? (торт)
- Өзі қымбат сыйлық, барлығымызда бар, күнде пайдаланамыз, ол арқылы достарымызбен, ата-аналарымызбен сөйлесеміз. Ол не? ( ұялы телефон)
Балалар, біздің тағы да сыйлығымыз бар.
Келесі сыйлықты алу үшін мына тапсырмаларды орындаймыз.
IY Суреттермен жұмыс
- Балалар, қазір сендер осы тақтадағы берілген суреттерді таңдап аласыңдар.
1-топ: Балаларға арналған сыйлықтарды таңдап алады
2-топ: Үлкендерге арналған сыйлықтарды таңдап аласыңдар
(әр топтан бір оқушыдан шығып орындап орнына отырады, ал басқа оқушы шығып түсіндіреді)
- Сонымен, балалар, осы суреттердің ішінде көбінесе кімдерге арналған ойыншық, сыйлықтар?
- Балаларға
- Олай болса бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Балаларға арналған сыйлықтар»
Y кезең: Сөздік жұмысы
- Ал енді, балалар, жаңа сөздемен жұмыс істейміз
Кәдесый - сувенир
Қолмен жасайды - делают руками
Бағалы сыйлық - ценный подарок
Арнайы - специальный
Заранее - алдын-ала
Ерекше - особенный
Выбирать - таңдау
Қуанады - радуется
Арнайды - посвящают
 Мұғалім оқиды, оқушылар бірге қайталайды
 Сөздер орысша шығады, балалар қазақ тіліне аударады
 Сөздік дәптерге жазамыз
 сөз тіркестерін ауызша құрастырамыз
 сөйлемдер құрастырамыз ( тізбектеп оқып шығады)
YI кезең: Бейнетаспа тыңдау
- Балалар, назарымызды тақтаға аударайық, мына бейне көріністі мұқият тамашалайық («Просто так» мульт. үзіндісі)
- Балалар осы бейне көріністен нені айтуға болады?
- Сыйлықтарды тек туған күнге, мерекелерге ғана емес жай күндері де сыйлауға болады.
YII кезең: Постермен жұмыс
Келесі сыйлықты алу үшін біз сендермен мынадай тапсырманы орындаймыз.
Не?
Қандай?
Қашан?
Не істеді?
Сұрақтарын, сөз тіркестерін пайдалана отырып постермен топта жұмыс жасайсыңдар.
 Жұмыстарын қорғау кезеңі
YIII кезең: Қорытынды
- Балалар сабақта нені білдіңдер? (сөздер, постер құрастыруды)
- Нені үйрендіңдер? (мәтін құрастыруға)
Бағалау
- Енді, балалар, қазір бір-бірлеріңді бағалайсыңдар
Үй жұмысы:
Сөздерді жаттау;
Сөз тіркестерін құрастыру;
Диалог құрастыру;
Шағын әңгіме жазу.
Категория: Казахский язык и литература | Добавил: Alma777 (12.06.2014) | Автор: Қазиева Салтанат Әбдікәрімқызы
Просмотров: 2350 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Вход на сайт
Поиск
Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Театр.kz


  • Copyright "Школа" Интернет-портал "Детство-kz"© 2016
    Сайт управляется системой uCoz