Главная | Регистрация | Вход | RSSВоскресенье, 11.12.2016, 05:13

Учителя Алматы

Меню сайта
Категории раздела
Биология [28]
ИЗО [12]
Профессиональное обучение [6]
Внеклассное чтение [16]
География [22]
Духовные ценности [10]
Если хочешь быть здоров [48]
Информатика [58]
История [49]
Иностранный язык [99]
Книжная полка [49]
Компьютер-бум [10]
Казахский язык и литература [182]
Математика [85]
Мир науки [11]
Моя Родина - Казахстан [42]
Музыка [97]
Начальная школа [399]
Общество семи муз [12]
Психологический клуб [11]
Русский язык и литература [132]
Родительское собрание [11]
Творческая личность [20]
Технология [21]
Физика [20]
Химия [31]
Экологическое воспитание [13]
Самопознание [35]
Наш опрос
Считаете ли вы результаты ЕНТ справедливыми?
Всего ответов: 1523
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0

Каталог статей

Главная » Статьи » Мастерская учителя » Казахский язык и литература

Шоқан Уәлиханов
Махметова Меруерт Абдыбаевна
«Достар» ХМЛ-нің қазақ тілі мен әдебиеті
пәндерінің мұғалімі
10-сынып. Қазақ тілі орыс мектебінде.
Сабақтың тақырыбы: Шоқан Уәлиханов
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: жаңа тақырыпты грамматикалық, лексикалық тапсырмалар арқылы меңгерту;
Дамытушылық: ауызекі тілде сөйлеуге дағдыландыру; оқушылардың сөздік қорын дамыту;
Тәрбиелік: адамгершілікке,сыпайылылыққа, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: оқулық, слайдтар
Сабақтың типі: диалог, монолог
Сабақтың формасы: жеке, ұжымдық жұмыс
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру
а) Амандасу, түгендеу
ә) Жаңа тақырып бермес бұрын оқушылардан сұқбатқа шақыру:
- Белгілі адамдар деп кімдерді айтамыз?
-Қазақстанда белгілі адамдар бар ма?
-Кімдерді білесіңдер?
-Ал белгілі ғалымдарды білесіңдер ме? Олар кімдер?
-«Сегіз қырлы бір сырлы» деген сөздің мағынасы не?
-Шоқан Уәлихановты осындай адам деп атай аламыз ба?
II. Жаңа сабақ
Мұғалім сөзі:
Балалар, бүгін біз сендермен «Ғалымдар әлеміне» саяхат жасаймыз. Саяхат кезінде біз қазақтың «жарық жұлдызы», атақты саяхатшы, этнограф, географ, суретші, жоғарыда айтылғандай «сегіз қырлы, бір сырлы» ғалым Шоқан Уәлихановтың өмірі мен шығармашылығы туралы көптеген ақпараттармен таныс боламыз.Бізге саяхат жасауға компьютер мен проектор көмекші болады. Ендеше уақытты зая кетірмей, саяхатқа аттанайық.
1-слайд. «Ғалымдар әлемі».Қазақтың тұңғыш ғалымдары-Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин, М.Әуезов, Қ.Сәтбаевтың портреттері мен өмірбаяны,шығармашылығы туралы қысқаша ақпарат беріледі. Мұғалім қысқа да, нұсқа хабарлама жасайды.
2-слайд. «Туған өлке». Табиғаты сұлу Көкшетау, Сырымбет, Қостанай, Құсмұрын жерлеріне саяхат. Шоқанның туған өлкесі туралы ақпарат беріледі.
3-слайд. «Жарық жұлдыз». Ш.Уәлиханов туралы ақпарат.
Шоқан Уәлиханов Қостанай жерінде Құсмұрын бекетінде дүниеге келген. Шоқанның балалық шағы Көкшетауда Сырымбетте өтеді.Шоқан бала жасынан зерек, алғыр, ақылды, парасатты болды. 12 жасында ол Сібірдегі ең таңдаулы оқу орындарының бірі Омбы қаласындағы Қадет корпусына оқуға түседі. 1857 жылы жиырма жеті жасында Шоқан Орыс география қоғамына мүше болып сайланды. Замандастары Шоқанды шығыстану іліміндегі қайталанбас ірі тұлға деген.
4-слайд. «Белгілі тұлға». Тірек сұрақтарды пайдалана отырып, слайдта берілген сызба бойынша әңгіме құру.
1.Ш.Уәлиханов кім?
2.Оның шын аты кім?
3.Қай жылы, қайда дүниеге келді?
4.Неше жасында Омбыдағы кадет корпусына түсті?
5.Ш.Уәлиханов қай жерлерді аралады? Қашқарда неше ай тұрды?
6.Алғаш рет қай елдің, қандай жырын қағазға түсірді? Оны қандай тұлға деген?

ғалым
саяхатшы Мұхамедханафия 1835
зерттеуші Көкшетау

қайталанбас Шоқан Уәлиханов 12 жас

«Манас»
жыры Қашқария 14-15 жас
Ыстықкөл
Тарбағатай

III. Жаңа тақырыпты бекіту, пысықтау тапсырмаларын орындау. Оқулықпен жұмыс.
1-тапсырма. Жаңа сөздерді оқып, есте сақтау.
Бекініс-укрепление
Алғыр-хваткий, сильный
Парасатты-порядочный,разумный,здравомыслящий
Таңдаулы-передовой
Замандас-современник
Ілім-учение
2-тапсырма. Көп сөздердің орнына тиісті сөздерді қойып жазыңдар.
3-тапсырма. Сұрақтардың орнына тиісті сөздерді жазып, сөйлемдер құраңдар.
4-тапсырма. Сөйлемдерді аяқтаңдар. Құраған сөйлемдерге сұрақтар қойып, өзара сөйлесіңдер.
IV. Сабақты қорыту.
4-слайдтағы сызба арқылы сабаққа қорытынды жасаймыз.
V. Үйге тапсырма: «Ш.Уәлиханов» тақырыбына диалог құрап, өзара сөйлесу.
VI. Оқушылардың білімін бағалау.

Источник: http://сабақ жоспары
Категория: Казахский язык и литература | Добавил: устаз (17.07.2014) | Автор: Махметова Меруерт E
Просмотров: 931 | Теги: 10-сынып, Қазақ тілі | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Вход на сайт
Поиск
Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Театр.kz


  • Copyright "Школа" Интернет-портал "Детство-kz"© 2016
    Сайт управляется системой uCoz