Главная | Регистрация | Вход | RSSСуббота, 03.12.2016, 20:37

Учителя Алматы

Меню сайта
Категории раздела
Биология [28]
ИЗО [12]
Профессиональное обучение [6]
Внеклассное чтение [16]
География [22]
Духовные ценности [10]
Если хочешь быть здоров [47]
Информатика [58]
История [48]
Иностранный язык [99]
Книжная полка [49]
Компьютер-бум [10]
Казахский язык и литература [181]
Математика [85]
Мир науки [11]
Моя Родина - Казахстан [42]
Музыка [97]
Начальная школа [399]
Общество семи муз [12]
Психологический клуб [11]
Русский язык и литература [129]
Родительское собрание [11]
Творческая личность [20]
Технология [21]
Физика [20]
Химия [31]
Экологическое воспитание [13]
Самопознание [35]
Наш опрос
Считаете ли вы результаты ЕНТ справедливыми?
Всего ответов: 1520
Статистика

Онлайн всего: 12
Гостей: 12
Пользователей: 0

Каталог статей

Главная » Статьи » Мастерская учителя » Казахский язык и литература

Сабақтың тақырыбы: Ұлы Абай
Алматы қаласының Халықаралық мектебі
Қазақ тілі кафедрасы
Мүғалім: Ағыбаева Жібек Жетпісбайқызы

Сабақтың тақырыбы: Ұлы Абай

Сабақтың мақсаты:
Тақырып бойынша өтілген бірнеше сабақтың нәтижесін көрсету:

• Абайдың өмір жолын айта отырып, Абайды ұлы ақын, дарынды сазгер, аудармашы, ойшыл ретінде дәлелдеу,
• Оқушылардың сөз қорын тексеру,
• Рөлдік ойын арқылы оқушылардың тіл даму деңгейін тексеру.

Сабақтың барысы:
I. – Эпиграфты оқу, талдау арқылы оқушылар тақырыпты айтады.

Сабақтың эпиграфы:
Қазақтың Гётесі жоқ, Пушкині жоқ,
«Қазақтың,- деме бірақ,- ешкімі жоқ.»
Есесіне өзгенің Абайы жоқ,
Халқының мәңгі жасар кескіні боп.
(М. Әлімбаев)
- Тақтаға жазылған жоспарды талдай отырып, оқушылар сабақтың мақсаттарын айқындайды.

Сабақтың жоспары:
I. Абайдың өмір жолы
II. Абай – ақын
III. Абай – ойшыл
IV. Абай – сазгер
V. Абай – аудармашы.

II. – Сұрақ-жауап арқылы, әңгімелеу арқылы оқушылар Абайдың өмір жолын көрсетеді:
- Өлеңдерін оқу, талдау барысында Абайды ұлы ақын ретінде дәлелдейді;
- Абайдың қара сөздері туралы әңгімелеп, он тоғызыншы сөзді талдау арқылы ақынды ойшыл ретінде дәлелдеу;
- Абайдың әндерін орындау, М. Әуезовтың Абайды сазгер ретінде айқындаған сөздерін келтіре отырып, Абайды дарынды сазгер ретінде дәлелдеу;
- Абайдың аудармаларын оқып, ерекше шеберлігі туралы әңгімелей отырып, ақынды аудармашы ретінде көрсету.

III. – Абайға туған-туысқандар, достары атынан мінездеме бергізіп, оқушылардың сөз қорын, тіл даму деңгейін тексеру.

Рөлдер: Зере – Абайдың әжесі,
Ұлжан – Абайдың шешесі,
Құнанбай - әкесі,
Тоғжан – сүйген қызы,
Медреседегі оқытушысы.

IV. Абай туралы мәтін арқылы оқушылардың тақырып көлеміндегі сөз қорын тексеру.

V. Ұлы Абай тақырыбына арналған үш деңгейлік тест өткізу.

VI. Абайға арналған өлең жолдарын талдаумен сабақты аяқтау:
Абайы бар елдің бақ - талайы бар,
Абайсыз бізді өзгелер қалай ұғар?!
(М. Әлімбаев)

VII. Оқушылардың бағаларын айтып, үйге тапсырма беру.
Категория: Казахский язык и литература | Добавил: Agubayeva (29.12.2014) | Автор: Агубаева Жибек Жетпысбаевна E
Просмотров: 447 | Комментарии: 2 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 2
2 Айка9325   (26.01.2015 23:17)
Бұл сабақ Абай акынымыздың жан жақты дарындылығын көрсетеді.

1 Инэсса   (11.01.2015 14:56)
Здравствуйте Жибек Жетпысбаевна. Урок очень интересный. Я думаю, что многие учителя Алматы заинтересуются. С Уважением Инэсса Ивановна.

Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Вход на сайт
Поиск
Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Театр.kz


  • Copyright "Школа" Интернет-портал "Детство-kz"© 2016
    Сайт управляется системой uCoz