Главная | Регистрация | Вход | RSSЧетверг, 08.12.2016, 23:28

Учителя Алматы

Меню сайта
Категории раздела
Биология [28]
ИЗО [12]
Профессиональное обучение [6]
Внеклассное чтение [16]
География [22]
Духовные ценности [10]
Если хочешь быть здоров [48]
Информатика [58]
История [49]
Иностранный язык [99]
Книжная полка [49]
Компьютер-бум [10]
Казахский язык и литература [181]
Математика [85]
Мир науки [11]
Моя Родина - Казахстан [42]
Музыка [97]
Начальная школа [399]
Общество семи муз [12]
Психологический клуб [11]
Русский язык и литература [129]
Родительское собрание [11]
Творческая личность [20]
Технология [21]
Физика [20]
Химия [31]
Экологическое воспитание [13]
Самопознание [35]
Наш опрос
Считаете ли вы результаты ЕНТ справедливыми?
Всего ответов: 1522
Статистика

Онлайн всего: 7
Гостей: 6
Пользователей: 1
жанар

Каталог статей

Главная » Статьи » Мастерская учителя » Казахский язык и литература

«Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу сабақтарында ойын элементтерін қолданудың тиімділігі» тақырыбындағы ЖОБА
«Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу сабақтарында ойын элементтерін қолданудың тиімділігі» тақырыбындағы
ЖОБА

Кіріспе

Бұл күні құдіретті күш –білім екені белгілі. Жас мемлекетіміздің болашағы - бүгінгі оқушылар. Оларға талап қойып, олардың табиғи қабілеттерін, нақты мүмкіндіктерін анықтап, соған негіздеп оқыту - бүгінгі күннің өзекті мәселесі.
Қазіргі уақытта педагогика ғылымының бір ерекшелігі – баланың тұлғалық дамуына бағытталған жаңа оқыту технологияларын шығаруға ұмтылуы. Дәстүрлі сыныптық – сабақ жүйесінің барлық элементерінің және сабақты құрастыру техноглогияларын қолданумен қатар, оқытушы келесі педагогикалық технологияларды пайдалана алады: ойын технологиялары, проблемалық оқыту, оқу-зерттеу жұмысын ұйымдастыру технологиясы, жобалау әдісі, ақпараттық–комуникациялық технологиялар. Осы технологиялардың ішінде ойын технологиясының алатын орны ерекше.
Ойын технологиясы дидактика саласында маңызды мәселелердің бірі болып отыр. Адамзат ойынның білімдік құндылығын ертеден дәлелдеді. Айталық, ерте замандардағы эллиндік және римдік халықтар ойынды балаларды тәрбиелеу құралы етіп, жауынгер ұландарды дайындау мақсатында қолданған. Ойындар арқылы жас ұрпаққа соғыс өнерін үйретіп, мәдениет пен сөз өнерін дарытқан. Ойындардың жастарды тәрбиелеу мүмкіншіліктерінің зор екендігіне жете мән берген. ХVII-XX ғасырларда ойын әрекетін түсіндіруде жаңа көзқарастар, пайымдаулар орнығып, төмендегідей ғалымдар ойын әрекетінің философиялық негіздерін ғылыми тұрғыдан қарастырды, олар: Г. Гегель, В. Вундт, Ф. Шиллер, К. Бюлер, В. Фриге, К.Гросс, Г. Спенсер, И. Хейзинга, И. Кант, Г.М. Мейес, В.М. Демин, М.А. Каган, т.б. ғалымдар ойын теориясының қалыптасуы мен дамуын, ойын іс-әрекетінің әлеуметтік жақтарын анықтап, оның баланың қиялы мен ойлау қабілетіне оң әсер ететінін анықтаған. Оған балалық кезеңдегі ақыл-ойды дамыту ойындарынан бастап, мәдениетке, бизнеске және басқарудың барлық салаларына мамандар даярлауға байланысты бағдарламаларды игеру барысындағы ойындар жатады.
Адамның ойын әрекеті негізгі үш түрлі даму деңгейлерінен тұрады: кәсіптік ойындар, әуестену ойындары, оқу-жаттығу ойындары. Ойын оқыту үдерісінде оқытудың әрі формасы, әрі әдісі ретінде дербес дидактикалық категория бола алады. Оқытудың ойын формасын қолдануда екі жақты дидактика байқалады: ойнау үшін білу, үйренудің қажеттілігі, екіншіден адамның ойнай отырып өзіндік білім алуы, өмір тәжірибесін жинақтаудың қажеттілігі.
Ойын - балалардың шынайы және ойлап тапқан шындығына тез, еркін енуіне, өзіндік «Менің» қалыптастыруға және шығармашылыққа, белсенділікке, өзін-өзі дамытуға мүмкіндік береді. («Мен маманмын», «Құжат және құқық», «Мен жолаушымын», «Біз жолсерікпіз», «Біздің бөлім», «Мен кәсіпкермін», «Жаңа ұжым», «Мен бағдарламашымын», «Мен бухгалтермін»). Мұндай ойын түрлерінің ерекшелігі - жоғары көңіл-күйде ойналатын рөлдер шынайы сезімге, ойға, ниетке толы болады және оқушы өзін болашақ мамандығының иесі сезінеді. Бұл ойындарда оқушылардың мінез-құлықтары мен іс-әрекеттері реттеледі. Ойын іс-әрекетінің мотивациясы еркіндікті, таңдау мүмкіндігін, қажеттілігін, өз-өзіне сенімін, өзін-өзі дамытуын қамтамасыз етеді.
Оқу орыс тілінде жүретін колледжде қазақ тілі сабағында ойынды тиімді қолдану оқушылардың сол тілде сөйлеуге жаттығуына мол мүмкіндік береді.
Көтерген мәселесі: Ресми қазақ тілін үйренуге қызығушылықты арттыру.
Жобаның тақырыбы: Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу сабақтарында ойын элементтерін қолданудың тиімділігі.
Тақырыптың өзектілігі: Елімізде мемлекеттік тілді дамытуға бағытталған заңнама актілері қабылданып, іске асырылуда. Дегенмен әдіскер ғалымдардың зерттеу жұмыстарының нәтижесінде жиі кедесетін жайт - оқушылардың сөздік қорының аз екендігі, оқушылардың сөйлеу біліктілігінің жоқ екендігін аңғартады. Бұған себеп, оқушылардың пәнге деген қызығушылығының жоқтығы, оқушының сөйлеу формаларын игерудегі дағдысының әлі толыққанды қалыптаспағандығы, әлі де болса, оқушылардың білімдерінде формализм элементтерінің кездесуі. Сол себепті оқушыларға нақты мысал келтіре отырып, олардың алған білімдері маңызды практикалық мәселелерді шешуге қажет екендігін түсіндіру керек. Окушылардың білімнің өмірлік маңызын түсінуі, теория мен практиканы тығыз байланыстырады, пәнге ынтасын арттырады, оқушылар біліміңдегі формализм элементтерін жояды. Осыған байланысты қазіргі оқу үдерісінде, кәсіби қазақ тілі сабағында қолданылатын ойын әдістері, әсіресе коммуникативтік ойындар маңызды.
Зерттеу объектісі: ойын технологиясын оқу үдерісінде пайдалану арқылы оқушының білім, білік дағдысын, белсенділігін арттыру.
Зерттеудің мәні: кәсіби қазақ тілі сабақтарында ойын элементтерін қолдану.
Мақсаты:  оқушылардың шығармашылықпен ойлау, танымдық қызмет іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыру және белсендіру үшін сабақтарда ойын элементтерін қолданудың тиімділігін жұмыс түрлері арқылы көрсету.
Болжамы: егер сабақ барысында ойын технологиясын ұтымды пайдалансақ, оқушының пәнге деген қызығушылығының артатынына, сөздік қорының молайатынына көз жеткізе аламыз.
Міндеті:
 кәсіби қазақ тілі сабақтарында ойын элементтерін қолданудың тиімділігі туралы психологиялық-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік әдебиетті зерделеу;
 ойынға оқыту әдісі ретінде сипаттама беру, кәсіби қазақ тілі сабақтарында ойын элементтерін қолдануды үлгілеу;
 ойындық жарысқа негізделген сабақтардың нәтижелілігін зерттеу.
Практикалық маңызы: кәсіби қазақ тілі пәні салыстырмалы түрде жаңа пән болғандықтан, қолданыстағы әдістер мен тәсілдерді жинақтап, грамматикалық және лексикалық тақырыпты бірлікте меңгертудің жолдарын табу керек.
Зерттеу әдістері: ғылыми-әдістемелік әдебиетті зерделеу және талдау; оқытушылардың тәжірибелерімен танысу және талдау; алынған мәліметтерді сандық және сапалық талдау.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы: мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу сабағында оқушылардың сөйлеу біліктілігін ойын әдісі арқылы дамытудың әдістемесі ұсынылды; коммуникативті біліктілікті дамытуға бағытталған коммуникативті ойындардың әдістемесі жасалды.
1. Кәсіби қазақ тілі сабақтарында ойын элементтерін қолданудың тиімділігі туралы психологиялық-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік әдебиетті зерделеу.
Келер ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім беруде оқушылардың инновациялық іс-әрекеттің ғылыми-педагогикалық негіздерін меңгеруі - маңызды мәселелердің бірі.
Педагогикалық ғылым тарихына көз салсақ, балалар ойынына қатысты мәселелерге соқпай кеткен ағартушы, педагог болмаған екен. Тұлғалы, кезіндегі прогрессивті ұлы педагогтар Я.А.Коменский, Ж.Ж. Руссо, И.Г.Песталоцций халықтық ойынға назар аударып, қолданып, халықтық ойындардың теориялық негізін жасауға талпынған.
Бүгінгі таңда Қазақстанда П.М. Эрдниевтің дидактикалық бірліктерді шоғырландыру (УДЕ) технологиясы, Д.Б.Эльконин мен В.В.Давыдовтың дамыта оқыту технологиясы, Ш.А.Амонашвилидің ізгілікті – тұлғалық технологиясы, В.Ф.Шаталовтың оқу материалдарының белгі және сызба үлгілері негізінде қарқынды оқыту технологиясы, П.И.Третьяковтың, К.Вазинаның модульді оқыту технологиясы, В.М.Монаховтың, В.П.Беспальконың, Ш.Қаланованың, Ж.Қараевтің, Ш.Таубаеваның, Қ.Қабдықайровтың, С.Көшімбетованың және басқа да көптеген ғалымдардың технологиялары қарастырылады.
Оқу процесін жандандыру құралдарының ішінде ойын, ойын арқылы оқыту ерекше орын алады. Қазіргі уақытта педагогикада оқыту мен ойынды топтастыруға қадам жасалынуда. Тіпті бұл жерде еңбек негізінде оларды қосу туралы сөз болып отыр. С.Ф.Занько, Ю.С.Тюнникова және С.М.Тюнниковалардың пікірінше, оқу және дидактикалық ойындардың айырмашылығы мынада: оқу ойындары формасы бойынша ойын, мазмұны бойынша - оқу, ал дидактикалық ойын оқуды ұйымдастырудың қалыптасқан түрін тек толықтыру. Оқу ойыны - бұл оқуды ойын арқылы ұйымдастыру. Зерттеулер көрсеткендей, дәстүрлі ұйымдастырылған оқу процесіне қарағанда, оқушылар ойынға қатыса отырып, неғұрлым аз шаршайды, оқу қызметінен жағымды эмоциялар алады. Ойын арқылы оқыту технологиясы дидактикалық, тәрбиелік, дамытушылық болып бөлінеді. Ойын оқушының ойлау қабілетін арттырады. Кәсіби қазақ тілі сабағы арнайы пәндермен байланысып, білім – білік дағдылары, пәнге деген қызығушылығы артып, білім сапасының артуына ықпал етеді. Бала дамуындағы ойынның рөлі туралы әр кезде де педагогика ғылымының майталмандары үнемі көрсетіп отырған. Ойын арқылы балалар әлем есігін ашады, шығармашылық қабілеттері артады. Ұлы педагог В.А. Сухомлинский ойын ойнамай бала толыққанды дамымайды деп жазған. Ойынға да басқа оқыту формалары сияқты арнайы психологиялық қағидалар талап етіледі. Басқа да кез- келген іс-әрекеттер сияқты ойын әрекеті де сабақ кезінде ынталандыруды қажет етеді, ең бастысы, оқушылар ойынның қажеттілігін сезінуі керек. Негізгі рөл оқушының ойынға қатысуындағы психологиялық және интеллектуалдық дайындығымен сипатталады.
Ойын – күрделі биологиялық, психологиялық, педагогикалық ұғым. «Бала сөзбен де ойнайды. Осы сөзбен ойнағанда, өз ана тілінің нәзік қасиеттерін үйренеді, тілдің саздылығын ұғынады» — деген А. М. Горькийдің бейнелі сөзіне өз тәжірибемізде көзіміз жетуде
Оқу орыс тілінде жүретін мектептердегі мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізуді оқытатын оқытушылардың басты мақсаттарының бірі - оқушының оқу, таным белсенділігін арттыру, оқушыны пәнге қызықтыру, ынталандыру. Осы мақсаттарға жету үшін сабақта интерактивті әдістерді жиі қолдану керек. Ойынды тиімді қолдану оқушының сол тілде сөйлеуге жаттығуына мол мүмкіндік береді. Ойын элементтері белгілі бір мақсатта, тілді меңгеруге деген қызығушылықты оята отырып, орындаушылық қабілетке де жетектейді

2. Ойынға оқыту әдісі ретінде сипаттама беру, мемлекеттік тілде іс қағаздаын жүргізу сабақтарында ойын элементтерін қолдануды үлгілеу.
.Ойын – оқу үдерісіндегі оқытудың әрі формасы, әрі әдісі ретінде дербес дидактикалық категория. Сонымен бірге ойынды оқытушы мен оқушылардың бірлескен оқу әрекетінің өзара байланысты технологиясы ретінде қолдануға болады, кәсіби қазақ тілі сабағында ойын формаларын еңгізу барысында интерактивті тақтаны да қолданудың маңызы өте зор.
Ойынның мақсаты - бағдарламада алған білімдерін қалыптастыру, тиянақтау, пысықтау. Міндеті - баланың қызығушылығын ояту, белсенділігін арттыру.
Сабақта ойындарды қолданудың түрлі жолдары бар.
Дидактикалық ойындар арнайы мақсатты көздейді және нақты міндетті шешеді.
Ойын сабақтың басында – өткен сабақты еске түсіреді.
Сабақтың ортасында – көңіл-күйін сергітеді, ерік-жігерін дамытады, сабаққа ынтасын арттырады.
Сабақтың соңында – тақырыпты бекіту, сабақта алған білімді жинақтау мақсатын көздейді.
Оқушылар ойындағы өз жетістіктері мен кемшіліктерін біліп отыруы тиіс. Ойын нәтижелерін есепке алу түрліше: әрбір дұрыс орындалған грамматикалық ойын үшін ұпай есептеу, әрбір ұтылыс үшін кем ұпай беру, қол көтеріп немесе тиісті орфограммалар жазылған карточкаларды көтеру арқылы ұпайды есептеу; жаттығуға жіберілген уақытты есепке алу. Инновациялық оқу оқудың түсіндірмелі-иллюстрациялық түрінен әрекетшілдікке ауысу арқылы жүзеге аса отырып, оқушының оқу әрекетінің белсенді субъектісі болуына мүмкіндік береді. Оның өзі сабақты әртүрлі технологиялар бойынша жобалауды қажет етеді.
Ойын элементтердің мәні - ойын барысында дәріс алушының тілдік қатынас жасауға деген талабы. Қажетті сөздерді үйренсем, тауып айтсам деген ойлау қабілеттерін дамытады. Сабақта ойын элементтерін қолдану оқушылардың белсенділігін арттырып, оларды ынталандырады, теориялық білімдерін практикада қолдануға үйретеді, іздендіреді. Ойын элементтерін сабақта екі түрлі мақсатта пайдалануға болады. Оның біріншісі – оқушылардың сабақта қызығушылығын, ынтасын арттыру; екіншісі – оқушыларды тапқырлыққа баулап, зейінін, байқампыздығын арттыру және ойлау қабілетін дамыту.
Сабақтың үстінде ойынды қолдану мынандай негізгі шарттарға жүгінеді:
-Ойын оқушылардың алдына тапсырма ретінде қойылады;
-Оқушылардың оқу әрекеті ойын ережесіне бағынады;
-Оқу материалы ойын құралы ретінде қолданылады;
-Оқу нәтижесінде ойын жұмыс элементі ретінде кіреді.
Осындай дайындық кезінде оқытушы сабақты ойын элементтерін қолдану үшін мына мәселелерді ескертуі тиіс:
Ойын мақсаты:
1. Білімділік мақсаты: оқушыларды грамматикалық және лексикалық тақырыпты игеруге үйрету.
2.Тәрбиелік мақсаты:
а) Коммуникативті біліктерін дамыту.
б) Адамгершілікке, сыйластыққа тәрбиелеу.
в) Жеңе білуге, жеңіле білуге үйрету. Балаларды, ең алдымен, кешегі өзі мен ертеңгі өзін салыстып, өз жалқаулығын жеңуге шақыру.
г) Оқушының іскерлік дағдыны игеруі.
д) Оқушылардың белсенділігін арттыру.
Дамытушылық мақсаты:
а) Оқушылардың іскерліктерін шыңдау.
ә) Логикалық ойлау дағдыларын дамыту.
Сабақта орынды қолданылатын ойын элементтері оқушының ынтасын арттырып, білім дағдыларын игеріп, іскерліктерін шыңдауға өз септігін тигізеді. Ойын барысында орындалатын дидактикалық материалдар оқушыларға ыңғайлы, түсінікті болса, ойын нәтижелі болды. Тіл үйрету барысында әрбір сабақта ойын түрлерін және өзара сөйлесу үлгілерін қолданған дұрыс. Ойын арқылы оқушының бойына адамгершілік қасиеттерін, өмірге құштарлығын қалыптастыруға болады. Нашар оқитын оқушылардың өздері де ойын элементтері араласқан сабаққа зор ынтамен, жігерімен араласатыны анық. Адам тәжірибесіндегі кең таралған дамыту ойынының қызметі: ойынға тарту, ширату және, ең бастысы, қызығушылығын тудырту.
Ойын кезіндегі көтеріңкі көңіл-күй, өзара түсіністік, достық қарым-қатынасты қалыптастыру үшін оқытушы әр ойынға қатысушының мінез-құлқын, темпераментін, жинақылығын, ұстамдылығын ескеруі керек. Ойынның мазмұны қатысушылар үшін қызықты және ойын соңында нәтижесі анық көрінетіндей, маңызды құндылықтарын сезінетіндей болуы тиіс. Әр баланың ойын әрекеті сабақ кезінде алған білімдері мен білік-дағдыларына негізделеді, ол әрекеттер күнделікті әсерлі шешімдер қабылдауға, өздерін және қоршаған орта мүмкіндіктерін дұрыс бағалай білуге тәрбиелейді.
Оқытушы кез-келген ойынды өткізу үшін алдын-ала жоспар құрып алуы керек. Сонымен бірге оқытушы ойынға қойылатын төмендегі әдістемелік талаптарын біліп орындауы тиіс.
Ол әдістемелік тұрғыдан алғанда мынадай бөліктерден тұрады:
1. Ойынның өтілетін сабақтың мазмұны мен тақырыбына сай болуы.
2. Ойынға берілген уақытты нақты белгілеу.
3. Ойынның ойналу түрін анықтау, мысалы: топ болып ойнау, жұптасып ойнау және т.б.
4. Ойынға қажетті материалдарды түгел дайындау.
5. Ойында қолданылатын лексикалық минимумды анықтау.
6. Ойындардың өту барысының жоспарын жасау.
Оқушылар мен оқытушының ойынға ынтасы болған жағдайда ғана, ойын жүруі мүмкін. Ешқандай ойынды формалды ойнауға болмайды. Әрбір дидактикалық ойынға, бір жағынан дидактикалық жаттығуларды орындау тән, мысалы: грамматикалық ұғымға немесе құбылысқа жалпы сипат беру, олардың ерекшеліктерін табу сияқты жұмыстар, оқушыларды ұқсастықты, айырмашылықты табуға, байқауға баулиды. Бұл мағынадағы ойындардың үйрету қасиеті бар.
Дидактикалық ойындар байқампаздық, елестету, есте сақтау, сөйлеу, ойлау қабілеттерін, сенсорлық бағдарын дамытады. Оның мақсаты: жаңаша білім беру мазмұнына көшу, нақты іс-әрекет жүргізу, ізденушілікпен жұмыс істейтін оқушы тәрбиелеу.
Міндеттері: оқушының қызығушылығын арттыру, іскерлік ойындар ұйымдастыру, теория мен практиканы ұштастыру.
Бұл жерде оқытушының іс-әрекеті: оқушыларды бақылайды, бақылау нәтижелерін өңдейді, алған нәтижелерді хабарлайды. Оқушының іс-әрекеті: оқуға оң көзқарас, жаңаны танып білу, икемділік дағдыларын игеру, өз жетістіктерін өздері бақылау.
Іскерлік ойындардың құрылымы: талдауға проблема беру, оқушыларды топқа бөлу, проблеманы талдау, топ алдында шешімін айту.
Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізуді оқытуда ойын түрлерін мынадай мақсаттарда қолдану тиімді:
1. Құжат атауларын жаттауда.
2. Құжаттарда жиі қолданылатын деректемелерді орналастыру тәртібін пысықтағанда.
3. Қызмет барысында ресми тілде сөйлесу дағдыларын алуда.
4. Құжаттардың мазмұнымен танысуда.
5. Оқушының ойын дамытуда, дұрыс жазу, айту дағдыларын қалыптастыруда.
Сабақ үстінде оқушы ойынды ойнай отырып, тілдік материалды меңгеру мақсатында сөздерді (аудармаларымен) жаттайды. Сюжетті суреттер арқылы сөйлемдер құрастыру, сергіту ойындары, жұмбақ, алфавиттік жұмбақтар, метаграмма, анаграмма, кроссворд құраумен байланысты ойындар ұйымдастырылады. Мәселен, “Түлектер жәрменкесі” ойынының мақсаты: ”Мамандық” тақырыбын пысықтау, ойыншыларды өз бетімен еңбектенуге дағдылдандыру.
“Кім жылдам ойнайды?” ойыны. Ойынның мақсаты: оқушыларды құжаттардың қазақша атауларын дұрыс айта білуге және есте сақтауға үйрету. Ойынға керекті заттар: құжаттардың атауы жазылған плакаттар.
Сөз құрамы тақырыбын жүргізгенде «Сақина салу» қазақтың ұлттық ойынын ойнатуға болады. Бұл ойынның шарты: жүргізуші бір деректемені дауыстап айтады да, сақина салады, сақина кімге түсті сол оқушы «анықтамасын береді» - дейді. Ойыншы жауапты уақытында айта алмай қалса, онда ортаға шығып, дауыстап айтылған сөздерді тақтаға жазады. «Ғажайып алаң» ойынының элементтері сабақты жандандыра түседі. Сондай-ақ суреттермен жұмыс жақсы нәтиже береді, мысалы: суретке қарап, қандай жағдай, іс-шара бейнеленгенін әңгімелеу тапсырылуы мүмкін (мысалы, жиналыс, отырыс т.б.).

Мысалы: суретке қарап не бейнеленгенін айт.



Мысалы, бұл суретте жиналыс бейнеленген.
Бұл суреттен кешіккен қызметкерді көруімізге болады.


Ал бұл суретте қызметтік өсу бейнеленген.
«Оқытушы қай жерде қателесті?» ойынын жүргізуге болады. Бұл ойынның шарты: оқытушы тақтаға шектеу белгісіне мысал жазады, ал оқушылардың мақсаты шектеу белгісі болмай тұрған сөзді, сөз тіркесін табу.
Рөлдік ойындар-тіл дамыту құралы. Бұл - тілді үйрену процесіндегі ең белсенді әдістемелік тәсілдерінің бірі. Оны тиімді қолдана білген ұстаз оқушыларға білім мен тәрбие беруде табысқа жетеді, сол арқылы шәкірттерінің бойында ойын өзгеге өз бетінше жеткізу қабілеті мен дағдысын қалыптастыруға, монолог түріндегі ойын дамытуға, диалогтық қарым-қатынас негізінде сөйлеу тілін бағыттауға ықпал етеді.
Рөлдік ойын оқыту мақсатында қолданылатын, сөзге араласу жағдайын ұйымдастыратын құрал десек те болады. Оған өзара рөлдерді және ойындық көріністерді бөліп алып, соған сәйкес оқушылардың бір-бірімен қарым-қатынас жасаудағы ұйымдастырылған әңгімесі жатады. Мысалы: «Бағдарламашының бір жұмыс күні ойыны» тақырыбындағы рөлдік ойын. Бұл ойын өмір жағдаяттарын үлгілеу және оның шешуін іздестіруге негізделген.
Оқу үдерісі негізінде оқушының коммуникативтік қабілетін дамытуда ойын элементтерін пайдалану топпен және жеке немесе жұппен жұмыс істеу арқылы оқушының жеке тұлға ретінде ерекшеліктерін анықтау, зейінділігін қадағалау, өз білім деңгейіне өзі баға беруіне көмектеседі.
3. Ойындық жарысқа негізделген сабақтардың нәтижелілігін зерттеу.
Қазақ тілін оқытуды жетілдірудің жаңа технологиясын іздестіру жолында ғалымдар, жаңашыл педагогтар еңбек етуде. Олардың ғылыми еңбектерін, зерттеу жұмыстарын саралағанда берік білім берудің, оқу белсенділігін арттырудың маңызды жолдарының бірі - ойын элементтерін тиімді пайдалану екендігі байқалады. «Баланың ынтасын тарту үшін оқылатын нәрседе бір жаңалық болу керек»,-деп жазады Ж.Аймауытов.
Соңғы жылдардағы зерттеулер адамдар естіген ақпараттың 20%-ын, көзбен көрген ақпараттың 30%-ын және бір сәтте көрген және естіген ақпарттың 50%-ын меңгеретінін көрсетті.


Сол себепті мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу сабақтарына ойын элементтерін енгізе отырып, көрнекіліктерді қолдану арқылы нәтижеге жетуге болады. Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу сабағына ойын элементтерін енгізу не береді, қорытындылап көрейікші:
Оқушылар үшін Оқытушы үшін
1. Қызығушылық және уәждеме артады. 1. Оқу материалы жүйеленеді.
2. Әр оқушы жұмысқа тартылады. 2. Саралап оқыту жетілдіріледі.
3. Ақпараттар ағымымен жұмыс істеу дағдылары пайда болады. 3. Тақырып бойынша қосымша материалды игерту мүмкіндігі пайда болады.
4. Көру арқылы есте сақтау және эмоциялық қабылдаудың белсенділігі артады. 4. Психикалық және эмоциялық тұрғыдан түсетін күш кемиді.

5. Өздігінен шешім қабылдау дағдылары пайда болады. 5. Материалды игертуге уақыт үнемделеді.
Қорыта келгенде, ойын – оқыту әдістерінің бір түрі. Адам баласы ойын арқылы өсіп өркендеген. Ойын технологиясының оқытушыға берері мол. Сондықтан да мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу сабағында ой белсенділігін арттыру үшін ойын элементтерін пайдалану керек.

ӘДЕБИЕТТЕР
Назарбаев Н.Ә. «Қазақстан – 2030» Жолдауы
1. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі N 319 Заңы
2. Жанпейісова М.М., Модульдік оқыту технологиясы оқушыны дамыту құралы ретінде // Алматы, 2006, -4,5 бет
3. Қазақ ұлттық энциклопедиясы, Алматы // -241б
4. Әрекеттегі RWCT философиясы мен әдістері. // Алматы,2005. -233 б.
5. Кәсіби даму мектебі // Алматы, Верена 2007, 93-97 б.
6. Құдайбергенева К.С. Құзырлылық табиғаты – тұлғаның өздік дамуында. Алматы // 2006. -86б.
7. Құдайбергенева К.С. Инновациялық тәжірибе орталығы- педагогикалық технология көзі. Алматы // 2001. -75б.
8. Білімдегі жаңалықтар // 2007. №4 26-28 б.
Категория: Казахский язык и литература | Добавил: translator9381 (20.06.2014) | Автор: Акерке E
Просмотров: 2375 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Вход на сайт
Поиск
Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Театр.kz


  • Copyright "Школа" Интернет-портал "Детство-kz"© 2016
    Сайт управляется системой uCoz