Главная | Регистрация | Вход | RSSСуббота, 10.12.2016, 09:58

Учителя Алматы

Меню сайта
Категории раздела
Биология [28]
ИЗО [12]
Профессиональное обучение [6]
Внеклассное чтение [16]
География [22]
Духовные ценности [10]
Если хочешь быть здоров [48]
Информатика [58]
История [49]
Иностранный язык [99]
Книжная полка [49]
Компьютер-бум [10]
Казахский язык и литература [182]
Математика [85]
Мир науки [11]
Моя Родина - Казахстан [42]
Музыка [97]
Начальная школа [399]
Общество семи муз [12]
Психологический клуб [11]
Русский язык и литература [132]
Родительское собрание [11]
Творческая личность [20]
Технология [21]
Физика [20]
Химия [31]
Экологическое воспитание [13]
Самопознание [35]
Наш опрос
Считаете ли вы результаты ЕНТ справедливыми?
Всего ответов: 1522
Статистика

Онлайн всего: 4
Гостей: 4
Пользователей: 0

Каталог статей

Главная » Статьи » Мастерская учителя » Казахский язык и литература

"Жері байдың-елі бай"
Камалданова Нағима Белғожаевна
«Достар» Халықаралық мектеп-
лицейінің қазақ тілі мен әдебиеті
пәндерінің мұғалімі
9-сынып. Қазақ тілі.
Сабақтың тақырыбы: «Жері байдың-елі бай»
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: жаңа тақырып туралы түсінік беру; Қазақстанның пайдалы қазбаларымен танысу;
Дамытушылық: ауызекі тілде сөйлеуге дағдыландыру; оқушылардың сөздік қорын молайту;
Тәрбиелік: сүйікті еліміздің байлығын сақтауға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: оқулық, слайдтар (ноутбук, проектор)
Сабақтың типі: білім беру, ауызекітілде сөйлету
Сабақтың формасы: жеке, ұжымдық жұмыс
Сабақтың түрі: саяхат сабақ
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру (амандасу, түгендеу, сабақ жоспарымен таныстыру)
II. Жаңа сабақ
Мұғалім сөзі:
Балалар, «Жері байдың-елі бай» деп ата-бабаларымыз айтып кеткендей, біз сендермен табиғаты әдемі, жері пайдалы кендерге бай, ұлан-байтақ «Қазақстан» деген елде тұрып жатырмыз. Бүгін сабақта еліміздің барлық өндіріс аймақтарына сапар шегу арқылы, елімізде өндірілетін пайдалы қазбалармен, өсірілетін өнімдермен танысамыз. Сабақты бүгінгі саяхатымыздың жетекшісі (гиді) Анель жүргізеді. Ал біз шетелден келген қонақтар боламыз. Анель, баста!
Анель:
- Сәлеметсіңдер ме, құрметті қонақтар?!
- Сәлеметсіз бе?!
- Қазақстанға қош келдіңіздер!
- Рахмет!
- Біздің жеріміз үлкен, табиғаты тамаша, жері кең әрі бай, қалалары әсем. Қазақстан жері бес аймаққа, 14 облысқа, әр облыс бірнеше аудандарға бөлінеді. Әр аймақта әр түрлі пайдалы қазбалар өндіріледі және түрлі өнімдер өсіріледі. Бүгінгі сапарымызда пайдалы қазбалар өндірілетін, пайдалы өнімдер өсірілетін аймақтарға саяхат жасаймыз. Ескерте кетейін сапарымызды жалғастыру үшін кідіріс-тапсырмаларды орындау қажет болады.

1-тапсырма. Экранға шыққан сұраққа жауап беріңдер.
Сұрақ: Халқы көп, көбіне өзбек диалектісін қолданады. Олар қай өңірдің халқы?
Жауап: Оңтүстік Қазақстан.
Анель: Дұрыс, онда Оңтүстік Қазақстанға аттанайық!
Презентация «Оңтүстік Қазақстан». Жетекші Шымкент өңірі туралы, мақталы мекен туралы презентация арқылы ақпарат береді.
2-тапсырма. Экранда Каспий теңізі, батыс өңірінің суреті.
Сұрақ: Бұл еліміздің қай өңірі?
Анель: Дұрыс, Батыс Қазақстан.
Ендеше, Батыс Қазақстанға кеттік! Презентация «Батыс Қазақстан». Жетекші мұнай өндірісі, Каспий теңізі, Ақтау қаласы туралы әңгімелеп береді.

3-тапсырма. Сұрақ: Мына жолдар қай өңір туралы айтылған?
Көкшетау-көп көгілдір аймағы,
Қостанай-құт, қызыл бидай қамбасы,
Ал, Петропавл- солтүстігім орманды.
Анель: Дұрыс, бұл Солтүстік Қазақстан. Кеттік онда, Солтүстік Қазақстанға! Презентация «Солтүстік Қазақстан». Жетекші бидайлы, орманды, табиғаты ерекше солтүстік өңір туралы баяндайды.
4-тапсырма. Экранда төмендегі мәтін шығады. Түсініп оқу, мәтіндегі ұлылар қай өңірдің тумасы екенін табу керек.
Шыңғыстау. Бұл таудың бөктері табиғатымен ерекшеленеді. Тарихқа толы бұл өңірде қазақтың ұлы ақыны Абай дүниеге келген. Шәкәрім, Мұхтар сияқты атақты адамдарды дүниеге әкелген бұл өңірдің ауасы да ерекше сияқтанып тұрады.
Анель: Әрине, бұл шырайлы Шығыс Қазақстан өңірі. Сапарға аттанайық! Презентация «Шығыс Қазақстан». Осы өңірдің жетістіктері туралы айтылады.
5-тапсырма. Викторина шешейік. Викторина шешілгенде «Орталық Қазақстан» деген сөз шығуы керек. Презентация «Орталық Қазақстан». Орталық Қазақстанда өндірілетін кен байлықтары туралы әңгімеленеді.
IV. Сабақты қорыту:
Жоғарыда берілген материалдар бойынша блиц-сұрақтар беріледі.Оқушылардың берген жауабы бойынша сабаққа қорытынды жасалады.
V. Үйге тапсырма: «Қазақстан картасы» өлеңін жаттап келу.

Источник: http://Саяхат сабақ жоспары
Категория: Казахский язык и литература | Добавил: устаз (10.07.2014) | Автор: Нағима Камалданова E
Просмотров: 5482 | Теги: 9-сынып, Қазақ тілі, сабақ жоспары | Рейтинг: 5.0/1
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Вход на сайт
Поиск
Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Театр.kz


  • Copyright "Школа" Интернет-портал "Детство-kz"© 2016
    Сайт управляется системой uCoz