Главная | Регистрация | Вход | RSSВоскресенье, 04.12.2016, 06:51

Учителя Алматы

Меню сайта
Категории раздела
Биология [28]
ИЗО [12]
Профессиональное обучение [6]
Внеклассное чтение [16]
География [22]
Духовные ценности [10]
Если хочешь быть здоров [47]
Информатика [58]
История [48]
Иностранный язык [99]
Книжная полка [49]
Компьютер-бум [10]
Казахский язык и литература [181]
Математика [85]
Мир науки [11]
Моя Родина - Казахстан [42]
Музыка [97]
Начальная школа [399]
Общество семи муз [12]
Психологический клуб [11]
Русский язык и литература [129]
Родительское собрание [11]
Творческая личность [20]
Технология [21]
Физика [20]
Химия [31]
Экологическое воспитание [13]
Самопознание [35]
Наш опрос
Считаете ли вы результаты ЕНТ справедливыми?
Всего ответов: 1521
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0

Каталог статей

Главная » Статьи » Мастерская учителя » Казахский язык и литература

Доклад "Қазақ тілі сабағында оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту үшін тест әдісін қолдану"
Баяндама тақырыбы:
Қазақ тілі сабағында оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту үшін тест әдісін қолдану

Халқымыздың ұлы перзенті, әлемге әйгілі ғалымы, көрнекті ағартушысы Ш.Уәлиханов халық кемеліне келіп дамуы үшін екі - ақ нәрсе керек деп ерекше атап көрсеткен: оның біріншісі - азаттық, екіншісі - білім. Бұл қол жетпес байлықтың екеуі де қазір біздің қолымызда бар. Үкілі үміт, асыл арман біздің келешекке деген сенімімізді арттырып, өркениеттің биік асқарына ұмтылдырады. Қай елдің болмасын өсіп - өркендеуі, өнуі, дүниеде өзіндік орын алуы оның ұлттық білім жүйесінің қалыптасуына, даму бағытына тікелей байланысты.
Қазақстан Республикасының орта білімді дамыту тұжырымдамасында қазіргі мектептердің міндеті:
1.Тәжірибелік қызметке жиналған игіліктерді сақтау.
2. Қоғамдық интеллектуалдық қуатын жетілдіру.
3.Еліміздің материалдық қажырлы әл - қуатын дамыту.
4.Орта білім беру жүйесін әрі қарай дамыту.
Бұл міндеттерді шешу үшін мектеп ұжымдары, әрбір мұғалім күнделікті ізденіс арқылы барлық жаңалықтар мен өзгерістерге батыл жол ашулары тиіс.
Осы тұрғыда алып қарасақ, ұлттық рухтағы әлемдік білім деңгейі талаптарына сай ұлтжанды азамат тәрбиелеу үшін әр мұғалім күнделікті сабағында жаңа технологияларды тиімді пайдалану, құзыреттілік - әрекеттілік тұрғыда оқыту, жаңаша авторлық технологиялар мен бағдарламалар құрастырып, жүзеге асыру қажеттігі туындайды. Бүгінгі заман әр ұстаздан үздіксіз ізденімпаздық пен шығармашылықты, кәсіби шеберлікті, құзырлыққа жету жолындағы заманауи технологияларды тиімді қолдануды қажет етеді.
Мен, 2009 жылы 85 жылғы тарихы бар, 85 жыл бойы еліміздің барлық жеріне түрлі педагог мамандар даярлап жатқан, атақты Б.Ахметовтың білім ошағының қазақ тілі мен әдебиет бөлімін үздік аяқтап, сырттай ИнЕУ - ді сол мамандық бойынша тәмамдадым. Жұмыс жолымды Ш.Уәлихан мектебінде бастадым. Қазіргі кезде бұл мектепте 4 жыл бойы қызмет етіп келе жатқан жас маманмын.
«Білікке сенер заманда - ешкімге есе бермедік,
Білімге сенер заманда - қапы қалып жүрмейік» - деп Абылай хан ықпал етіп, адамзат қоғамын алға апаратын құдіреттілік күш тек білімге ғана тән екеніне барлығымыздың көзіміз жетті.
«Оқыту» бұйрық мағынасындағы сөз, яғни біреудің басшылығымен немесе үстемділігімен жүзеге асырылады, кейін толығымен шәкірттің өз билігіне көшеді. Мұғалімнің міндеті оқушының өзі түсініп, ізденіп оқуына, пәнді терең білуге бағыттау білімнің қажеттілігін түйсік арқылы саналы қабылдау. «Мектептің тірегі де, тілеуі де оқыта білетін мұғалім» -деп Ахмет Байтұрсынов айтқандай, қазіргі білім беру саласында оқытудың озық технологияларын меңгермейінше, жас ұрпаққа заман талабына сай жан - жақты білім беру мүмкін емес, себебі қазіргі білім саласындағы талаптарды орындауға дәстүрлі технологиялардың деңгейі жетпейді. 2010-2011 оқу жылында 9-11 сынып оқушыларын МАБ пен ҰБТ-ға дайындаған едім, нәтижесінде, оқушыларым екі бақылаудан да 100% білім сапасын көрсетті. Бір жыл бойы тест әдісімен жұмыс жасап, жақсы нәтижеге қол жеткізуге болатынын көрген соң, мен 2013-2014 оқу жылынан, «Тест арқылы оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту» атты өз білімімді жетілду тақырыбымен жұмыс істей бастадым.
Тест – ағылшын сөзі, «сынақ», «байқау» деген мағынаны білдіреді де, белгілі тапсырма беру арқылы оқушылардың ақыл - ой сапаларын сынап көрсететін әдіс. Ең алғаш рет тесті оқушылардың білімін тексеру үшін ағылшын педагогы Дж.Фишер 1864 жылы қолданған екен. Қазіргі тәжірибеде қазақ тілі сабағында тестілеу әдісін қолдану тиімді, пайдалы, әрі нақты педагогикалық өлшемнің бірі болып тұр. Тест әдісін қолдану білім сапасын бақылауға, дамытуға, ұйымдастыруға, болжауға, тәрбиелеуге көп көмегін тигізуде. Бұл әдіс арқылы мұғалім артық уақытсыз оқушылардың білім дәрежесін тез тексеруге мүмкіндік алады. Тест әдісін қолдану оқушының білім деңгейін көрсете отырып, мұғалімнің жұмысының нәтижесін де көрсетеді. Оқушылар да өз білім деңгейлерін көре алады, өздеріне - өзі бақылау жасай алады. Ата - аналар да өз балаларының білімін бақылау мүмкіндігіне қол жеткізеді.
Тестілеудің ерекшеліктері:
1. Оқушы өзін - өзі бақылайды, бағалайды, кемшіліктерін анықтайды.
2. Сапалық көрсеткіштерде жақсы нәтижеге жеткізеді.
3. Нәтижесі тікелей белгілі болады.
4. Барлық оқушыға бірдей талап қойылады.
5. Оқушылардың білім дәрежесі әділ бағаланады, әрі оқытушының өз пікірінше ғана бағалауына жол берілмейді.
6. Оқушылардың білім деңгейін білу үшін оқылған материал тегіс қамтылады.
Оқытудың коммуникативтік әдісінің енгізілуі оқушылардың игерген білімдерінің деңгейін анықтауға да жаңа сапалық өзгерістер әкелуде. Жалпы алғанда тест: педагогикалық тест, психологиялық тест, профессионалдық тест, т.б. бөлінеді. Лингводидактикалық тест - педагогикалық тестің бір бөлігі ретінде, сөйлеу және жазу тілі тестерін құрастырып, оны жүзеге асырумен айналысады. Лингводидактикалық тест әдісі оқушылардың меңгерген материалын ескере отырып: біріншіден - өтілген тілдік материалды қайталау, қорыту, екіншіден - алған білімдерін тәжірибеде, күнделікті өмірде қолдана білуі мақсатында жүргізіледі. Осыған орай бұл тест екіге бөлінеді:
1. Тілдік тест. Оған лексикалық, грамматикалық тест түрлері жатады.
2. Сөйлеу тілі тесті. Көбіне жағдаяттық тақыраптағы сұрақ - жауап тапсырмаларынан тұрады.
Ал тест әдісін жүргізу баспалдақты жүйе негізінде жүзеге асырылады:
А) тест жүргізудің дайындық кезеңі;
Ә) тест өткізу кезеңі;
Б) тест тапсырмаларын қорытындылау, бағалау кезеңі.
Лингводидактикалық тест әдісі оқушының өтілген материалдарды қорытып, өз бетімен жеке жұмыс істеуіне, логикалық ойлау қабілетінің дамуына, пәнге қызығушылығының артуына көмектеседі. Оқу үрдісін, оның білімділік жағын жетілдіру коммуникативтік принципін еңгізу мәселелеріне байланысты. Сондықтан да, қазақ тілі сабақтарында белгілі бір тақырыптардан кейін алған білімдерін бақылау негізінде лингводидактикалық тест тапсырмалардың берілгені тиімді.
Осы орайда, мен өз тәжірибемде, оқушылардың білімдерін, іскерліктерін, дағдылары мен ойлау қабілеттерін тексеріп, бақылау үшін тестілеудің 4 түрін үнемі қолданамын. Олар:
1. Дұрыс таңдау немесе ашық тесті - бірнеше жауап нұсқаларымен беріледі, оқушы дұрыс жауабын көрсетуі қажет.
2. Баламалы (альтернативті) тест - негізгі тапсырмасы екі нұсқалы жауаптан тұрады (иә - жоқ, дұрыс - дұрыс емес) және қиын ережелер мен анықтамаларды меңгерген деңгейін тексереді.
3. Толықтыру немесе тұйық тест – оқушы берілген сұрақты немесе сөйлемді өзі толықтыру қажет.
4. Сәйкестендіру тесті – бірнеше бір – біріне жақын жауаптар беріледі, оқушы жауаптары сәйкес нұсқаларды бағытпен көрсетуі қажет.
Бұл тест түрлерін әр сабақта үнемі ауыстырып қолданып отырса, жоғары нәтижеге қол жеткізуге болады.
2013-2014 оқу жылында мен тест әдісін қолдана отырып, 7-10 -сыныптың қазақ тілі оқулығына арналған тест жинағын, 6 – қазақ сыныбының қазақ тілі оқулығына арналған тоқсандық бақылау тест жинағын құрастырсам / Құрастырған тест жинақтарының пікір иесі: Астана қаласындағы С.Сейфуллин атындағы агротехникалық университетінің деканы, филология ғылымдарының докторы Резуанова Ғалиябану Кабиқызы. /, тест әдісінің ашық тест түрі кездесетін «Железин өңірінің компоненттері» атты оқу құралын / Пікір иесі: Астана қаласындағы С.Сейфуллин атындағы агротехникалық университетінің деканы, филология ғылымдарының докторы Резуанова Ғалиябану Кабиқызы. /, 5 - сыныптың қазақ тілі пәні бойынша лексика саласына арналған дидактикалық тапсырмалар жинағы мен 8-сыныптың қазақ тілі оқулығына арналған жұмыс дәптерін / Пікір иесі: «Білім беру және тәрбиелеуді дамытудың инновациялық орталығы» кабинетінің әдіскері: Неғманова Құралай Уәхитқызы /, сияқты әдістемелік құралдарды құрастырдым. Аталған әр жинақта тест әдісі кездеседі.
2013 жылдың желтоқсан айында «6-қазақ сыныбының қазақ тілі пәніне арналған тест» атты жинағым республикалық «Коллеги» атты интернет-журналында басылып шықты.
«Шәкірті озған ұстаз - еңбегі ақталған ұстаз» - демекші, оқушыларымның да пәнге деген қызығушылықтары артып, тест әдісі кездесетін сайыс, марафондарға үнемі белсенді қатысып, жүлделі орындарға ие болуда. Солардың ең үздігі деп, 2013 жылы «Ақбота -2013» атты республикалық интеллектуалдық марафонында: 9 «А» сынып оқушылары - Жанбусинова Айдана, Музина Аим, Жұманова Гульмира және 3 «А» сынып оқушысы -Тасамбаева Зарина жүлделі 3 орындарға ие болып, Музина Аим мен Жұманова Гульмира Алматы қаласында өтілген «Жас дарын» мәдени-танымдық ауысымға жолдама алып, демалып қайтты.
Ағартушы Д.Пойанның мынандай қанатты сөздері бар: «Мұғалім өз тауарын өткізе алатын сатушы тәрізді болуы тиіс, ол тауарын әдемілеп көрсете білуі керек». Сабақ беру дегеніміз - әр түрлі педагогикалық тәсілдер жиыны тұрақты шығармашылық ізденіс. Сондықтан, ізденген, жаңаға ұмтылған ұстаздан ғана шығармашыл, білімді шәкірттердің шығары анық.

Пайдаланған әдебиеттер тізімі

1. Әбиев Ж.А. Педагогика - Алматы., 2004.
2. Хмель Н.Д. Жалпы білім беретін мектептегі педагогикалық процесс.
Алматы 2002 ж.
Категория: Казахский язык и литература | Добавил: Жанар0506 (22.10.2014) | Автор: Жанар E
Просмотров: 1229 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Вход на сайт
Поиск
Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Театр.kz


  • Copyright "Школа" Интернет-портал "Детство-kz"© 2016
    Сайт управляется системой uCoz