Главная | Регистрация | Вход | RSSСуббота, 03.12.2016, 16:38

Учителя Алматы

Меню сайта
Категории раздела
Биология [28]
ИЗО [12]
Профессиональное обучение [6]
Внеклассное чтение [16]
География [22]
Духовные ценности [10]
Если хочешь быть здоров [47]
Информатика [58]
История [48]
Иностранный язык [99]
Книжная полка [49]
Компьютер-бум [10]
Казахский язык и литература [181]
Математика [85]
Мир науки [11]
Моя Родина - Казахстан [42]
Музыка [97]
Начальная школа [399]
Общество семи муз [12]
Психологический клуб [11]
Русский язык и литература [129]
Родительское собрание [11]
Творческая личность [20]
Технология [21]
Физика [20]
Химия [31]
Экологическое воспитание [13]
Самопознание [35]
Наш опрос
Считаете ли вы результаты ЕНТ справедливыми?
Всего ответов: 1520
Статистика

Онлайн всего: 6
Гостей: 6
Пользователей: 0

Каталог статей

Главная » Статьи » Мастерская учителя » Казахский язык и литература

"Менің мектебім"
Билялова Жанат Жакаевна
«Достар» Халықаралық мектеп- лицейінің
қазақ тілі мұғалімі
4-сынып. Қазақ тілі орыс сыныптарында.
Сабақтың тақырыбы: Менің мектебім
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Жаңа тақырып бойынша еркін әңгімелеуге үйрету; жалғауларды дұрыс қолдануға жаттықтыру;
Дамытушылық: Сұрақ қойып, сұрақтарға дұрыс жауап беруге дағдыландыру; сөздік қорын молайту;
Тәрбиелік: мектепке, білімге деген сүйіспеншіліктерін арттыру; білім ордасын қастерлеуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: оқулық, суреттер, слайдтар (ноутбук, проектор)
Сабақтың типі: жаңа тақырып беру, ауызекітілде сөйлету
Сабақтың формасы: ұжымдық жұмыс
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру (амандасу, түгендеу, сергіту ойыны)
II. Жаңа сабақ
1.Мұғалім сөзі: Балалар, экрандағы суреттерге қарап, менің қойған сұрақтарыма жауап беріңдер.
- Сонымен мына суреттегі ғимарат қалай аталады?
- Иә, мектеп. Ал мектептің алдындағы жүргендер кімдер?
- Иә, оқушылар мен мұғалімдер. Олар мектепке не үшін келеді?
- Иә, оқушылар білім алу үшін, ал мұғалімдер білім беру үшін. Дұрыс, ендеше бүгінгі сабағымыздың тақырыбымен танысайық. Экранда сабақтың тақырыбы жазылған және «Достар» ХМЛ-нің суреті бейнеленген.
2. Келесі слайдта жаңа сөздер жазылған. Сөздік жұмысы:
а) жаңа сөздерді оқы, сөздік дәптерге жазып ал:
мектеп-школа-school мұғалім-учитель-teacher
сынып-класс-class (classroom) оқушы-ученик-student
білім-знание-knowledge тәрбие- воспитание-education
кең-широкий - wide ереже-правила-governed
жарық-светлый-light
аула-двор-court
ә) жаңа сөздермен сөз тіркестерін және сөйлемдер құрастыр.
Үлгі: Үлкен мектеп. Біз үлкен мектепте оқимыз.
III. Жаңа тақырыпты бекіту тапсырмалары.
1-тапсырма. Сөзжұмбақ шешу.Сөз жұмбақты шешкен кезде ортада «Достар мектебі» дегенсөз шығады.
- Отбасыңнан кейін ең жақын адам? (дос)
- Біз тақтаға немен жазамыз? (бор)
- Сынып жабдығы, барлық сыныпта бар? (үстел)
- Сабақта жиі қолданамыз, ол да сынып жабдығы? (тақта)
- «Урок» сөзінің орысша аудармасы? (сабақ)
- Партадағы екі оқушы бір-біріне кім? (көрші)
- Оқушыларға кім білім береді? (мұғалім)
- Мектептегі ең жақсы баға қандай? (бес)
- Күнде барлық сабақта қолданатын оқу құралы? (кітап)
- Оқушыларға қойылатын баға? (төрт)
- Оқушылар сол бойынша сабақтарға барады? (кесте)
- Оқушылар мектепке не үшін келеді? (білім)
- Оқушы сөзінің синонимі қандай? (шәкірт)
2-тапсырма. «Мектеп» сөзін септеңдер.
3-тапсырма. «Оқушы» сөзін жекеше және көпше түрде жіктеңдер.
4-тапсырма. «Сынып» сөзіне жекеше, көпше түрде тәуелдік жалғауын жалғаңдар.
5-тапсырма. Оқулықпен жұмыс.
1. «Менің мектебім» мәтінін түсініп оқу;
2. Мәтінді мұғалім көмегімен аудару;
3. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беру.

6-тапсырма. Слайдтың көмегімен ««Достар» мектеп-лицейі» тақырыбына әңгіме жазу. (Мектептің суреттері, тірек сөздер мен тірек сұрақтар).
IV. Сабақты қорыту
- Бүгін сабақта қандай тақырыппен таныстық?
- Сабақ ұнады ма?
- Ең сүйікті пәніңді ата?
- Ең сүйікті мұғалімің кім?
- Ол неге үйретеді, неге тәрбиелейді?
- Білімді, сауатты болуға үйретеді. Жақсы бала болуға тәрбиелейді. Бұл сөйлемдерді дәптерлеріңе жазып алып, есте сақтаңдар.
V. Үйге тапсырма:
« «Достар» мектеп-лицейі» тақырыбына жазылған мәтіннің мазмұнын әңгімелеу.
VI. Оқушылардың білімін бағалау.

Источник: http://сабақ жоспары
Категория: Казахский язык и литература | Добавил: устаз (14.07.2014) | Автор: Билалова Жанат Жакаевна E
Просмотров: 3112 | Теги: 4-сынып, Қазақ тілі, сабақ жоспары | Рейтинг: 1.5/2
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Вход на сайт
Поиск
Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Театр.kz


  • Copyright "Школа" Интернет-портал "Детство-kz"© 2016
    Сайт управляется системой uCoz