Главная | Регистрация | Вход | RSSСуббота, 03.12.2016, 16:33

Учителя Алматы

Меню сайта
Категории раздела
Биология [28]
ИЗО [12]
Профессиональное обучение [6]
Внеклассное чтение [16]
География [22]
Духовные ценности [10]
Если хочешь быть здоров [47]
Информатика [58]
История [48]
Иностранный язык [99]
Книжная полка [49]
Компьютер-бум [10]
Казахский язык и литература [181]
Математика [85]
Мир науки [11]
Моя Родина - Казахстан [42]
Музыка [97]
Начальная школа [399]
Общество семи муз [12]
Психологический клуб [11]
Русский язык и литература [129]
Родительское собрание [11]
Творческая личность [20]
Технология [21]
Физика [20]
Химия [31]
Экологическое воспитание [13]
Самопознание [35]
Наш опрос
Считаете ли вы результаты ЕНТ справедливыми?
Всего ответов: 1520
Статистика

Онлайн всего: 4
Гостей: 4
Пользователей: 0

Каталог статей

Главная » Статьи » Мастерская учителя » Казахский язык и литература

Қазақстанның бас қалалары
Толепбергенова Нурбакча Омирбековна
Алматы қаласы
№6 мектеп- гиназиясының
қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі

5-сынып. Қазақ тілі.
Сабақтың тақырыбы: Қазақстанның бас қалалары
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: туған жер, Қазақстанның бас қалалары туралы мәлімет беру; сөздік қорын молайту;
Дамытушылық: тақырып арқылы ауызекі тілде сөйлеуге дағдыландыру;
Тәрбиелік: Отанға, туған жерге деген сүйіспеншіліктерін арттыру; елін, жерін қастерлеуге баулу; елжандылыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: оқулық, тақта, суреттер, презентация
Сабақтың типі: білім беру, ауызекітілде сөйлету
Сабақтың формасы: ұжымдық жұмыс
Сабақтың түрі: саяхат сабақ
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру (амандасу, түгендеу, сабақ жоспарымен таныстыру)
II. Жаңа сабақ
1.Сабақ сөздік жұмысымен басталады:
а) қала-город
алаң-площадь
қонақүй-гостиница
ескерткіш-памятник
саябақ-парк
сауда-торговля
ықшамаудан-микрорайон
сүйікті-любимый
мұражай-музей
ә) жаңа сөздердің синонимдерін беру:
қала-кент, шаһар
қонақүй-мейманхана
ықшамаудан-мөлтекаудан
2. Сынып оқушылары екі топқа бөлінеді, «Астана» және «Алматы» тобына.Екі топқа бірдей тапсырма беріледі, алайда әр топ өз қаласына қатысты тапсырмаларды орындап шығады.Сабақ жарыс түрінде өтеді, әділ қазылар алқасы қазақ тілінің мұғалімдері.
1-сайыс. Әр топ өз қаласының таңбасын (герб) қорғайды.
2-сайыс. «Турагент». Әр топ қонақтарды өз қаласына саяхатқа шақырады. Жарнама жасайды. Қолдан жасалған басылым- брошюра немесе визитка үлестіреді.
3-сайыс. Әр топ «Менің сүйікті қалам» тақырыбына презентация қорғайды.
4-сайыс. Мақалдардың жалғасын табу:
1. Туған жердей жер болмас, ... .
2. Отан оттан да ... .
3. Отансыз адам - ... .
4. Ел іші - … .
5. Әркімнің өз жері - ... .
5-сайыс. Екі топтан бір-бір оқушы шығып, өз қаласының атауын септейді.
6-сайыс. Экранда ескерткіштер, тарихи орындар, театр-мұражайлардың суреті көрсетіледі.Суретке қарап төмендегі сұрақтарға жауап беру керек. Сұрақ: Бұл не? Қай қалада орналасқан? Авторлары кім?
7-сайыс. «Өз қалаң туралы білесің бе?». Мұғалім әр топқа блиц-сұрақтар қояды. Тез, толық жауабын беру керек.
«Астана» тобына:
1.Астана қаласының ескі атаулары қандай?
2.Астана Қазақстанның қай жерінде орналасқан?
3.Қай жылы Астана қаласы астана болды?
4.Биыл астанамыз нешеге толды?
5.Астананың туған күні?
6.Астана қаласындағы ең биік ғимарат?
7.Астананы екіге бөліп тұрған қандай өзен?
8. «Астана» сөзінің орысша аудармасы қандай?
9.Астанадағы ерекше биік, ағашқа ұқсайтын ғимарат қалай аталады?
10.Астанада қандай алаңдар бар?
«Алматы» тобына:
1.Алматы қай таудың етегінде орналасқан?
2.Алматының көне атаулары қандай?
3.Алматы қай жылдары Қазақстанның астанасы болды?
4. «Алтын адам» ескерткіші қай алаңда орналасқан?
5.Алматыда қандай алаңдар бар?
6.Алматыда табиғаты өте әдемі қандай жерлер бар?
7.Алматыны қандай орталық деп атайды?
8.Алматының әкімі кім?
9.Алматыда «Қала күні» қашан тойланады?
10. Алматыда жылда қандай ретро-фестиваль өтеді?
8-сайыс. Әр топ өз қаласы туралы өлең оқуы немесе ән орындауы керек.
III. Сабақты қорыту:
1.Мұғалім сөзі
2.Әділ қазылар алқасының бағасы
3.Оқушылардың білімін бағалау
V. Үйге тапсырма: «Қалаға саяхат» мәтінінің мазмұнын әңгімелеу (69-бет)

Источник: http://Саяхат сабақ
Категория: Казахский язык и литература | Добавил: устаз (09.07.2014) | Автор: Нурбакча Толепбергенова E
Просмотров: 1246 | Теги: Нурбакча, Қазақ тілі, 5-сынып | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Вход на сайт
Поиск
Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Театр.kz


  • Copyright "Школа" Интернет-портал "Детство-kz"© 2016
    Сайт управляется системой uCoz