Главная | Регистрация | Вход | RSSПятница, 09.12.2016, 05:01

Учителя Алматы

Меню сайта
Категории раздела
Биология [28]
ИЗО [12]
Профессиональное обучение [6]
Внеклассное чтение [16]
География [22]
Духовные ценности [10]
Если хочешь быть здоров [48]
Информатика [58]
История [49]
Иностранный язык [99]
Книжная полка [49]
Компьютер-бум [10]
Казахский язык и литература [181]
Математика [85]
Мир науки [11]
Моя Родина - Казахстан [42]
Музыка [97]
Начальная школа [399]
Общество семи муз [12]
Психологический клуб [11]
Русский язык и литература [129]
Родительское собрание [11]
Творческая личность [20]
Технология [21]
Физика [20]
Химия [31]
Экологическое воспитание [13]
Самопознание [35]
Наш опрос
Считаете ли вы результаты ЕНТ справедливыми?
Всего ответов: 1522
Статистика

Онлайн всего: 2
Гостей: 2
Пользователей: 0

Каталог статей

Главная » Статьи » Мастерская учителя » Казахский язык и литература

«Астана қаласының мәдени орындары»
Солтүстік Қазақстан облысы
Петропавл қаласы
Бірінші гимназия
Шәукерова Д.Н.
Қазақ тілі. 11-сынып
модуль атауы: «Астана қаласының мәдени орындары»
Мақсаты: Топтық жұмыстарды орындау арқылы Астана қаласының мәдени орындары жайлы пікір алмасу және етістіктің келер шағын қайталау.
Оқу жетістіктері:
1. (төмен үлгерім) – Сөздерді және сөз тіркестерін меңгеру, негізгі ұғымдарды түсіну, мәтін бойынша сұрақтар құрастыра білу.
2. (орташа үлгерім) – Мәтін мазмұнын түсіну және ауызша айтып беру.
3. (жоғары үлгерім) – тақырып бойынша өз ойын айта білу немесе эссе, шағын әңгіме құрастыру.
Сабақта қолданған негізгі жұмыс түрлері: Топтық жұмыс. Дарынды балалармен жұмыс.
Уақыты: 5 минут
Сабақ кезеңдері. Шашылған сөздерді қолдану арқылы топ мүшелерін табу.
Мұғалімнің іс-әрекеті: Сабақты бастамас бұрын шашылған сөздерге қарап топқа бөлінеді.Сендер неліктен бір топ мүшесі болғандарыңды түсіндіріңдер.
Топ ережесімен таныстырады.
- Бүгін бізде жаңа сабақ (сабақтың мақсаты)
Оқушының іс-әрекеті. Мәдени орындардың атауларына қарап, оқушылар өз топтарын табады. Топ ережесімен танысу.
Жұмыс түрі, бағалау. Жеке бағалау, бірін-бірі бағалау / мұғалім бағасы

Уақыты: 20 минут
Сабақ кезеңдері. Блум таксономиясы бойынша құрастырылған сұрақтарға жауап беру.
Мұғалімнің іс-әрекеті: Тапсырмалар таратылады.
-топ ішінде жеке орындайды, бірақ топтың көмегіне жүгінеді.
Оқушының іс-әрекеті. Тапсырмаларды өз деңгейіне қарай орындайды. (бірінші - «З»; екінші - «4»; үшінші - «5») бір-біріне көмек көрсетіп отырады.
Жұмыс түрі, бағалау. Бірін-бірі тексеру, өзін өзі бағалау \ жеке және топтық жұмыс.

Уақыты: 15 минут
Сабақ кезеңдері. Астана және Петропавл қаласының мәдени орындары туралы жоба қорғау.
Мұғалімнің іс-әрекеті: Слайдтарды көрсету арқылы жұмысты орындауға бағыттайды.
Оқушының іс-әрекеті. - Бірлесіп топпен жобаны құрастыру, қорғау.
Жұмыс түрі, бағалау. Жеке және топтық / бірін-бірі бағалау.

Уақыты: 5 минут
Сабақ кезеңдері. Топтар бір-бірінің жұмысын бағалайды.
Мұғалімнің іс-әрекеті: - Әркім топтың жұмысына баға береді.
Оқушының іс-әрекеті. Балалар стикерлерге топтың орындаған жұмысы бойынша берген бағасына дәлелдеме жазады.
Жұмыс түрі, бағалау. Бірін-бірі бағалау, жеке бағалау
№ 1 қосымша
Астана және Петропавл қаласындағы мәдени орындарының атаулары жазылған кеспелерді қолдану арқылы топқа бөліну.
Мысалы: Астана қаласы бойынша: «Бәйтерек» кешені, «Хан шатыр» кешені, «Думан» ойын-сауық кешені, «Нұр- Астана» мешіті, «Мега» сауда үйі, «Керуен» сауда үйі.
Петропавл қаласы бойынша: «Абылай хан» резиденциясы, «Нептун» аквапаркі, Сәбит Мұқанов атындағы облыстық кітапхана, Н.Погодин атындағы орыс драма театры, Облыстық тарихи-өлкетану мұражайы.
Топтың атауын өздері белгілейді.
Топ ережесі:
Берілген сөздерді қолданып топ ережесін шығару:
 Тыңдау - слушать
 Белсенді - активный
 Сыйлау - уважать
 Ойды бөлмеу - не перебивать (друг-друга)
 Көмектесу - помогать
 Ақылдасу - советоваться

Топ тапсырмалары: №1
(Блум таксономиясы бойынша)
Оқушылар берілген параққа жабық сұрақтардың жауабын «дұрыс» немесе «дұрыс емес» деп жауап береді. Топтар парақтарын алмастырып бір-бірі тексереді.Баға қояды.Бағаны дәлелдейді.

 Төмен дәрежелі сұрақтар: (Жабық сұрақтар)
1. Астана қаласында көптеген мәдени орындар бар. (дұрыс)
2. Астана қаласында Қазақстан Республикасының Президентіне арналып қойылған ескерткіш бар. (дұрыс)
3. «Астана-Бәйтерек» монументінің биіктігі 77 метр. (дұрыс емес)
4. Океанариум Астаналық циркте орналасқан. (дұрыс емес)
5. Конгресс –Холл қазіргі уақытта тек қазіргі заманға сай концерт залы емес, сонымен қатар Астананың ең басты мәдени орталығы. (дұрыс)

Оқушылар берілген параққа ашық сұрақтардың толық жауабын жазады.Топтар парақтарын алмастырып бір-бірі тексереді.Баға қояды.Бағаны дәлелдейді.
 Жоғары дәрежелі сұрақтар: (Ашық сұрақтар)
1. «Білу» Астана қаласында қандай мәдени орындар бар?
2. «Түсіну» «Думан» ойын-сауық орталығы туралы не білесің?
3. «Қолдану» Егер сен архитектор болсаң Астанада қандай жаңа ғимарат салар едің?
4. «Талдау» Астана қаласының мәдени орындары бір-бірінен айырмашылығы неде?
5. «Синтездеу» Мәдени орындар адам өміріне маңызды ма?
6. «Бағалау» Астана болашақта қандай болады? Қазіргі Астана мен болашақ Астананың арасында қандай айырмашылық болу керек?

Сергіту сәті. (Көз қысу арқылы ойнатылады)

Топ тапсырмалары: №2
Астана қаласы мен Петропавл қаласының мәдени орындары жайлы жоба қорғау.
Астана мен Петропавл қаласын салыстыр (екі қаланың суреті.)

Үйге тапсырма №3
Әр топқа «Астана қаласының мәдени орындары» атты презентация жасау. Топпен қорға

Сөздік:
Сарай - дворец
Қала тұрғындары - жители города
Сәулет өнері - архитектура
Көрермен - зритель
Жалпы саны - общее количество
Сыртқы келбеті - внешнии вид
Жасөспірімдер - подростки
Шығармашылық - творчество
Астана қаласындағы мәдени орындар.
«Жастар» сарайы
«Жастар» сарайы – қала тұрғындарының сүйікті орны. Ғимарат жергілікті сәулет өнері мен тарихының ескерткіші болып табылады. Бұл көрермендердің жалпы санын 1400-ге дейін жеткізу мүмкіндігі бар көрермен залы мен спорт залы орналасқан төрт қабатты ғимарат. 2001 жылы сыртқы келбеті қазіргі заманға сай материалдармен қапталды. «Жастар» сарайы – қала тұрғындарының қоғамдық және ойын-сауық өмірін байланыстыратын жер. Қазіргі уақытта мұнда 1000-нан аса балалар мен жасөспірімдер және 100-ден аса жұмыс істеп жатқан жастар шығармашылықпен айналысуда.

Бағалау.
Категория: Казахский язык и литература | Добавил: Alma777 (24.06.2014) | Автор: Шәукерова Дина Нәбиқызы
Просмотров: 4568 | Рейтинг: 4.0/3
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Вход на сайт
Поиск
Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Театр.kz


  • Copyright "Школа" Интернет-портал "Детство-kz"© 2016
    Сайт управляется системой uCoz