Главная | Регистрация | Вход | RSSВоскресенье, 04.12.2016, 17:13

Учителя Алматы

Меню сайта
Категории раздела
Биология [28]
ИЗО [12]
Профессиональное обучение [6]
Внеклассное чтение [16]
География [22]
Духовные ценности [10]
Если хочешь быть здоров [47]
Информатика [58]
История [48]
Иностранный язык [99]
Книжная полка [49]
Компьютер-бум [10]
Казахский язык и литература [181]
Математика [85]
Мир науки [11]
Моя Родина - Казахстан [42]
Музыка [97]
Начальная школа [399]
Общество семи муз [12]
Психологический клуб [11]
Русский язык и литература [129]
Родительское собрание [11]
Творческая личность [20]
Технология [21]
Физика [20]
Химия [31]
Экологическое воспитание [13]
Самопознание [35]
Наш опрос
Считаете ли вы результаты ЕНТ справедливыми?
Всего ответов: 1521
Статистика

Онлайн всего: 18
Гостей: 18
Пользователей: 0

Каталог статей

Главная » Статьи » Мастерская учителя » Казахский язык и литература

Алғашқы қазақ романы

А. Такишева  

Абай атындағы ҚАЗ ҰПУ-дың ізденушісі

Міржақып Дулатовтың «Бақытсыз Жамал» романын оқыту барысында орындалатын сұрау-тапсырмалардың кейбір түрлері. Әдебиет сабағына арнап оқушыларға сұрау-тапсырмалар дайындау-мұғалім үшін үлкен бір шығармашылық жұмыс. Мұғалім оқушыларды әдеби шығарманы оқуға қызықтырудан бастап, олардың шығарма мазмұнын түсінуі, шығарманы талдап, пікір айта алуға дейінгі аралықта қандай шығармашылық сұрау-тапсырма орындауы керектігін жоспарлап, сұрау-тапсырмалар дайындайды. Сұрау-тапсырмалар оқушының көркем мәтінді игеруіне, белсенді ойлау қабілетінің дамуына көмегін тигізеді.

«Бақытсыз Жамал» романы - өз кезіндегі заман көрінісінен көп жағдайды аңғартар туынды. Тұңғыш роман ретіндегі маңызымен қатар  салт-дәстүрге байланысты да оқушыларға мол мағұлымат береді.

1-тапсырма. Мәтінмен жұмыс. Оқушыларға мәтіннен үзінділердің көшірмелері таратылып, әр оқушыға үзіндінің тілін талдау, мазмұнымен қысқаша таныстыру тапсырылады.

2-тапсырма. Қысқа да нұсқа, шешен де шебер сөйлеу. Әр оқушының жауабы тыңдалады.

3-тапсырма. Сөздікпен жұмыс.

               Ерулік-жаңа көшіп келген үйді қонаққа шақыру.

               Лау байлату-ат дайындау.

               Әмеңгер-«аға өлсе, іні мұра».

               Күндестік-бәйбіше мен тоқалдардың бірін-бірі көре алмауы.

               Ұрын келіп қалыңдық ойнау-күйеудің тойдың алдында қалындыққа келуі.

               Сүйек сындыру-ата-анасын ұятқа қалдыру. Салт-дәстүрге байланысты осы сөздер романда қай оқиғаға байланысты кездеседі?

4-тапсырма. Жоспармен жұмыс.

1. Ел жағдайы, заман көрінісі.

2. Сәрсенбайдың бір перзентке зар болып, Жарасбай молданың қызы Шолпанды айттыруы.

3. Жамалдың дүниеге келуі, ерке өсуі, оқуы.

4. Сәрсенбайдың елдің сөзіне еріп, билікке таласқа түсуі.

5. Билік үшін Байжанмен құдаласуы.

6. Жамалдың Байжанның баласы Жұманды ұнатпауы, қайғыруы.

7. Жамал мен Ғалидың бірін-бірі сүюі, көңіл қосуы.

8. Ғалидың Жамалды алып қашуы.

9. Ғалидың кенеттен ауырып, қайтыс болуы.

10. Жамалдың еріксіз Жұманға тиюі, бақытсыз өмірі.

11.Жамалдың Жұманның қорлығына шыдамай, қалаға қашпақ болып, боранды түнде үсіп өлуі.

5-тапсырма. Кейіпкерлерге мінездеме. Әр оқушы өзі оқыған үзіндіде кездескен кейіпкерге мінездеме береді. Бірін-бірі толықтырады.

Жамал - ақылды, көрікті, зерек, ақынжанды қыз, ескіше хат таниды. Оның Ғалимен қашып кетуі, Жұманның қорлығына шыдамай қалаға кетуге әрекет жасауы –оның ерекше мінез-құлқын білдіреді.

 Ғали - орта бойлы, мінезі сыпайы, әдепті, талапты, уәдесіне берік, білімді жігіт. Саудамен айналысады, Жамалдың теңі, екеуі бірін –бірі ұнатып, бірін-бірі сүйген соң Жамалды алып қашады. Кенеттен ауырып қайтыс болады.

Сәрсенбай - Жамалдың әкесі, момын, мал баққан малды адам, «өз басында еркі жоқ, әркімнің қыздырма тіліне ерген адам».

Жұман-ақылсыз, шаруаға қыры жоқ, ынжықтығынан құрбы арасында күлкі болған, мейірімсіз, қайырымсыз, жалған намысқой бай баласы.

 Байжан - өте күрделі образ, қайырымсыз, кекшіл, намысқой, ескі салттың қорғаушысы, барымташы, жалған жалақор, пәлеқор адам.

6-тапсырма. Романдағы мақал-мәтелдермен жұмыс.

               Мал бітпес жігіт болмас, құрарына қара,

Ұл таппас әйел болмас, тұрарына қара.

               Анасын көріп қызын ал,

Аяғын көріп асын іш.

               Ата даңқымен қыз өтеді,

Мата даңқымен бөз өтеді.

               Ұрғашының шашы ұзын, ақылы қысқа.

               Қашқан жауға қатын ер.

               Бір көрген біліс, екі көрген таныс.

               Талапты ерге нұр жауар.

Бұл мақалдарды жазушы қандай мақсатпен қолданған? Қай кейіпкерлерінің аузына салады?

7-тапсырма. Көп нүктенің орнына салт –дәстүрге байланысты сөздің лайығын қой.

   Қыстай бір - біріне араласпаған ағайындар сағынысып, қашаннан астас, тойлас болған ғадеттерінше бір ауылды бір ауыл ... шақыра бастады.

    Молда опат болған соң, қатынын бір жақын кедей ... алып, әлгі екі жетім бала соның қолына шыққан еді.

      Қалампыр һәр уақыт Шолпанды ... сөзімен де, қолымен де ренжітіп жүрді.

     «Байжан мен Сәрсенбайдың арасындағы уағдалары болып, енді бір айда Жұман күйеу ...»-деген өсек расқа шықты.

(Керекті сөздер: әмеңгері, күндестікпен, ерулікке, ұрын келіп қалыңдық ойнайды)

8-тапсырма. Романнан кейіпкер мінезін ашатын үзінділерді теріп жаз.

...«Олар секілді бір жігітпен көңіл қосып қашсам, пәленшенің қызы қашып кетіпті деген сөз болып, атамның сүйегін сындырғандай боламын. Разы болып Жұманға барсам, ғұмырымша қор боламын ғой»,-деп қайсысын істеуге ақылы жетпей, бағзы уақыттарда түн бойы ойлаумен ұйықтамай да шығушы еді...

... – Сөйтіп жүрме құрысын, өз басыңда еркің жоқ, әркімнің қыздырған тіліне еріп, ақырында Жамалдың көз жасына қалып отырмыз. Ата-бабаң істемеген істі қыламын деп би болғансып, бір жылдың ішінде, қане шыққан мүйізің? (Сәрсенбай әуелі таласып болмай қалғаннан кейін, келер сайлауда құдасының себебімен би болса да, бір жылға жетпей съезд уақытында бір кісіні боқтап, қамшымен салып қаламын деп, билігінен түсіп қалған еді).

...Кешке таман іңір уақытында Байжан болыс писірді, осы жиналысқа келген бес биді һәм указной молла Ахметжанды оңаша, ауылдың сыртына шақырып алып:

    -Енді ертең не болса да бір іс қылыңыздар, мен қазір де малға бітпеймін. Мыналардың бізге барып қалған он жақсы жылқысы бар, бұл мал менің жауыма қайтарылып берілгенше, өздерің олжа қылыңдар, мен кешіктірмей сатып жіберемін. Сіздер бір жолға менің намысымды жоқтап не дегенімді істеп беріңдер?-деді.

...Ал Ахметжан молла, сіз бұл қыз бен біздің Жұман екеуіне алып қашудан он күн бұрын неке оқылған еді деп книгеңізге жазып, бізге куәлік беріңіз,-деді.

9-тапсырма. Кестені толтыр.

Романның тақырыбы. Идеясы. Құрылысы. Тілі.  Әдісі, бағыты, стилі

10-тапсырма. Шығармашылық жұмыс.

               Романнан алған әсерім.

               Романды оқу барысында туындаған ой.

               Оқырманмен сұхбат.

               Жазушымен сырласу.

               Кейіпкерге хат.

        Сабақтың мақсаты оқушылардың белсенді оқу әрекетін ұйымдастыру болғандықтан мәтінмен жұмыс арқылы романды талдауға осылайша алғышарттар жасаймыз. Оқушы сабақ үстінде өзіне берілген үзінді бойынша әр түрлі сұрау-тапсырмалар орындайды. Олардың бірқатарын жоғарыда келтірдік.

Категория: Казахский язык и литература | Добавил: teacher-almaty (24.03.2008)
Просмотров: 15940 | Рейтинг: 2.7/17
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Вход на сайт
Поиск
Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Театр.kz


  • Copyright "Школа" Интернет-портал "Детство-kz"© 2016
    Сайт управляется системой uCoz