Главная | Регистрация | Вход | RSSЧетверг, 08.12.2016, 01:15

Учителя Алматы

Меню сайта
Категории раздела
Биология [28]
ИЗО [12]
Профессиональное обучение [6]
Внеклассное чтение [16]
География [22]
Духовные ценности [10]
Если хочешь быть здоров [48]
Информатика [58]
История [48]
Иностранный язык [99]
Книжная полка [49]
Компьютер-бум [10]
Казахский язык и литература [181]
Математика [85]
Мир науки [11]
Моя Родина - Казахстан [42]
Музыка [97]
Начальная школа [399]
Общество семи муз [12]
Психологический клуб [11]
Русский язык и литература [129]
Родительское собрание [11]
Творческая личность [20]
Технология [21]
Физика [20]
Химия [31]
Экологическое воспитание [13]
Самопознание [35]
Наш опрос
Считаете ли вы результаты ЕНТ справедливыми?
Всего ответов: 1522
Статистика

Онлайн всего: 3
Гостей: 3
Пользователей: 0

Каталог статей

Главная » Статьи » Мастерская учителя » Казахский язык и литература

Музыка аспаптары: домбыра, қобыз.
Алматы қаласы, Алмалы ауданы
«Достар» Халықаралық мектеп-лицейінің
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Рахиянова Гүлзара Боркенқызы
9-сынып. Қазақ тілі орыс сыныптарында.
Сабақтың тақырыбы: Музыка аспаптары: домбыра, қобыз.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Қазақтың қасиетті ұлттық аспаптары туралы түсінік беру; Жалғаулықты салалас құрмалас сөйлемнен өткенді қайталау;
Дамытушылық: Мемлекеттік тілде еркін сөйлеу дағдыларын дамыту; сөздік қорын молайту; құрмалас сөйлемдерді қолданыста пайдалануға жаттықтыру;
Тәрбиелік: Ұлттық музыка мен ұлттық аспаптарды тану, білу, қастерлеуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Көрнекіліктер: проектор арқылы слайд-шоу, аспаптар: домбыра, қобыз, оқулық
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру (амандасу,музыка тақырыбына сөйлесу, сабақ жоспарымен таныстыру)
II.Жаңа сабақ
1-слайд. «Ата өнері балаға мұра» мәтінін мәнерлеп, түсініп оқу, мәтін бойынша сұрақтарға жауап беру. Асты сызылған сөйлемдерге синтаксистік талдау жасау.(оқушылар оқып жатқан кезде, домбырада күй орындалады; оқулықта 85-бет).
2-слайд. Ж.Айжанованың «Қобызым» әні орындалады, слайдта қобыздың суреттері, мұғалім сұрақ-жауап арқылы қобыздың пайда болуы туралы аңызды (Қорқыт ата жайлы) айтып береді.
3-слайд. Слайд-шоу «Қазақтың ұлттық музыка аспаптары». Сынып оқушысы Қабиден Есенай Даулеткерейдің «Қос алқа» күйін орындайды.
4-слайд. Домбыра құрылысының суреті (макеті). Мұғалім домбыра құрылысы мен шығу тарихы туралы әңгімелеп береді.
5-слайд. Слайд-шоу «Қазақтың қүйші-композиторлары мен ұлт-аспаптар оркестрі» М.Жүнісованың орындауында «Домбыра» әні, Г.Оразымбетованың орындауында «Қобыз» бейне клипі тыңдалады
6-слайд. Мұғалім қазақтың дарынды күйші-композиторларымен қысқаша таныстырады, олар: Дәулеткерей,Сүгір,Құрманғазы,Дина,Нұрғиса Тілендиев.
III. Бекіту тапсырмалары
1-тапсырма.Төмендегі сөз тіркестері бойынша үлгі мен сызбаны пайдаланып, кезектес салалас құрмалас сөйлемдер құраңдар.
Жақсы ән, әннің сөзі, қазақша ән үйрену, музыканың авторы, ән салу, тарта білу.
1. Біресе______________, біресе _____________, бірақ__________.
2. Кейде_____________, кейде _____________.
2-тапсырма. Берілген сөйлемге синтаксистік талдау жасаңдар.
Төгілген үнде дала қазағының қуанышы мен мұңы естіледі, кейде батыр ұлдарының ерлігін жырлайтын үн құлағымыздан кетпейді.
IV. Сөздік жұмысы. Жаңа сөздерді меңгерту.
Ең көп тараған, жырлау, үн, мұң, дарын,күй,күйші,ұлттық аспаптар,ішекті аспап
V. Сабақты қорытындылау
- Бүгін біз не туралы білдік? Қай аспап көбірек ұнайды?
- Сабақ ұнады ма? Енді қазақ әндері мен күйлерін тыңдаймыз ба?
VI. Үйге тапсырма«Музыкалық аспаптар дүкенінде» тақырыбына диалог құрып келу.

Источник: http://cабақ жоспары
Категория: Казахский язык и литература | Добавил: устаз (01.07.2014) | Автор: Гүлзара E
Просмотров: 1906 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Вход на сайт
Поиск
Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Театр.kz


  • Copyright "Школа" Интернет-портал "Детство-kz"© 2016
    Сайт управляется системой uCoz