Главная | Регистрация | Вход | RSSЧетверг, 08.12.2016, 23:17

Учителя Алматы

Меню сайта
Категории раздела
Биология [28]
ИЗО [12]
Профессиональное обучение [6]
Внеклассное чтение [16]
География [22]
Духовные ценности [10]
Если хочешь быть здоров [48]
Информатика [58]
История [49]
Иностранный язык [99]
Книжная полка [49]
Компьютер-бум [10]
Казахский язык и литература [181]
Математика [85]
Мир науки [11]
Моя Родина - Казахстан [42]
Музыка [97]
Начальная школа [399]
Общество семи муз [12]
Психологический клуб [11]
Русский язык и литература [129]
Родительское собрание [11]
Творческая личность [20]
Технология [21]
Физика [20]
Химия [31]
Экологическое воспитание [13]
Самопознание [35]
Наш опрос
Считаете ли вы результаты ЕНТ справедливыми?
Всего ответов: 1522
Статистика

Онлайн всего: 13
Гостей: 13
Пользователей: 0

Каталог статей

Главная » Статьи » Мастерская учителя » Казахский язык и литература

Тіл құдіреті-ел құрметі!
Тіл құдіретілігі- ел құрметінде.Тіл бар жерде ел бар, ел бар жерде тіршілік бар, тілдік қарым қатынас бар. Тіл – қатынас пен пікірлесудің құралы. Біз тілсіз соқырмыз, түсінігіміз болмайды, керең сияқтымыз. Барлық ақпаратты біз тіл арқылы алып отыратынымызға ризамыз. Соның ішінде қазақстандықтар үшін мемлекеттік тілдің қажеттігі ауадай десем жаңылмаймын. Егер бізге үлкен бір қомақты тапсырма берілсе, оны тіл арқылы түсінеміз, ол түйсіктің іргетасы. Онан соң кірпіш қаланып, ғимарат бой көтереді. Өмірдің өзі осындай іргетастан бастау алады. Әр халықтың өз тілі болады. Оны сүйіп, қорғайды.
«Ана тіліміз – бізді ғасырдан ғасырға, заманнан заманға аман жеткізген бірден-бір барымызда, нарымызда» деген елбасының салиқалы сөзінің жаны бар.. Елдің ертеңі мына жастар мен біздер. Бүгінде жастар саяси сауаттанып, қоғамдық шараларда белсенділік танытуда. Алайда елім деп тұрған ерлерді елейтінде ел керек. Осындан шығатын қорытынды еліміздегі барлық істің бастауын – мемлекет жоғарыдан бастауы тиіс.  Мемлекеттік тілге құрмет – бұл елге құрмет! Осыны әр халық қалаулылары өз ұстанымдары етіп алулары керек. Қай ортада болмасын мемлекеттік тілде сөйлесе сол ортада оны қолдайтын халықта ашық және жанама түрде байланысқа түсіп, оған деген сенім де нығая түсері анық.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі болған қазақ тілі біздің елімізде кең етек жаюда. Қазақ тілі - ең бір әдемі де көркем тіл. Ол түрік тобына жататын бай тіл. Ол жан-жақты қалыптасқан, тарих соқпағынан өткен керемет тіл-Ана тілі – қазақ халқының байлығы. Оның өткені мен осы бүгінгісі және келешегі. Тек тіл ғана халықтың, ұлттың және елдің негізі бола алады. 
Ешбір ақын өз тілі туралы мақтанышты жырлар жазбай қоймаған. Қай кезде біз тіл туралы айтар болсақ, оның ерекшеліктеріне мән береміз. Сүйіспеншілік, мақтаныш, құрмет....
Әр уақытта қолда бар алттынның қадірін бағалай білуге тиіспіз. Бұл алтын, байлық – біздің ана тіліміз. Өз ана тілін білмейтін адам, ана сүтімен оны бойына сіңірмеген жан өзін де құрметтемейді. -Көп тіл білген жақсы ғой, Сіздің оған көзқарасыңыз қандай?
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев былай деп айтқан: «Әрбір оқушы мектеп қабырғасынан түлеп ұшқанда үш тілді біліп шығуға тиіс. бірінші рет – Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілі, одан соң орыс тілі мен ағылшын тілі». Біз мектеп қабырғасында үш тіл үйренеміз. Мұның маңызы үлкен. Мен мұны қолдаймын. Алған білімімізді колледждер мен ЖОО орындарында тереңдетеміз. Осы бағытпен ары қарай өркендей береміз. 
Ана тілі әр адам үшін қымбат. Мемлекеттік тілді бағалап, оны қорғаймыз, тіл бііздің басты байлығымыз! Тіл жөніндегі мемлекеттік бағдарламаны мерзімінді орындауға атсалысамыз.
 шығатын қорытынды еліміздегі барлық істің бастауын – мемлекет жоғарыдан бастауы тиіс. 
Мемлекеттік тіл ұлтаралық тұрақтылықтың негізі болып табылады. Тілді оқыту арқылы қоғам бірлігін, татулықты нығайтуға болады. Қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде дамыту мәселелерінде проблемалар жоқ емес, бірақ олар қазір бірте-бірте шешімін тауып келеді. Дей тұрғанмен, мемлекеттік тілді дамытуда өзіндік ерекшеліктер де жоқ емес . Осы тұрғыдан келгенде, ең бастысы, қазақстандықтарға мемлекеттік тілді оқыту жүйесі мен әдістемесін қалыптастыру ісі оңға басып отыр. Жалпы алғанда, біздің алдымызда мемлекеттік тілдің бәсекеге қабілеттілігін арттыру және оның функцияларын кеңейту жөніндегі маңызды міндеттер тұр. Біз тілдің өзіндік теңестірілуі тұрғысынан қазақстандық ұқсастықтың қалыптасуын ынталандыруға тиіспіз.
Сонымен бірге, мемлекеттік тіл – мемлекеттің бет бейнесі, Туы, Елтаңбасы, Әнұраны сияқты рәмізі болып табылады. Ол – азаматтық патриотизм мен Отанға деген сүйіспеншіліктің негізі бола отырып, ел азаматтарын біріктіретін күш. Тіл – елдің мәдениетін қалыптастыратын ұйытқы, ұлттық бірліктің негізі, адамның рухани және имандылық қасиеттерінің басты факторы. Тіл білу халықты, оның тарихын, тұрмысы мен әдет-ғұрпын және салт-дәстүрлерін терең тануға жол ашады.
Адамның ойын жарыққа шығаратын құрал – тіл. Ал, тіл – адамдар түсінетін құрал болып қана табылмай, сонымен бірге атадан балаға мирас болып келе жатқан өмір тәжірибесін, өнер-білімін жеткізуші құрал. Рухани байлығымыз тіл арқылы жасалады, жеткізіледі. Кез келген халықтың тілі сол халықтың ұлттық ерекшелігін танытатын қойма тәріздес. Сол қойманы ашып, қазынасын танып білу – бізге мұратты іс.
Ұлтаралық татулық – мемлекеттік тұрақтылықтың негізі. Еліміздегі түрлі ұлт өкілдерінің татулығы, ынтымағы өзге елдерге үлгі боларлықтай екені даусыз. 
Тілдердің үш тұғырлылығы” бағдарламасының негізгі мақсаты мемлекеттік тіл – қазақ тілін орыс және ағылшын тілдерінің деңгейіне дейін көтеріп, бәсекелестігін арттыру болып табылады. Өскелең ұрпақтың үш тілді: қазақ тілін – мемлекеттік тіл, орыс тілін ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілін халықаралық тіл ретінде оқып үйренуге ұмтылыс жасауы — замана талабы, болашақ ұрпаққа қажеттіліктен туындап отыр. Сондықтан да, елімізде “Үш тұғырлы тіл” мәдени бағдарламасы жасалып, жүзеге асырылатын болады.
«Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде». Мемлекеттік тілді және шет тілдерді үйренуіміз керек. Мынандай шарықтау заманында көп тілді игергенге ешкімнің таласы болмайтыны хақ. Сондықтан қазақ, орыс және шет тілдерінің ішінде көбіне көп қолданылып жүрген ағылшын тілін жетік меңгерген ұрпақ өсіріп, оларға үлгі бола білу-бәсекеге қаблетті елдің берік іргесі мен кемел келешегінің кепілі .
Тіл жеке бір топтың немесе белгілі бір саланың еншісіне ғана тиесілі емес, барша халыққа ортақ құндылық. Оның дамуына ғасырлар бойы барша қоғам мүшесі атсалысып келеді, сондықтан тілдің табиғи дамуының осы заңдылықтары ескеріле отырып, дөңгелек үстелге түрлі саланың мамандары шақырылды.
Әр ұлт өз тілін қадірлейді, сыйлайды және болашаққа, келешек ұрпаққа аманат ретінде жеткізіп отырады. Тіл - ғасырлар бойы әр ұлттың ұрпақтан-ұрпаққа берілу арқылы жинақтаған бағасы жоқ мәдени байлығы. Қазір қазақ тілі – қазақ халқының ұлттық тілі.
Ол Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі. Қазақ тілі – республикадан тыс елдерде тұрып жатқан қазақтардың тілі. Сондықтанда тілдің қай жерде болмасын құрметі зор. Әрбір ұлттық мемлекетте мемлекеттік тіл – ол елдің мақтанышы. Оған қоса мемлекеттік тіл – татулық пен бірліктің тірегі. Мемлекеттік тілді өркендетсек өзге ұлт адамдарымен осы тіл арқылы қарым – қатынаста боламыз. Өзін-өзі білетін әр халық алдымен өзінің туған тілін сыйлап, оны мақтан тұта білуі керек.
Өйткені, халықтың даналығы, жалынды жырлары мен алтын шежіресі сол халықтың тілінде жазылып, сол тілде ұрпақтан ұрпаққа мұра болып қалады. Иә, тіл қай ұлтта болса да, қай елде болса да қастерлі, құдіретті. Ол әр адамның бойына, ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады. Тіл байлығы - әр елдің мақтанышы. Қазақстан Республикасының «Тілдер туралы» Заңында: «Тіл-ұлттың аса ұлы игілігі әрі оның өзіне тән ажырағысыз белгісі, ұлттық мәдениетінің гүлденуі мен адамдардың тарихи қалыптасқан тұрақты қауымдастығы ретінде ұлттың өзінің болашағы – тілдің дамуына, оның қоғамдық қызметінің кеңеюіне тығыз байланысты» делінген. Тілдің көмегімен өнерді, білімді, ғылымды игереміз, өткен-кеткенімізді саралап, сабақ аламыз. Тіл арқылы рухани байлығымызды меңгереміз. өзіміз танып қана қалмай, сол асыл қазыналарымызды әлемге танытамыз. әлемді танимыз. Сондықтан адам баласының байлығының бірі-сөз өнері. «Өнер алды-қызыл тіл» деген аталы сөздің астарында қаншама сыр бар?!
Әрбір елдің күші, байлық-бақыты экономикалық даму денгейімен ғана емес, сонымен бірге мәдени, рухани өрісімен айқындалады. Ал мәдени өре, рухани талғам деген халықтың ақыл-ойының көрінісі тілге тікелей тәуелді екені белгілі. Тіл халықтың жаны, сәні, тұтастай кескін-келбеті, болмысы. Адамды мұратқа жеткізетін ана тілі мен ата дәстүрі. Қазақстан Республикасының негізгі халықтың тілі болып табылатын мемлекеттік тілді, яғни қазақ тілін құрметтеу, оны білу-біздің әрқайсымыздың асыл парызымыз. Сондықтан да елімізде, отбасымызда мемлекеттік тілді үйренуге мүмкіндіктер өте көп.Шынына келгенде, қазақ тілінің тағдыры қазақтың өз қолында. Осының негізінде, жұмыла көтерген жүк жеңіл демекші, қашанда қай мәселеде болмасын бірлікпен жұмыла қимылдасақ, біз бағындырмайтын белестер болмас құрметті алаш жұрты!
Мемлекеттік тіл- ұлтаралық татулықты орнықтыратын қатынас тіліне айналады деген сенімдемін.
Категория: Казахский язык и литература | Добавил: томирис (28.01.2015) | Автор: Акмарал E
Просмотров: 1285 | Комментарии: 3 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 3
3 жомик   (08.02.2015 16:37)
Өте жақсы материал! авторға улкен рахмет! бул материал өте жақсы комектесты

2 dtolepbekova   (01.02.2015 19:26)
Өте жақсы жазылған мақала. Автр мәселені барлық қырынан қарауға тырысқаны көрініп тұр.

1 Асия   (30.01.2015 18:28)
Тіл тмәселесі ауқымды мәселе. Бұл қазіргі таңда қолға мықтап алынып отыр. Мектеп қабырғасынан мемлекеттік тілге деген оқушылардың сүйіспеншіліктерін оятып, патриоттық тәрбиеге мән беру мын біздердің басты мақсатымыз. Мақала тақырыбы ашылған. Көтеріліп отырған сұрақтардың қажеттіліктері көп.Мақала авторының еңбегі көрініп тұр.

Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Вход на сайт
Поиск
Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Театр.kz


  • Copyright "Школа" Интернет-портал "Детство-kz"© 2016
    Сайт управляется системой uCoz