Главная | Регистрация | Вход | RSSСреда, 07.12.2016, 13:39

Учителя Алматы

Меню сайта
Категории раздела
Биология [28]
ИЗО [12]
Профессиональное обучение [6]
Внеклассное чтение [16]
География [22]
Духовные ценности [10]
Если хочешь быть здоров [48]
Информатика [58]
История [48]
Иностранный язык [99]
Книжная полка [49]
Компьютер-бум [10]
Казахский язык и литература [181]
Математика [85]
Мир науки [11]
Моя Родина - Казахстан [42]
Музыка [97]
Начальная школа [399]
Общество семи муз [12]
Психологический клуб [11]
Русский язык и литература [129]
Родительское собрание [11]
Творческая личность [20]
Технология [21]
Физика [20]
Химия [31]
Экологическое воспитание [13]
Самопознание [35]
Наш опрос
Считаете ли вы результаты ЕНТ справедливыми?
Всего ответов: 1521
Статистика

Онлайн всего: 10
Гостей: 10
Пользователей: 0

Каталог статей

Главная » Статьи » Мастерская учителя » Казахский язык и литература

Тұйық етістік
Алматы қаласы
Ораз Жандосов атындағы
№ 105 гимназияның
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
АубекероваҰлғанымТұрарбекқызы
Сабақтың тақырыбы: Тұйық етістік
Сабақтың мақсаты:Етістіктің түрлерін ажырата білуге үйрету
Білімділік: Етістіктің ерекше түрі - тұйық етістік туралы кең көлемде мағлұмат беріп, кейбір ерекшеліктерін түсіндіру;
Тәрбиелік: Сауатты, көркем жазуға баулу, тілге деген құрметін арттыру;
Дамытушылық: Әр түрлі әдістер мен тапсырмалар арқылы оқушылардың тілдік білімін, есте сақтау қабілетін, логикалық ойлау қабілетін дамыту.
Күтілетін нәтиже:
а)Етістіктердің түрлерін ажырата білу;
ә)Тұйық етістік – у жұрнағы арқылы жасалатынын түсіну;
б) Жұппен жұмыс жасап, өз ойларын ашық айта білуге, бір - бірін оқытуға дағдылану.
Сабақтыңбарысы:
І.Кіріспе (Қызығушылықтыояту)
А) оқушыларға түсті қағазға жазылған әріптер таратылады, сол әріптерден сөз, сөз тіркесін құрастыру ( қ, ұ, е, т,й, і,т,с,к, і,ы,т) тұйық етістік
Сабақтың тақырыбына шығу
Тұйық етістік. Біз не білеміз? Оқушылардың ойын тыңдау.
Ә) Тақтаға және дәптерге төмендегі сөйлемдерді жазу.
Ілияс Жансүгіров Талдықорған өңірінде туған. Ол әке тәрбиесінде өседі. Әкесінен арабша хат таниды.
Балалар, осы сөйлемдердегі қимыл, әрекетті білдіріп тұрған сөзді табыңдар.
туған, өседі, таниды етістіктерін қимыл, әрекет атауы ретінде қалай айтар едіңдер?
Берілген етістіктердің қосымшасын ажырат.
туу, өсу, тану
б) тасы, төк, жап, тақ, мақта, кел, айтпа етістіктерінен тұйық етістік жасаңдар, қандай өзгеріс байқадыңдар?
Тұжырым жасау.
Шақпен де, жақпен де байланысы болмай, тек қимылдың атауын білдіретін етістіктің ерекше түрін тұйық етістік деп атаймыз. Тұйық етістік етістіктің негізгі және туынды түбіріне, етіс және болымсыз етістік тұлғаларына – у жұрнағы жалғану арқылы жасалады. Мысалы, зертте –у, күлімде-у, айт-у, сөйле - у, айтпа - у.
1. Дауыссыздыбыстарғабіткенетістіктерге тұйық етістіктің – у жұрнағыдауыстыболыпжалғанады: бар - у, қайт - у, көр - у, кел - у.
2. Дауыстыдыбыстарғабіткенетістіктерге тұйық етістіктің – у жұрнағыдауыссызболыпжалғанады: ойна - у, сөйле - у, барма - у, келме - у.
3. Дауысты ы, і, дыбыстарынабіткенетістіктергетұйықетістіктің – у жұрнағы жалғанғанда, түбірдіңсоңындағы ы, і, дыбыстарыжазылмай, у дыбысыныңқұрамынаеніпкетеді де, ол,(у) дауыстыдыбысболыпесептеледі.
Мысалы: оқы+у=оқу, тасы+у=тасу.
4. Қатаң п, к, қ дыбыстарынабіткенетістіктергетұйықетістіктің – у жұрнағы жалғанғанда, түбірсоңындағы п дыбысы б - ға қ, к дыбыстары ғ, г дыбыстарынаайналады.
Мысалы: тап+у=табу, үк+у=үгу, ақ+у=ағу.
5. й дыбысынабіткенетістікке – у жұрнақжалғанғандаекідыбысй+у ю дыбысынаайналыпкетеді.
В) Жұптық жұмыс. Мақал сыңарын табу бойынша оқушылар өз жұптарын тауып, жұмыс жасайды.
1. Отанын сүйген отқа жанбайды,
Суға батпайды.
2. Егілмеген жер жетім,
Елінен айырылған ер – жетім.
3. Ынтымақ жүрген жерде
Ырыс бірге жүреді.
4. Талапты ерге нұр жауар .
1. Жолдасын тастаған жолда қалар .
2. Ерді талап ұшырар,
Құсты қанат ұшырар .
3. Ақсұңқар ұшар жем үшін
Ер жігіт туар ел үшін.
4. Ердің ұялғаны – өлгені,
Еменнің майысқаны – сынғаны

Г) Отан туралы мақал түскен оқушылар 1-тапсырманы екі бөлімге бөліп мазмұнын айтуға дайындалады, достық туралы мақал түскен оқушылар 4-тапсырманы дайындайды.

Рефлексия
Шығармашылық жұмыс.
Берілген сөздерді әрі есім сөз, әрі етістік мағынасында қолданып, сөйлем құраңдар.
Ою, байқау, сайлау, жаттау, оқтау, мақтау, тоқтау, тату, қою, бөлу, үндеу.
Бағалау
Үйге тапсырма 134,135 –б 2,3 – жаттығу
Категория: Казахский язык и литература | Добавил: Улганым (12.01.2015) | Автор: Улганым E
Просмотров: 555 | Комментарии: 3 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 3
3 Аселек   (16.01.2015 19:34)
Өте жақсы сабақ. Сабақ жүйелі құрылған. Өз тәжірибемде қолданам деп ойлаймын.

2 Баймуратовна   (14.01.2015 10:37)
керемет сабақ,тұйық етістікті жаксы тусіндірген,Еңбегіңізге табыс тілеймін!

1 ляззат   (13.01.2015 21:12)
Очень хороший урок. Очень тяжело научить детей различать типы глаголов. Творческих успехов в вашем труде!!!

Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Вход на сайт
Поиск
Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Театр.kz


  • Copyright "Школа" Интернет-портал "Детство-kz"© 2016
    Сайт управляется системой uCoz