Главная | Регистрация | Вход | RSSСуббота, 10.12.2016, 15:47

Учителя Алматы

Меню сайта
Категории раздела
Биология [28]
ИЗО [12]
Профессиональное обучение [6]
Внеклассное чтение [16]
География [22]
Духовные ценности [10]
Если хочешь быть здоров [48]
Информатика [58]
История [49]
Иностранный язык [99]
Книжная полка [49]
Компьютер-бум [10]
Казахский язык и литература [182]
Математика [85]
Мир науки [11]
Моя Родина - Казахстан [42]
Музыка [97]
Начальная школа [399]
Общество семи муз [12]
Психологический клуб [11]
Русский язык и литература [132]
Родительское собрание [11]
Творческая личность [20]
Технология [21]
Физика [20]
Химия [31]
Экологическое воспитание [13]
Самопознание [35]
Наш опрос
Считаете ли вы результаты ЕНТ справедливыми?
Всего ответов: 1523
Статистика

Онлайн всего: 4
Гостей: 4
Пользователей: 0

Каталог статей

Главная » Статьи » Мастерская учителя » Казахский язык и литература

тәүлсіздік күні-ерекше мереке
Қазақ тілінен сабақ жоспары
Сабақтың тақырыбы: «Тәуелсіздік күні – ерекше мереке».
Сынып: 6 сынып
Мақсаты:
1.Білімділік: Тәуелсіздік күні – ерекше мереке тақырыбы бойынша оқушылардың білімдерін толықтыру.
2.Дамытушылық: Оқушылардың коммуникативті дағдыларын қалыптастыру, функционалдық сауаттылығын жетілдіру.
3.Тәрбиелік: Әрбір оқушының туған елге, жерге, тіліне деген сезімін ояту, оларды ұлтын сүюге, туған жерін қадірлей білуге, тәуелсіз елін құрметтей білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдер: түсіндіру, қайталау, сұрақ-жауап, ой-пікір білдіру, диалог, монолог, интербелсенді технологияның элементтері, АКТ-нің элементтері, ассоциация әдісі.
Көрнекілігі: видео көріністер, интерактивті тақта, музыкалық бейнетаспалар, Қазақстан картасы, Қазақстан Республикасының рәміздері, карточкалар, альбомдар, суреттер, тақырып бойынша кітаптар.
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасу. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Оқушыларды сабақтық тілдік ортаға кіргізу. Мұғаліммен оқушылар арасындағы сұхбат.
Бүгін кім кезекші?
Балалар бүгін нешесі? Бүгін қай ай? Бүгін қай жыл мезгілі?
Балалар қыс айларын атаңдаршы?
Бүгін қай күн? ( Балалар жауабын айтады) Бүгін сәрсенбі, Сәтті күн! Балалар бүгін бізге қонақтар келіп отыр. Сендер өз білімдеріңді, біліктеріңді бүгін сабақта көрсетесіңдер, бүгін қай бала сауатты жауап берсе «қызыл алмаға» ие болад, жақсы жауап бергендер «жасыл алмаға», орташа жауап бергендер «сары алмаға» ие болады. Сондықтан мен сендерге осы күні сәттілік тілей отырып сендер жақсы білім көрсетулеріңе сенімдімін. (мотивация).
Үй жұмысын тексеру. Грамматикалық тақырып:

Жіктік жалғауларын қайталау
Қазақстан - біздің Отанымыз – тақырыбына (мәтін құрастырып келу, сөздік сөздерді тексеру).
Сөздік жұмысын тексеру: интерактивті тақтада суреттер беріледі, балалар сол суреттің атауын табады.
Мәтін тексеру: үлестірме карточкалары бойынша (ойын түрінде жүргізіледі).

Сенің Отаның қай ел?
Қазақстанның тұңғыш президенті кім?
Ол қашан сайланды?
Қазақстан Республикасының рәміздерін білесің бе?
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тілі қай тіл?
Қазақстан қандай мемлекет?
Үй жұмысын қорытындылау, бағалау (смайлики)
2. Жаңа тақырып.
1. Бейне-таспа (Б. Тлеухановтың «Менің елім» атты әнін тыңдату, тақтада слайд көрсету).
2. Ассоциация әдісі: Мұғалім сөзі: «Балалар, сендер Б.Тлеухановтың орындауында «Менің елім» әнін тыңдадыңдар, слайдтан суреттер көрдіңдер. Осы әнді тыңдағанда, сендердің ойларыңа қандай сөздер келді?» (Оқушылардың тұспалды жауаптары: Қазақстан, менің елім, туған елім, елбасы, рәміздер, тәуелсіздік, егемендік.......).
3. Мұғалім сөзі: Сонымен балалар, осы сөздердің бәрін жинақтай келе 16 желтоқсан қандай күн деп ойлайсыңдар? Оқушылардың жауабы : 16 желтоқсан Тәуелсіздік күні.
4.Лексикалық жұмыс: Тәуелсіз – деген сөз нені білдіреді? (Орысша оқушы сөздің мағынасын ашады). Оқушылардың тұспалды жауаптары : 1. Тәуелсіз – деген сөз, мен ойлаймын – бұл еркіндік деген сөз. 2. Тәуелсіз деген- ешкімге тәуелді емес, ешкімге жалтақтамай өз алдына өмір сүру. 3.Тәуелсіз деген – Астанасы, рәміздері, өзінің шекарасы, мемлекеттік тілі бар ел деп білемін. 4. Тәуелсіз – ол бұл елде халыққа қажеттінің барлығы болу керек, мысалы: балабақша, мектеп, жоғары оқу орындары, елдің салт-дәстүрі, мәдениеті, экономикасы мықты болу керек ойлаймын. 5. Тәуелсіз деген – ол менің ойымша менің Отанымның ауасы, суы, орманы, тоғайы, онда өмір сүретін халқымның жақсы жағдайы.
Енді түсіндіңдер ме балалар. Тәуелсіздік сөзінің мағынасын. Ендеше, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: «Тәуелсіздік күні – ерекше мереке». Тәуелсіздік неге ерекше мереке? Осыған, бүгігі сабақ барысында жауап іздейік,
Мұғалімнің кіріспе сөзі:
70 жыл бойы, ата-бабамыздың армандаған арманы бүгінгі күнде орындалып отыр. Қазақстанда жүрегіңді толқытып қана қоймай, халқыңды мақтаныш ететін, Отаным деп ұран салуға жетектейтін бір күн бар, ол – 16 ЖЕЛТОҚСАН.
Желтоқсан – Тәуелсіздіктің мерекесі. Бұл-күн атымыз алты алашқа тараған,әлем бізге қараған күн! Бұл-күн алаш жұртының абройы асқақтап,ата-бабамыз аңсаған арманы орындалған, халқымызға еркіндік сыйлаған күн! Егемендік үшін «Ереулі атқа ер салған» ұлтымның парасатты тірлігі, ерлердің ерлігі мәңгі ұмытылмайды. 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан өзінің тәуелсіздігін жариялады, ол «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Тәуелсіздігі туралы» Конституциялық Заңымен бекітілді.
Тәуелсіздікті бізге сыйлаған ата-бабаларымыз, аға-апайларымыздың, Елбасымыздың ерен еңбегі бәрімізге белгілі. Биыл Қазақстанның Тәуелсіздігін сіздер мен біздер болып 23 жылдық мерейлі тойын атап отырмыз. Бұл мереке әрбір жылдың 16 желтоқсанында тойланады. Тәуелсіздіктің арқасында тегін білім алып жатырмыз, ұлттық валютамыз – теңге, ұлттық салт-дәстүрлеріміз жаңғыруда, жастарымыз білікті де, білімді 3 тілде еркін сөйлейтін азаматтар мен азаматшалар тәрбиеленуде. Бұның бәрі егеменді елімнің арқасында.
Ендеше, тәуелсіз Қазақстанның көк байрағы көгімізде мәңгілікке желбіресін. Қазақстан бүгінде бүкіл әлем танитын «Тәуелсіз мемлекет» (тарихтан бейне таспадан көріністер, мұғалім өлеңмен сүйемелдейді)
5. Оқулықпен жұмыс: Жаңағы мен оқыған өлең оқулықта 109 бетте ақын Тұманбай Молдағалиевтің 16 желтоқсан – тәуелсіздік күніне арналған өлеңі.
Аудирование: Балалар сендер не түсіндіңдер?
Сөздік жұмыс : ұлы мейрам- великий праздник,
жаңа шыққан көктемдей-как новая весна,
жайдары, көңілді – чудесный, приятный
ар,намыс – честь,
тап-таза – чистый,
жан - душа
байрағы, ту - флаг
Хормен, топпен, жеке оқыту.
6.Мәтінмен жұмыс (өз бетімен топпен жұмыс ойын түрінде өтеді). Тақтада орысша мәтін жазылып тұрады. 6 –тапсырма, 109 бетте Осы мәтін қазақшаға аударылып, жазылып бір -бір бетте оқушылардың алдарында жатады.
7.Тексеру, қорытындылау (Балалар осы жұмыстан бір мәтін шығардық. Кім оқып береді? Мәтінді оқушы оқиды). Ал енді балалар, мәтінді оқыдық, енді Қазақстан елін картадан көрсетеміз. Бір оқушы шығып картадан Қазақстан мемлекетін көрсетіп тұрып біраз сипаттама береді.Оқушы сөзі:
1. Қазақстан Еуразия құрылығында орналасқан.
2.Қазақстанның көрші мемлекеттері Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Түркменістан, Қытай.
Жанағы картадан Қазақстанды көрсетіп, сипаттама берген оқушының топтарға қоятын сұрақтары:
1.Қазақстанның астанасы қай қала?
2. Қазақстанның неше облысы бар?
3. Қазақстанның ірі қалаларықандай? (Астана, Алматы, Шымкент)
4.Шығыс Қазақстан облысының орталығы қай қала?
Мұғалім сөзі: Өскемен біздің кіші Отанымыз. Өскемен қандай қала? Өскеменде не өндіріледі? Мектеп туралы қысқаша айта кету (Аймақтық компонент бойынша Өскемен қаласын алдық «Кіші Отан туралы») (Мектеп туралы сөздік сөзбен, суретпен оқушыларды сөйлеттіру).
8. Үй тапсырмасы:
Сөздікті жаттау (барлығына).
1 – топ, Мақал-мәтелдер.
2 – топ, (109 бет, 5 – тапсырма) өлеңді жаттау.
3 – топ, «Қазақстан – тәуелсіз мемлекет» тақырыбына презентация жасау.
9.Бекіту сәті.
1.Интерактивті тақтада таблица болады.
Не білемін Не білдім Не білгім келеді
Мақал, өлең білемін. Тәуелсіздік туралы білдім. Тәуелсіздікке қалай қол жеткізгендігі туралы тарихты білгім келеді
Таблицадан соң мұғалімнің сөзі. Бәйтеректің суреті ілініп тұрады. Оқушылар смайликтерін алып бәйтерекке жапсырады. 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін алды, енді балалар міне биыл Қазақстанның тәуелсіздігіне 23 жыл болады. Қазақстан Республикасы қазір кең байтақ, бақытты, тәуелсіз мемлекет. ...
2. Ляховская Виолеттаның әні «Қазақ елі осындай!» - әнімен сабақты аяқтайды.
Категория: Казахский язык и литература | Добавил: томирис (28.01.2015) | Автор: Акмарал E
Просмотров: 661 | Комментарии: 4 | Рейтинг: 1.0/1
Всего комментариев: 4
4 invoker   (08.02.2015 14:37)
Учусь в русской школе. Для меня оказался полезным материалом. Спасибо вам!

3 Айжан7783   (06.02.2015 20:53)
САБАҚ ҮЛГІСІНЕН КӨП НАРСЕ АЛУҒА БОЛАДЫ. САБАҚ ТЫНҒЫЛЫҚТЫ, САУАТТЫ ҚҰРЫЛҒАН.

2 dtolepbekova   (01.02.2015 19:22)
Өте эффективті сабақ жоспары деп ойлаймын!

1 Асия   (30.01.2015 18:33)
сАБАҚ ЖОСПАРЫ ӨТЕ ТИЯНАҚТЫ. Барлық этаптары сақталған. Тапсырмалары тиянақты.

Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Вход на сайт
Поиск
Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Театр.kz


  • Copyright "Школа" Интернет-портал "Детство-kz"© 2016
    Сайт управляется системой uCoz