Главная | Регистрация | Вход | RSSЧетверг, 08.12.2016, 23:29

Учителя Алматы

Меню сайта
Категории раздела
Биология [28]
ИЗО [12]
Профессиональное обучение [6]
Внеклассное чтение [16]
География [22]
Духовные ценности [10]
Если хочешь быть здоров [48]
Информатика [58]
История [49]
Иностранный язык [99]
Книжная полка [49]
Компьютер-бум [10]
Казахский язык и литература [181]
Математика [85]
Мир науки [11]
Моя Родина - Казахстан [42]
Музыка [97]
Начальная школа [399]
Общество семи муз [12]
Психологический клуб [11]
Русский язык и литература [129]
Родительское собрание [11]
Творческая личность [20]
Технология [21]
Физика [20]
Химия [31]
Экологическое воспитание [13]
Самопознание [35]
Наш опрос
Считаете ли вы результаты ЕНТ справедливыми?
Всего ответов: 1522
Статистика

Онлайн всего: 7
Гостей: 6
Пользователей: 1
жанар

Каталог статей

Главная » Статьи » Мастерская учителя » Казахский язык и литература

Мемлекеттік тілді оқыту арқылы ұлт аралық достық қарым-қатынасты қалыптастыру.
Халық тәуелсіздігінің ең басты белгісі – оның ана тілі, ұлттық мәдениеті. Өзінің ана тілі, ұлттық мәдениеті жоқ ел өз алдына мемлекет болып өмір сүре алмайды. Мемлекеттік тіл – тәуелсіз елдің негізгі рәміздерінің бірі. Кез келген өркениетті елдің өзінің Туы, Елтаңбасы, Әнұраны, шекарасы болатыны секілді мемлекеттік тілі де болады. Біздің қазақ халқының тілі өте бай, айтылуға орамды, көркем тіл. Тіл – адамның барлық саналы өмірінің құралы: өнер-білімді, мәдениеттілікті, қоғамның белсенді азаматы болуды тіл арқылы үйренеді. Тіл оның ішінде біздің ана тілі еліміздегі халықтардың барлық іс-әрекетінің, қарым-қатынасының құралы болуы тиіс, оның мәдениетін жоғары сатыға көтеру әрбіріміздің борышымыз. Тіл туралы заңның қабылданғаны, оның баптарының жүзеге асырылуының бағдарламаларының жасақталғаны, мемлекет басшысының тіл саясатында дұрыс бағыт ұстап, қолдау танытып отырғаны көпке мәлім.
Тіл – қастерлі де, қасиетті ұғым. Ол әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады. Ана тілін сүйген адам туған жерін, елін, Отанын, атамекенін сүйеді деген сөз. Ал, бұлардың бәрі – адам баласы үшін ең қасиетті ұғымдар. Өмірдің алмастай қырын, абзал сырын түсіне білуіне басты себепкер – ана тілі.
Мемлекеттік тілді оқып үйрену Қазақстан халықтарының мәдениеті мен тіліне құрметпен қарап, өзара түсіністіктің орнауының кепілі болуы қажет.
Мемлекеттік тіл – Қазақстан Республикасының түпқазығы.
Қазақ тілі — әлемдегі алты мыңға жуық тілдердің ішіндегі қолдану өрісі жағынан жетпісінші, ал тіл байлығы мен көркемдігі, оралымдығы жағынан алғашқы ондықтар қатарындағы тіл. Сондай-ақ, ол дүние жүзіндегі ауызша және жазбаша тіл мәдениеті қалыптасқан алты жүз тілдің, мемлекеттік мәртебеге ие екі жүз тілдің қатарында тұр.
Тіл туралы сөз қозғалғанда, бұл мәселенің ішінен басқа ұлт өкілдеріне қазақ тілін оқытуды жеке бөліп алмаса болмайды. Өйткені, қазіргі таңдағы көп жұмыс істелініп, жан-жақты қарастырылып отырған проблема – орыс аудиториясында қазақ тілін оқыту. Сонымен қатар, бұл тілдік коммуникацияның тікелей зерттеу объектісі бола келіп, қазіргі кезеңде өзекті болып отырған қазақша сөйлеуге үйретудің тиімді жолдарын табуға көмектеседі.
Басқа ұлт өкілдеріне мемлекеттік тілді меңгертуде мыңдаған ұстаздардың аянбай еңбек етіп жатқаны қатардағы шаруа сияқты көрінетіні бар. Ал, шындығына келгенде, олардың атқарып жатқан қызметі – мемлекеттік маңызды іс екенін байқай бермейміз. 2011-2020 жылдарға арналған еліміздегі тілдерді дамытуға арналған Мемлекеттік бағдарламада бағамдалған өзге ұлт өкілдеріне қазақ тілін меңгертуді межелейтін баптардың баянды іске асуына алғашқылардың бірі болып атсалысатын да орыстілді аудиторияларда қазақ тілінен дәріс беретін ұстаздар екені анық.
Аталған әрекеттердің бастауы мектептерде қазақ тілін оқып үйретуді дұрыс жолға қою болып табылатыны сөзсіз. Сол себепті басты жауапкершілік тіл мамандарына, яғни біздерге жүктеліп отыр.
Қазіргі уақыт – жаһандану, жаңару ғасырына аяғын алшақ басқан, ақпараттық технология үрдісінің жедел дамып келе жатқан, әдіс-тәсілдеріміздің заманауи талабына қарай жаңарып, жаңа бетбұрыс алған, үлкен міндеттерді жүктейтін кезең десек, артық айтпаған болар едік.
Бүгін біздің алдымызда тұрған мақсат - өзге тілді аудиторияны қазақ тіліне үйрету ғана емес, сонымен қатар алдымызда отырған шәкірттердің Отанының қасиетін сезініп, оның алдындағы ұлт жауапкершілігін ұғынып, ол үшін басын бәйгеге тігер тәуекелге баруы болып саналады. Сол сияқты, барлық отандастардың Отанымен рухани және материалдық тығыз байланыста болуы, өзі өсіп - өнген аймаққа деген сүйіспеншілігі патриотизмнің қайнар көзі.
Адам өмір сүреді, қарым-қатынас жасайды. Қарым-қатынастар адамдар арасындағы сыйластыққа, достыққа, бірлікке құрылуы керек. Ал, шынайы достық қарым-қатынас тіл арқылы ғана жүзеге асады. Міне, осыдан қазақ тілі сабақтарында қатысымдық әдісінің маңыздылығы туындайды.
Мен өз сабақтарымда қатысымдық әдісін қолданып, аймақтық компонентін кеңінен пайдаланамын.
Қатысымдық әдістің пайдаланудың тиімді жолы – оның тіке байланысқа негізделіп, адаммен – адамның тікелей қарым-қатынасы арқылы тілді үйретуді жүзеге асыруында. Тілді оқытуда үйренуші мен үйретушінің арасында бір-бірімен көзбе-көз кездесу, ауызба-ауыз тілдесу, яғни, тікелей қатынас болмаса, сөйлесім әрекеті де іске аспайды. Тілді үйретуге байланысты қандай бағыт-бағдарды таңдап алу керек, оған қатысты орындалатын жұмыстармен тапсырмалар қандай, оны іске асыруда бұл жұмыс түрлерінің алатын орны мен қызметі қандай дегенді анықтап белгілемей, алға қойған мақсатқа жету мүмкін емес
Отан – от басынан басталады десек, туған облысымыздың, қаламыздың көрнекі жері, тарихы, атаулы оқиғаларын, айтулы адамдардың өмір жолдарын білгізудің мәні зор. 3, 5 сыныптарды аймақтық компоненттерді «Қазақстан», «Менің қалам», «Менің көшем», «Менің отбасым», «Дүкенде», «Стадионда», «Дәрігерде», «Жыл мезгілдері» тағы сол сияқты тақырыптарды оқығанда әбден қолдануға болады. Аймақтық компоненттерді сабақта қолдануда қандай шаралар арқылы жүзеге асыруға болатынын сызба бойынша көрсетуге болады.
Біздің мектеп қабырғасында ұлт аралық достық қарым-қатынасты нығайту негізінде сабақтан тыс ісшаралар да өткізіліп тұрады.
Қазақстан халықтарының тілдері мерекесіне орай он күндік өткізілді,
«Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ» атты тақырыпта жарыс, әр топ тыңдаушыларының арасында салт-дәстүр көрсетілді. Осы атқарылып жатқан жұмыстардың мақсаты — өзге ұлт өкілдеріне мемлекеттік тілді үйрету және толық меңгеруіне жағдай жасау, тілді тез арада білуіне көмектесу.
Категория: Казахский язык и литература | Добавил: Айжан7783 (28.01.2015) | Автор: Айжан Смагулова E
Просмотров: 467 | Комментарии: 3 | Рейтинг: 1.5/2
Всего комментариев: 3
3 Matem   (12.02.2015 11:47)
Балалардың тіл байлығын дамытуда тіл мәдениетін үйретуге тәрбиенің ықпалы тиеді.

2 Азилхан   (01.02.2015 19:39)
Мақала мағынасы терең. Әркімді де ойға салар тұстары бар. Мақаланың пайдасы тиір деген үмітім бар.

1 Асия   (30.01.2015 18:24)
МАҚАЛА МАҒАН ҰНАДЫ. тАҚЫРЫП АШЫЛҒАН. Мақаладан өзіме қажетті материал ала алдым.Осындай мақалаларды оқи отырып өзіміз де біраз ойға келеміз. Татулық, достыққа үлкен мән беру керек.


Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Вход на сайт
Поиск
Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Театр.kz


  • Copyright "Школа" Интернет-портал "Детство-kz"© 2016
    Сайт управляется системой uCoz