Главная | Регистрация | Вход | RSSПятница, 09.12.2016, 05:00

Учителя Алматы

Меню сайта
Категории раздела
Биология [28]
ИЗО [12]
Профессиональное обучение [6]
Внеклассное чтение [16]
География [22]
Духовные ценности [10]
Если хочешь быть здоров [48]
Информатика [58]
История [49]
Иностранный язык [99]
Книжная полка [49]
Компьютер-бум [10]
Казахский язык и литература [181]
Математика [85]
Мир науки [11]
Моя Родина - Казахстан [42]
Музыка [97]
Начальная школа [399]
Общество семи муз [12]
Психологический клуб [11]
Русский язык и литература [129]
Родительское собрание [11]
Творческая личность [20]
Технология [21]
Физика [20]
Химия [31]
Экологическое воспитание [13]
Самопознание [35]
Наш опрос
Считаете ли вы результаты ЕНТ справедливыми?
Всего ответов: 1522
Статистика

Онлайн всего: 2
Гостей: 2
Пользователей: 0

Каталог статей

Главная » Статьи » Мастерская учителя » Казахский язык и литература

Тілдер күніне арналған «Ойлан, тап» интеллектуалдық ойын
М.Қ.Теміржанова.,З.Б.Қаппасова., Г.А. Оразалина
Ақсу қаласының №4 орта мектебінің
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері
Тілдер күніне арналған «Ойлан, тап» интеллектуалдық ойын
Мақсаты: Тәуелсіз елімізде өмір сүріп отырған түрлі ұлт өкілдері арасындағы достық пен бірлікті нығайту барысында мемлекеттік тілге құрмет сезімдерін қалыптастыру
Жүргізуші: Құрметті ұстаздар,оқушылар тілдер мерекесіне қош келдіңіздер!
Біздің елімізде 130-дан астам ұлт өкілдері тұрады. Қазақстан - экономикасы мықты, тәуелсіз егеменді ел. Қазақстан әр тілде
сөйлейтін халықтардың басын біріктіріп отырған мемлекет.
Қазақстан біздің достық үйіміз, ал №4 орта мектеп білім үйіміз.
Енді «Ойлан,тап» сайысына да кезек келді. Озып көр. Бұл ойын 4 кезеңнен тұрады. Алдымен қатысатын оқушылармен танысайық.
1- топ «Шырақ» тобы, 2-топ «Тапқырлар» тобы.
Ойынымыз сайыс түрінде өтетіндіктен алдымен әділ-қазылар алқасымен таныстыруға рұқсат етіңіз.
1.Бастемова А.Қ.
2.Оразалина Г.А.
Бірінші кезеңді бастаймыз. Ол «Сөз тапқанға» деп аталады.Қазір әріптер аласыздар,сіздерге сұрақ қойылады.Сол сұраққа жауап осы әріптен басталуы керек. Жауап шапшаң болуы тиіс.
І топ сұрақтары.( Ө,Қ,Т)
1. Бүгін қандай күн? (Өте ыстық күн.)
2. Сен қайда тұрасың? (Қалада)
3. Жазда қайда болдың? (Талдықорғанда)
4. Нені жақсы көресің? (Өрікті)
5. Сыныбында неше оқушы бар? (Қырық)
6. Қай пән ұнайды? ( Тарих)
7. Досың көп пе? (Өте көп)
8. Сенің сүйікті ақының?( Құнанбаев)
9. Қандай жануарды ұнатасың? (Түйе)
ІІ топ сұрақтары. (Ә,Ғ,С)
1.Қалаң қандай? (әдемі)
2.Кім болғың келеді? (ғалым)
3.Нені ұнатасың? (саяхатты)
4.Қандай құсты білесің? (Әтеш)
5. Қандай фильмді көресің?(Ғылыми)
6.Жақсы көретін апта күнің? (Сенбі)
7. Күз мезгілі ұнай ма?(Әрине)
8.Сенің сүйіп оқитын жазушың? (Ғабит Мүсірепов)

ІІ кезең «Ойлан, тап»
Сіздерге «Білімпаздар» деген сөз беріледі.Бір минуттың ішінде осы сөзден неше сөз табуға болады, ал іске кірісеміз.
Жүргізуші: Құрметті қазылар алқасы сіздерге сөздердің дұрыс жазылуын және мағынасына мән берулеріңізді сұраймыз.

ІІІ кезең «Сен білесің бе?» Мұнда сіздердің алдарыңызда сандар жазылған тор көздер, олардың астында тапсырмалар. Егер сол тапсырмаға дұрыс жауап берсеңіздер 5 ұпайдан аласыздар (қай түсті таңдайсыздар)
1. Қазақ тілтану ғылымының атасы кім?
2. «І»қандай дыбыс?
3. Ұлан- байтақ сөзінің синонимін табыңыз.

1.Ғ.Айдаров қанша ғылыми зерттеу еңбек жазған?
2.Отан сөзінің синонимін анықтаңыз.
3.«Ө» қандай дыбыс?

ІV кезең «Кім жылдам?» Әр топ басшысы берілген сөздерді қимылмен жеткізуі керек, ал жанкүйерлер бұл сөздерді дұрыс анықтауы тиіс.
1. Қоңырау, өзен,балмұздақ,аю,жұлдыз,дүкен,ұшақ, айна.
2. Сабақ ,нәресте ,балық,ағаш,шар,жаңбыр,поезд,ойыншық.
Сөз кезегі әділ-қазыларға беріледі.
Категория: Казахский язык и литература | Добавил: temirzhanova (06.09.2014) | Автор: Майдаш E
Просмотров: 1102 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 1
1 Максат   (19.09.2014 16:25)
Тілдер күніне арналған «Ойлан, тап» интеллектуалдық ойын өткізілген. Сайыс 4 кезеңнен тұрады. Әр кезеңде оқушылар өз білімдерін ортаға салуларына игі әсер етеді. Сабақ мақсатына жетті.

Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Вход на сайт
Поиск
Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Театр.kz


  • Copyright "Школа" Интернет-портал "Детство-kz"© 2016
    Сайт управляется системой uCoz