Главная | Регистрация | Вход | RSSПятница, 09.12.2016, 03:10

Учителя Алматы

Меню сайта
Категории раздела
Биология [28]
ИЗО [12]
Профессиональное обучение [6]
Внеклассное чтение [16]
География [22]
Духовные ценности [10]
Если хочешь быть здоров [48]
Информатика [58]
История [49]
Иностранный язык [99]
Книжная полка [49]
Компьютер-бум [10]
Казахский язык и литература [181]
Математика [85]
Мир науки [11]
Моя Родина - Казахстан [42]
Музыка [97]
Начальная школа [399]
Общество семи муз [12]
Психологический клуб [11]
Русский язык и литература [129]
Родительское собрание [11]
Творческая личность [20]
Технология [21]
Физика [20]
Химия [31]
Экологическое воспитание [13]
Самопознание [35]
Наш опрос
Считаете ли вы результаты ЕНТ справедливыми?
Всего ответов: 1522
Статистика

Онлайн всего: 3
Гостей: 3
Пользователей: 0

Каталог статей

Главная » Статьи » Мастерская учителя » Казахский язык и литература

"Қазақстан-біздің Отанымыз. Жіктік жалғау."
Алматы қаласы
« Достар» Халықаралық мектеп-лицейі
қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі
Джасузакова Гүлжан Мухтаровна

6-сынып. Қазақ тілі орыс мектебінде.
Сабақтың тақырыбы: «Қазақстан – біздің Отанымыз». «Жіктік жалғау».
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: жаңа тақырыпты жаттығулармен меңгерту; жіктік жалғау туралы түсінік беру; сөздік қорларын молайту;
Дамытушылық: мәтін арқылы ауызекі тілде сөйлеуге дағдыландыру; жіктік жалғауды қолданыста пайдалануға жаттықтыру;
Тәрбиелік: Отанға, туған жерге деген сүйіспеншіліктерін арттыру.
Көрнекілігі: оқулық, тақта, слайдтар
Сабақтың типі: білім беру, ауызекітілде сөйлету
Сабақтың формасы: ұжымдық жұмыс
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру (амандасу, түгендеу, сабақ жоспарымен таныстыру)
II. Жаңа сабақ
1.Мұғалім: Балалар, бүгін біз өзіміздің сүйікті Отанымыз Қазақстан туралы сөз қозғаймыз. Әр адамның туған жері, Отаны болады. Біз Қазақстанда туып-өстік, сондықтан Қазақстан- біздің Отанымыз! 1-слайдтағы мақалға назар аударайық. (Оқу,мағынасын түсіндіру).
1-слайд. Сабақтың тақырыбы: Қазақстан-біздің Отанымыз.
«Туған жердей жер болмас,
Туған елдей ел болмас»
2.Жаңа сөздер беру: (2-слайд)
а) құрлық-суша
жазық дала-равнина
шөл-пустыня
аймақ-край
қорық-заповедник
белес-преграда, трудность
3. Қазақстан картасымен жұмыс. (3-слайд)
- Мына ұлан-байтақ мемлекет қалай аталады?
- Қазақстан Республикасы жер шарының қай бөлігінде орналасқан?
- Қазақстан жері қандай?
- Қазақстан қандай мемлекет?
4. Мәтінді оқып, мәтін бойынша бір-біріңе сұрақ қойып, жауап беріңдер. (4-слайд)
Қазақстан – біздің Отанымыз
Қазақстан Республикасы-Еуразия құрлығындағы мемлекет. Қазақстанның жері кең-байтақ және өте бай. Табиғаты әр алуан. Мұнда жазық дала да, орман да, тау да, өзен де, көл де, шөлді аймақтар да бар.
Қазақстанның тарихы талай мыңдаған ғасырларды қамтиды, жері шежірелі. Әлемге әйгілі тарихи ескерткіштер, табиғаты көркем қорықтар, демалыс орындары көптеп кездеседі.
«Медеу» мұз айдыны, «Шымбұлақ» спорт кешені халқымыздың мақтанышы болып саналады.
5. Кесте арқылы жіктік жалғау туралы түсінік беру. (5-слайд)
1. Зат есім сөздердің жіктік жалғау арқылы түрленуі зат есімнің жіктелуі деп аталады.
2. Жіктік жалғаулары үш жақ бойынша жекеше, көпше түрде жалғанады.
3. Жіктік жалғауы есім сөзге және етістікке жалғанады.

ЖІКТІК ЖАЛҒАУ
ЖЕКЕШЕ КӨПШЕ
I жақ –мын,-мін,-пын,-пін,-бын,-бін I жақ –мыз,-міз,-пыз,-піз,-быз,-біз
II жақ –сың, -сің II жақ –сыңдар, -сіңдер
II жақ –сыз, -сіз II жақ –сыздар, сіздер
III жақ --- III жақ ----

III. Жаңа тақырыпты бекіту тапсырмалары.
1-тапсырма. «Бала», «оқушы» сөздерін жіктеңдер. (6-слайд)
2-тапсырма. Сөз тіркестерін дұрыс құраңдар. (7-слайд)
Еуразия ------------ Президент
табиғаты --------------- кездеседі
шөлді ------------------ қорықтар
ғасырларды ----------- ескерткіштер
тарихи ------------------ құрлығы
көркем ---------------- әр алуан
көптеп ---------------- аймақтар
тұңғыш --------------- қамтиды

3-тапсырма. Сөздердің синонимін табыңдар. (8-слайд)
Әр алуан-
Көркем-
Аймақ-
Туған жер-
Тұңғыш-
4-тапсырма. Оқулықпен жұмыс. Сөздерге жақша ішіндегі жіктік жалғауын жалғаңдар. Үш жақта ауызша жіктеңдер. (86-бет)
5-тапсырма. Көп нүктенің орнына тиісті жалғауларды қойып, көшіріп жазыңдар.(87-бет)
IV. Сабақты қорыту:
V. Үйге тапсырма: 87-бет. 7-тапсырма. Өлеңді жаттау.
VI. Оқушылардың жауабын, білімін бағалау.

Источник: http://Сабақ жоспары
Категория: Казахский язык и литература | Добавил: устаз (14.07.2014) | Автор: Джасузакова Гүлжан Мұхтаровна E
Просмотров: 2409 | Комментарии: 1 | Теги: 6-сынып, Қазақ тілі, сабақ жоспары | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 1
1 Улганым   (12.01.2015 21:39)
Гүлжан Мұхтарқызы шығармашылық табыс тілеймін

Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Вход на сайт
Поиск
Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Театр.kz


  • Copyright "Школа" Интернет-портал "Детство-kz"© 2016
    Сайт управляется системой uCoz