1 сынып Сабақтың тақырыбы: Қуыршақ Сабақтың мақсаты: Білімділік:Тақырып бойынша оқушылардың сөздік қорын қалыптастырып, олардың оқылым, тыңдалым, айтылым, жазылым әрекеттерін жүйелі іске асыру. Дамытушылық: Тақырып бойынша оқушылардың байланыстырып сөйлеу даңдыларын дамыту. Жазба жұмыстарын жүйелі жүргізу арқылы сауаттылықты қалыптастыру. Тәрбиелік:Оқушыларды сабақ және ойын барысында әділетті болуға баулу, тәрбиелік мақсатта әңгімелер жүргізу. Сабақтың түрі: жаңа сабақ Сабақтың әдісі: диалог, сөйлеп үйрену, тыңдау, сөзжұмбақ шешу. Жабдықтау: тақырып бойынша мазмұнды суреттер Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: 1. Амандасу. 2. Сыныпты түгендеу. ІІ. Тіл дамыту кезеңі: 1. Қазір қандай жыл мезгілі? 2. Күз айлары қандай? 3. Қазір қандай ай? 4. Бүгін нешесі? 5. Бүгін ауа райы қандай? 6. Ауаның температурасы қандай? ІІІ. Өткенді қайталау. ІУ. Үй жұмысын тексеру: У. Жаңа сабақ. I. Сөздік жұмысы Бар Жоқ Сөздік жұмысы • Мұғалім сөздердің мағыналарын түсіндіреді. • Мұғалім оқиды, оқушылар қайталайды. • Мұғалім оқиды, оқушылар тізбектеп қайталайды. • Сөз тіркестерін құрау. II. Тапсырмалармен жұмыс 1. Тапсырма . диалогті тыңдап, доспен сөйлесу Оқылым әрекетіне берілген диалогпен жұмыс жасау. Оқылым әрекетінен кейін тапсырмаға ұқсас диалог жасату. Оқушылардың әкелген ойыншықтарымен практикалық жұмыс жасау. Оқушыларды тілдесімге тарту. 2. Тапсырма. Сөйлеп үйрену, айту.
Мынау кімнің шары? Бұл менің шарым. Мынау кімнің қуыршағы? Бұл менің қуыршағым. Мынау кімнің машинасы? Бұл сенің машинаң.
a) Сұрақ – жауап бойынша жұмыс жасау. b) І және ІІ жақта сөйлеу дағдыларын тапсырма арқылы бекіту. c) Тапсырманы сурет салу жұмысымен жалғастыру. 3. Тапсырма. Өлеңді тыңдау. a) Тыңдалым әрекетіне «Қуыршақ» атты өлеңмен бастап, оқылым әрекетімен қалыптастыру. b) Өлеңді ойынмен жалғастырып жіберуге де болады. 4. Сөзжұмбақты шешу. Қисынды ойлау қабілетіне берілген сөзжұмбақпен жұмыс жасау. Оқушылардың тақырып бойынша сөздік жұмыстарын жандандырып, жаңа сөздермен жұмыс жасау. Оқушыларды көркемдікке, әсемдікке баулу. Өз бетімен сөзжұмбақ құрастыру дағдыларын ояту. Сергіту сәті. 5. Оқушылармен өтілген жаңа сөздер бойынша «Мәре – сөре» ойынын өткізу. Ойыннан кейін өз таңдауы бойынша бір суретті таңдап салып, атауын жазуға тапсырыс беру.
УІ. Сабақты бекіту. УІІ. Сабақты қорытындылау. УІІІ. Үй тапсырмасын беру. 12 -14 бет оқу