Главная | Регистрация | Вход | RSSПятница, 09.12.2016, 08:48

Учителя Алматы

Меню сайта
Категории раздела
Биология [28]
ИЗО [12]
Профессиональное обучение [6]
Внеклассное чтение [16]
География [22]
Духовные ценности [10]
Если хочешь быть здоров [48]
Информатика [58]
История [49]
Иностранный язык [99]
Книжная полка [49]
Компьютер-бум [10]
Казахский язык и литература [182]
Математика [85]
Мир науки [11]
Моя Родина - Казахстан [42]
Музыка [97]
Начальная школа [399]
Общество семи муз [12]
Психологический клуб [11]
Русский язык и литература [132]
Родительское собрание [11]
Творческая личность [20]
Технология [21]
Физика [20]
Химия [31]
Экологическое воспитание [13]
Самопознание [35]
Наш опрос
Считаете ли вы результаты ЕНТ справедливыми?
Всего ответов: 1522
Статистика

Онлайн всего: 6
Гостей: 6
Пользователей: 0

Каталог статей

Главная » Статьи » Мастерская учителя » Казахский язык и литература

Ақан сері Қорамсаұлының өмірі мен шығармашылығы
Сабақтың тақырыбы: Ақан сері Қорамсаұлының өмірі мен шығармашылығы
Сабақтың мақсаты:
Серілер поэзиясы туралы ойларын тереңдету, Ақан серінің қасиеттерін ерекшелеу, ажырату. Өлеңдерімен және шығарылған әндерімен таныстыру.
Өз беттерімен ойланту, ойландыру, өзіндік дәлелді пікір, тұжырымды ой айтуға баулу,үйрету.
Эстетикалық тәрбие, өнерді сүюге, бағалауға баулу.
Сабақтың түрі: Конференция сабақ
Сабақтың әдісі: Қ.Бітібаева технологиясы
Пәнаралық байланыс: Тарих, музыка
Ұйымдастыру кезеңі
Жаңа сабақ
Ақан сері өмірі мен шығармашылығы Қ.Бітібаева технологиясы бойынша алдын ала берілген.
Топ оқушылары үш топқа бөлініп, әр топ өздеріне ат, топ таңбасы, ұрандары , топ басшылары болады.
Алдыңғы сабақта біз Көкшенің ән дүлдүлі, ел еркесі Ақан серінің өмірі мен шығармашылығын оқып үйрендік. Слайдан Ақан серінің суретін көрсету. Үйге Ақан серінің өмірі мен шығармашылығы жөнінде оқып, қосымша мәліметтер әкелу тапсырылды.
Сері деп кімдерді айтамыз?
Сері сөзін топтастырып алайық
Бір жерде отырмайды, өнерлі, әнші, сазгер,ақын,сұлулықты сүйеді, әсемдікті сүйеді,сәнқой, ел сүйіктісі, күйкі тірлікпен айналыспайды, талғамды, сұңқар тамақты т.б.
- Жарайсыңдар,балалар!Енді Ақан серінің бір жылқы, бір сиыр, жиырма бес сом ақша беріп сатып алған жүйрігінің аты қалай, есімізге түсірейік. Слайдта тұлпардың суреті көрсетіледі.
-Иә, дұрыс айтасыздар. Ендеше, кәні, қай топ Құлагер әнінің шығу тарихына тоқталады?
Тағы да алдыңғы сабағымызға оралайық.Ақан сері сонымен қатар құсбегі дедік. Оны қайдан білдік? Қандай құстары болған? «Көкжендет», «Қараторғай» әндерінің шығу тарихына қай топ тоқталады?
Слайдта қыран бүркіт суреті көрсетіледі.
Ақан серінің әйел теңдігін көксеп, сексен бес жастағы қарияға ұзатылып бара жатқан қызға арнап шығарған өлеңі қалай аталды?
«Балқадиша» әнін шығарған кезде Ақан серіні жынданып кетті деп есептеген. Бірақ филология ғылымының кандидаты С.Негимов былай дейді:
«Қос¬қөлдің сыртындағы Сарыкөлдің жағасын¬дағы ағаш үйде жалғыз қалады. ...Ішуге де, дәретке де суды Сары¬көл¬ден ғана ала¬ды. Сарыкөлдің суына тірі тышқан түсір¬мейді. Мінген атын да суармайды. Мал келе жатса, алдынан шығып айдап жібе¬реді» делінген. Ақанды «жынды» атандыр¬ған да – осындай жат қылығы. Әрине, кө¬рер көз, естір құлаққа әбес көрінуі мүмкін. Тіпті түсіп отыр¬ған үйінің ыдыс-аяғы, тө¬сек-орны кір болса да, әншінің асулы етке қарамай, жүріп кете беретін кірпияздығы да болған. Қайғы үстіне қайғы жамалғанда сезімі, жүрегі бар әр пенде бәрін тастап, безіп кеткісі келеді. Оған «пері иектеткен» де – елдің өсегі. Слайд.
Әр топқа бес жолды өлең құрастыру тапсырылады.
1 топқа- Балқадиша сөзі
2 топқа- Құлагер сөзі
3 топқа- Базаралы сөзі
Семантикалық картамен жұмыс. Өлеңдердің тақырыптарын табу Слайд
Білімдіге үш сауал
1. Ақан сері кім?
2. Ақан неге қайғырады?
3. Ақан ел еркесі ме?

Қорытынды
Ел еркесі Ақан сері Қорамсаұлының өмірі мен шығармашылығы негізінде Сәкен Жүнісов «Ақан сері»романын, Ілияс Жансүгіров «Құлагер», Ғабит Мүсірепов «Ақан сері -Ақтоты» пьесасын жазды.
Қазіргі таңда өзі дүниеге келген жерінде Ақан серіге арналған ескерткіш бар. Слайд.
-Ақан сері осы тәуелсіздік тұсында ұмытылды. Зерттеуіміз керек еді. Ұмытылды. Ақан серіден қалған мұра өте телегей. Ақан сері - адамзаттың сұңқары, қызыл тілдің ділмәрі. жігіттің серісі, сөздің ағытылған тиегі.
«Өлді деуге сия ма ойлаңдаршы, өлмейтұғын артына сөз қалдырған»-деп, хакім Абай айтқандай, Ақан сері - жүрегі қазақ деп соққан әрбір Алаш ұрпағының жадында мәңгі қалатын тау тұлға, сөнбес сәуле.
Бағалау.
Үйге тапсырма: Ақан серінің «Балқадиша» өлеңін жаттау.
Категория: Казахский язык и литература | Добавил: Максат (19.09.2014) | Автор: Аспандияров Кенжигали Шукургалиевич
Просмотров: 889 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Вход на сайт
Поиск
Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Театр.kz


  • Copyright "Школа" Интернет-портал "Детство-kz"© 2016
    Сайт управляется системой uCoz