Главная | Регистрация | Вход | RSSЧетверг, 08.12.2016, 23:18

Учителя Алматы

Меню сайта
Категории раздела
Биология [28]
ИЗО [12]
Профессиональное обучение [6]
Внеклассное чтение [16]
География [22]
Духовные ценности [10]
Если хочешь быть здоров [48]
Информатика [58]
История [49]
Иностранный язык [99]
Книжная полка [49]
Компьютер-бум [10]
Казахский язык и литература [181]
Математика [85]
Мир науки [11]
Моя Родина - Казахстан [42]
Музыка [97]
Начальная школа [399]
Общество семи муз [12]
Психологический клуб [11]
Русский язык и литература [129]
Родительское собрание [11]
Творческая личность [20]
Технология [21]
Физика [20]
Химия [31]
Экологическое воспитание [13]
Самопознание [35]
Наш опрос
Считаете ли вы результаты ЕНТ справедливыми?
Всего ответов: 1522
Статистика

Онлайн всего: 7
Гостей: 7
Пользователей: 0

Каталог статей

Главная » Статьи » Мастерская учителя » Казахский язык и литература

Ілияс Жансүгіров «Құлагер» поэмасындағы таудың сырлары
Қостанай облысы
Қарасу ауданы
«Ильич орта мектебі» ММ
Қазақ тілі және
әдебиет пәнінің мұғалімі
Есеналина Алтынай Жеңісқызы
6 сынып – қазақ әдебиеті
Ашық сабақ
Сабақтың тақырыбы: Ілияс Жансүгіров «Құлагер» поэмасындағы таудың сырлары
Сабақтың мақсаттары:
Білімділік: Оқушылардың І.Жансүгіров туралы түсініктерін, білімдерін молайту. Көкшетау өлеңінің мазмұнын ашу. Оқушылардың ойлау, шығармашылық қабилеттерін арттыру.
Дамытушылық: Оқушылардың сөздік қорын молайту. Табиғаттың сұлу көріністерін бейнелі сөздер мен теңеулерді қолдана отырып әңгімелеу, білімін дамыту.
Тәрбиелік: Халқымыздың дарынды ақыны І.Жансүгіровтей туған жеріміздің сұлу табиғатын сүюге, табиғатты қорғауға тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, көрнеклікпен жұмыс, сұрақ- жауап, қайталау, тапсырмаларды орындау.
Көрнекліктер: А-3 қағазы, маркер, ақынның портреті, кәртішкелер, оқулық, АКТ - слайдтар.
Іскерлік түрі: топтық жұмыс, жекелеген жұмыс, сұрақ-жауап, баяндау, бағалау.
Талантты, дарынды оқушылардың қосымша мүмкіндіктері: шығармашылық жұмыс –презентация дайындау, қосымша тапсырмалар.
Үлгірімі төмен оқушылармен жұмыс: сурет салу, оқу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ.

Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі: амандасу, түгендеу.
Сынып 2 топқа бөлінген. 1 топта- Арлан, Әзілхан, Әлішер, Татьяна
2 топта – Фариза, Полина, Қажығали, Роман.
II. Жаңа сабақ:
1. Көрініс: «Мұрагер» (1 слайд)
Автор сөзі: Баяғыда бір ақылды қарт болыпты. Оның үш ұлы бар екен. Бір күні қарт үш ұлын жинап алып:
Арлан (қолында тапсырмалар салынған кішкентай сандықша):
- Мен қартайдым. Төрімнен көрім жақын. Мен мынау мұрамды бөлсем берекесі кетеді, қасиеті қалмайды, тіпті үшке бөлінбейді.
- Мен сендердің үшеуіңнің қайсысың бай, ең ақылды, соны мұрагерім жасаймын, қалғандарың соған бағынасыңдар, соның ақылымен жүресіңдер. Ал кім бай? Кім ең ақылды?
Роман:
- Менде қымбат киімдер бар. Мұндай киімдер ешкімде жоқ. Мен қымбат киімдерімді киіп шықсам бәрі маған алыстан-ақ сәлем беріп, амандасады. Мен –баймын. Яғни, мен – ақылдымын.
Шал басын шайқап, екіншісіне: Ал, сен ше?
Әлішер:
- Менде қымбат алтын жүзік, күміс белдік бар. Мұндай қымбат алтын жүзік, күміс белдік ешкімде жоқ. Мен бұларды тағып шықсам, бәрі маған сәлем беріп, мені сыйлайды. Мен - баймын. Кім бай болса, сол ақылды.
Шал басын шайқап, үшінші ұлынан сұрайды:
- Ал, сенің нең бар?
Әзілхан:
- Менде қымбат киімдер де жоқ. Менде алтын жүзік, күміс белдік те жоқ. Бірақ, мен қайырымды алтын жүрегім мен еңбексүйгіш екі қолыма сенемін.
Шал сонда қуанып:
- Сен екеуің осы кенже ұлымның айтқанымен жүресіңдер. Ол не айтса, соны орындайсыңдар! Осы мұрагер болады. (деп, сандықшаны Әзілханға береді, Әзілхан әр тапсырманы орындау алдында сандықшаны ашып тапсырмаларды оқып отырады)
Әзілхан: Жақсы.

2. Жәшіктен тапсырма алады.
1-тапсырма. Ілияс Жансүгіров жөнінде сырласу.

Фариза слайд арқылы Ілияс Жансүгіров туралы түсінік береді.

Татьяна «Жазғытұрым»

Әлішер «Жазғы шілде»

Кіріспе сөз: (2 слайд)

Мен өзім тауда туып, тасында өстім,
Жасымнан мұз төсеніп, қарды кештім;
Асқарда Аршалыға қозы жайып,
Бұлттың аспандағы қасында өстім.

Жөңкенің жоғары ала басында өстім,
Ақ гауһар Ақ тастының тасында өстім.
Аспанда ақиығы шаңқылдаған
Құздардың құламалы астында өстім.

Сондықтан бір қазақпын тауды сүйген,
Тасы жоқ, таусыз жерді жерсінбеген.
Алматым Алатаудың бауырында
Аңқылдап жел соққандай ән мен күйден.

Жасымнан жырлап едім тауды талай,
Гималай, Кавказ, Жөңке, Алтай, Алай.
Ордасы ой, көңілімнің ала асқарлар
Жырлатпай жүрегімнен жатсын қалай?


(3 слайд) Сендер қалай ойлайсыңдар бұл жер қайда орналасқан?
Осындай сұлу жер Қазақстанда орналасқан. Ол Көкшетау деп аталады. Орысша Синегорье. Көкшетауды екінші Швейцария деп атайды. Көкшетаудың сексен көлі бар. Бұл жер туралы көп шығармалар жазылған.

3. Постермен жұмыс.
2-тапсырма (Әзілхан сандықшадан тапсырманы алып оқиды). І. Жансүгіровтың «Құлагер» поэмасынан алынған «Көкшетау» деген үзінді ала отырып, мына «Оқжетпес», «Жұмбақтас» деген тауларынының суретін салып, жоба құрастырып, жобаларынды қорғайсыңдар.

4. Жобаларын қорғау кезеңі:
1) «Жұмбақтас» тобы: Арлан, Әзілхан, Әлішер, Татьяна
Әзілхан:
Әлішер: Бурабайдың сыңсыған қайыңдары мен қарағайларының арасында айнадай жарқыраған Күмiскөл жатыр. Сол көлдiң ортасында судан шығып келе жатқандай көрiнiс беретiн жартас бiрден көз тартады. Әрбiр қырынан қараған сайын, бұл жартас мың құбылып, әр түрлi жұмбақ мүсiндi елестетедi. Бiр қырынан қайыққа ұқсаса, екiншi жағынан шашын жайған ару қыз көрiнедi. Содан да болар, халық оны Жұмбақтас атап кеткен.
Татьяна: Ел арасында осы Жұмбақтас туралы талай аңыз бар. Ертеде мал-жаны мыңғырған бiр бай өмiр сүрiптi. Оның көп ұлдарының арасында сұлу, ақылды әрi өнерлi жалғыз қызы болыпты. Күндердiң күнiнде сол елге әншi әрi күйшi бiр серi жiгiт қыдырып келедi. Осында жүрiп, ол байдың қызымен танысады. Жастар бiр бiрiн ұнатады. Қыз әкесiнiң рұқсат бермейтiнiн бiлген. Олар түн жамылып, Күмiскөл жаққа қашып кетедi. Мұны естiген бай жiгiттi өлтiрiп, қайткенде де қызды тауып алып келуге бұйрық берiп, ұлдарын аттандырады.
Әлішер: Әке қаһарынан қорыққан ұлдары қыз бен жiгiттiң iзiн аңдиды. Күмiскөлдi паналаған екi жасты қолға түсiрмек болады. Жағалауда жапырақ жамылып, садақтарын дайындап, айлап торуылдап жатады. Бiр жолы екi жас қайықпен жағаға жақын келiп тоқтайды. Осы сәттi пайдаланған қуғыншылар жiгiттi садақпен атып салады. Сүйген жiгiтiнен айырылып, зар еңiреген жас ару батып бара жатқан күнге қолын созып, Құдайға жалбарынады. Өзін қайығымен қоса тасқа айналдырып жіберуін өтінеді. Қыз тілегі орындалып, ол сол сәтте тас мүсінге айналады. Міне, Жұмбақтастың бір сыры осындай.
Арлан:
Халқымыздың жыры болған Жұмбақтас,
Халқымыздың сыры болған Жұмбақтас,
Халқымыздың мұңы болған Жұмбақтас,
Бұл өмірде бәрінен де қиыны
Саған деген сағынышым шыдатпас.

2) «Оқжетпес» тобы: Фариза, Полина, Қажығали, Роман.

Оқжетпес туралы аңыз

Фариза: Сұлу Көкше өңірінде найзадай көкке шаншылған биік тау бар. Жерден тартқан садақтың оғы оның шыңын тіпті маңайламайды. Содан да бұл тау Оқжетпес атанып кеткен.
Бұл шыңға сүйсінбейтін жан жоқ. Жақыннан қарағанда сандықша тастарды текшелеп, қолмен әдейілеп қалағандай көрінеді. Жер таңдайтын қарағайлар мен шыршалар Оқжетпестің тастарына қадалып, аспанмен таласа өсіп тұр.
Шың туралы мынадай аңыз бар. Ертеде Бурабай, Көкше жерін мекендеген елде бір бала дүниеге келіпті. Ол елден ерекше ер тұлғалы, зор денелі, батыр болып өседі.
Ірі болғаны сонша, өзін көтеруге ат та, түйе де шыдамаған соң, пілге мініп жүріпті. Осы кезде қазақ жеріне көз алартқан жау аз емес еді. Бала келген жауды жайпап, ел шетіне жолатпай қойыпты. Бір күні батыр бала шайқастан кейін сәл тынығып алмақшы болады. Күміскөлдің тұнық суына рақаттанып шомылады да, Көкшенің баурайындағы ну қарағайдың арасына келіп алаңсыз жата кетеді. Орман ішінде жасырынып жүрген жау оңтайлы сәтті дереу пайдаланып, ұйқыдағы батырды қолға түсірмек болады. Қапыда қарусыз қалған батыр жанталаса кетеді. Алайда анталаған жау таусылмайды. Батырдың күші азайып, әл-дәрмені таусылады. Жау қолына түсіп, қорлық көргенше Құдайдан өзін тасқа айналдыруын тілейді. Пілін де жау қолына тастамас үшін төбесіне көтеріп алады. Сондағы батыр осы Оқжетпес болса керек.
Полина, Қажығали, Роман - «Құлагер» поэмасынан үзінді

Көкшетау сияқты көрікті жерлеріміз біздің елімізде өте көп. Сондықтан оқушылар қазіргі заманда көп адамдар жақсы жерлерді көреміз деп, шетелге баруда, ал мен сіздерді өзіміздің осындай сұлу жерлерімізге баруға шақырамын. Сұлу жерлерді шетелден іздемей-ақ өз жерімізде іздеңдер.

5. Бекіту кезеңі: Топтар бір-бірлеріне сұрақтар қояды.
3-тапсырма (Әзілхан сандықшадан тапсырманы алып оқиды). Бір-бірлеріне сұрақтар қою. Жансүгіровтың өмірін еске алайық.

1. Ілияс Жансүгіров қай жылдары өмір сүрген?
Ілияс Жансүгіров 1894-1938 жылдары өмір сүрген.

2. Туған күні қашан?
Туған күні – 1 мамыр.

3. Ілияс Жансүгіровтың туған жері қай жер?
Ілияс Жансүгіров қазіргі Алматы облысындағы Ақсу өзенінің бойында туған?

4. Ілияс Жансүгіров кім? Ілияс Жансүгіров үздік дарын, қазақтың көрнекті ақыны.

5. Оның қандай шығарамалары бар?
”Күй”, ”Күйші”, ”Құлагер”, ”Жазғытұрым”, ”Жазы шілде”, “Күз”, “Оқимын” т.б. шығармалары бар.

6. Шығармалырының басты тақырыптары қандай?
Шығармаларының басты тақырыптары: өнерпаздар тағдыры, туған жердің көркемдігі, қазақ халқының ән-күйі, тұрмысы.

IV. Қорытындылау:
4-тапсырма (Әзілхан сандықшадан тапсырманы алып оқиды). Енді қорыту жасайық. Тест жұмысы.


1. Ілияс Жансүгіровтың туған күні қашан?
А. 1 - шілде
В. 1 - мамыр
С. 1- қыркүйек
2. Ілияс Жансүгіров қай жылдары өмір сүрген?
А. 1894-1938 жылдары өмір сүрген
В. 1845-1904 жылдары өмір сүрген
С. 1846-1945 жылдары өмір сүрген
3. Ілияс Жансүгіровтың туған жері қай жер?
А. Қостанайда
В. Көкшетауда
С. Алматы облысында
4. Ілияс Жансүгіров қай өзенінің бойында туған туған?
А. Ақсу өзенінің бойында туған туған
В. Лепсі өзенінің бойында туған туған
С. Қарасу өзенінің бойында туған туған
5. Ілияс Жансүгіров кім?
А. аудармашы
В. мұғалім
С. үздік дарын, қазақтың көрнекті ақыны
6. Жетісудегі қандай ақындармен таныс болады?
А. Сүйінбай, Әсет, Сара
В. Бекболат
С. Әсия
7. Оның қандай шығарамалары бар?
А. «Далада», «Наурыз», «Бандыны қуған Хамит»
В. «Күй», «Күйші», «Құлагер», «Жазғытұрым», «Жазы шілде», «Күз», «Оқимын»
С. «Балама хат» , «Менің пірім Сүйінбай», «Өлең сөздің даңғылығы»
8. Шығармалырының басты тақырыптары қандай?
А. өнерпаздар тағдыры, туған жердің көркемдігі, қазақ халқының ән-күйі, тұрмысы туралы
В. ана туралы
С. ертегілер туралы
9. Көкшетаудағы таудың аты.
А. Қаратау
Б. Алатау
С. Оқжетпес
10. «Көкшетау» үзінді І. Жансүгіровтың қай дастанынан алынған?
А. «Күй»
Б. «Күйші»
С. «Қүлагер»

Тексеру. Енді тест тақта бойынша тексерейік. Дәптерлерінді бір-бірімен ауыстырып баға қойындар. Кім бес алды? Кім төрт алды? Кім үш алды?

V. Бағалау
Рефлексия:
- Балалар, сабақтың басында ата бізге мұра қалдырды, ол мұра не деп ойлайсыздар?
- Атамыздың мұрасы ол білім, бірлік, туған елге сүйіспеншілік, еңбектену деп түсіндік.
- Ендеше өздерің білетін туған ел, еңбек туралы мақал-мәтелдерді мына қима қағазға жазып оқисыздар.
VI. Үйжұмысы: І. Жансүгіровтың өмірбаяны

Жақсының аты өлмейді,
Ғалымның хаты өлмейді,
Ұстаздың заты өлмейді.
-дей отырып, өзіміздің байтақ Қазақстанымыздың ұлы адамдарын біліп, менің жетістігім -сол - ғалымдардың хаттарын, толғауларын білгенім деп, білімге құштар болғай, жас ұландар!

Әзілхан оқитын сандықшадағы қима қағаздардағы тапсырмалар.

.
1-тапсырма.
Ілияс Жансүгіров жөнінде сырласу. Бұл жұмысты Фаризаға беремін
__________________________________________________________

2-тапсырма.
І. Жансүгіровтың «Құлагер» поэмасынан алынған «Көкшетау» деген үзінді ала отырып, мына «Оқжетпес», «Жұмбақтас» деген тауларынының суретін салып, жоба құрастырып, жобаларынды қорғайсыңдар.

_________________________________________________________

3-тапсырма.
Бір-бірлеріне сұрақтар қою. Жансүгіровтың өмірін еске алайық.
_________________________________________________________

4-тапсырма.
Енді қорыту жасайық. Тест жұмысы.
.




Аты-жөні:_________________
1. Ілияс Жансүгіровтың туған күні қашан?
А. 1 - шілде
В. 1 - мамыр
С. 1- қыркүйек
2. Ілияс Жансүгіров қай жылдары өмір сүрген?
А. 1894-1938 жылдары өмір сүрген
В. 1845-1904 жылдары өмір сүрген
С. 1846-1945 жылдары өмір сүрген
3. Ілияс Жансүгіровтың туған жері қай жер?
А. Қостанайда
В. Көкшетауда
С. Алматы облысында
4. Ілияс Жансүгіров қай өзенінің бойында туған туған?
А. Ақсу өзенінің бойында туған туған
В. Лепсі өзенінің бойында туған туған
С. Қарасу өзенінің бойында туған туған
5. Ілияс Жансүгіров кім?
А. аудармашы
В. мұғалім
С. үздік дарын, қазақтың көрнекті ақыны
6. Жетісудегі қандай ақындармен таныс болады?
А. Сүйінбай, Әсет, Сара
В. Бекболат
С. Әсия

7. Оның қандай шығарамалары бар?
А. «Далада», «Наурыз», «Бандыны қуған Хамит»
В. «Күй», «Күйші», «Құлагер», «Жазғытұрым», «Жазы шілде», «Күз», «Оқимын»
С. «Балама хат» , «Менің пірім Сүйінбай», «Өлең сөздің даңғылығы»
8. Шығармалырының басты тақырыптары қандай?
А. өнерпаздар тағдыры, туған жердің көркемдігі, қазақ халқының ән-күйі, тұрмысы туралы
В. ана туралы
С. ертегілер туралы
9. Көкшетаудағы таудың аты.
А. Қаратау
Б. Алатау
С. Оқжетпес
10. «Көкшетау» үзінді І. Жансүгіровтың қай дастанынан алынған?
А. «Күй»
Б. «Күйші»
С. «Құлагер»

Источник: http://Pedagog kz
Категория: Казахский язык и литература | Добавил: Нурсултан (31.01.2015) | Автор: Алтынай E W
Просмотров: 1822 | Комментарии: 5 | Рейтинг: 2.0/1
Всего комментариев: 5
5 Нурсултан   (10.03.2015 15:58)
Рахмет! өте қуаныштымын!

4 Raihan-skola   (27.02.2015 15:19)
Сабақтың мазмұны жақсы құрылған.Шығармашылық табыс тілеймін.

3 Айару8606   (17.02.2015 17:31)
Сабақ өте жақсы құрылған. Жас маман ретінде сізден бұл сабағыныздан өзіме керекті элементтерін алдым. рахмет!

2 Нурсултан   (15.02.2015 23:54)
достар, әріптестер баға беріңіздер ...

1 Нурсултан   (03.02.2015 22:37)
Әріптестер барлықтарыңыздың жұмыстарыңа сәттілік тілей отырып, өз сабақ жоспарымды ұсынып отырмын. Істеріңізге жаратыңыздар.

Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Вход на сайт
Поиск
Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Театр.kz


  • Copyright "Школа" Интернет-портал "Детство-kz"© 2016
    Сайт управляется системой uCoz